құқық қорғау органдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 08:38, реферат

Описание

Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.

Содержание

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

НЕГІЗІГІ БӨЛІМ.

1. Құқықты қорғау органдары.
2. Әділет департаментінің бөлімдері.
3. Полиция органдарының қызметі.
4. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі.
5. Прокуратура органдарының қызметі.

ҚОРЫТЫНДЫ.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Работа состоит из  1 файл

КУКЫК.doc

— 102.00 Кб (Скачать документ)

                                                             ЖОСПАР: 

 

КІРІСПЕ

 

НЕГІЗІГІ БӨЛІМ.

 

      1.      Құқықты қорғау органдары.

      2.      Әділет департаментінің бөлімдері.

      3.      Полиция органдарының қызметі.

      4.      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі.

      5.      Прокуратура органдарының қызметі. 

 

ҚОРЫТЫНДЫ. 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Кіріспе.

Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің  көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.

Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік  органдарының, олардың лауазымды  адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.

Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға  жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады. Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен. Құқық қорғау органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІм, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы Заң дар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді. Құқық қорғау органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан олар міндеттері, қызметтері, қызметініңтүрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан олар ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті.

                           Құқықты қорғау органдары.

Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы  заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.

Қазақстан Республикасында  қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік  инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы  және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.

Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының  Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.

                            Әділет департаментінің бөлімдері:

Әділет департаментінің  заңды тұлғаларды тіркеу бөлімі

Бөлім ҚР-ның  «Әділет органдары туралы» Заңының 3 бабына сәйкес заңды тұлғаларды, филиалдар  мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, құрылтай құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуді, таратылуды тіркеуді жүзеге асырады, олар туралы ақпарат береді, соның ішінде ақылы негізде де.

Бөлімнің негізгі  міндеттері:

- заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің құрылу, қайта ұйымдастырылу діни таратылу фактілерін куәландыру;

- құрылған, қайта  ұйымдастырылған және таратылған  заңды тұлғаларды, филиалдар мен  өкілдіктерді есепке алу;

- заңды тұлғалардың  бірыңғай тіркелімі және филиалдар мен өкілдіктердің реестрі;

- заңды тұлғалардың,  филиалдар мен өкілдіктердің  құрылтай құжаттарына Қазақстан  Республикасының заңына сәйкестігін  тексеру;

- қызығушылық  танытқан тұлғаларға заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер (қызметтік  және коммерциялық құпиялардан құралатын ақпараттан басқа ) туралы ақпаратын іске асыру.

- заңды тұлғалардың  және олардың филиалдары мен  өкілдіктердің электрондық деректер  базасын қалыптастыру;

- азаматтардан  бөлімге түсетін хаттарды және  арыздарды қарау;

Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді

тіркеу бөлімі

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімнің негізгі  міндеттері болып:

- нормативтік  құқықтық актілерінің Қазақстан  Республикасы заңнамаларына сәйкестігіне  заң сараптамасын жүргізу, жергілікті  мемлекеттік органдарының азаматтардың құқықтары мен бостандығына қатысты жалпы міндеттілік мағыналары бар нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүргізу;

- нормативтік  құқықтық актілердің мемлекеттік  электрондық және журналдық тізілімін  жүргізу;

- нормативтік құқықтық актілері туралы заңнамалардың орындалуына тексерулер жүргізу;

- қалалық және  аудандық әділет басқармаларында  мемлекеттік тіркелген нормативтік  құқықтық актілеріне бақылау  жүргізу және жұмыстарын үйлестіру;

- нормативтік  құқықтық актілері тіркеу туралы сұрақтар бойынша аналитикалық жұмыс жүргізу;

- нормативтік  құқықтық актілері жариялымдарын  жалпылау және мониторинг жүргізу;

- нормативтік  құқықтық актілерін тіркеу мәселелерімен  әділет Департаментінің басқа  мемлекеттік органдармен өзара  әрекеті;

- нормативтік  құқықтық актілердің жүйелілігі  мен есебін жүргізу;

- жер қойнауын  игеру жөніндегі шарт жобаларының  келісімдерін жүргізу.       

