Атырау облысының экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 21:15, реферат

Описание

Атырау – Атырау облысының әкімшілік орталығы, қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан қала. қаланың негізігі 1640 жылы қаланған. Өлкеміздің қойнауы толған тұнба байлық. Бұл – бізге берген табиғаттың сыйы. Алайда, осы байлықты игеріп, ел игілігіне жарату, өндірістің қарқынды дамуы, өңіріміздің экожүйесі техногендік салмақ салып отырғаны да рас.

Работа состоит из  1 файл

Атырау облысының эк.ж.docx

— 22.06 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

 

Реферат

Тақырыбы: «Атырау облысының экологиясы».

 

 

 

 

 

Тексерген:Жунусбекова.Г.Е.

Дайындаған: Кауанова.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды - 2012 жыл

Атырау  облысының экологиясы.

Атырау – Атырау облысының  әкімшілік орталығы, қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан қала. қаланың негізігі 1640 жылы қаланған. Өлкеміздің қойнауы толған тұнба байлық. Бұл – бізге берген табиғаттың сыйы. Алайда, осы байлықты игеріп, ел игілігіне жарату, өндірістің қарқынды дамуы, өңіріміздің экожүйесі техногендік салмақ салып отырғаны да рас. Ірі өндіріс орындары шоғырланған Атырау өңірі – маңызды мәселе.

Бүгінде тексеру нәтижелері көрсетіп отырғандай, ауаға лас қалдықтарды  тарату көрсеткіші өсіп отыр. Экологтардың мәліметінше, облыста өткен жылы 99,8 мың тонна қалдық тартылса, соның  ішінде қалаға 74 мың тоннасы жайылған. Бұл көрсеткіш 2005 жылы 89,3 мың тонна  болған. Өткен жылы «Атырау су арнасы»  мекемесі ауаға 29 мың тоннадан астам  қалдық  тастаған. Қала ауасын негізінен ластаушылар – мұнай-газ өндіріс орындары, станционарлы көздер – 91%, автокөліктер – 8,8% және ұйымдастырылмаған ластау көздері – 0,2%. Ал автокөліктерден бөлінетін улы газдарда 200-ден астам химиялық қоспалар бар. Ауа райын зерттейтін бюроның мәліметінше, желдің бағыты негізінен оңтүстіктен – шығыстан, солтүстік – шығыстан соғады. Ал өндіріс орындарының көпшілігі қаланың осы жағында орналасқандықтан, желдің әсерінін қаланың экологиялық ахуалы нашарлайтандығын мамандар дәлелдеп отыр.

