Қорықтар аймағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 17:15, реферат

Описание

Біз жұмыр жер бетінде өзге де алуан түрлі тіршілік иелерімен қатар мекендеп, өмір сүріп жатырмыз. Әрқайсысы өзінше бағалы саналатын олар адамзат игілігін құрайды. Қазақстанда жабайы табиғаттың аса ғажайып өңірлері - шаруашылық қызметінің кез келген түріне тыйым салынған қорықтар бар. Көрік-келбеті уыз қалпында сақталған мұндай табиғат алапта-ры сиреп, құрып кетуге айналған жан-жануарлар мен өсімдіктердің аса маңызды тіршілік ортасы болып табылады, сондай-ақ медициналық және басқа да ғылыми-зерттеулер үшін генетикалық қор, «тірі лаборатория» іспеттес.

Работа состоит из  1 файл

12_vr0.docx

— 28.74 Кб (Скачать документ)

 

Қорықтар аймағы 
   Біз жұмыр жер бетінде өзге де алуан түрлі тіршілік иелерімен қатар мекендеп, өмір сүріп жатырмыз. Әрқайсысы өзінше бағалы саналатын олар адамзат игілігін құрайды. Қазақстанда жабайы табиғаттың аса ғажайып өңірлері - шаруашылық қызметінің кез келген түріне тыйым салынған қорықтар бар. Көрік-келбеті уыз қалпында сақталған мұндай табиғат алапта-ры   сиреп,   құрып   кетуге   айналған   жан-жануарлар   мен өсімдіктердің аса маңызды тіршілік ортасы болып табылады, сондай-ақ медициналық және басқа да ғылыми-зерттеулер үшін генетикалық қор, «тірі лаборатория» іспеттес. Биологиялық және ландшафтық орасан мол алуан түрлілік пен әсем табиғат көркі үйлесім тапқан бұл жерлер рухани және дене күш-қуатының қайнар көзі ретінде адамға қызмет етеді. 
   Қазакстан Республикасының «Ерекше қорғауға алынған табиғи территориялар туралы» заңы бойынша елімізде ерекше қорғалатын 13 табиғи территория анықталған. Қазіргі кезде Қазақстанда 9 қорық пен 5 мемлекеттік ұлттық табиғи парк, 66 қорықша, республикалық маңызы бар 26 табиғат ескерткіштері, 3 зоопарк, 5 ботаникалық бақ, бірнеше дендропарк, халықаралық маңызы зор 2 сулы-батпақты алқап, ерекше мемлекеттік мәні бар, ғылыми құндылығы айрықша 150 су көздері құрылып, жұмыс істеуде. 
   Қорықтар, қорықшалар, ұлттық парк және табиғат ескерткіштері алқаптары мемлекет территориясының 2,8%-ін алып жатыр. Барлық 9 қорық ғылыми және табиғат қорғау мекемесі мәртебесіне ие және республикада ерекше қорғауға алынған жоғары дәрежелі табиғи территория болып саналады. Олар дәл сол өңірге тән бірегей табиғат кешендерін қаз қалпында сақтау мақсатына қызмет етеді. Бұлардың ішіндегі ең көнесі батыс Тянь-Шань таулы аймағындағы көркем де келісті табиғат мүйісі - Ақсу мен Жабағылы өзендерінің бастауы маңындағы Талас Алатауының батыс сілемін қамтып жатқан Ақсу-Жабағылы қорығы болып табылады. Тянь-Шанның шығыс бөлігінде, Іле Алатауының тау жоталарында - Алматы қорығы, солтүстіктегі далалық өңірде - халықаралық маңызы бар су төңірегі құстарының көптеген түрі ұя салып, сулы-батпақты алқабын мекен еткен Қорғалжын қорығы орналасқан. Қостанай облысындағы Наурызым қорығы көкке бой түзеген көрікті қарағай ормандары мен сан алуан дала өсімдіктері дүниесін құрайды. Үстірт қыратындағы шөл қорығы Үстірт арқарларын, итаю және бағалы өсімдіктер дүниесін қорғау мақсатында құрылған. Суы тартылып, құрғап бара жатқан Арал теңізіндегі Барсакелмес қорығы республикадағы аралда орналасқан бірден-бір қорық болып табылады. Аралда 300-дей құлан, қарақұйрық, ақбөкендер мекендеп, тіршілік етеді. Шығыс Қазақстан тауларында сондағы күміс сулы Марқакөлдің атымен аталған қорық бар. Республикадағы ең жас қорық - Алтайдың қылқан жапырақты ну ормандары мен оның мекендеушілерін сақтап, қорғауға арналған Батыс Алтай қорығы. 
  Қазақстанда шөл, шөлейт және тау экожүйелерінің ұлан-ғайыр территориясын алып жатқан 5 мемлекеттік ұлттық табиғи парк құрылған. Олар - «Алтынемел», «Баянауыл», «Іле Алатауы», «Көкше-тау» және «Қарқаралы» ұлттық парктері. Қорықтардан айырмашылығы - олардың территориясында қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асырумен қатар, табиғаттың кейбір түрлерін пайдалануға және экологиялық туризммен айналысуға рұқсат етілген. 
   Қазіргі кезде Қазақстанда ерекше қорғауға алынған территория өсімдіктері мен жануарлар дүниесін тізімдеп, түгендеу жұмыстары аяқталды. Қазақстанда 835 түрлі омыртқалы жануарлар мекендейді, олардың 22-сі республиканың Қызыл кітабына енгізілген. Еліміздегі 500 түрлі құстың 346-сы қорықтарда ұя салып, тіршілік етеді. Қазақстан флорасында жоғары өсімдіктердің 6000-ға жуық түрі бар. Олардың сирек кездесетін 400-дейі Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. 
   Қорықтарда табиғаттың өзгеру, даму процестерін сипаттайтын ғылыми-зерттеу жұмысы тұрақты жүргізіледі, «Табиғат жылнамасы» бақылауы өткізіліп түрады. 
  Табиғи тепе-теңдік пен барлық жанды нәрсеге қолайлы ортаны сақтап, өзара бір-біріне ықпал .ету жүйесін қалыптастыру үшін, басқа да табиғи түрлермен толықтырып отырмаса, ауыл шаруашылығы алқаптары мен өндірістік кешендердің қоршауында қалған қорықтарға бірте-бірте жойылып кету қаупі туады. 
   Ерекше қорғауға алынған табиғи территория жүйесін кеңейте түсу Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі үзақ мерзімді «Экология және табиғи ресурстар» стратегиясы маңызды міндеттерінің бірінен саналады. Республикада табиғат қорғаудың алдыңғы қатарлы және қолайлы жүйесіне жол ашатын биосфералық резерваттар құру үшін арнайы 15 аймақ бөлінген. Бұл Қазақстанның көрікті де көркем табиғатын қорғап, көздің қара-шығындай сақтауға зор мүмкіндік туғызады. Ал олардың қызметінің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық тиімділігі шаруашылық іс-шараларын тоқтату шығынынан жүздеген есе асып түседі. Табиғатқа қажеттілікті өтеу объектісі емес, жанды нәрсе атаулының біртұтас тіршілік ортасы ретінде қарайтын мезгіл жетті. Бұл жайында заманымыздың ғұлама ғалымы Жан Дорст былай деп жазған болатын: «Адам бойында жабайы табиғатты сақтау үшін ұмтылуға қажетті объективті себептер жетіп артылады. Алайда, түптеп келгенде, табиғатты тек сүйіспеншілік қана құтқара алады. Адам бұл дүниеде сұлулықсыз өмір сүре алмайтындықтан, қоршаған ортаны сәл де болса сүйіп, қастерлей білген жағдайда ғана, табиғат өзіне төнген қауіп-қатерден құтылады». 
 
