Адам экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 22:06, практическая работа

Описание

Экология гректің «ойкос» - үй, «логос» - ғылым деген сµзінен шыққан. Тура аудармасында бұл ұғым «табиғи үйді», онда тұрып жатқан организмдермен бұл «үйді» тіршілікке жарамды ететін үрдістерді зерттеп, танып білуді білдіреді. Экологияның ғылым ретінде пайда болуы 1866 жылдың 14 сентябірінде неміс биологы Э.Геккелдің «Организмдердің жалпы морфологиясы» деген еңбегімен байланысты. Ол µз еңбегінде «Экология ретінде біз организмдердің сыртқы ортамен қатынасын қарастыратын жалпы ғылымды түсінеміз» - деп кµрсеткен.

Работа состоит из  1 файл

270.doc

— 586.00 Кб (Скачать документ)

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МИНИСТРЛІГІ

     С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті 
 
 
 
 

     Т.Т. Ракишева 
 
 
 

     АДАМ  ЭКОЛОГИЯСЫ 

     Оқу құралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ¤скемен

     ШҚМУ Баспасы

     2006

УДК 502/504 (075.8)

ББК 28.08.Я 73

Р 18 

       Ракишева Т.Т. Адам экологиясы: Оқу құралы / Т.Т.Ракишева; ШҚМУ. - ¤скемен: ШҚМУ Баспасы, 2005. – 82 б. 
 

       «Адам экологиясы» оқу құралында Адам экологиясы пәні бойынша дәріс сабақтарының теориялық мазмұны және лабораториялық сабақтарында жүргізілуге арналған тәжірбиелік жұмыстар, білімді тексеруге арналған тестер енген. Оқу құралы биология, экология, валеология мамандықтарында оқитын студенттер мен дәріс беруші мұғалімдерге арналады.  
 
 
 

       ШҚМУ- нің Экология және Жаратылыстану ғылымдары факультетінің Әдістемелік   Советінде 23.01.06, хаттама №3 бекітілді 
 

       Пікір жазғандар: медицина ғылымының кандидаты Д.К.Омарова

                                   биология ғылымының  кандидаты Ж.Т.Игісінова 
     
     
     
     

           ISBN                                                                                      ШҚМУ, 2006 

       1  АДАМ ЭКОЛОГИЯСЫ – ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ БІР ТАРМАҒЫ 

       Экология  гректің «ойкос» - үй, «логос» - ғылым деген сµзінен шыққан. Тура аудармасында бұл ұғым «табиғи үйді», онда тұрып жатқан организмдермен бұл «үйді» тіршілікке жарамды ететін үрдістерді зерттеп, танып білуді білдіреді. Экологияның ғылым ретінде пайда болуы 1866 жылдың 14 сентябірінде неміс биологы Э.Геккелдің «Организмдердің жалпы морфологиясы» деген еңбегімен байланысты. Ол µз еңбегінде «Экология ретінде біз организмдердің сыртқы ортамен қатынасын қарастыратын жалпы ғылымды түсінеміз» - деп кµрсеткен. Экология, бұл атау шықпастан бұрын адамзат дамуымен бірге жүрді десе де болады. Экология – тірі организмдердің бір-бірімен және олардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым. Бұл байланыстар жер бетіндегі «тіршілік» деп аталатын µте күрделі және тығыз бірліктегі байланыстарды түзеді. Қазіргі таңда экология кешенді пән аралық ғылымға айналды. Экология география, геология, химия, физика, биология, мәдениет теориясы, экономика, медицина сияқты ғылымдармен тығыз байланыста. Экология ғылымы биоцентристі бола турса да таза биология емес. Экологияда зерттеу әдістері сипаты және ұйымдасу деңгейі жағынан алғанда әртүрлі болуы мүмкін: химиялық, физикалық, биологиялық, молекулярлық, морфологиялық, физиологиялық, демографиялық т.б. Қазіргі таңдағы экология ғылымы – бұл білім қорларының жаңа бµлімі. «‡лкен» экология немесе «мегаэкологияның» нақты айқын құрылымы жоқ.

       Басқа биологиялық организмдер сияқты адамдар да қоршаған ортамен тығыз байланыста болады, сондықтан олар табиғат заңдарына бағынып, онда өтіп жатқан заттар айналымына қатысады.