Облыстық  прокуратураның мәліметтері бойынша, қоршаған ортаға зиянды қалдықтар көлемінің  шығарылымы көлемі жылдан-жылға артуда. Аймақтың экологиялық апатты жағдайға ұшырауына ең алдымен осы өңірдегі мұнай-газ саласы кәсіпорындарының үлес салмағы елеулі үлесін қосып  отыр. 2010 жылы өндірістік қалдықтардың ауаға шығарылу көлемі 100 мың тоннадай болса, 2011 жылы да сол деңгейде болды. Өткен жылы ауадағы шектен тыс  зиянды қалдықтардың жиі және нормалық шектен артық жіберілуі күкіртті сутегі, азот диоксиді, күкірт диоксиді мен көміртек оксиді бойынша тіркелді. Бұлармен қатар «Теңізшевройл» ЖШС  мен «Ембімұнайгаз» ӨФ алауоттарында  жағылатын ілеспе газ да жағымсыз әсерін тигізуде. 2011 жылы осындай 59 оқиға, ағымдағы жылдың 5 айында 7 оқиға ресми  тіркеліп, бұл үшін облыстық Жайық-Каспий экологиялық департаменті айыппұл  салып және 14 млрд-тан астам теңгеге  есептелген залал мөлшерін өтеу туралы ұсыным берілген. Атырау облыстық прокуратурасында аймақ экологиясы туралы кеңінен  қозғалған келелі кеңес отырысына  қатыс­қан Атырау облысы әкімінің бірінші  орынбасары Болат Дәукенов алып компания «Теңізшевройлдың» қоршаған ортаға залал келтіруде тым шектен шығып  отырғанын тілге тиек етті. - Халық  денсаулығына кері әсер етіп отырған  ТШО-ның «штаттан тыс жағдайлар» деп аталатын оқиғалары жиі сипатқа  ие бола бастады.Дәрігерлік зерттеулерге сәйкес, Теңіз кеніші орналасқан Жылыой ауданы халқының, сонымен қатар ТШО  мен оның мердігер ұйымдарының жұмысшылары  арасында қан айналымы жүйесі аурулары өсті. Сондықтан ауаға зиянды қалдықтарды  шығаруды болдырмаудың жалғыз шарасы - эмиссияға рұқсат әрекетін тоқтату, деген Болат Асылұлы облыстық экологиялық департамент бұл  мәселені әлдеқашан көтерген болатын. Алайда Қоршаған ортаны қорғау министрлігі  мұның бәрін «жауып қойып» отыр деп  ашығын айтты. Бұл тұрғыда облыс  прокурорының орынбасары Мұрат Төлеубаевтың айтуынша, құзырлы қадағалау органы Бас прокуратураға қалыптасқан  жағдай туралы ақпарат берген. - Біздер барлығымыз да Жылыой ауданында не болып жатқанын біліп отырмыз. Жас  жігіттер ұйқыға кетіп, оянбастан о  дүниеге аттанып жатыр, - деді облыс  прокуроры Сайфолла Кемалов. Ақиқатын айтсақ, жергілікті ғалым Мұфтах Дияровтың  осыдан бірнеше жыл бұрын айтқан осы болжамы бүгінде шындыққа айналды. Өңірдің экологиялық проблемасы қозғалған кеңесте мұнай-газ саласы мен өзге де кәсіпорындар тарапынан  ауаға тарайтын зиянды қалдықтардың жергілікті тұрғындар денсаулығына тигізер зияны дәлелденбеді деген  сөз адамға экологиядан келетін  қауіптің жоқтығын емес, бұл мәселемен  ешкімнің айналыспай (!) отырғандығынан деген ащы шындық айтылды. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукенов облыс прокуроры  Сайфолла Кемаловқа қоршаған ортаны қорғау министрлігі тарапынан берілетін  рұқсат қызметін жергілікті органдарға беру туралы мәселені қарастыруды сұрады. Өйткені сала министрлігі өңірдегі істің нақты жағдайынан хабарсыз қалып отыр. Сондықтан да өңірдегі жағдайды қадағалап отырған органдарға құзірет беріп, аймақтың экологиясын  бақылауды қолға алу қажеттілігі  туып отыр. Атырау облысы әкімінің бірінші  орынбасары Б.Дәукеновтың айтуынша, облыстың экологиясының адам төзгісіз болып жатқан жоғарыдағы жағдайларына 2015 жылы қоршаған ортаға зиянды қалдықтардың шығарылуы көлемінің көлемі екі есе ұлғаятынын қоссақ, онда өңір «төтенше» жағдайдан көз аша алмайтындай болады. Бұл ТШО-ның үшінші зауытының құрылысымен, мұнай-газ химия кешенінің, «Болашақ» мұнай өңдеу зауытының салынуымен, Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды терең өңдеу мен хош иісті көмірсутегі өндірісі кешеніндегі жобалардың жүзеге асуымен байланысты.Сол себепті де, Болат Асылұлы өңірдегі мұнай-газ саласындағы кәсіпорындардың қазірде бар санитарлық-қорғаныс аймағының шекарасын қайта қарау керектігі туралы ұсыныс білдірді. Атырау облысы прокурорының көмекшісі Рүстем Ғапу мұнай-газ саласы кәсіпорындары тарапынан қоршаған ортаға әсер етіп отырған өзекті проблемаларды саралап жеткізіп қана қоймай, бұл проблемаларды шешуде Жайық-Каспий экология департаменті тарапынан жұмыстың тым қауқарсыз жүріп жатқанын сынға алды.