Батыр өзен 
   Ғасырлар жырындағаыдай қарт Ертіс. Ертегі және аңызга бөленген өзен. Ол өз бастауын Монғол таулары тармағынан алып, ғаламшарда ирек-ирек көгілдір жолақтай болып ағады. Мұнда оны Қара Ертіс деп атайды. Қара аталуы оның түсіне байланысты. Оның жасаған жақсы істерінің мөлшерімен шендесе алатын өзендер көп емес. Ол 4 мемлекетті бір-бірімен байланыстырады. 
   Картада ол көптеген өзендер мен бұлақтардан нәр алып, сосын сол нәрімен сусыз даланың шөлін қандыратын өсімдіктің қуатты тамырына ұқсас болып көрінеді. Өзендср құдіретті Ертіспен жолығуға асыққан сүлу бойжеткен тәрізді таудан жазық кеңістікке қарай құлдырап, зулай ағып, шапшаң жетуге ұмтылады. Алайда өзендердің барлығы бұлай жасай алмайды. Олардың көпшілігі жолдан шатасып, ыстық даланың құшағына тап болады. Сөйтіп Ертіс сұлуды сарғая сағынып, бір тамшы жасы қалғанша жылай-жылай солып, кеуіп кетеді. 
   Ертіс бұл жерлерден жақсы қорғаушы болып өтеді. Адамдар оған сүйіспеншілікпен, үмітпен және құрметпен қарайды. Мұны оның кіші бауырлары мен қарындастары-өзендер, шағын өзендер, бұлақтар да түсінеді. Сондықтан да олар Ертіске өз суын жомарттықпен табыс етеді. Маңайдағы тіршілік оның осы жандандыратын ылғалына тәуелді. Осы жомарттығына орай, халық оны қадірлеп, Ертіс-әке дейді. Ол тәкаппар, қүдіретті, уақыт жағынан қарт, бірақ жаны мәңгі жас ол мифтік Геракл тәрізді тіршілік үшін күреседі, жағасына келген жанның әрқайсысымен тіл қатысады. 
Аңыз-өзең, еңбекқор-өзен, емші-өзен ағып жатыр.

