Байкоңыр экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 14:15, реферат

Описание

Байқоңыр - ғарыш алаңы
Ғарыш— Ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Кейде Ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш "Жер төңірегіндегі" кеңістікті қамтитын жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс Ғарыш болып ажыратылады.

Работа состоит из  1 файл

Ғарыштық Биология.docx

— 341.70 Кб (Скачать документ)

Ұшқыш-ғарышкерлер, алғашқы  қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров және тәуелсіз еліміздің тұңғыш ғарышкері, «Халық Қаһарманы», Ресей батыры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев та үш мәрте ғарышқа осы Байқоңырдан аттанды.

Сонымен бірге, Байқоңыр КСРО мен оның одақтастарының зымыран-ядролық  қалқаны болды, онда континентаралық  баллистикалық зымырандар сыналып, ел тыныштығын күзетіп әскери кезекшілікте тұрды. «Байқоңыр» ғарыш айлағы жарты  ғасырдан астам уақыт ішінде ғарыш  кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың бастауына айналды.

Кеңес Одағы тарап, Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздігін жариялағаннан  кейін «Байқоңыр» ғарыш айлағы еліміздің  меншігі болып жарияланды. Алайда сол жылдарда кеңестік ғарыш саласындағы кәсіпорындар түрлі тәуелсіз мемлекеттер аумағында орналасқандықтан арадағы байланыс үзіліп, «Байқоңыр» ғарыш айлағының жағдайы қиындап, болашағы бұлыңғыр күндер туды.

Дегенмен, Елбасы Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетаралық келісімге қол жеткізіп, Байқоңырды сақтап қана қоймай, оны әрі қарай дамыту мүмкіндігіне ие болдық.

1994 жылғы 28 наурызда Қазақстан  Республикасы мен Ресей Федерациясы  арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі қағидалары мен шарттары туралы мемлекетаралық келісімге қол қойылып, «Байқоңыр» кешені Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы шарт бойынша Ресей Федерациясына жалға берілді. Аталған шарт бойынша Ресей Федерациясы «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін еліміздің бюджетіне жылына 115 млн. АҚШ долларын төлейді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні Ресей Федерациясы ғарыштық, мақсаттық, халықаралық, коммерциялық бағдарламалар шеңберінде «Байқоңыр» кешенінің пайдаланылатын нысандарын: старттық, техникалық, құрастыру-сынау жайларын, ғарыш жанармайы кешендерін және т.б. жетілдіру жұмыстарын жүргізіп отыр. Сонымен бірге, біз стратегиялық әріптесіміз Ресеймен бірлесіп Байқоңырда «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенін құру жұмыстарын жүргізуге де келіскен едік. Демек, «Байқоңыр» ғарыш айлағының адамзат баласы үшін де, еліміз үшін де пайдасы зор.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы бүгінгі күні достық пен ынтымақтастықтың нышанына айналды. Байқоңыр барлық кластағы «Союз», «Зенит», «Протон», «Днепр» ғарыштық зымырандардың нақты старттық алаңы болып табылады, әлемде зымырантасығыштарды ұшыру саны бойынша және коммерциялық ғарыш аппараттарын ұшыру саны бойынша бірінші орынды иеленді.

Қазіргі уақытта Байқоңырдағы құқықтық қатынастар 40-тан астам халықаралық шарттармен реттелген. Сонымен қатар, «Байқоңыр» кешенін пайдаланудан туындайтын мәселелер Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның «Байқоңыр» кешені бойынша кіші комиссиясының отырыстарында қарастырылып отырады.

– Әлем бойынша алғанда ғарыш саласын  дамытудың қазіргі жағдайы қалай? Бұл іспен қандай елдер шұғылданады? Олардың қандай қызықты, тиімді бағдарламалары бар? Ғарыш саласындағы бәсекелестік қалай өріс алуда?

– Қазіргі таңда ғарыш  қызметі байланыс, геология, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, қорғаныс және қауіпсіздік сияқты түрлі салаларда қажет болатын және мемлекеттік маңызы бар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Дүние жүзіндегі ғарыш қызметі, оның ғылыми-өндірістік базасы жаһандық экономиканы дамытудың әмбебап заңдылықтары мен үрдістеріне бағынатын, табиғи қызмет атқаратын сала болып қалыптасты.