Мәселен, қалдық полигонында  қалдықтарды реттеп жинау мен  жою технологиясының сақталмауы қалдықтардың ұдайы тұтануына әкеліп отырғаны облыс тұрғындарының денсаулығына ұдайы қатер төнгізіп отыр.Жайық-Каспий экологиялық департаментіндегі  қолда бар мәліметтерге сәйкес облыс  аумағында 6,9 млн тоннадан астам  өндіріс қалдықтары жиналған. Таратып  айтсақ, 4,1 млн тонна жентектелген күкірт, 197,8 мың тонна өндірістік және 2,6 млн тонна тұрмыстық қатты  қалдықтар бар. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Дәукеновтың  айтуынша, бүгінде тұрмыстық қалдықтарды  жоятын 9 полигон құрлысының техникалық негіздемесі дайын. Құрылыс жұмыстары  келер жылы басталып, тұрмыстық қалдықтарға  қатысты проблема солар пайдалануға  берілген сәтте шешімін табатын  болады. Сондай-ақ бұл жиында автокөліктердің  де ауаға шығаратын зиянды қалдықтары мен ерекше қорғалатын табиғат аумақтарындағы заңсыздықтар туралы өзекті мәселелер  талқыланды. Бірақ, шешілмеген проблемалар  да жеткілікті. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының  бастығы Ербол ҚУАНОВТЫҢ айтуынша, өткен жылы аумақтың экологиялық  жүйесіне техногендік салмақты барынша  азайту мақсатында біраз жоспарлы шаралар  жүзеге асырылыпты. Мәселен, тек облыстық бюджеттен ғана 7 млрд. теңгеден аса  қаржы жұмсалып, оған 20 шақты ірі  жоба игерілген.Соның ішінде мамандар қала аумағында су нысандарын сенімді  қорғау үшін жағалауды бекіту жұмыстарының жүргізілгенін айтады. Бұл бағытта  төрт миллиард теңгеден аса қаражат  жұмсалды. Соңғы 20 жылдың төңірегінде  алғаш рет су қорғау жолағы жасақталып, осы орайдағы шаралар қолға алынды. Біраз жылдан бері сөз болып жүрген қаладағы қатты тұрмыстық қалдықтар  полигонының құрылысы ақыры аяқталды. Шілденің ыстығында ұдайы өртке  оранып, одан шыққан ащы түтін қалалықтардың  тынысын тарылтып жүрген-ді. Енді бұл  мәселе де оң шешімін тапты. Қатты  тұрмыстық полигонға қатысты  жұмыстар мұнымен де тәмамдалмайды. Алдағы уақытта мұндай құрылыстар аудан  орталықтарында жалғаспақ. Ал, одан әрі  ірі елді мекендерде де полигон тұрғызу  жоспарда бар. Бұл туралы облыстық әкімдікте  арнайы мәселе қозғалды. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі сараптамалық лабораторияның пайдалануға берілуі  де — өткен жылдың айтулы оқиғаларының бірі. Жалпы, мамандардың айтуынша, полигон мен лаборатория құрылысына барлығы 1,7 млн. теңге жұмсалды. Енді жергілікті экологтар ешкімге жалтақтамай, зерттеу жұмыстарын қазіргі заманғы  жабдықтармен өздері-ақ жасай алатын дәрежеге жетті. Біраз шаруа табиғатты  пайдаланушылар есебінен тындырылды. Мәселен, олардың қатысуымен өткен  жылы 49 млрд. теңгеге 304 шара жүзеге асырылған  екен. Жергілікті атқарушы биліктің табанды  талап етуі нәтижесінде отандық  және шетелдік компаниялар қоршаған ортаны қорғауға жұмсайтын қаржысын жыл санап көбейтіп келеді. Демек, бұған дейін олардың атына  айтылған орынды сыннан оң қорытынды  шығарылуда.

