Барсакелмес қорығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 02:56, реферат

Описание

Барсакелмес қорығында өте сирек кездесетін флора мен фауна бар.Өсімдіктердің 256-дан астам түрлері және малдар, аңдар,сүтқоректілер және қос мекенділер өмір сүреді. Теңіздің құрғауына байланысты сирек кездесетін балықтардың түрлері жойылып, жаңа өсімдіктер мен малдар кездесіп жатыр.

Работа состоит из  1 файл

Барсакелмес қорығы-википедиа.docx

— 44.68 Кб (Скачать документ)
 

Орналасқан жері

Қазақстан, Қызылорда облысы

Координаттары

45°38′07″  с. е. 59°54′30″ ш. б. (G) (O)

Көлемі

160 826 га

Құрылған

1939 жылдың желтоқсанның 10

Уәкілетті орган

Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті





Барсакелмес қорығы

Барсакелмес қорығында өте сирек кездесетін флора мен фауна бар.Өсімдіктердің 256-дан астам түрлері және малдар, аңдар,сүтқоректілер және қос мекенділер өмір сүреді. Теңіздің құрғауына байланысты сирек кездесетін балықтардың түрлері жойылып, жаңа өсімдіктер мен малдар кездесіп жатыр.

 

Тарихы жайлы Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Арал теңізінің солтүстiк-батыс бөлiгiндегі осы аттас жерде алғаш 1929 жылы қорғалым ретінде пайда болса, 1939 жылдың 10 желтоқсанынан бері мемлекеттiк қорық  мәртебесiне ие алды. Ол Балқаш-Арал климаттық облысының Аралмаңы ауданында орналасқан. Теңіздің құрғауына байланысты судың тұздылығы нормасынан шектен шықты. Тұщы судың жоқтығы малдың өмір сүруін қиындатады. 1982 – 1991 жылдар аралығында 260 астам құландар республиканың басқа қорықтарына ауыстырылған. 137 бастардағы жемiсi қалған 50 ерекшерек қиырлар. Қазіргі таңда жылдық қорытынды бойынша құлан саны 20-25 басқа көбейді. Барсакелмес қорығында флора және фаунаның сирек кездесетін түрі бар. Балықтар саны жылдан жылға өсуде. Жуырда Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің ғалымдары студенттермен бірлесіп экономика,экология және ботаниканы жаңартуда. Қорық бай кiтапхананы арқасында өз оқырмандары және оны табады жануартану және өсiмдiктануды табиғи лабораторияға айналып кетедi. Бүгінгі күннің басты мәселесі: 100-150 000 га және 400 000 га жерді сақтап, өсімдіктерді көбейту. Барсакелмес – республикадағы 9 қорықтың ішіндегі ең ерекшесі және оның өркендеуіне барлық қазақстандықтар қызығуы керек. Сол уақытта Қазақ КСР Халық Комиссарлары кеңесінің №973 қаулысы негізінде қаз тұрған бұл құрылымның тұрақ тепкен жері өте қолайлы мекен болатын. Оның ең биік бөлігі теңіз деңгейінен 100 метрге дейін баратын…Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басынан Сырдария және Әмудария өзендері арқылы Арал теңізіне келіп құятын судың мөлшері күрт азая бастауына байланысты теңіздің бірте-бірте тартыла түсуі мұндағы қорықтың да жағдайын нашарлата берді. Ақырында мұндағы Барсакелместің “арал” атанғаны тарихтың тұнбасында қалды. Өйткені, теңіздің шығыс жағалауы құрлықпен қосылып кетіп, қорықтың елден ерек ерекшелігі естен шықты. Соған қарамастан осындағы өз істеріне ерекше берілген жайсаң жандардың жанқиярлық еңбектерінің арқасында атақты қорық жай тіршілік етіп қана қоймай, алғы күнге асқақ міндеттер тұрғысынан қарауда.