Өмірдің өзі ғарыштық құралдарды кеңінен пайдаланбай жаһандық проблемаларды  шешу мүмкін емес екендігін дәлелдеді. Әлемдік тәжірибе жоғары технологиялық  индустрияның негіздерін құрудың тиімді жолдарының бірі ғарыш қызметін дамыту, елдің ғарыштық бағдарламасын іске асыру және ғарыш технологияларын  өнеркәсіптік өндіріске енгізу болып табылатынын көрсетті. Сондықтан да адамзаттың ғарышты зерттеуі, игеруі өте маңызды.

Дүние жүзінің жетекші  елдерінің экономикасында ғылымды  қажетсінетін, ресурстарды сақтайтын технологиялар мен өндірістер рөлін арттыру үрдісі байқалып отыр. Біздің еліміздің де ілгері дамуы үшін ғарыш саласының стратегиялық мәні аса жоғары.

Әлемдегі ғарыш державаларының қатарына Ресей, АҚШ, Франция, Украина, Қытай, Үндістан, Жапония, және Израиль  сияқты елдер кіреді. Бұл елдер  әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан, ғарыштық бағдарламаларды одан әрі дамытуға қыруар қаражат бөліп, өздерінің ғарыш саласындағы елеулі орнын иеленуде. Яғни, бұл ғарыш саласына жұмсалатын қаражаттың бірнеше есе артық қайтарымы болатынын дәлелдесе керек.

Олай болса, біз де еліміздің  индустриялық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асуына, ғарыш индустриясы  кластерінің құрылуы мен дамуына, маңызды жобалардың іске асуына және әлемдік ғылыми-техникалық кеңістікке енуге жол ашатын толыққанды отандық  ғарыш саласын жасауымыз қажет.

Осы мақсатты көздей отырып, «Қазғарыш» агенттігі шетелдермен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты  белсенді дамытуда. Нәтижесінде, ғарыш саласын игеру аясында көптеген меморандумдар мен келіссөздерге қол қойылды. Бүгінгі таңда ғарыш қызметі саласындағы стартегиялық әріптестермен (Ресей, Франция) және ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану саласындағы әлемдік көшбасшылармен халықаралық ынтымақтастықты орнатып, дамуды жолға қойдық. Бұл елімізге ғарыш саласын құру мен ғарыш ғылымындағы жетістіктерді, экономиканы дамыту мүддесіндегі техника мен технологияларды пайдалану бойынша міндеттерді барынша тез және тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Кейінгі жылдары ғарышты  бейбіт мақсатта зерттеп, пайдалану  жөнінде 4 үкіметаралық және 8 салааралық келісімдерге қол жеткіздік. Бүгінде  осы мемлекеттермен тығыз жұмыс  жүргізіп жатырмыз. Былтырғы жылдың өзінде Ресей Федерациясымен, Біріккен Араб Әмірліктерінің перспективалық ғылым және технология институтымен, Сауд Арабиясы Корольдігі Әбдел Әзиз атындағы Ғылыми-техникалық қалашығымен, Жапония мемлекетімен ынтымақтастық жөніндегі келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды. Осы бағыттағы жұмыс одан әрі қарқынды дами бермек.

– Елімізде ұлттық ғарыш агенттігі қашан  құрылды? Оған қандай міндеттер жүктелді және ол міндеттер бүгінгі күні қалай  жүзеге асырылуда? Алдағы уақытта елімізде ғарыш саласын одан әрі дамытудың нақты қандай жоспарлары бар. Ол жоспарларды жүзеге асыруға кедергі болып отырған жәйттер бар ма?

– Ұлттық ғарыш агенттігі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы 27 наурыздағы Жарлығымен құрылды. Бұл Қазақстанның ғарыш саласын дамытудағы жаңа кезеңді белгілеп берді. Қазіргі таңда, «Қазғарыш» Елбасы мен Үкіметтің жан-жақты қолдауының арқасында осы саланы сапалы құрып, жоғары технологиялы секторды қалыптастыруға бағытталған жобаларды дәйекті іске асырып отыр.

Ғарыш қызметінің стратегиялық бағыттары Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілген. Онда ғарыш саласына қатысты елдің Индустрияландыру картасына енген төрт ірі жобаны іске асыру көзделген. Олар: «KazSat» байланыс және ақпарат тарату жүйесін құру; Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесін құру; «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенін құру; Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру.

