Шетел психологиясының қазіргі жағдайы және дамуының негізгі тенденциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:26, реферат

Описание

50-шы жылдардың аяғы – 60-шы жылдардың басында необихевиоризм, неофрейдизм, гештальтпсихология өз танымалдығын жоғалта бастады. Олардағы қиындықтар мен ішкі қарама-қайшылықтар принциптерді қайта қарауды талап етті. Жаңа тиімді бағыттардың пайда болуы маңызды рөл атқара бастады. Танымдық әрекетті зерттеу саласында – когнитивтік психология, гуманистикалық психология, ал адам санасын зерттеу саласында – нейрофизиология, нейроморфология және нейропсихология пйда болды. Адам психогенетикасы кең тарады.

Содержание

1) Жаңа тиімді бағыттардың пайда болуы. Когнитивтік психология.
2) Гуманистік психологияның негізін қалаушы – К.Роджерс.
3) Абрахм Маслоу – гуманистік психологияның көрнекті өкілдерінің бірі.
4) Гуманистік психологияның негізгі қағидалары.

Работа состоит из  1 файл

психология 2.docx

— 46.21 Кб (Скачать документ)

                                          Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Универсиеті

Физика-математика факультеті

                                                                   

 

 

     

Тақырыбы: Шетел психологиясының қазіргі жағдайы және дамуының негізгі тенденциялары

 

 

                                                                                                       Орындаған:

                                                                                                        Тексерген:

 

 

                                                                     

 

 

 

 

                                                                    Алматы 2013

50-шы жылдардың аяғы  – 60-шы жылдардың басында необихевиоризм, неофрейдизм, гештальтпсихология  өз танымалдығын жоғалта бастады.  Олардағы қиындықтар мен ішкі  қарама-қайшылықтар принциптерді  қайта қарауды талап етті. Жаңа  тиімді бағыттардың пайда болуы  маңызды рөл атқара бастады.  Танымдық әрекетті зерттеу саласында  – когнитивтік психология, гуманистикалық  психология, ал адам санасын зерттеу  саласында – нейрофизиология,  нейроморфология және нейропсихология  пйда болды. Адам психогенетикасы  кең тарады.

Когнитивтік психология бағыты 60-шы жылдардың аяғында АҚШ-та бихевиористердің әрекет-қылық талдауында психологиялық элементтерді елемеуі мен танымдық процестерді ескермеуіне қарсылық білдіруімен ғылым сахнасына келген еді. Когнитивтік психолгия небихевиористер зерттеулерінің нәтижесінде пайда болды. Оның өкілдері - Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найссер, П.Лиднсей, Г.Саймон. Қазіргі кездегі бұл бағыт бірқатар нұсқалар түрінде беріледі. Танымдық процестер механистік түрде сипатталатын, психика сигналдары өзгертуші қабілеттілігі бар аппарат ретінде болады.

Когнитивтік психологияның негізгі зерттеу саласын танымдық процестер - ес, тіл мен сөздің психологиялық аспектілері, қабылдау, ойлау, зейін, қиял және когнитивтік даму құрайды. Алайда, когнитивтік психологияда танымдық процестерді түсіндіретін тұтас бір теория қалыптаспаған.

Бихевиоризм мен психоанализге тікелей қарсылығымен танылған бағыттардың бірі гуманистік психология болып саналады. Гуманистік психологияның негізін салушылар бихевиоризм мен психоанализдің адамды сипаттауындағы қисынсыздығын түзетіп, шындыққа жақындау, өміршең психологияны таңдауды мақсат етті. Дені сау, шығармашыл тұлғаны - зерттеудің обьектісі болып белгіленді. Мұндай міндетті осыған дейін ешбір ғылыми теория алдына қоймаған еді.

Гуманистік психологияның негізін қалаушы, американдық психолог - К.Роджерс ұзақ мерзімді клиникалық зерттеу жұмыстары нәтижесінде өзінің феноменологиялық теориясын және осы теорияға сүйенген "клиентке бағытталатын терапиясын" қалыптастырды.