 Бөлім өзіне  жүктелген міндеттері мен қызмет  бағытына сәйкес мыналарды атқарады:

- азаматтардың  құқықтары мен бостандығына қатысты жалпы міндеттілік мағыналары бар нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүргізу;

- Қазақстан  Республикасы Әділет Министрлігінің  тапсырмасымен нормативтік құқықтық  актілерге сараптама жүргізу;

- нормативтік  құқықтық актілері жариялымдарына тексерулер жүргізу;

- әкімшілік  іс жүргізу;

- нормативтік  құқықтық актілер бойынша азаматтар  мен заңды тұлғалардың өтініштерін  қарау;

- жергілікті  мемлекеттік органдарға, қала және  аудандық әділет органдарына  нормативтік құқықтық актілерін тіркеу жөнінде әдістемелік көмек көрсету;

- бөлім құзіретіне  кіретін сұрақтар бойынша ведомствоаралық  үйлестіру мен бақылауды жүзеге  асырады.

Әділет департаментінің  Азаматтарды құжаттандыру және тіркеу бөлімі

Қазақстан Республикасының  тұрғындарын тіркеу және құжаттандыру жұмысын ұйымдастыру бөлімінің міндеттеріне Халыққа қызмет көрсету орталығы ішінде халыққа келесідей қызмет көрсету кіреді:

- тұрғындарды  жеке куәлікке және ҚР азаматының  төлқұжатына құжаттандыру;

- тұрғындарды  тіркеу есебіне алу, тіркеу есебінен шығару;

- тұрғындарды  есепке алу кітабын, тұрғындарды  тіркеу кітабына айырбастау;

- ҚР азаматының  төлқұжатының мерзімін ұзарту.

Сонымен қатар, бөлім облыс тұрғындары арасында қолданып жүрген заңнамалар бойынша  тұрғылықты құқықты түсіндіру жұмыстарын өткізеді.

Әділет департаментінің  Зияткерлік меншік құқығы бөлімі

Зияткерлік  меншік құқығының бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына  және Қазақстан Республикасының  заңдарымен, Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттарымен, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі актілеріне және басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің негізгі  міндеттері:

- Зияткерлік  меншік құқығы бөлімі өз қызметін  Қазақстан Республикасы Конституциясы  және заңдарымен, ҚР халықаралық шарттарымен, Президент актілерімен, ҚР Үкіметінің тағы басқа нормативтік құқық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

- зияткерлік  меншігін қорғау облысында халықаралық  ынтымақтастықты жүзеге асырады;

- шығарма құқықтарына  және сабақтас объектілерінің, өнеркәсіптік меншік объектілерінің (өнертабыс, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, тауар шыққан жердің атауы), селекциялық жетістіктер, топологиялық интегралдық микросхемалар құқықтарын қорғауын қамтамасыз ету;

- селекциялық  жетістіктер, топологиялық интегралдық  микросхемалар, өнеркәсіптік меншік, авторлық құқтар объектілерін  қорғау облысындағы ақпараттық  баспалық қызметін ұйымдастыру; 

- Авторлық және  сабақтас құқықтарын қорғау облысындағы  халықаралық келісімдерін орындау және де шығарма пайдаланушылардың авторлық құқық және сабақтас құқықтар нормаларын сақтауына байланысты, мемлекеттік реттеу қарым-қатынасты жүзеге асырады;

- ұжымдық негізіндегі  мүліктік құқықтармен басқарушылардың,  ұйымдардың қызметінде бақылауын жүзеге асырады;

- авторлық құқықтары  және сабақтас құқықтары сұрақтары  бойынша азаматтарға және ұйымдарға  консультация береді;