Батырлар өлкесі 
   Шығыс Казақстан - алып тау бұйраттарының; көгілдір өзендер мен көлдердің о шеті мен бұл шетіне тек ұшқыр Тұлпар ғана жете алатын шетсіз де шексіз гүлденген дала. 
   Мұндай жерде тек батырлар туып, өмір сүреді. Ел басына күн туғанда солар көмекке келді. Олар туралы халық есіндекептеген әпсаналар мен аныздар сақталған, көптеген орындарды халық ең жаксы ұлдарының есімдерімен байланыстырады. Ержүрек жігіттер Қара-керей Кабанбай, Канжығалы Бөгембай, олардыц сенімді серіктері - Шыңқожа, Көкжал Барақ, Қошқарбай, Баян және де басқа батырлар халық есінде мәңгі сақталып қалды. Батырлар Алмалы көлі маңындағы Барлық тауынан бастау алатын ыстық қайнарға жараларын емдеу үшін талай рет аялдаған екен. БҮЛ өлке Боранбайды да, Абылай хан батырларын да біледі, олардың көпшілігі көз жүмып, осы жерде мәңгі қалыпты. Шыңғыстау таулары бұлыңғырланған түйе өркештеріндей тізбектеле созылған. Онша биік болмағанмен де үш ұлының - Абайдың, Шәкәрім мен Мұхтардың есімдерін дүние жүзіне паш етіп, аспанға    көтерді. Қазір көптеген құрылықтар мен халықтарға   әйгілі қазақтың жазба әдебиетінің қуатты ағыны мөп-мөлдір таза бастаудан, осы таулардан, осы жерден   туындады. 
   Фашизммен күрес жылдары осы жерден мындаған батырлар майданға аттанып, өз елін ғана емес, бүкіл дүниежүзін сақтап қалды. Мереке күндері батырлар алаңға шығады, олардың жауынгерлік соғыста болғандарының да, тылда жеңіске жеткендерінің де омыраул-арыңдағы марапаттары алтындай жалтырайды. Алайда ең қымбат алтын - олардың жомарт та ақ жарқын жү-регі. Бүгінде жаңа батырлар жаңа елде жақсы істерді жүзеге асыруда, астық өсіріп, кен шығаруда, металл балқытып, ұшақтар мен пойыздар жүргізуде, үйлер салуда. Жаңа өмір құрылысын жасауда. 
 