К.Роджерс бойынша, адам - табиғаты бойынша конструктивтік, реалистік және белгілі бір мақсаттар мен өзіндік жетілдіруге ұмтылған белсенді тіршілік иесі. К.Роджерс, сондай-ақ, реструктивті-аномалды импульсивті мінез-құлық реакцияларын мойындайды, бірақ мұндай реакциялар тұлғаның шын мәніндегі ішкі табиғатына сәйкес болмаған жағдайларда көрінеді деп есептеген. Тұлғаның жүріс-тұрысы, оның субъективті қабылдауы мен танымы терминологияларын да түсіне аламыз. Тұлғаның мұндай ішкі жүйесі сыртқы жүріс-тұрысын анықтауда негізгі рөл атқарады. К.Роджерс бойынша, әp адам әр құбылысты субъективті қабылдайды және әр құбылысқа субъективті реакция көрсетеді, яғни осы субъективті тәжірибе Роджерстің феноменологиялық теориясының негізгі тезисі болып табылады.

Гуманистік  психологияның тағы бір көрнекті өкілдерінің бірі – Абрахам Маслоу болды. А. Маслоу 1908 жылы 1 сәуірде Нью-Йоркте дүниеге келген. Оның ата-анасы сауатсыз, анасы діндар адам болған. А.Маслоуға ол: "әрбір істеген ісің үшін құдай алдында жауап бересің", - деп ылғи ұрсып отыратын. Осының нәтижесінде А.Маслоу дінді жек көріп, құдайға сенбей, оған күмән келтіретін болған.

Ол Висконсин университетінде психология бойынша академиялық курсты бітірген. 1930 жылы бакалавр дәрежесін алып, 1934 жылы ғылым докторы атанады. Оқып жүрген кезінде ол Висконсинде белгілі психолог Гарри Харлоумен бірге жұмыс істейді.

А.Маслоу адам іс-әрекетінің, адам мінез-құлықтарының, қылықтарының негізгі көзі ретінде – адамның  өзін-өзі танытуға ұмтылуын, өзін-өзі  көрсетуге ұмтылуын қарастырады. Ол өзінің меншікті биографиялық әдісін пайдаланды. Ұлы адамдардың өмір тарихын, биографияларын зерттей отырып, мынадай тұжырымға келеді: өзін-өзі таныту қажеттілігі – дені сау адамдарда ғана пайда болады.

Басқаша айтқанда, адам өзінің бойндағыны, өзінің мүмкіншілігін жүзеге асыруы керек. Егер оның бойында актерлік қабілеттер болса, ол актер болуға, егер ойшылдық қабілеті болса, ғалым  болуға ұмтылады және де ол оларды жүзеге асыруы қажет. Егер ол бұны істемесе, егер бұған өмірдің жағдайлары кедергі  жасаса, онда келіспеушілік басталады.

А.Маслоу ғылымға критикалық көзқараста болады. Оның пікірінше, классикалық механикалық ғылым (оның өкілдері бихевиоризм болып табылады) тұлғаны тұтастай оқып-білу мақсатына сәйкес келмейді. Гуманистік ғылымды механикалық альтернатива емес, соған қосымша ретінде қарастырады. Осында гуманистік ғылым жекелік, сана, этика, т.б. тұтастық сұрақтарымен жұмыс істейді.

Гуманистік ғылымның негізгі ортақ түсінігі өзін-өзі таныту болып табылады. Ол Фрейд психикасының ауру бөлімін cay бөліммен толықтыру керектігіне тоқталған. Сондықтан А. Маслоу өзінің зерттеу жұмысын жаны сау, шығармашылық қабілеттері те жоғары дамыған, әйгілі ұлы адамдарды зерттеуден бастаған, Бұл тізімде Авраам Линкольн, Томас Джеферсон, Альберт Эйнштейн, Франклин Рузвельт, Альберт Швейцер және т.б. болған. А.Маслоудың докторлық диссертациясы колоннадағы маймылдардың доминантын және сексуалды жүріс-тұрысын зерттеуге арналған.