- автор қайтыс болған  жағдайда жеке мүліктік құқықтарын  қорғауын және де жақсы атақ  құқығына және атағына заңнамалармен  белгіленген авторлық құқығын қорғауын жүзеге асырады

- мемлекеттік органдардан,  басқа ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан  және азаматтардан авторлық және  сабақтас құқықтарын заңсыз пайдалану  фактілер туралы, және де ұжым  негізіндегі мүліктік құқықтарын  басшылыққа алып отырған ұйымдарының қызметі туралы ақпаратты алу және сұрау

Әділет департаментінің  жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді  мемлекеттік тіркеу бөлімі

Бөлімнің негізгі қызметі  жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу (одан әрі тіркеу), және ақпараттық қызметтер ұсыну болып табылады.

Бөлім құқықтық кадастрды  жүргізумен, электронды дерекқор қалыптастырумен, мұрағат құжаттарының жағдайын бақылап  және есебін жүргізумен айналысады.

Тіркеу кезінде тіркеуші - инспектор ұсынылған құжаттарға құқықтық сараптама жүргізеді , олар :

- бір құқықты тіркеуге  бірнеше өтініштің түсуі жағдайын  қарауға жататын арыздың басымдылығын  анықтау;

- ұсынылған құжаттарды  электронды банк пен мұрағат  материалдарының деректерімен ( жылжымайтын мүлік ретінде және құқық иеленуші жөнінде деректердің сәйкестігі) салыстыру жүргізу;

- жылжымайтын мүлік ауыртпалықтарының  ( құқық қорғау, сот және басқа  да уәкілетті органдарымен қойылған  тыйым салулар, шектеулер) бар-жоғын  тексеруді жүзеге асыру;

- техникалық паспортта  бар жылжымайтын мүліктің техникалық  сәйкестік сипаттамаларының құқық  орнатушы құжаттағы деректерге  сәйкес болуын тексеру.

Әділет департаментінің  азаматтық хал актілерін тіркеу жұмысын ұйымдастыру және апостилдеу бөлімі

Азаматтық хал актілерін  тіркеу жұмысын ұйымдастыру және апостилдеу бөлімі Әділет департаментінің  құрылымдық бөлімшесі болып табылады және халыққа құқықтық көмек көрсету  және заңгерлік қызмет көрсету саласында  төмендегідей міндеттерді атқарады:

- азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерін қайта беру, әр түрлі нысандағы анықтамалар беру (ф №4, анықтамасы, неке қию қабілеттілігі туралы, азаматтық хал акт жазбаларының жоқтығы туралы, АХАЖ бөлімі мұрағатында сақталатын азаматтық хал актілерін растайтын анықтамалар). Сонымен қатар, куәліктерді қайта беру және жолдау туралы азаматтардан және басқа мемлекеттен келіп түскен арыздарын қарау. Гааг конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерде қолдануға арналатын құжаттарды апостилдеу үшін нотариустерден, АХАЖ қызметі мен бөлімдерінен, аумақтық әділет органдарынан шығатын ресми құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.

Әділет басқармасынан  АХАЖ қызметі және бөлімімен жіберілген тегін, әкесінің атын өзгерту туралы, азаматтық хал актілерін өзгерту, түзету, енгізу, қалпына келтіру және жою туралы істерді қарайды.

Әділет департаментінің  азаматтық актілерін тіркеу жјне апостилдеу жұмыстарын ұйымдастыру  бөлімінің мұрағатында азаматтық  хал актілерін тіркеу бойынша  кітаптары 1936 жылдан бастап 2007 жылға  дейін Ақтөбе облысының барлық аудандық акт жазбалары сақталған.

Азаматтық актілерін тіркеу және апостилдеу жұмыстарын ұйымдастыру  бөліміне жүгінген кезде міндетті түрде  өзімен бірге құжаттары, жеке куәлігі  немесе паспорты болуы тиіс.