 
Марстық ғаламшарда 
   Марстың от шарпыған ғаламшарында болып, онда тіршіліктің бар-жоғын білгініз келе ме? Калауыңыз болса, ол да қолдан келеді. Зайсан қазаншұнқырына барып, шөлге қарай бұрылыңыз. Сіз жалындаған Қиын Құрыш шоқыларынан атқылаған ұшқындарды алыстан-ақ көресіз. Гипстің шоғырланған үлкен салқымы Күнмен астасып, оған шағылысқан шанышқылы жебелерін жолдайды. Көз алдыңызға аққан жұддыздар оттай қызыл шоқыларға түсіп, жанып жатқандай көрініс келеді. 
   Қиын Құрыш – біздің жеріміздегі жалыңдаған ғаламшар. Отты Марс! Ғарыштық көрініс шоқылар күмбездер, мұнараша және күзет орны, киіз үйлер, бүлінген орлар мен ежелгі қорғандардың үйінділері. Бұл марстық көріністі ғасырлар бойғы жаңбыр, қар, жел мүсіндеп жасады. Жел мен уақыт қана шетсіз де шексіз бұл шытырманды, шұңқырларды және үңгіршектерді, қуыстар мен тар дәліздерді аралай алар еді. Соңдықтан біздің ғаламшарымызда кенеттен өткен кездерден аң кесірткелер немесе зілдер, ертегілерден немесе қияли романдардан ғажайып мақұлық пайда бола қалса, таңдануға болмайтын сияқты. 
   «Марстық алқап» - табиғат ғажаптарының бірден бірі емес. Қалба жотасы, Арқат, Шыңғыстау тауларында, Лениногор маңайында «жаны бар» ғажап тау көріністері баршылық. Осындай ғажап мүйістің бірі «тастар тынымбағы» болып табылады. Оның суреттерінің ғажаптығы мен айқындылығы әйгілі «Краснояр бағандарынан» асып түседі. Ғаламшар тіршілігі көзді ашып-жұмғанша, балалардың «Тымпи!» ойыны тәрізді, «тасқа айналған» сияқты! Сөйтіп, сиқырын қайтаратын құтқарушысын күтіп, сол күйінде ұзақ ғасырларға қатып қала берген. 
 
 
Күміс қоңыраулар көлі.  
   Аты аңызға айналған мәңгі де түрленгіш Зайсаным! Ол аспан сәулесі түскен айна астында сергек ұйқыда жатыр. Ұшудан қалжыраған кішкене ғана маса суға құлап түсіп, бір сілкінеді де, судың нәзік айдынымен толқындана дөңгеленеді. Ауа райының құбылуымен бірге Зайсан да өршеленіп, жұлқынады. Азуы арсиған толқындар жағадағы жарға сұр қасқырдың қапшығындай тап береді. Ондай кезде ол өте қауіпті! 
   Мұнда жиі соғатын жел екпінімен шөлді өртеп, жағалаудағы қамыстар мен сансыз құстардың қиқуымен құлақ тұндырады. Жусан иісті, ащы, жұпар, хош иісті желдер соғады. Жұлқына соғатын немссе баяу да майда леппен толқындата соғатын таза желдер де болады. Осы толған дауыстың барлыгы - бақыт немесе қайғы, махаббат немесе айрылысу туралы, тіршілік туралы жырлайтын ұян да албырт дала тұрғынының үнін бейнелейтін домбыра сазы. 
Мұндағы мәңгілік ғасырлар бойы нығая түскен. Жағадағы кеңістік елсіздікті және тыныққан керуенге қосылған азан-қазан дауысты, құландардың дүбірін, тұзат тұяғының бұрқыратқан шаңын және қос өркешті түйелердің маңғазданған аяқ алысын, қарақұйрықтардың зорыға тыныс алуын және аш барыстың ақыруын ұмыта қойған жоқ. Ал таң сәрідегі жұлдызбен бірге күннің жалындап атуы мен батуы кезіндегі қайраң үстіндегі тірі бағана тәрізденіп, үйіріле билеген масалар гуілі үдей түседі. Республиканың шығыс бөлігіндегі көлдерді қарлы таулар, тайгалық ормандар және сары дала қоршап жатыр. 
   Түн сайын «су астынан қоңырау сыңғыры естіледі» деген аңыз түн ортасында жандана түседі. 
   Зайсанның Күміс Қоңыраулар көлі аталуы да содан екен. Тағы да тынымсыз жел, мәңгілік КҮН, масалар гуілі. ТҮН ортасындағы көл суы астындағы қоңырау сыңғыры туралы аңыз өлмей, жасай береді. 
 