Барсакелмес қорығы туралы аңыз

Арал өңірі тұрғындары арасында Барсакелмес төңірегінде аңыздар көп. Солардың бірі былай баян етіледі. Баяғыда осы маңайда тұратын тайпалар арасында жаугершілікке тыйым болмай бара жатқаннан кейін Ләтпай деген кісі бастаған ру адамдары құлақ естіп, көз көрмеген алыс жаққа кетіп қалуға қам жасайды. Сонда бұларға теңіздің қақ ортасындағы суы тұщы, шалғыны шүйгін, балығы мол, алуан түрлі аң-құсы бар, сексеуілі қалың ғажайып аралға өтіп кетуді ұсынушылар табылады. Бұлар мұз қатқанда күзер жасап, соның үстімен аралдың төріне жетіп алмақ болады. Сол мақсатта Изенді ондағы табиғатты ақ жартас түбін паналап, шолпанның тууын күтіп отырғандарында, олар жаққан оттың маңайына жыртық шапанды, тесік тымақты бір ақсақал келіп, Ләтпайға қарап: “Ол аралдан қорықпаңдар, онда зұлымдық жоқ, қасқыр жоқ, адамдар жоқ. Аралда табиғатты сақтасаңдар, бақытты да ұзақ өмір сүресіңдер. Ұрпақтарың ештеңеден зәрулік көрмейді. Мыңғырған мал болады. Аң-құсты өлтірмеңдер. Аққуларға тимеңдер”, – дейді. Осыны айтқан қария заматында қараңғылық қойнауына сүңгіп жоқ болады. Ләтпай оның Қыдыр екенін іштей сезеді. Ал, төбеден шолпан көрінген сәтте тайпа түгел орнынан қозғалып, мұзды көпір — күзердің үстімен тізбектеліп жүріп өтіп, аралдың қойнауына барып түседі. Қысты осы аралда жақсы өткізген Ләтпайдың жұрты көктемге қарай тойына бастайды. Қыдыр атаның айтқандары айдай келіп, көп ұзамай олар байи бастайды. Осы ұзақ аңыздың ақыры аралдағы ағайынның жылдардың жылы баяғы қарияның өсиетін естерінен тарс шығарып, сексеуілді отап, аң-құсты қырып, аққуға ауыз сала бастауы салдарынан бір түнде маңайды түгел ордалы жыланның жалмауымен аяқталады. Аңыз бойынша сол қырғыннан сегіз жасар бала ғана аман қалыпты. Шамасы, елді түгел харап етуге ертегілерге тән есті сарын жол бермесе керек.

Зерттеу жұмыстары


Барсакелмеске ғылыми тұрғыда  түбегейлі зерттеу ХІХ ғасырдың орта тұсына қарай басталды. Алғаш 1831 жылы орыс ғалымы Р. Левшин Арал теңізінде осындай аралдың бар екенін анықтап, картаға сызбасын түсіреді. Патша үкіметі 1848 жылы Арал теңізінің аумағын зерттеуге бірінші экспедиция шығарып, оған басшы етіп әскери теңізші Алексей Бутаковты тағайындайды. Сол жылғы мамырдың ортасында Ор бекінісінен шыққан керуен айдан аса мерзімде Арал теңізінің жағасына жетеді. Жаз ортасында теңізге бет қойған саяхатшылар әуелі Көкаралға аялдап, содан соң оның арғы жағындағы Барсакелмеске жүзіп барады. Осыдан кейін бұл жерге зерттеуші Л.Бергтің табаны тиеді. Міне, Барсакелместің ашылу тарихы осындай.

Айдынды арал зерттеушілерді өзінің керемет табиғатымен таңғалдырады. Оның табанын түгел жасыл желек  жапқан. Тұщы суы бар көлдер көп. Мұндағы өсімдіктердің көпшілігі  басқа жерде мүлдем кездеспейді. Экспедиция жетекшісі аралда құстардың 200 түрі бар екенін жазады. Жыландар мен кесірткелер, шаяндар мен бүйілер өріп жүрген. Сексеуілді паналаған жайрандар мен ақбөкендер тіпті адамнан үрікпейтін болған. Сол кездері бұл жер шынында таңғажайып қойнау болғанға ұқсайды.

