Адам экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 22:06, практическая работа

Описание

Экология гректің «ойкос» - үй, «логос» - ғылым деген сµзінен шыққан. Тура аудармасында бұл ұғым «табиғи үйді», онда тұрып жатқан организмдермен бұл «үйді» тіршілікке жарамды ететін үрдістерді зерттеп, танып білуді білдіреді. Экологияның ғылым ретінде пайда болуы 1866 жылдың 14 сентябірінде неміс биологы Э.Геккелдің «Организмдердің жалпы морфологиясы» деген еңбегімен байланысты. Ол µз еңбегінде «Экология ретінде біз организмдердің сыртқы ортамен қатынасын қарастыратын жалпы ғылымды түсінеміз» - деп кµрсеткен.

Работа состоит из  1 файл

270.doc

— 586.00 Кб (Скачать документ)

       Қышқыл  жаңбырлардың зардабын тартқан кейбір мемлекеттер бұл мәселенің шешуін іздестіріп, белгілі бір шаралар қолдануда. Мәселен, қышқыл жаңбырлардың зардабын катты тартқан Швеция көміp мен мұнай жағуды шектеді. Бұл елде құрамында күкіpті жоқ жанармайлар ғана пайдаланылады. Кенді балқытқанда және отынның қазба түрлерін жандырғанда бөлінетін зиянды заттар түгелдей дерлік сүзіледі. Швеция үкіметі күкіpт шығарындыларын шектеу туралы келісімге қол қойды. Сонысымен басқа елдерге үлгі-өнеге керсетті.

         Жылулық эффект. Атмосфераның құрамы мен жағдайы космос пен жер арасындағы сәулелі жылу алмасуына әсерін тигізеді. Жылу алмасуының нәтижесінде биосфераның температурасы белгілі бір деңгейде болады. Орташа шамамен +150С. Биосфераның температуралық жағдайын ұстап тұруда күн радиациясының маңызы өте зор. Биосфераның температура деңгейі 99,8%  күн радиациясына, 0,18% табиғи көздер жылуына, 0,02% антропогендік көздер жылуына тәуелді. Жердің жылулық тепе-теңдігінің бұзылуы ақырғы он жылдықта антропогендік факторлардың әсері нәтижесінде туындап отыр. Көптеген газдар күн радиациясын кедергісіз өткізеді. Бірақ көмір қышқыл газы, метан, озон, су буы атмосфераның төменгі қабатында жинақталып, 0,38...0,77 мкм болатын күн сәулелерін жерге қарай кедергісіз өткізіп, ал жерден шағылысып космосқа шығатын 0,77-340 мкм ұзындықтағы инфрақызыл сәулелерді өткізбейді. Соған байланысты бұл газдардың концентрациясы және қоспалары атмосферада жоғары болған сайын жерден космосқа соншалықты аз жылу бөлінеді. Сәйкесінше ол жылу мөлшері биосферада қалып климаттың жылулануына әкеледі. Бұл үрдісте негізгі рольді СО2 атқарады. Яғни биосфера газдарының «жылулық эффектілігін» туындатуына қатысуының пайыздық көрсеткіші мынадай: СО2-50%, СН4-20%, фреон -15%, N2О-10%, О-5%. Атмосферадағы көмірқышқыл газы концентрациясының пайыздық  көрсеткіші 1900 жылы- 0,029% , 1990 жылы- 0,036% , 2000 жылы- 0,038% болса 2030 жылы- 0,045-0,06% , 2050 жылы - 0,07-0,075% болады деп болжануда. Егер  бұл  болжам  дұрыс  болса Қазақстан мен  Орта  Азия  елдерінде    қаңтар  айының  орташа  температурасы 6-15оС- қа  жоғарылап,  қыста  түсетін   қар  мен  жауын  20-30  пайызға  кемиді.  Біздің  онсыз  да  қуаң  климатымыз   күрт  өзгеріп,  ауа  райы  тіпті  қолайсыз  болуы  мүмкін.

       2005 жылға дейін жер шарының орташа температурасы 1,5-4,5 кµтерілуі мүмкін. Мұндай температураның көтерілуі поляр мұздықтарының біртіндеп еруіне әкеледі. Ал бұл дүниежүзілік мұхит деңгейінің 0,5-1,5 метрге көтерілуіне себепкер болады. 2100 жылы 5 млн км2 құрғақ аймақтар судың астында қалады деп болжам айтылуда. Бұл барлық құрлықтың 3%, құнарлы жердің - 30 % құрайды. 1982-1988 жылдар аралығында жер серігі арқылы жүргізілген зерттеулер дүниежүзілік мұхиттың әр жыл сайын 0,1оС   жылынатынын анықтаған.