 
Жердің алтын бесігі. 
  Әйгілі «Беловодье» жері - Белухадан қарт Ертіске дейінгі Оңтүстік және Батыс Алтай аралығынан күмістей сылдыраған, суы мөлдір екі өзен ағып өтеді. Бұқтырма мен Нарым алқаптарының нендей ерекшелігі бар? Неліктен бұл жер «Жердің алтын кіндігі» деп есептеледі? Бір қарағанда, алқаптың еш ерекшелігі жоқ сияқты: кең-байтақ, орман және қарлы биік жоталар. 
   Алқаптарда өзендерді бойлай ел жайлаған. Орманда аң-құс тіршілік етеді, төңіректе биік те балғын шөптер өседі. 
  Мұнда тек күн биік таулар арасынан арайлап атады. Самырсынды ормандар мен шатқалдарда мұнартқан қараңғылық сейіле бастаса, Хрусталь тауы күннің алтын шұғыласына оралып та үлгірген. Ормандарда қанатты достар әлі ұйқы құшағында болса, Бүркітаулау шыңында - қырандар ұялайтын орында – мәңгілік қар сәлдесі алтын нұрға бөленіп те үлгірген. Үшкүнгейдің үш өркешті шыңдары үш шырағданның жанған отындай көз шағылыстырады, ал алқапта әйелдер ауладан малды жайылымға айдап жүр. Таң сәрідегі алтындай қар кескіні сап-сары, янтарь түсті алтай балын өзендей ағызатын алқап шалғынының тасқын суында айқын көрінеді. Алтындай құлпырған астық Жер-Анаға бас игендей жайқалады. Ал күзде бұл өлке елімізге сары алтындай астық өзенін ағызады. Жұмсақ алтынды, маңғаз бұлғын да, алтын мүйізді маралдар да осында жайылуда. Хариус балығы суы таза, мөлдір ысырмада жалған қауырсындарымен жалт-жұлт етеді. Аспанда «халзандар» - алтын жалды қарт қырандар қалықтап жүр. Ал кендер мен алтыны бар өзендерден жоғары сапалы нағыз Алтай алтыны шығарылуда. Бірақ өлкенің ең үлкен байлығы, оның алтын қоры - қолынан бәрі келетін адамдар. 
   Алтын, алтын, қайда барсаң да алтын. Ақындар алтын сөздерден өлең шығарады, домбыра да өмір, тау, қырандар, сүйіктілер туралы үн қатады. Осылардың барлығында да «алтындай», «алтыным», «алтыным-асылым» сөздері жиі қайталанады. 
 