Әділет департаментінің  халыққа құқық үсіндіру және заң қызметін көрсету бөлімі

Бөлім нотариат және адвокат  қызметі, құқықтық жалпы оқыту және құқықтық насихаттауды ұйымдастыру, мемлекеттік  тілді дамыту жұмыстарымен айналысады.

Ақтөбе облысы Әділет департаментінің халыққа  заңгерлік қызмет көрсету және құқықтүсіндірушілік  жұмыс жөніндегі бөлімінің негізгі  міндеттері:

- азаматтың  және адамдардың бостандығын  және құқық билігін қамтамасыз  етуге бағытталған, ұлттық заңнаманы  қалыптастыруға қатысу;

- заңгерлік  қызмет және құқықтық көмек  көрсетуді ұйымдастыру, құқықтық  насихаттауды қамтамасыз ету;

- мемлекеттік  тілді дамыту және енгізу бойынша  жұмыстарды ұйымдастыру;

- Қазақстан  Республикасының Заңымен бөлімге  жүктелген басқада міндеттерді жүзеге асыру.

Ақтөбе облысы Әділет департаментінің халыққа  заңгерлік қызмет көрсету және құқықтүсіндірушілік  жұмыс жөніндегі бөлімі негізгі  міндеттерге сәйкес, келесідей қызметтерді  жүзеге асырады.

1) Заңгерлік  қызмет көрсету және құқықтық  көмекті ұйымдастыру саласында:

- жеке нотариустардың  нотариалдық әрекет жасау тәртібін  және нотариалдық іс жүргізу  бойынша ережені қадағалауды  және жасалынған нотариалдық  әрекеттердің заңдылығын бақылау;

- жеке нотариустар  мен адвокаттардың әрекеттеріне  түскен арыздарды қарау және олардың лицензияларын алу немесе тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсыныстар енгізу; - нотариалдық кеңселер және адвокаттармен жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заңгерлік қызметтердің сапасын бақылау.

2) Құқықтық жалпы оқыту және құқықты насихаттау саласында:

- құқықтық жалпы  оқыту және құқықты насихаттауды  ұйымдастыруды ведомство аралық  үйлестіру , заңдарды түсіндіруге  қатысу;

- әділет органдарының  іс жүргізуіне мемлекеттік тілді  енгізуге әдістемелік көрсету; 

- бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қатынасты жүзеге асыру.

Әділет департаментінің  ұйымдастыру бақылау және кадр бөлімі

Біздің бөлім  Әділет департаментінің жоспарын жасайды. Әділет департаменті алқасының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, әділет органдары жүйесі кадрларының, біліктілігін арттыруды және дайындауды, тоқтаусыз оқуын ұйымдастырады, ведомстволық мекемелер кадрларының аттестациясын ұйымдастырады және өткізеді, департамент басшылығында өткізілетін алқа отырысының, үйлестіру кеңесінің, кездесудің хаттамаларын жүргізеді және ұйымдастырады, мемлекеттік қызметтің әкімшілік лауазымының бос орындарына байқау өткізеді, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің ант беру рәсімін өткізеді, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің аттестациясын өткізеді, Әділет департаменті және ведомстволық мекемелердің қызметкерлерінің жеке істерін және еңбек кітапшаларын сақтайды және жүргізеді, шығыс және кіріс хат-хабарларын қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады.

Әділет департаментінің  Бухгалтерлік есеп алу және есеп

беру бөлімі

Бухгалтерлік  есеп алу және есеп беру бөлімі Әділет департаментін және құрылымдық бөлімшелерін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді, еңбек ақы көлемін есептейді, түрлі қызметтер көрсету бойынша  шарттар дайындап қорытындылайды, тауар және материалдық құндылықтарының сақталуына бақылау жасайды, бухгалтерлік есеп алу және есеп беруді жүзеге асырады.

                                   Полиция органдарының қызметі.                                                                          

Полиция – Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын  алу, анықтау және болдырмау жөніндегі  жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар: 1) қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады; 2) патруль полициясы – көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды; 3) жол полициясы – жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды; 4) әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу; 5) полицияның арнайы отрядтары – күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қаитамасыз етуге бағытталған және т.б.