       Озон  қабатының бұзылуы. Атмосфераның техногенді ластануы озон қабатына да кері әсерін тигізеді. Озон қабатының бұзылуы жерге 0,29 мкм болатын және одан төменгі қысқа толқынды ультракүлгін сәулелердің түсуіне әкеп соғады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелер биосфераға өте қауіпті: өсімдіктер өледі (ең бірінші дәнді дақылдылар), онкологиялық және көз ауруларының деңгейі жоғарылайды. Озон қабатын бұзатын негізгі заттарға хлор мен азот қосындылары жатады. Хлордың бір молекуласы 105 озон молекуласын, ал азот оксидінің 1 молекуласы озонның 10 молекуласын бұзады. Бұл заттардың қосындыларының атмосфераға түсетін негізгі көздері: ұшақтар (әскери ұшақтар). Олардың шығару газдарының 0,1% азот оксидтері (NO, NO2) құрайды; ракеталар; жанартаулық газдар; фреон қолданатын өнеркәсіптер; атом жарылыстары. Бір «Шаттл» ракетасының космосқа ұшырылуы озоның 0,3 % (100000000т озон) бұзылуымен ұштасады. Бұл жағдайда түзілетін озон қабатындағы тесік ұзақ мерзім бітпейді. 1973 жылы озон қабатының техноген факторларының әсерінен 1%  бұзылса, 2050 жылы озон қабатының 10%  бұзылады деген болжам айтылуда. 

       4.2   ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР, ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ. ШЕКТЕУШІ  ФАКТОРЛАР 

         Экологиялық факторлар - тірі организмге олардың жеке дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын ортаның кез-келген әрі қарай бµлшектенбейтін бµлшегі. Экологиялық факторларды үш топқа бµледі: абиотикалық - µлі табиғат факторлары; биотикалық – особь пен популяция және табиғи бірліктер популяциясы арасындағы µзара қатынас; антропогенді – адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерінің жиынтығы. Экологиялық факторлардың әрқайсысының µзінше маңызы бар. Мысалға, жылудың кемшілігін мол жарықпен, ал организмге қажетті минералдық элементтерді сумен алмастыруға болмайды. Организмнің тіршілік етуіне неғұрлым қолайлы қарқынды факторды - тиімді (оптималды) деп атайды. Организмнің тіршілік етуіне мүмкіндік жоқ шекараны – шыдау шегінің тµменгі және жоғарғы деңгейі деп атайды. Егер де қайсыбір фактордың мәні шыдау шегінен шығып кетсе онда ол – шектеуші фактор деп аталады. Қоршаған   ортаның   қолайлы  немесе    қолайсыз  жағдайларын   тексергенде   алдымен  организмдердің   өмір  сүруіне   аса   қажетті    факторларға    көңіл   аударған  жөн.   Адамдардың   ортаға  жасайтын   әсерін,   пайда - зиянын    анықтағанда  ең  басты    шектеуші   факторларды  іріктеп  алып,   жеке  организмге,  бір түрлі  организмдер  тобына,   бірге  өмір  сүретін   әр түрлі   организмдер  тобына  жасайтын   ықпалын   білу маңызды.

       Шектеуші   факторлар   физикалық,  химиялық   және  биологиялық  сипатта  болады.  Мысалы,  бірге  өмір  сүретін   организмдер  тобының   арақатынасы   биологиялық  сипатта  болса,  организмдердің  жылы  мен  суыққа,  құрғақшылық  пен  жауынға  әсерлестігі  физикалық  сипатта,  қоршаған  ортада   көмір  қышқыл  газының    көбеюі -  химиялық  сипатта  болады.

         Табиғаттың   көптеген    шектеуші  факторларының   ішінен  климатқа  жататындарын   бөліп  алып   қараған  дұрыс,  себебі   олардың  адам  өміріне,  шаруашылық  жүргізуге  жасайтын   әсері  өте  үлкен. Мысалы, адамдардың солтүстіктің кейбір жерлеріне қоныс тебуіне жылудың жетіспеушілігі шектеуші фактор болса, керісінше кейбір оңтүстік аймақтарда су тапшылығы мен температураның µте жоғарлығы шектеуші фактор болып табылады. Себебі, адам организмдерінің бейімделу мүмкіндіктері де шектеулі. Бірақ, қазіргі ғылыми-техникалық прогресстің нәтижесінде бұл шектеуші факторлары бар аймақта да тірішілікке қажетті жағдайларды адам қолымен жасап қою мүмкіндігі бар. Табиғаттың   шектеуші   факторлары     адамдардың   қолайлы  өмір  сүруі  үшін   керекті  жағдайларды  жасауына әкеледі.