         Ертедегі Қытай, Египетте µсімдіктер мен жануарлар және олардың µзара байланысы, адамдардың табиғатқа әсері туралы мағлұматтар жиналды. Бұл таңданарлық жайт емес, себебі адамдардың қоршаған табиғи ортаға кері әсері ертеден басталды. Мәселен, Ливандағы тау шатқалдарының жалаңаштануы  5000 жыл бұрын Соломон патшаның әмірі бойынша сарайлар салуға ливандық балқарағайларды пайдаланудан басталды. Адамзат қоғамының қалыптасуының алғашқы кезеңдерінің µзінде ақ, адамдардың тұрып жатқан жағдайлары мен олардың денсаулықтары арасындағы байланысы айқындалған. Екі мың жыл бұрын ежелгі кезеңнің ұлы дәрігері Гиппократ (шамамен біздің дәуірге дейін 460-370 ж.) климат, су, жыл мезгілдерінің адам денсаулығына әсерін ғана сипаттап жазып қоймай, сонымен қатар Жерорта теңізінің Европалық, Азиалық, Африкалық  жағалауларын мекендеген халықтардың салыстырмалы антропологиялық сипатын да берген. Оның еңбектерінде сыртқы ортаның факторлары, тіршілік сипаты адамның тәндік (дене құрлысының) және жандық (темперамент) қасиеттерінің  қалыптасуына белгілі бір ықпалын тигізетіні жµніндегі көптеген  дәлелдер кездеседі.

       ХҮІІ  ғасырда  түрлі аймақтардағы табиғи және әлеуметтік жағдайлардың сол жерді мекендейтін халықтың денсаулығына әсерін зерттейтін ғылым – медициналық география пайда болды. Оның негізін итальяндық дәрігер  Б.Рамаццини (1633-1714) қалады. Медициналық география бойынша ғылыми жұмыстар Рессейде XVIII ғасырдың орта кезеңіне сәйкес келеді. Медициналық география XIX  ғасырда біршама дамыды. Осы кезеңде егжей-тегжейлі медициналық-географиялық сипаттамалар жасалды.  Бұл жұмыстарда нақты бір әсердің, табиғи жағдайлардың тұрғындар денсаулығына  жағымсыз да, жағымды да ықпалы  жан-жақты баяндалды. Яғни, ғалымдарды адамдардың экологиялық жағдайларының сәттілік мәселесі ертеден ақ кµңіл бµлдірді.

       Орыс  дәрігері, профессор А.А. Остроумовтың  1895 жылы жарыққа шыққан «Клиникалық дәрістерінде» «Біздің зерттеу затымыз - қалыпты өмірі оның тіршілік ету жағдайларымен бұзылған науқас адам болып табылады» деп жазды. Н.Ф.Реймерстің  (1992) пікірінше, адам экологиясы басқа атаумен  болса да классикалық биологиялық экологиямен (биоэкологиямен) бір мезгілде дерлік пайда болды. Көптеген жылдар бойы ол екі бағытта  қалыптасты – адам экологиясы және әлеуметтік экология.  Адам экологиясы мәні жағынан әлеуметтік экологиядан  үлкен, әрі кең. Бұл бағыт «адам биологиясы» деген атаумен  кеңінен дамыды.

       «Әлеуметтік экология» ұғымын Р.Паркпен Э.Бюргес (АҚШ) µткен ғасырдың 20-сы жылдары ғылымға енгізді. Олардың айтуынша адамдардың қоғамдағы орны тек өмір сүру үшін тартысу және күресу арақатынастарының негізінде, яғни биологиялық бақталастықта көрінеді.    Бірақ, біртіндеп мұндай көзқарастар өзгеріп, адамдарды тек биологиялық тұрғыдан қарамай, жаратылыстану, экономиялық, әлеуметтік ғылымдар жиынтығы ретінде танитын ғылыми еңбектер жарық көре бастады. Біртіндеп шетелдік әдебиеттерде «әлеуметтік экология» ұғымынан қарағанда «адам экологиясы» ұғымы жиі қолданыла бастады. Жалпы, жаңа ғылыми бағыт - адам экологиясы  20 ғасырдың екінші жартысында адамды тіршілік ортасымен біртұтастықта кешенді зерттеу мақсатында қалыптасты.

       Ю.П.Лисицын (1973), А.В.Кацура, И.В.Новак, А.Г.Воронов (1974). О.В.Бароян (1975), Н.Ф.Реймерс, т.б. авторлар өмір сүруге қолайлы жағдайлады зерттегенде адамдар экологиясы мәселенің екі жағын: биологиялық және  әлеуметтік, ескеруі қажет екенін атап көрсетті.

       Адам  экологиясы – бұл адамның мекен  ету ортасымен өзара қарым-қатынасы туралы ғылым болып табылады. Бұл қарым-қатынастардың негізінде адам организімінің ортаның әсерлеріне морфофизиологиялық реакциялары жатыр. Организімге қоршаған ортаның абиотикалық (физикалық, химиялық), биотикалық және антропогенді факторларының әсері анықталады.