 Әйтсе де, әлі де  қолға алатын жобалар да жеткілікті. Мәселен, Қарабатан мекенінде  «Болашақ» зауытының салынуына  байланысты қаламен екі ортаға  ағаш отырғызып, жасыл желекпен  көмкеру мәселесі әлі айқындалған  жоқ. Осы мақсатқа жергілікті  атқарушы билік тарапынан 1,6 мың  гектар жер телімі де бөлінді.  Облыстық әкімдіктің тапсырысымен  техникалық-экономикалық негіздеме  жасақталып, бұл құжат бірлесіп  қаржыландыру үшін Аджип ҚКО  және НКОК компанияларына тапсырылды. Егер Қарабатан зауытының бер  жағына республикадағы тұңғыш  мұнай-химия кешені де тұрғызылатынын  ескерсек, онда қаламен аралықтағы  жасыл желектің маңызы одан  әрі арта түспек. Оның үстіне, өңірдің табиғи ерекшеліктеріне  орай жел ұдайы шығыс беттен  соғып, бірнеше күн бойы бағытын  да өзгертпейді. Демек, қаланың осы жағын табиғи ағашпен қорғау аса қажет.

 Жалпы, жасыратыны жоқ,  бұл проблеманың қозғалғанына  біраз жыл болды. Оның үстіне, мамандардың айтуынша, шет елдерде  қоршаған ортаға теріс әсер  ететін өндіріс ошағы салына  бастағанда-ақ оның төңірегіне  тал егіп, жасыл желекке бөлеу  мәселесі де бірге шешімін  табады екен. Ендеше, біз сәл кешігіп  те қалған тәріздіміз. Ал, шетелдіктер  өздерінде бұлжытпай қолданатын  бұл істі тек қатаң талап  ету нәтижесінде ғана қолға  алмақ болып жатқаны өкінішті. Сонда да әлі қаржыландыру  мәселесі толық шешілген жоқ.  Сонымен қатар, Атырау мұнай  өңдеу зауыты төңірегінде де  жасанды орман жасақтау мәселесі  енді ғана шешімін тауып келеді. Бұған дейін де облыстық әкімдікте айтылғанындай, соңғы кезге дейін кәсіпорынның санитарлық қорғаныш аймағы да айқындалмай, жергілікті экологтарды біраз сергелдеңге салып еді. Рас, бұл ретте біраз объективті себептер де аталды. Мәселен, сонау жылдары қала сыртында саналатын зауыт содан бергі уақытта ортада дерлік қалды. Өйткені, соңғы жылдары салынған құрылыстар қанат жайып, тұрғын үйлер кәсіпорынға жақындай түсті. Ал, субъективті себептер санатына осы зауыттың одан әрі дамитындығы, жаңа жобалар қолға алынатындығы белгілі болғанда, жасанды орман жасақтау кеш ескерілгендігін айту қажет. Әйтсе де, бұл бағыттағы жұмыстар қазір басталды. Осы жобаның аяқталар мерзімі 2010-2011 жылдар ретінде белгіленіп отыр. Тағы да облыстық әкімдіктің бастамасымен Аджип ҚКО компаниясы қала ішінде және «Болашақ» зауытына жақын тұсқа атмосфералық ауаны тұрақты бақылау үшін 20 сапа мониторингі стансасын орнатты. Енді ауа тазалығы туралы нақты мәлімет «он-лайн» жүйесінде «Атырау гидрометерология орталығы» кәсіпорнына тура түседі. Бұл жергілікті атқарушы билікке қоршаған ортаның жағдайын тұрақты бақылауға мүмкіндік туғызып отыр. Бұған қоса Қашаған кенішіндегі теңіз аралдарының төңірегіне де осындай жабдықтар орнату мәселесі шешіліп жатыр. Демек, мұндағы жасалып жатқан жұмыстар да тұрақты бақылауда болмақ. Сонымен қатар, Атырау мұнай өңдеу зауытында тағы да атмосфералық ауаның тазалығын қадағалайтын төрт қосымша станса қатарға қосылды. Осындай шара «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де қолға алынбақ. Осы орайда қазір қатты талқыға түсіп жүрген өзекті мәселелердің бірі – мұнай дайындау кешендерінің санитарлық-қорғаныш аумақтарының залалды қалдықтарды тарату қашықтығына дәл келмейтіндігі. Соның салдарынан кейбір елді мекендер шын мәнінде осы аумақтың құрамында қалғанымен, ресми тұжырымда сырт саналып келді. Енді жергілікті атқарушы биліктің пәрменді шаралары нәтижесінде бұл олқылықтың да орны толтырылмақ. Яғни қазір Ескене мен Байшонас поселкелерін көшіру мәселесі шешілу сатысында. Олардың тұрғындары экологиялық таза өңірлерге қоныс аудармақ. Оның үстіне, облыстық әкімдіктің тапсырысымен Санк-Петербургтағы Воейков атындағы геофизикалық институт қазір мұнайгаз кешендерінің санитарлық-қорғаныш аумағын айқындаудың жаңа әдістемесін жасақтауда. Өйткені, бүгінгі қолданылып жүрген тәсілдердің заман талабына сай еместігі белгілі болды. Бұдан басқа өңірдің өзекті проблемалары қатарына Жайық өзені арнасының жыл санап кеміп келе жатқандығы қосылады. Соңғы кезде көктемгі тасу кезінде де айтарлықтай су келмейтін болды. Өзеннің кейбір жері мүлдем құрғап қалу қаупі алдында. Бұл өзеннің бастауы Ресей жерінде болғандықтан, сол мемлекет мамандарының қатысуымен мемлекетаралық комиссия құру ұсынылуда. Қайткенде де, Жайықты сақтап қалу тек Қазақстанға ғана емес, Сонымен қатар Ресейге де қажет. Өзен суы сарқылса екі ел де зардап шекпекші. Ендеше, тығырықтан шығу жолы да бірлескен ізденіс нәтижесінде шешілмек. Біраз жылдан бері шешімін таппай келе жатқан күрмеулі мәселелердің бірі – Теңіз кенішінде жинақталған күкірт. «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ара-тұра таратып тұратын мәліметке қарағанда, оның сату көлемі жыл санап артып келе жатқанымен, әлі де 7 млн. тонна шамасында күкірт жинаулы тұр. Облыс әкімдігі ТШО компаниясымен бірлесіп күкірт сақтауды болдырмау мақсатында оны пайдалану мен залалсыздандырудың балама әдістерін де іздестіріп жатыр. Сайып келгенде, бұл іске бірлескен кәсіпорын басшылары да ынталы болуы тиіс еді. Аталмыш мәселе мемлекеттік деңгейге де көтерілді. Елбасының тапсырысымен Ұлттық күкірт сақтау орталығы құрылмақшы. Мұндай құрылым күкіртті ұзақ уақыт экологиялық тұрғыдан таза сақтауға ғана емес, әбден тазалап, сатуға шығаруға да мүмкіндік береді.