       Климаттың   шектеуші  фактор  болатыны  ондағы  өзгерістер  мен  құбылыстар  адамдардың  еркімен  жүрмейді,  тек  табиғат  заңдарына   ғана  бағынады.  Сондықтан,  қандай  да  болмасын  өндрісті  ұйымдастырғанда,   өмір  сүруге  қолайлы  жағдай  жасағанда   сол  жердің  климат  ерекшеліктерін   ескеріп,  олардың  пайдалы  жағын  пайдаланып,  зиянды  жағын  азайту  бағытында    қызмет  істеу  қажет. Организмнің сол жердің климаттық шектеуші факторларына бейімделуін ескеру керек. Климаттың   шектеуші  факторларына    ауаның  температурасы,   күн   сәулесі,  жылу,  ағын су,   жел және  атмосфералық  қысым жатады. Климаттағы  өзгерістер   мен   құбылыстар     табиғи  жолмен  және  антропогенді факторлар      нәтижесінде де болып жатады.

         Табиғи  жолмен  болатын  өзгерістер  милиондаған   жылдар  бойы  жүріп  келеді.  Жер   шарының   әр  түпкірінен   табылған   ауа  райы  туралы  деректерді    салыстырғанда  бірнеше  миллион  жыл  бұрын  климаттың  басқаша   болғаны,  содан  бері  айтарлықтай  өзгергені   мәлім  болды.

       Адамдардың  іс-әрекетіне   байланысты  болатын   өзгерістер  ормандарды  кесіп, жерді игеріп, қала  мен  су  қоймаларын   сала  бастаған  кезден   жүріп  келеді.

       Шаруашылық   жұмыстарымен  айналысқанда   биосфераның  өсу  заңдарын   ескеріп   отыру,  болашақта  болатын  пайда-зиянды   анықтап  алған дұрыс.   Мысалы  су  электр  станциялары   құрлысын  бастамас  бұрын өзеннің ағысы мен жауын шашын   мөлшері бұрынғы қалыпта сақталама,  болмаса азайып  кетеме,  су  астында   қалатын  құнарлы  топырақпен  кесілген  орманның  орнын  су  электр  станциясы   беретін  пайда  толтырама,  әлде  зиян  әкелеме,  сол  сияқты   мәселенің  тағы  басқа  жақтарын  есептеп  білуі  керек. 
 

       5  АДАМНЫҢ  БЕЙІМДЕЛУІНІҢ  ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ 

       Біздің  планетамыздың тарихында адамның қоршаған ортамен әрекетінің нәтижесінде көптеген Жер планетасының  кейпін өзгерткен үрдістер болып жатыр. Адам бір жағынан тарих нәтижесі, ал екінші жағынан оның жасаушысы, тудырушысы. Жүз ғасыр бойы қалыптасқан адам организмнің физиологиялық қасиеттеріне ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны және тіршілік жағдайы

 т.  б. көп жағдайда  сәйкес келмейді. Бұл тұрғыда Ф.Энгельстің «табиғатты жеңген жеңісіміз үшін масаттанбауымыз қажет, себебі әр осындай жеңіс үшін табиғат кек алады»,- деген пікірі еске түседі. Жаңа табиғи және өндіріс жағдайында адамның бейімділігін қысқаша белгілі бір экологиялық ортада организмнің тұрақты тіршілігі үшін қажет әлумет-биологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерінің жиынтығы ретінде сипаттауға болады. Жеке тұлғаның немесе популяцияның бейімделу мүмкіндіктері тіршілік әрекеттің нақты жағдайларында айқындалады. Тірі жүйенің бейімделу қасиеті жеке бас денсаулығының бірлігі болып табылады. Адамның бейімделу қасиеттері мен қорлары белгілі бір ретпен көрініс береді және олар уақытпен шектеледі. Белгілі бір табиғи немесе жасанды тіршілік ортасында организмнің бейімделу мүмкіндіктерінің қорын терең зерттеуге болады.