       Адамдардың  жыл  сайын  күшейіп  келе жатқан  іс әрекеттерінің  қоршаған ортаға  тигізетін әсерін, пайда-зиянын, табиғат  байлықтарын  ұқыпты  пайдаланып, қалпына  келтіріп  отырған жолдары мен  әдістерін де  адамдар экологиясы зерттейді. Оның  негізгі тақырыбы – адамдар мен табиғаттың  арақатынасы, олардың іс әрекетінің  қоршаған ортаға пайдасы  мен  зияны. Адам экологиясы адамның табиғи мәнін, оның тіршілік ортасының, денсаулығының экологиялық факторларын қарастырып, әлеуметтік-экономикалық келелі мәселелерді пайдалы шешу, адамдардың өмір сүруін жақсарту, табиғат пен қоғамның ара қатынастарын ұтымды ұйымдастыру жолдары мен әдістерін зерттейді.

       Адамдар экологиясы экологияның үлкен бір  бµлігі болып есептеледі.

       Адамдардың  табиғатпен арақатынастары көп қырлы және көп сырлы болады. Оларды түсініп білу үшін терең білім мен зерттеу әдістерін жете меңгеру қажет. Адам экологиясы құрлымы жағынан биологиялық, әлеуметтік, антропогендік, қолданбалы компоненттерден тұрады.

       Қазіргі таңда адам экологиясының алдында маңызды бірнеше теориялық мәселелер тұр:

       1. Популяциялық, топтық, жекелей деңгейде адамның бейімделу механизмдерін зерттеу;

       2. Қоршаған орта әсерлеріне арнайы, арнайы емес организмнің конституциялық реакцияларын анықтау;

       3. Бейімделу реакцияларының қалыптасуына уақыт факторының мәнін зерттеу;

       4. Әр түрлі аймақта тұрақтап тұрып жатқан халықтың эволюция-генетикалық сипатын және олардың бейімделу механизмдерінің ерекшеліктерін зерттеп, анықтап олардың экологиялық портретін жасау (Адамның экологиялық портреті – жеке адамның µзі µмір сүріп жатқан ортаның белгілі бір ерекшеліктеріне арнайы бейімделуін сипаттайтын генетикалық қасиеттері мен морфофункционалдық тұқымқуалау белгілерінің жиынтығы);

       5. Адам денсаулығына космостық, жердік, әлеуметтік қоғам факторларының және олардың ырғағының әсерлерін зерттеу, анықтау.

       Адам  экологиясы бойынша кµптеген еңбектердің авторы Н.А.Агаджанян экологиялық ықпал мен адам экологиясының құрылымын келесідей суретте кµрсетеді (Сурет 1). 
 
 
 

          Экологиялық сфералар
    Литосфера Гидросфера Атмосфера Биосфера Космосфера Ноосфера

       

    Экологиялық орталар
    Абиотикалық
    Биотикалық
 
    Экологиялық факторлар
    Табиғи Техногенді Антропогенді Әлеумет-экономикалық

       

    Адамдардың экологиялық қажеттіліктері
    Биология

    Лық

     Психологиялық  Этникалық    Еңбектік Әлеуметтік Экономикалық
 
 
            АДАМ ЭКОЛОГИЯСЫ
 
      Адамның биологиялық экологиясы Адамның қолданбалы экологиясы Адамның әлеуметтік экологиясы
       
¤ндіріс экологиясы
Технологиялық экология
Ауылшаруашылық экологиясы
Ветеринарлық экология
Урбоэкология
Видеоэкология
Табиғатты қорғау
Адамның қоршаған ортасын қорғау
Медициналық экология
 
      Эволюциялық экология
      Физиологиялық экология
      Морфологиялық экология
      Генетикалық экология
      молекулярлық экология
      репродукция және онтогенез экологиясы
       
Саясат  экологиясы
Экономика экологиясы
Ғылыми  экология
Мәдениет  экологиясы
Дін  экологиясы
Демография  экологиясы
Этникалық экология
Тұлға  экологиясы

Жанұя  экологиясы
 
 
 

       

    Жеке тұлға экологиясы Репродук

    тивті топтар (жанұя) экологиясы

    Кіші топтар экология

    сы

    Адамзат популяция

    сының экологиясы

    Нәсілдер экология

    сы

    Бірлес

    тік экология

    сы

    Адамзат экологиясы

Информация о работе Адам экологиясы