Эмоция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 14:53, курсовая работа

Описание

Бұл курстық жұмыста кіші мектеп жасындағы оқушылардың эмоционалдық дамуы, мектепеке, сабаққа деген эмоционалдық көзқарастары қарастырылған.
Эмоция деп айналадағы заттар мен құбылыстарға жағымды жағымсыз қатынастын сәулеленуін айтамыз. Эмоциялар шындықтын жүйкеде сәулеленуін айрықша бір түрі .

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3


1.1 Жеке адам дамуындағы эмоцияның алатын орны …….. ……7

1.2 Эмоция теориялары...........................................………...........13

1.3.Кіші мектеп оқушыларының эмоциясының даму ерекшеліктері...................................................................................17

1.4 Кіші мектеп оқушыларының өзін-өзі бағалауының оқу табыстылығына әсері……........…………………………………27
Оқытушының бағалауы мен кіші мектеп оқушыларының өзін-өзі бағалауындағы өзара байланыс...........................39

Қорытынды....................................................................................................…69

Қолданылған әдебиеттер тізімі .......................................................………71

Работа состоит из  1 файл

эмоц.doc

— 807.00 Кб (Скачать документ)

       Жанұясынан айырылуына байланысты, ата-ана жайлы фантазиялар көбiнде  жеткiншектерге дейiнгi кезең балаларға  тән екенiн проективтi деректер көрсеттi. Ал, одан үлкен балаларға эмоционалды «саңырауқұлақ» тән.

     Сонымен жабық түрдегi мекемелердегi тәрбиеленушiлердiң  эмоционалды дамуына тап болу жағдайлары:

         1) Бала ата-анасы экономикалық  жағдайының нашар болғандықтан  қамқоршылық жағдай жасай алмауы.

         2) Шешесi депривациясы жағдайлардың  көбiнде баланы жалғыз ана тәрбиелеу  мүмкiн, ал шешесiнiң баланы  қамқоршылыққа алмауы себептерi әр-түрлi:

             - шешесiнiң iшiмдiкке салынғаны;

             - психикалық салмаққа шыдай алмауы;

             - немесе уақыттың тығыздығына байланысты.

         3) Әкесi немесе шешесiнiң қайтыс  болғанын өз көзiмен көрген  балалардың эмоционалды сферасы  белгiлi бiр ваккумда орналасқандай  болады.

         4) Шешесi жаңадан басқа бiр ер  адамға тұрмысқа шыққан кездерде  баланың (ұл болғандағы) оны әке ретiнде қабылдамауы, мойындамауы, қарым-қатынасы қарама-қайшылықта болуы баланың эмоционалды сферасына негативтi әсер етедi.

       Ал егер қыз бала болса, өгей  әкесiне сенiмсiздiкпен, күдiктенушiлiк  көзқараста болады. Мұндай жағдайда  баланың шешесiне деген қарым-қатынасы тығырыққа тiреледi.

         5) Ата-ана жауапкершiлiк жоқтығының  себептердiң жатады. Мұндай баланың  эмоционалды сферасы агрессивтi, тынымсыз болуына қамтамассыз  етедi.

         6) Ең соңғы себеп – бұл әлеуметтiк  жағдайлардың әсерi:

                        - Соғыстың болуы;

                        - Табиғат апаттарының әсерi;

                        - Баланың жоғалуы, тағы басқа.

         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ: 