Заң бойынша  – полиция қылмыстар, әкімшілік  бұзулар туралы өтініштерді, хабарлауларды  қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек  көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды  іздестіруге; қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б. міндетті.

Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жөнінде  сезікті азаматтардың құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға; заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға; бас бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды жүзеге асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын үйлерінде ұйымдар орналасқан бөлмелерге кіруге, оларды тексеруге және т.б. құқық береді.

Қазақстанның  полициясы басқа еларалық келісімдер негізінде басқа елдердің полициясымен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді. Қазақстан өз аумағында қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге, ұстауға және ҚР-на беруге көмектесетін халықаралық полиция ұйымының – Интерполдың мүшесі болып табылады.

ПМ-нің полициялық органдарынан басқа Қаржы пллициясы  агенттігінің жүйесінде қаржы полициясы, ал қарулы күштерде - әскери полиция жұмыс істейді.

Қаржы полициясының құқықтары төмендідей: салықтарды төлемеуге  байланысты құқық бұзуларды анықтау  және болдырмау; салықтар төлеуден жалтаратын адамдарды іздестіруді жүзеге асыру; салықтық құқық бұзушылық пен мемлекеттітке келтірілген залалдарды өтеу жөнінде шаралар қолдану; салық қызметі органдарындағы жемқорлық фактілерінің алдын алу, анықтау; алдын ала тергеу, анықтау жүргізу; өзінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу.

                        Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі.                                                             Құқық тәртібін қорғауға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары үлкен рөл атқарады. ҰҚК-нің басшылығымен облыстар мен қалаларда құрылған аумақтық органдарға жұмыс істейді.

ҰҚК жүйесінде  барлау бөлімшелері («Барлау» қызметі) бар: мемлекеттік құпияларды сақтауды қамтамасыз етуге арналған үкіметтік  мекемелерді байланыс пен ақпараттың арнайы түрлерімен жабдықтайтын орган және басқа құрылымдар жұмыс істейді.

ҰҚК органдары  тікелей ҚР-ның ПРезидентіне бағындырылған. ҰҚК органдарының басты міндеті  ҚР қауіпсіздігіне қатер төндіретін шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен жекелеген адамдарының барлау және дұшпандық қызметімен күрес болып табылады. Бұл күрес заңға сәйкес жария, сондай-ақ жария емес құралдар мен әдістерді қолдану жолымен жүргізіледі.

ҰҚК органдарының қызметіндегі басқа маңызды бағыт  – лаңкестікпен, заңсыз қару айналымымен, нашақорлықпен, жемқорлықпен, контрабандамен, пара алумен, басқа да ауыр қылмыстармен күресу болып табылады.

Лаңкестікпен  күресу – 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі және 2002 жылы қазанда Мәскеудегі театр  орталығына жасалған шабуылдан кейін ерекше міндетке айналды.

Сондықтан ҚР-ның  ҰҚК-ті лаңкестікпен күресу жөніндегі  өз қызметін басқа мемлекеттердің мемлекеттік  қауіпсіздік органдарымен өзара  әрекеттесуі арқылы жүзеге асырады.

ҰҚК органдарына  зор құқықтар берілген. Дәлірек айтқанда, олар, мысалы, мақсаттары ҚР-дағы конституциялық құрылысты күшпен өзгерту болып табылатын, лаңкестік, экономикалық контрабандаға, жемқорлық, қылмысты топтардың беделін түсіруге бағытталған қылмыстың ерекше қауіпті түрлері бойынша анықтау және алдын алазерттеу жүргізеді.

Прокуратура органдарының қызметі. ҚР-ның құқық органдары  арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы  және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР Конституциямен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен белгіленген.