       Серотинина  Н.Н., Агаджанян Н.А. еңбектерінде ішкі организмнің тұрақтылығының бұзылуына қауіп төнген кезде тұтас организмнің реакцияларын сипаттайтын эксперементтік мәлімдемелер кездеседі. Г.Селье «Адаптациондық синдром» туралы ілімінде бейімделуді үш кезеңге ажыратады. З.И.Барбашова бойынша бейімделудің кезеңдері келесідей сипаталады: 1 кезең – авариалық кезең сыртқы әсерлерге жауап ретінде организм µзінің қорғаныш күштерін жинақтауы; 2 кезең – тұрақты өтпелі бейімділік кезең. Қоршаған орта жағдайларына организмнің негізгі қызметтік жүйелерінің бейімделе бастауы.

       3 кезең – тұрақты бейімделу  немесе резистенттілік кезең. Экстремальды фактордың ұзақ уақыт әсерінен организм, сол фактордың әсерінен туындаған қызметтік бұзылу - ығысуларды толығымен қайта қалпына келтіре алмаудан әлсіреп, титықтайды.

       Белгiлi бір қоршаған ортаның шектеуші әсерiне организм жаттығады, сол әсерге толығымен бейiмделуге тырысады. Егер шектеуші фактор кµрсеткіші тіршілік үрдісіне сай келмесе организм өзiнiң тiршiлiгiн жоғалтады. Мысалы: адамның 4000 метр биiктiктегi тау аймақтарында құнды өмiр сүрiп, жұмыс iстеуi мүмкiн емес.

       Биология  ғылымында бейiмделу (адаптация) үрдісі – организмнің құрылысы мен қызметтерінің тіршілік ету жағдайларына бейімделуін білдіреді. Бейiмделу үрдісі  нәтижесінде, белгілі бір тіршілік ортасына тірі организмді µмір сүруге ыңғайлайтын тиімді белгілер мен қасиеттер қалыптасады. Бейiмделу тірі организмдер эволюциясымен тығыз байланысты және белгілі бір климатта организмнің µмір сүруін түсіндіреді. Тұрақты бейімделген организм ретінде µзгерген тіршілік жағдайына жеңіл бейімделіп, сол ортаның тіршілігіне бейімделген ұрпақ беретін организмдерді қарастырады.   Физиологиялық тұрғыдан бейiмделу (адаптация) ретiнде жасушалар, ағзалар, жүйелер мен организм деңгейiнде жүретiн белгiлi бiр физиологиялық реакциялармен қамтамассыз етiлген туа және жүре бiткен барлық бейiмделу әрекеттерiнiң түрлерiн қарастырады. Көптеген әдебиеттерде бейiмделу деп жеке тұлғаның тiршiлiкке бейiмделу үрдiстерi мен құбылыстарын және тұтас популяцияның тiршiлiк әрекеттерi барысында пайда болған өзгерiстердi де атайды.  
 
 
 

       5.1 БЕЙІМДЕЛУ  ФАКТОРЛАРЫ 

       Бейiмделу  мәселесiне жаңа көзқарастармен келген Ганс Селье, әсерлерi бейiмделуге әкелетiн факторларды стресс факторлар немесе экстремальды факторлар деп атаған. Бейімдеу факторлардың жіктелуі 3 кестеде берілген. Адам екi түрлi факторға бейiмделедi.

       Ол:  табиғи, әлеуметтiк факторлар.

       Эволюциялық даму барысында тірі организмдер табиғи тітіркендіргіштердің алуан түріне бейімделді. Бейімделу механизмдерін туындататын табиғи факторлар біреу емес бірнешеу, кешенді сипатта болады. Мысалы, барлық тірі организмдер эволюция барысында ең бірінші Жердің тіршілік жағдайларына бейімделді: жердегі қысымға, температура деңгейіне, атмосфераның газдық құрамына т.б. Жануарлар жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделді. Оған олар алдын ала бейімделе бастайды. Бұл алдын-ала бейімделу эволюцияның жетістіктерінің ең бір маңыздысы болып табылады.  Табиғи факторлар жануарлар мен бірге адам организіміне де әсерін тигізеді. Адам организімінде де бейімделу жүрді. Адамдар  қоршаған  ортаға,  оның  ерекшеліктеріне  бейімделіп   немесе  үйреніп  қана  қоймай,  оны  өзгертуге,  өздеріне  қолайлы жасауға ұмтылады. Яғни, кµптеген қорғаныш заттарын: киім, үй, т.б. қолдану арқылы адам µзінің тіршілік ортасына бейімделуіне µзі кµмектеседі. Бұл организмнің белгілі бір жүйелеріне бейімделу барысында әсер күшін әлсіретеді, бірақ бұның кері әсері - табиғи факторларға организмнің бейімделу мүмкіндігін тµмендетуі.

Информация о работе Адам экологиясы