Шығыс Қазақстан 
  Әдетте, Шығыс Қазақстан - Жоғары Ертіс өңірі дегенде, көз алдымызға ең алдымен, беткейлердегі қарақорым орманымен, одан әрі қарлы мұзарттары мен мұнарлана көз тартқан, самала шыңдары жан-жақтан еңселене бой көтерген, заңғарлығы бір-бірінен асып түсетін ғажайып таулы өлке елестейді. Асқарлары көк аспанмен таласқан ертегідей бұл өңір кімді болса да әсемдігімен, мөлдірлігімен сөзбен айтып жеткізе алмастай әсер қалдырады, өзіне ғана тән қайталанбас сұлулық әлемімен рахатты нұрлы сезімге бөлейді. 
Әсем тау алқаптарынан құлдиға қарай сыңғырлай аққан тұнық та таза бұлақтар мен өзендер бастау алады. Маңайды сәнге бөлеген қылқанды, жапырақты ормандар, жидек бұталары, сан алуан өсімдіктер, қарағай, тобылғылар тынысы кәусар ауаға қосылып, адамның бойын сергітерлік жұпар иіс шашады. 
  Қымбатты оқырман! Сен де оны көр, қызықта, серуенде! Өйткені бұл сенің алыстан үмітті арманыңдай аңсап, күшті магниттей өзіне тартқан ертегі елің оңтүстік-батыс Алтай - Қазақстан Алтайы! Мәңгі қар мен мұз құрсанған зеңгір таулар шыңдарының ең кербезі, ең сұлуы, ең биігі, ең тәкаппары, теңіз деңгейінен 4506 метр биіктікте асқақтаған қос өркешті, ақ сәлделі Мұзтау да осында. 
   Өр Алтайдың мұзартынан жаралып, төсінен нәр алған төл перзенті - Ертіс. Оның ұлы мұхитқа жетіп құяр сапары да осы таулы өлкеден басталады. Кербез де сылқым, салмақты да сабырлы, жойқын күш иесі осы дарияның арнасын тасқынды толқындарымен толтыруға асыққан Бұқтырма, Тұрғысын, Калжыр, Күршім, Нарын, Үлбі, Уба, Шульба, Қызылсу, Ұлан, Сібе, Мұқыр, Шаған сияқты жүздеген үлкенді-кішілі тау өзендері де бұл  өңірді аймалап өтеді. Олар өздерін жарық дүниеге әкеліп, алыс сапарға баласын шығарып салып тұрған мейірімді аналарындай елжірей қалған кеуделі шыңдар мен орманды алқапқа қимас көзбен қарайды. Жоғарыдан сарқырай аққан өзендер осы өңірден ұзатылып бара жатқан арудың ата-анасымен, ел-жүртымен қоштасқанындай терең тебіреніспен, нәзік сезімді үнмен баяу сыңсиды. Бір сәт тынышталып, табиғат күйін тыңдаңызшы, ол ақын болып жырлайды, бұлбұл болып сайрайды, күйшілердей күй төгеді бір нәзік. Сен одан сұлулықтың тамаша тәкаппарлығын өз перзентінің туған өңір, өскен өлкеге, ата-анаға деген шексіз махаббатының қүдіретін сезінесің, одан бойыңа қуат аласың да, өмірге деген құштарлығың одан сайын арта түседі. 
   Егер сен табиғат ғаламатының сырлы үніне құлақ түрген әуесқой болсаң, онда алыстан қызықтырып, өзіне шақырған ақбас шыңды көгілдір тауларға - менің сүйетін Алтайыма саятта, кеудесін түйе шудалы бұйра бұлттар легі көмкерген заңғар таулардың басына шық, сол биіктерден айналаңа бір сәт көз жүгірт, арманды өлке - Алтаймен осылайша дидарлас. 
   Кең байтақ Қазақстанның шығысына - Алтайға саяхат мұнымен шектеліп қалмас, неге десеңіз, қарт Ертістің оң қапталында Холзун, Уба, Иванов, Қатын, Нарын, Күршім тау жоталары иық тіресе шоғырланып жатыр. Ал ұлы өзеннің сол жағалауында да бір қиыры Жоңғар қақпасына, Алакөл мен Балқанға дейінгі үлан-ғайыр алқапта Қалба, Сауыр, Сайқан, Тарбағатай, Шыңғыстау, Шұбартау сілемдері, шетсіз-шексіз сары далалы өңір кең көсілген.    Бабаларымыздың мыңдаған жылдар бойы кора-қора қой өргізіп, үйір-үйір жылқы айдаған ежелгі атақонысы, кең жайлауы болған қасиетті Сарыарқа да осы өңірден басталады. Бұл байтақ аймақтың айдынынан үйрек-қаз. үзілмеген Зайсан, Марқакөл, Сібе, Дулығалы, Алакөлдей көлдері, адам қолымен дүниеге келген Ертіс, Бұқтырма, қоймалары, олардағы қуатты су-электр станциялары, Алтай аңы мен құсы, жануарлар дүниесі туралы әңгіме өзінше бөлек дүние. 
   Алтайда жомарт табиғат қазынасы қаншалықты қисапсыз мол болғанымен, ол шектеусіз де емес. Ғылым мен техника дамыған қазіргі заманда қоршаған табиғатпен жарасымды қатынас жасау, оған аялы қамқорлық ауадай қажет. 