Табиғи қоры


Бүгінде құрылғанына жетпіс жылға жуық уақыт болған Барсакелмес  мемлекеттік табиғи қорығы осындай  жаратқанның өзі жарқыратып жасап  берген жалпақ жайуаттан жай тапқан. Қорықта бүгінде өсімдіктің 165 түрі өседі. Олардың арасында бұйырғын, жусан, адыраспан, рауғаш, итсигек, сексеуіл секілді сортаң шөптер бар. Жануарлар әлемінен құлан, ақбөкен, қарақұйрық, ор қоян сынды арал табиғатына бейім хайуанаттар түрлері кездеседі. Заманында еліміздің жазық даласында зыр қағып жүрген “қазақ құланы” деп аталған аң да болыпты. Оның ең соңғы тұяғы 1936 жылы оспадар оқтың құрбаны болғанға ұқсайды. Сосын 1953 жылдың қысында Түркіменстанның Бадхыз мемлекеттік қорығынан 14 құлан жеткізілді. Әкелінген жануарлар жаңа мекенді бірден жерсініп, ұрпақ жая бастады. Қорықта ұлы көш басталған 1982 жылға дейін олардың саны 300-ге жеткен екен.

Өкінішке қарай, 1997-1999 жылдары  Барсакелместің арал болудан қалып, тұщы су көздерінің жоғалуы бұл жануарлардың жарамдыларын түгел басқа жақтарға жөнелтуге мәжбүр етті. Сол уақыттан бастап бұл жерден ұзын-саны 250 қаралы құлан көшіріліп әкетіліп, негізгі  бөлігі Алматы маңындағы Алтынемел ұлттық паркіне жіберілсе, тағы бір тобы Маңғыстау маңындағы Үстірт жоталарына аттандырылды. Ал қорықтың өз басында алыс жолға шығуға жарамайтын, кәрі-құртаң елу шақты құлан алып қалынған еді. Аралдың шығыс бөлігінің үлкен материкпен жалғасып жатуы бір жағынан жазықсыз жануарлардың аман қалуына себепші болды. Ащы судың аранында қалған олар осы арқылы үлкен жерге шығып, өз нәпақаларын теріп жей алатын жағдайға жетті. Қорықтың директоры Мағжан Тұрсынбаевтың айтуынша, осы кезге дейін біраз киік пен қарақұйрық ішетін таза судың жоқтығынан қапысыз қырылып қалған екен. Екі араға өткел түскесін барып, бұл жерден 1500 киік пен 350 қарақұйрық сыртқа аман шығып үлгіріпті. Оқшау аралдағы ауыз судың тапшылығы, міне, аң-құстарды осындай халге дейін душар етті.

Қазіргі таңда Барсакелместі  мемлекеттік табиғи қорық ретінде  сақтап қалудың барлық амалдары жасалуда. Атап айтқанда, еліміз Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы “Арал аймағына қолдау көрсету және дамыту шаралары туралы” №1121 қаулысы арқылы бекітілген іс-шараларға сәйкес құрғаған табанға өсімдіктен сүзгі орнатылуда. Мұнда құжаттың “Барсакелмес қорығындағы өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды зерттеу және талдау” деген 7-бабы негізге алынып, соған сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Енді Барсакелмес қорығының  бүгінгі бет-бейнесіне келсек, соңғы  екі жылдан бері оның көлемі бұрынғысынан 10 есеге артты. Сөйтіп, осы кезге  дейін 16 795 гектар жерді алып келген аумақ 160 795 гектарға ұлғайды. Бұл Үкіметтің 2005 жылғы 25 қарашадағы №1162 қаулысының негізінде мүмкін болды. Оған еліміздің  Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы  ықпал етті. Ал қорық жеріне ғылыми-техникалық сараптама жасауға Аралдың құтқару  қорының президенті Алмабек Нұрышев қаржылай көмек көрсетті. Осылай қорық жері Қасқақұлан аралына дейін жалғасты. Жайылымның кеңейе түсуі өз кезегінде Барсакелмес аралында тұралап қалған жануарлардың көбею үдерісін жеделдетті. Қорықта 2005 жылғы қазан айында жүргізілген санақ аң-құстар дүниесінің динамикалық табиғи өсуін қанағаттанарлық деп тапты. Мекеменің штаттық кестесі ұлғайып, жаңадан көп құрал-жабдық, техника алынды.