Бүгінгі таңда осы ауқымды  әрі маңызды жобалар жүйелі түрде  жүзеге асырылып келеді. Мәселен, былтырғы жылдың шілде айында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған «KazSat-2» ғарыш аппаратын Қазақстан тарапы 2011 жылдың 25 қарашасында толық пайдалануға қабылдап алды. Бүгінгі таңда отандық спутник қалыпты жағдайда өз мақсатына сай жұмыс атқаруда. Қазіргі уақытта 8 ірі қазақстандық оператор өз жұмысын Kazsat-2 спутнигі арқылы іске асырып отыр. Сондай-ақ, 2014 жылы «KazSat-3» жер серігін ұшыру жоспарланып отыр. Алдағы уақытта «KazSat-4» жер серігін де жасаудың уақыты келіп қалар, өйткені бұл үлгідегі кешеннің тиімді әрі сапалы жұмыс атқаруы үшін орбитада кемінде 3 жер серігінің болуы қажет.

Ал, «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенін құру Қазақстанның ұлттық мүддесі үшін стратегиялық маңызы бар дүние. Экологиялық жағынан таза «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенін салу – үлкен болашағы бар жоба. Бұл жоба арқылы нақты жетістіктерге қол жеткізуге болады. Мәселен аталмыш жоба көнерген нысандарды жаңарту арқылы «Байқоңыр» ғарыш айлағын сақтап қалу, «Байқоңыр» ғарыш айлағын біртіндеп Қазақстанға өткізуді қамтамасыз ету секілді маңызды мәселелерді шешуге тікелей ықпал етеді, Қазақстанның экологиялық проблемаларын еңсеруге үлкен көмегін тиігізеді. Сонымен қатар, «Бәйтерек» жобасы Қазақстанның «Байқоңыр» ғарыш айлағына нақты енуін және әлемдік коммерциялық ұшыру рыногына кіру мүмкіндігін, зымырантасығыштарды әзірлеу және ұшырудың технологиялық операцияларына тікелей қатысуын қамтамасыз етеді.

Өкінішке қарай, «Бәйтерек» ғарышзымыран кешенін құру мәселесі жобалық кезеңнен аспай тұр. Жобаның басты проблемасы оны одан әрі қаржыландыру мәселесінде болып отыр. Соңғы рет Ресей тарапы ұсынған техникалық-экономикалық негіздеме бойынша жобаның құны жеті есеге өсіп, 1 млрд. 640 млн. АҚШ долларын құрады. Сондай-ақ бұл кешен ұшуға тиіс «Ангара» зымырантасығышының негізгі сипаты жасалынбай, оны ұшыратын қондырғыны құру және пайдалануға беру мерзімі де нақты анықталып белгіленбей отыр. Бұған қоса, бұл жобаны іске асыруда барлық шығындарды Қазақстан жағына арту мәселесі туындап отыр. Өйткені, Ресей тарапы жобаны бірлесіп қаржыландыруға қаржы тапшылығынан бара алмайтыны мәлім болды. Бұл мәселе бірнеше рет «Қазғарыш» пен «Роскосмос» деңгейінде талқыға салынды. Қазіргі таңда қалыптасып отырған жағдайға сәйкес, Қазақстан мен Ресей арасында жоғары деңгейде саяси шешімдер қабылдау қажеттігі туындауда. Әрине, бұл жерде ел мүддесі басты назарда тұруы тиіс.

Сонымен қатар, 2013 жылы қабілеті орта Жерді қашықтықтан зондтау  аппаратын, 2014 жылы қабілеті жоғары Жерді  қашықтықтан зондтау аппаратын  іске қосу жоспарланып отыр. Бұлар  да жоғары технологияның барлық жетістіктерінің алғы шебінде жүрген шетелдік компаниялардың пәрменімен жасалуда.

Бұл жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамытудың маңызы зор. Біз осы межелі міндеттерді уақытылы әрі тиімді жүзеге асыру арқылы отандық ғарыш қызметінде оң нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз.

– Қазіргі  күні отандық ғарыш саласының  инфрақұрылымдары жетілдірілу үстінде. Бұл қандай инфрақұрылымдар және оларға қандай міндеттер жүктеліп отыр?