   Кадірменді оқырман! Тағы бір сәт Алтай өңірінің тарихына да ой жүгіртіп көрелік. Бұл ғажап өлкенің таулы ормандары, сарқырап аққан өзендері, жайқалған құнарлы жайылымдары, жортқан аңы мен ұшқан құстары, жер қойнауындағы алтын, күміс, мыс, қалайы, мырыш, тағы басқа да қазба байлықтары адам баласын ежелден-ақ өзіне тартқан. Мұны алғашқы адамның мекен-жайлары, қола дәуіріндегі кен шығару орындары, тастарға салынған өрнек-бедерлері, тас суреттер мен таңба белгілері дәлелдеп отыр. Бұл кескіндер (Қалба, Шыңғыстау, Тарбағатай тауларында) ертеде аң аулап, мал баққан елдердің бейнелеу өнері мен алғашқы жазу түрлері (пиктограмма, идеограмма) туралы аса маңызды, құнды деректер береді. Жоғары Ертіс өңірінің кейбір жерлеріндегі, Сарыарқадағы, Шұбартаудың Арсалаң қойнауындағы, Тарбағатай, Қалба жоталарындағы тасқа қашалған тамаша кескінді бейнелер біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта осы өңірді мекендеген көшпелі тайпалардың тіршілігі, ұғымы, алғашқы жазу түрлері жөнінде жан-жақты хабардар етеді. 
   Қазақстанның Шығыс аймағы Алтайдың Түркі қағандығының байрақ көтерген мемлекеттігінің алғашқы орталығы болғаны тарихи дәлелденгені ақиқат. Бұл жер ежелгі ата-бабаламыздың көне мәдениетінің қасиетті бесігі де. Мүны Ертіс бойынан табылған руникалық ойма жазулар да растай түседі. 
   Казір Ленинградтағы (Санкт-Петербург) мемлекеттік Эрмитаждың ертедегі Шығыс бөлімінің көрмесінде тұрған гүлмен көмкерілген қола айнадағы руникалық жазудың да өзіндік сыры мол. Оны 1935 жылы Қазақстанды зерттеу қоғамының экспедициясы облысымыздың Үржар ауданынан әкелген болатын. Бұл жазудың жұмбағын арада көп жылдар өткеннен кейін белгілі түркітанушы ғалым, филология ғылымының докторы, профессор жерлесіміз Алтай Сәрсенұлы Аманжолов «Ер азамат, шарап (ішу)- мезгілсіз өлу» деген қағида, үрпақтан-үрпаққа мирас болар өнерлі өсиет деп шешті. Көне жазу мәдениетінің үлгілері Шығыс Казақстан облысының Шемонаиха ауданынан, Ертістің оң жағалауындағы ескі қорымнан 1969 жылы, жартас жазулары Жарма ауданынан 1983 жылы, Марқакөл ауданынан 1985 жылы, сондай-ақ жазуы бар төртбұрышты тас мөр Күршім ауданынан табылған. 
   VІІІ-ХШ ғасырлар аралығында Ертістің жоғары сағасындағы кең алқапта Найман тайпаларының мемлекеті қалыптасты. Хандықта іс қағаздары жүргізілгені, құжаттар мөрмен бекітіліп отырылғаны белгілі. Бүкіл алемнің жартысын ат тұяғымен дүбірлете таптап өткен Шыңғысханның қаһарлы қолының бетін алғаш қайтарып, оларды Ертістің сол қапталындағы өңірге жібермей, 20 жыл бойы жолын бөгеген айбарлы күш иесі де Найман үлыстарының соңғы ханы Күшлік бүкіл ұлтымыздың мақтанышы емес пе?! Ұлы жиһангар жазу мәдениетін де наймандардан алғаны, «Монғолдың құпия шежіресі» сол Найман жазуы бойынша хатқа түсірілгені тарихи шындық. Қазақ халқының басына қисапсыз қайғы-қасірет әкелген Жоңғар шапқыншылығы, әсіресе, 1723 жылғы қырғын «Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама» заманы деп аталып кеткені малім. Сол бір қиын - қыстау уақытта жат жұрттықтарға қарсы күресте халықтың басын құраған Абылай ханның қасынан Дарабоз, Ханбат атанған Қаракерей найман батыры Қабанбай да табыла білді. Ол керей Жәнібеқ бура Қонақбай, найман рулары Байжігіт Дәулетбай, Көкжарлы, Көкжал Барақ, Сарыжомарт Танаш, Терістаңбалы Жарылғап, Сати, Баян, Бура Кошқарбай, Тілес, Матай Бекжан сияқты батырлармен бас қосып, Калба жоталарын, Ертіс бойын, Тарбағатай жерін қалмақтан азат етіп, жауды Алтай тауларынан асыра қуып тастағаны белгілі. Тарбағатай бөктерінде, Шорға даласында жаумен шайқасқан 80 күндік Шорға шайқасы да, Аягөз маңындағы Ақшәулі ұрыстары да - бабалар ерлігінің ұмытылма үлгісі. Шетсіз-шексіз қазақ даласының бір қиырын алып жатқан Алтай өңірінің әр төбесі, әр тасы, әр қойнауы халық шежіресінің, халық тарихының