 Қазір күкірт сақтау  мәселесі өңір үшін ең маңызды  саналап отыр. Өйткені, таяу жылдары  Қашаған кеніші де пайдалануға  берілмекші. Ал, бұл кен орнынан  шығатын өнім құрамында да  күкірт бар. Солтүстік Каспий  жобасына қатысушылар оның көлемі  айтарлықтай көп болмайтынын  айтқанымен, бәрібір жұртшылықты  алаңдатып отыр. Ақырында, қатты  тұрмыстық қалдықтарға қатысты  мәселе біртіндеп шешіліп жатқанымен, әлі де түйткілді жайлар жоқ емес. Сондықтан, шетелдік инвесторлардың қатысуымен осы қалдықтарды өңдейтін қазіргі заман талаптарына сай келетін зауыт тұрғызылмақ. Бұл проблема да біраз жылдан бері көтеріліп келе жатқанымен, шешімі енді ғана табылғалы тұр. Сөйтіп, қалдықтарды да кәдеге жарататын күн таяу. Ал, биыл қаланың шығыс бөлігінде кәріздік-тазалау қондырғысының құрылысын бастауға 500 млн. теңге бөлінді. Демек, біраз жылдан бері жыр болған бұл проблема да оңтайлы шешілмек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Атырау облысының экологиясы