А.Маслоу өзін-өзі таныту теориясында психоанализге және бихевиоризмге қарағанда тұлға табиғатының мүлде қарама-қайшы анықтамасын ұсынады: адам табиғатынан жақсы және өзін жетілдіруге қабілетті, адамдар - саналы әрі ойлы жаратылғандар, адамның мәнділігінің өзі оны тұлғалық өсуге, шығармашылық пен өзіндік жеткіліктілік бағытында тұрақты қозғалысқа итермелейді.

А.Маслоу бойынша психоанализ  психологиялық бұзылуларды, невроздарды зерттеу барысында қалыптасқан. Неғұрлым әмбебап психология ғылымдарының негізі ретінде психологиялық cay, өзін-өзі танытушы адамдарды зерттеу керек.

Оның пікірі бойынша, өзін-өзі таныту туа біткен құбылыс, ол адам табиғатына енеді. Адамгершілік, жақсылық жасау, жақсылық тілеу адамның өзегін құрайды. Адам осы гуманистикалық қажеттіліктерін жүзеге асыра білуі керек. А. Маслоу теориясындағы бұл тұжырым дұрыс деп саналды.

А.Маслоу адам қажеттіліктерін бірнеше түрге бөлді: а) физиологиялық

қажеттіліктер; ә) қауіпсіздікті  қажет ету; б) қорғанысты қажет ету; в) ақиқатты,

адамгершілікті, әділеттілікті қажет ету. Өзін-өзі таныту туа бітсе, қажеттіліктердің бастапқы үш тобы қанағаттандырылса ғана өзін кеңірек көрсете алады. Міне осы, А.Маслоу ілімінің негізгі ақауы – қажеттіліктердің бастапқы үш тобы қанағаттандырылмаған адамдардың әділеттілікті, сый- құрметті және т.б. қажет етуінің қалай қалыптасатыны түсініксіз. А. Маслоу антропологиялық ұстанымда қалып, қажеттіліктің әлеуметтік жағын аша алмады. 

Гуманистік психологияның  мынадай негізгі қағидаларын  бөліп көрсетуге болады:

  • адам өзінің біртұтастылығымен зерттелінуі қажет;
  • әрбір адам қайталанбас тұлға;
  • адам дүниеге ашық болып келеді, адамның дүниені және өзін-өзі дүниеде сезінуі басты психологиялық ақиқат болып табылады;
  • адам өмірі тұлға болмысы қалыптасуының бірыңғай процесі ретінде қарастырылуы қажет;
  • адамның бойында оның табиғатының бөлшегі болып табылатын үздіксіз дамып жетілуге және өзін-өзі танытуға деген күш-қуаты болады;
  • өзінің шешімдері мен әрекеттерінде басшылыққа алатын мағыналар мен құндылықтардың негізінде адамның сыртқы түрткі күштерден белгілі бір тәуелсіздік дәрежесі болады;
  • адам — ол интенциялы, белсенді, жігерлі, творчестволық жан.

Гуманистік психология өкілдерінің тұжырымдарының көбі орынды болғанымен, соңғы тұжырымдарында олар тұлғаның әлеуметтік ортадан тәуелсіздігі жөнінде бұрыс пікірде болған. Бұл адам психикасының мәдени-тарихи шарттылығы идеясына қайшы келді. Гуманистік психология психология ғылымының саласы, адамды жоғары рухты, алдына өзін жетілдіру мақсатын қойып, соған жетуге ұмтылыс жасайтын тірі жан ретінде қарастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары:

1) Жаңа тиімді бағыттардың пайда болуы. Когнитивтік психология.

2) Гуманистік психологияның  негізін қалаушы – К.Роджерс.

3) Абрахм Маслоу – гуманистік психологияның көрнекті өкілдерінің бірі.

4) Гуманистік психологияның  негізгі қағидалары.

 

 

 

 

 


Информация о работе Шетел психологиясының қазіргі жағдайы және дамуының негізгі тенденциялары