Прокуратураның  басты міндеті барлық мемлекеттік  органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың  лауазымды адамдарының Заңдарды, Президенттің жарлықтарын, басқа құқықтық нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.

Прокурорлық қадағалаудың мақсаты – Республиканың бүкіл  аумағында біртұтас және берік заңдылықты қамтамасыз ету, заңнамалардың талаптарын бұзу фактілерін анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту.

Прокуратура өз қызметін мемлекет атынан жүзеге асырады. Ол өз қызметін ҚР Президентіне тікелей  есеп беретін тек қана Бас прокурорға бағына отырып, басқа мемлекеттік  органдарға тәуелсіз атқарады.

Прокуратураға кең өкілдіктер берілген. Мысалы, ол мыналарды қадағалауды жүзеге асырады.

а) адам мен азаматтың  құқықтары мен бостандығын сақтауды;

ә) полициялық органдардың  тергеулер мен анықтаулар кезіндегі  заңдылығын;

б) азаматтарды  әкімшілік жауапқа тартудың заңдылығын;

в) сот белгілеген жазаларды орындау мен азаматтық  істер бойынша сот шешімдерін орындау заңдылығын;

г) сот органдарының үкімдерінің, шешімдерінің заңдылығын.

Өздерінің қадағалау  қызметтерін прокуратура әр түрлі  тәсілдермен жүзеге асырады. Мысалы, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың кез келген заңсыз шешімдері мен қаулыларына наразылық білдіру; қылмысты зерттеу кезінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуді бақылау және т.б. жолмен. Қылмыс фактісін анықтағанда прокуратура қылмыстық іс қозғайды, оны сотқа жібереді және мемлекеттік айыптаушы ретінде көрінеді.

Сонымен бірге  прокурордың сезіктіні қамауға  алуға, тінту жүргізуге рұқсат беруге, заңнамалар талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін, жұмыстағы кемшіліктерді  жоюға лауазымды адамдарға міндетті болатын жазбаша нұсқаулар беруге құқы бар. 

 

 

 

                                                  Қорытынды.

Республикада  құқық қорғау қызметін тиімді жүзеге асыру үшін барлық құқық қорғаушы органдардың келісіп жұмыс істеуін  қамтамасыз етудің, қылмыспен күрес  жағдайында жүйелі талдау жасаудың, елде құқық қорғау жұмысын жақсартудың себептерін анықтау мен шараларын жасаудың зор маңызы бар. Мұндай міндет заңмен прокуратураға да жүктелген. Бұл прокуратураның Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтың жай-күйі үшін мемлекет алдында үлкен жауапкершілігі барын дәлелдейді.

Құқық қорғау органдары  мемлекеттің басым құрылымдарына  жатады. Оларға қару қолдануға дейін  үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан  олар міндеттері, қызметтері, қызметініңтүрлері  мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІм, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы Заң дар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді.Барлық құқық органдары төмендегі қағидаттар негізінде жұмыс істеуге міндетті: 1) заңдылық; 2) адамның құқықтары мен бостандықтарын басым қамтамасыз ету; 3) барлығының заң алдындағы теңдігі; 4) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикалық нормаларын сақтау; 5) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне саяси партияларда болуға тыйым салу.  Бұл жөніндегі ҚР Конституциясының 23-бабында тура айтылған: «Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс». Құқық қорғау органдары қызметінің барлық аталған қағидаттары олардың саяси күреске тартылмауына, халықтың алдында жоғары беделі болуына,       Республикада қатаң заңдылық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі өздерінің жауапты қызметтерін тәуелсіз орындауға, халыққа адал қызмет етуге, сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

 

1.      Қазақстан Республикасының Конститутциясы  Алматы, 1995ж

2.      Баққұлов С.Д  «Құқық негіздері» Алматы,2004ж

3.      Оспанов Қ.И «Құқық негіздері» ,2007 ж ,Жеті жарғы.

4.      Қ.Р Конституциясының түсіндірме сөздігі.



Информация о работе құқық қорғау органдары