— Жабайы аң-құстарды сақтау үшін олардың еркін өсуіне қолайлы  кеңістік қажет, – дейді қорық  директоры Мағжан Тұрсынбаев бізбен әңгімесінде. – Дамыған өркениетті елдерде ерекше қорғалатын аймаққа  мемлекеттің жалпы жер көлемінің 12-14 пайызы кіреді. Әзірге Қазақстанның 2,7 млн. шаршы шақырым жерінің  ерекше қорғалатын аумағын 7,7 пайыздық көлем ғана құрайды. Ал бұл көрсеткіш  жабайы аңдардың тыныш тіршілік ету  мүмкіндігіне аздық етеді. Осының өзі  олардың азаюына әсер ететін негізгі  себептердің бірі. Бүгінгі статистика жылдан жылға жер бетінде жануарлар  мен өсімдіктер дүниесінің азайып бара жатқанын байқатады. Бұл, әрине, көңіл  алаңдататын жәйт.

Барсакелмес мемлекеттік  табиғи қорығындағы сексеуілді орман  алқабы 41,5 мың гектар жерге созылып  жатыр. Осы табиғи ортаны 25 сүтқоректі жайласа, солардың біреуі дүниежүзілік “Қызыл кітапқа” енген, келесісі Қазақстанның сондай кітабы парақтарынан орын алған. Олардың біріншісі – құлан да, екіншісі қарақұйрық. Сонымен қатар мұнда өсімдіктің 354 түрі өссе, оның 14-і эндемик. Құстардың 178 түрі мекен етсе, бұлардың 26 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” жазылған. Бұдан басқа, 12 бауырымен жорғалаушы мен 2 қосмекенді тіршілік етеді. Бұл жерде сирек кездесетін улы қалқантұмсық жылан да бар. Мұндай бауыры суық бақанақтың уы медицинаға аса қажет.

Қорық екі кластерден тұрады. Мұның біріншісіне бұрынғы Барсакелмес аралының 50 884,0 гектарлық алабы жатса, екіншісін байырғы Ұзынқайыр және Қасқақұлан аралдарынан қалған 10 9942,0 гектарлық танап қамтиды. Бұлардың барлығы 160 826,0 га жерге жетеді. Бұл аймақтар оңтүстік Арал теңізінің кепкен табанымен, яғни, экологиялық апат ошағымен қатар жатқандықтан, қорықтағы тіршілік атаулы ұдайы тұзды тозаңның астында қалуда. Ақ түтек шаңды мол ылғалды су мен танаптағы өсімдіктер ғана тоқтата алады.

Осы орайда Барсакелмес мемлекеттік  табиғи қорығының басты міндеті  мұндағы сабақты иненің әзер ілініп тұрған жібін үзіп алмау болып  отыр. Сол тіршілік көздерін сақтап, молайтумен бірге, оған тұрақты мониторингтік  бақылау жасау, жыл сайын жануарлар  мен өсімдіктер әлемін санақтан өткізу, бұқаралық ақпарат құралдары  арқылы табиғат пен адам арасындағы үндестік түсіністікке дәнекер болу, күнделікті табиғат жылнамасын жазу, ғылыми семинарлар мен сабақтар ұйымдастыру  осы жұмыстарды жалғастырады. Бұлардың “Барсакелмес қорығының флорасы  және табиғат қорғау іс шаралары”  тақырыбымен осындағы қорық директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. З.Әлімбетова, “Барсакелмес қорығының  герпетофаунасы және континенталдық байланыста өзгеруі” тақырыбымен маман Г.Сатекеев айналысуда. Сол сияқты “Арал теңізінің  тартылу жағдайында Барсакелмес  қорығы құландарының экологиясы” тақырыбына А.Жылқайдаров бөлінсе, “Қазіргі таңдағы  экологиялық жағдайдағы Барсакелмес қорығының оринтофаунасы” мәселесімен Б.Қуандықов шұғылданып жүр. Бұл төрт тақырып бойынша белгілі ғалымдардан ғылыми жетекшілер белгіленген.