– Ең алдымен, Есілдің сол  жағалауында құрылысы қарқын алып жатқан ірі нысан жөнінде айтып өткен  жөн. Осыдан екі жыл бұрын, 2010 жылы 3 шілдеде Премьер-Министр Кәрім  Мәсімов пен Франция Үкіметі  өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш орталығының құрылысы ресми түрде басталып, сол жерге естелік белгі орнатылған болатын. «Ұлттық ғарыш орталығы» мега-жобасының шеңберінде ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені, ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің жерүсті сегменттері, жоғары дәлдікті навигация жүйелері, Қазғарыштың әкімшілік ғимараты, басқа да әлеуметтік нысандар сияқты ғарыш инфрақұрылымының нысандары бой көтереді.

Осы жобаны іске асыруда  стратегиялық әріптес ретінде 2009 жылы ғарыш саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – француз компаниясы EADS Astrium таңдалды. Сондай-ақ, осы компания ғарыш  аппараттарын, пайдалы жүктеме бөлшектерін және ғарыш техникасының элементтерін жинау және сынау үшін жоғары технологиялық кәсіпорын – ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру жобасын іске асыруға қатысады.

Жалпы, Қазақстан мен Францияның ғарыш саласындағы стратегиялық әріптестігі Елбасының 2008 жылғы  маусымдағы Францияға сапарынан  бастау алды. Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін жалпы жобалау келісім-шарты «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ-пен «EADS-Astrium» жетекші француз компаниясының арасында 2009 жылы маусымда Ле Буржеде өткен Халықаралық авиағарыш салонында жасалды. Франция президентінің Қазақстанға 2009 жылғы қазан айындағы мемлекеттік сапары кезінде 24 құжатқа қол қойылса, соның төртеуі ғарыш қызметі саласына қатысты болды. Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының арасындағы Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім Қазғарыш пен Франция Ұлттық ғарыштық зерттеулер орталығының арасындағы негізгі құжат болып табылады.

Сонымен қатар, отандық ғарыш  саласы инфрақұрылымдарының қатарында Алматы қаласындағы Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығын ерекше атап көрсетуге болады. Оның құрамына В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты, Ионосфера институты, Ө.М. Сұлтанғазин атындағы Ғарыштық зерттеулер институты, Ғарыштық техникалар мен технологиялар институты сияқты төрт ғылыми-зерттеу институттары кіреді.

Ақмола облысы Ақкөл қаласында  отандық байланыс және хабар тарату спутниктерін жерден басқару кешені орналасқан. Осы жылы телекоммуникациялық «Казсат» жер серігі жүйесінің тірлігін қамтамасыз ету сапасын көтеру үшін жасалып жатқан Алматы облысындағы ғарыш аппараттарын резервті жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесінің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.

– Ғарыш  саласын алғашқы болып игерген  мемлекеттер бұл саладан көл-көсір  пайда тауып отыр деп естиміз. Ол пайда қалай құралады? Біздің жаңадан құрылып жатқан ғарыш саласынан болашақта қандай саяси және әлеуметтік-экономикалық тиімділіктер күте аламыз?

– Әлемдiк ғарыш қызметiнiң  қазіргі ахуалы мен даму келешегі оның жаһандық экономикада жеке толыққанды рынок ретінде қалыптасқанын  көрсетедi.

Мәселен, 2011 жылдың қорытындысы  бойынша әлемдiк ғарыш рыногының  бірлесіп тапқан пайдасының мөлшері 2010 жылға қарағанда 12,2 пайызға өсіп, жалпы жиыны 289,77 млрд. АҚШ долларын құрады. Осы уақыттағы ұшырулар саны 2010 жылы 74 болса, 2011 жылы 80-ге дейін өскен, сондай-ақ пайдалы жүктің саны 118-ден 127-ге дейін артты.

Әлем бойынша азаматтық  және әскери ғарыш жобаларына жұмсалатын жалпы шығындар 2010 жылға қарағанда 2011 жылы 2 пайызға төмендеп, 70 млрд. АҚШ  долларын құраған. Яғни бір жылдың ішінде түскен пайда шыққан шығыннан бірнеше  есе асып түсіп отыр.

Ал, Қазақстан байланыс және хабар таратуға бағытталған «KazSat-2»  спутнигін ұшырып, қазақстандық байланыс операторларының өз елінің бюджетіне пайда түсіруін қамтамасыз етіп отыр. Одан түсетін пайда мен әлеуметтік-экономикалық тиімділіктерге көп ұзамай көз жеткізетін боламыз.

Информация о работе Байкоңыр экологиясы