үнсіз куәгері. Даланың Ромео мен Джульеттасы атанған Козы Көрпеш-Баян сұлу сияқты кіршіксіз махаббат иелері де осы жусанды дала төсінде өмір кешті. Қара күш пен зұлымдық атаулыға қарсы халықтың арманда өткен қыршын ғашықтарға арнап түрғызған ескерткіші еңселі бой көтеріп, Аягөз жағасында күні бүгінге дейін тұр. Қасіретті шерге толы Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек оқиғалары да осы Шыңғыстау бөктерінде болған. Атамекенін, ел-жүртын жанындай сүйген, халқы үшін асыл жанын пида еткен батырларын бұл өңірде мәңгілік есте сақтап, ерліктерін дәріптеген, аңыз-әңгімелер мен дастаңдарында мадақтап жырлаған. Сондай ғажап, әдемі аңыздардың бірі - Толағай батыр туралы әңгімелер. Шорға дала-сының қиыр шығысында, Зайсан көлінің күнгей бетінде Маңырақ, Тарбағатай жоталарымен иық тіресе өр кеуделі Толағай тауы жатыр. Халық аңызына жүгінсек, бұл өңірді қадім замандарда бүкіл аймақты күйзелткен қуаңшылық жайлап, алты ай жазда аспанына тоқымдай бұлт үйірілмепті, бір тамшы жаңбыр жаумай, мал-жан адам айтқысыз шөлден қырыла бастапты. Бұл қасіреттен құтылу айласын ешкім таба алмапты. Сол кезде Карамерген аңшының Толағай деген алып баласы асқарлары аспанмен таласқан Алтай тауларына барып, оның үлкен бөлігін орман-тауы, өзен - көлі мен бөктерін жайлаған аң-құсымен қоса арқасына кетеріп алып, Шорға даласына таяп қалған сәтте тау кетеріп шаршаған алыптың аяғы тайып құлап, өзін тау басып қалыпты, содан бері жыл сайын бұл жерден жаңбыр үзілмейтін болыпты, таудың Толағай аталуы содан екен дейді халық аңызы. 
   Алтай өңірі халықтарының бай рухани мәдени ерісінің айғағы ретінде қаһарлы жиһангер Шыңғысханның замандасы, ұлы бабамыз Кетбұға абыздың  «Ақсақ құланы», найманның Каракерей, Төртуыл, Садыр, Матай сияқты іргелі тайпаларының төл атасы Телегетайдың күйлері, сондай-ақ халық зердесінде сақталған «Балжіңгер», «Бозайғыр» күйлері ғасырлар қойнауларынан бүгінге дейін жетіп отыр. 
    Ертіс бойын үзына жайлаған Семей, Өскемен аймағы — аттары алемге жайылған асыл азаматтарымен де даңқы шыққан қасиетті мекен. Бұл даланың боз жусанды алқабында бір кезде Сібірде айдауда жүрген поляк революционері Адольф Янушкевич, халқымыздың даңқын әлемге жайған Шоқан Уалихановтың мұраттас достары П. Н. Потанин, Ф. М. Достоевский, белгілі орыс ғалымдары В.-А. Обручев, П. П. Семенов-Тянь-Шанский, А. Н. Белослюдцев болып, даланың ақжарқын қонақжай халқына терең ризашылығын білдірген. Бұл - ұлы Абайдай кемеңгер ойшылды, оның інісі атақты ақын Шәкәрім Құдайбердіұлын, «Абай жолы» эпопеясымен аты бүкіл әлемге мәшһүр болған ұлы қаламгер Мүхтар Әуезовты, Алашорда партиясының басшылары Әлихан Бөкейхановты, Райымжан Мәрсековты дүниеге әкелген жер. 
   Бір сөзбен айтқанда, бұл өлке - егеменділікке бет алған Қазақстан Республикасының өзіндік экономикалық, әлеуметтіқ мәдени даму тарихы бар ежелден белгілі ірі аймақтарының бірі. Мұнда әрбір қаламен, аудан орталығымен қолайлы байланыс, су, әуе жолдары, асфальтталған тас жолдар, темір жолдар жүйесі жолға қойылған. Емдік қасиеті бар, суы шипалы Рахман қайнары, Барлық Арасан, Уба, Лениногор сияқты санаторий-курорттары, демалыс үйлері бар. Жетпістен астам ұлт өкілдерінен тұратын жергілікті халық, ризықты еңбегімен, сыйласты тұрмысымен 2030 жылдың «Азия барысына» үміттене қарай өмір сүріп жатыр. 
 
Табиғат кербездігін жиып тұрған, 
Мол байлық өн бойына сыйып тұрған, 
Алтайым, шын бақыттың мекенісің, 
Әр күнің шежірелі күй ұқтырған. 
деп жырлайды ақын жүрегі. 
 
   Қымбатты оқырман, сен де осы түрлі-түсті фотосуреттермен көркем бе-зендірілген кітап-альбомды қолыңа ұстай отырып, кербез Алтай ғажайыпта-рын тамашала, одан бойыңа нәзік сезім, өршіл қуат ал, олардың қайталанбас сұлулық құдіретін жан сарайыңа сақтай біл!

 


Информация о работе Қорықтар аймағы