Қорық жайында  түсірілген фильм


Қорық жайында түсірілген “Құландар аралы” деректі фильмі 2004 жылы Ташкентте өткен кинофестивальда 110-нан астам қатысушылардың арасынан жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Биыл сондай тағы бір деректі фильм түсірілу үстінде. Бұдан бөлек, Алматы қаласындағы Ботаника және зоология институтымен, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен бірлескен ғылыми жұмыстар қолға алынуда. Қорық қызметкерлері Қырғызстан, Ресей және Германия мемлекеттерінде халықаралық семинарларға қатысып қайтты. Сондай-ақ, Барсакелмес қорығында халықаралық деңгейде үш ғылыми семинар өткізілді. Биылғы жылы БҰҰ резидент-үйлестірушісі Т.С.Кертешовтің басшылығымен “Солтүстік Аралдың сулы-батпақты өңіріндегі тіршілік әлемін сақтау” атты тақырыпта семинар ұйымдастырылмақшы.

Қорықтың екінші екпін, тың тыныс алуына 2005 жылғы 27 сәуірде Арал өңіріне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ат басын бұруы үлкен серпін берді. Мемлекет басшысы сол жолы қала орталығында қорық жөніндегі анықтамалық стендтерді қарап тұрып, аймақтың табиғатында әлі де сақталып, өсіп-өнген эндемикалық жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне қызығушылық білдірген еді. Елбасының сол сапарынан кейін Сырдария өзені арнасын реттеу және Арал теңізінің терістік бөлігін сақтап қалу жөніндегі ғасырлық салмағы бар жобаға жан кірді. Көп ұзамай сол жылдың күзінде Көкарал бөгеті қалпына келтірілді. Осынау ғаламат құрылыстың сапалы да тез бітуіне Ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімовтің көп еңбегі сіңді. Бұл нысанды әлемнің сегізінші кереметі атауға болады. Себебі, жердің жағрафиялық картасынан жоғалған Солтүстік Арал теңізінің қайта қатарға қосылуы тіршіліктің жаңадан жандануына әсер етті. Осыдан кейін бұрынғы балықшылар отбасы қайықтарымен су айдынына шығып, ата кәсібін жалғастырды, төзімділік таныта білген елге береке келді. Солтүстік Арал акваториясы содан бергі бар-жоғы екі жылдан сәл астам уақыт ішінде мамандар күткен мөлшердегіден әлдеқайда тез және мол суға толып, түстіктегі қорық аумағына да өзінің оң ықпалын тигізе бастады.

– Бүгінде қорықта құландар саны 230-дан асып отыр. Баяғы “көшкен  елдің жұртында қалған” ауру-сырқау, кәрі-құртаң 50 құланнан бас-аяғы 20 жылдан сәл астам уақыттың ішінде 200-ге жуық ұрпақ өсіп-жетілді. Жануарлардың бұлай  күрт өсулеріне жаңа Қасқақұлан аймағынан  жайылым алаңының кеңеюі, тұрақты  таза су көздерінің пайда болуы себеп болды. Бұл ретте аң-құстың қас жауы – браконьерлерге қарсы тұратын қорық инспекторларының қызметтері де ерекше. Соңғы үлгідегі техникамен жүретін солардың көбін ұстау да оңайға түспейді. Осы орайда, мемлекеттік қорықты соңғы үлгідегі жабдық-жарақтармен ұдайы жабдықтап отыру өмірлік мәні бар маңызды мәселе болып қала бермек.

Информация о работе Барсакелмес қорығы