  1. Алексютина  Н.  Исскуственный мир: Детские  дома, как замкнутая системы не нужны// Н. Алексютина. Учительская газета. -2003. -№9 (4 марта). –С. 6-7
  2. Аубакарива А.А. Воспитание детей сирот в условиях детского дома по типу семья// А.А. Аубакарива. Меденжмент в образовании. -2000. -№1. –С. 23-26
  3. А.А. Аркин Родителям о воспитании// Аркин А.А.. -М: Владос, 1957. –С. 12
  4. А.М. Прихожан., Н.Н. Толстых. Дети без семьи/  Прихожан А.М., Толстых Н.Н. –М,1990. –С.58-62
  5. Буктугутова З. Тревожность (Рассказывает психолог кризисного центра)// НВС. – 2000. -4 февр. –С.5
  6. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь-справочник психодиагностика / Л.Ф. Бурлачук, Л.Ф., Морозов С.М. –C-Пб.: Питер.Ком, 1999. –С.528
  7. Бэрон Р., Ричардсон Д. / Агрессия. –С-Пб.: Питер, 1998. –С.336
  8. Вареничева Т. Лишние дети// Т. Вареничева. Социальная защита. -1999. -№5. –С.2-5
  9. Васильев Е.А., Поплужный В.Л., Тихомиров О.К. Эмоции и мышление / Е.А. Васильев, В.Л. Поплужный, О.К. Тихомиров. -М: Владос, 1980. –С.58
  10. Вилюнас, Витас Казиса. Психология эмоциональных явлений / Вилюнас, Витас Казиса. -МГУ , 1976. –С.88-93
  11. В.И. Слуцкий., В.Н. Ослон., А.Б. Холмогоров// Вопросы психологии, 2001. -№3  –С.83-85
  12. В.К Вилюнас, Ю.Б. Гиппенрейтер. Психология эмоций / под. ред. Вилюнас В.К, Гиппенрейтер Ю.Б.. –М,1988.  –С.112-115
  13. Горбатков А.А. Прикладная психология (в печати)/ А.А. Горбатков. О связях между позитивными и негативными эмоциями. –Л, 1981. –С.56-58
  14. Горбатков А. А. // Горбатков А.А. Психологический журнал. –Т.22. -№1, 2001. –С.61-71
  15. Горбатков А.А. Структура психологической диспозиции и ее позитивно-негативное ассимметрия: Автореферат. Дис. канд. псих. наук./ А.А. Горбатков. –Л, 1981.
  16. Гордеева О.В. Развитие у детей представления об амбивалентности эмоций// Вопросы психологии, 1994. -№6. –С.26-36
  17. Ғ. Сәрсенбайқызы// Сәрсенбайқызы Ғ. Мақала. «Дидар», 2002. -№38. –Б.3
  18. Давыденко Т. В трех кругах сиротства.// Т. Давыденко. Социальная защита. -1999. -№2.  –С.2-5
  19. Дубровина, Данилова, Прихожан. Психология / книга для студ. ВУЗов. –М, 1998. –С.211
  20. Е.Е. Чернухина// Чернухина Е.Е. Начальная школа (Эмоциональные состояния младших школьников как объект педагогической коррекции), 2003. -№8. –С.108-110
  21. Жуковский И. Тест «Несуществующее животное» // Школьный психолог. -2000. -№26. –С.5-16
  22. Изард К. Психология эмоций / Перевод с англ. –С-Пб.: Изд. «Питер», 1999. –С.464
  23. Изучение самопринятия у детей воспитывавшихся в ЗДУ и в семье  //Вопросы психологии, 2000. -№3. –С.45-49
  24. Колосова С. Агрессия и агрессивность. // Школьный психолог. -2000. -№25,26,27,28. –С.4
  25. Кордуэлл М. Психология А – Я: Словарь-справочник / Пер. с англ. К.С. Ткаченко. –М.: Фаир-Пресс, 1999. –С.448
  26. Кряжева Н.Л. Развитие эмоционального мира детей. / Популярное пособие для родителей и педагогов. –Ярославль: «Академия развития», 1997. –С.205
  27. Кулагина И.Ю. Возрастная психология: Развитие ребенка от рождения до 17 лет. Учеб.пособие / Ред. А.Л. Федотова. –М.: РОУ, 1996. –С.180
  28. Қаңтарбаев Ә. Бір сыр бар жүрегімде айтылмаған... (Металлургтер қалашығындағы жетім балалар бала үйінің директоры Майра Бейсеканова туралы) // Шығыс үн, 2001. -№9. –Б.3
  29. Қасымов А. Майра. (Жетім балаларды тәрбиелеп жатқан Өскемендегі «Үміт» балалар үйінің атқарылып жатқан игі істері. Өз елімізді қойып Америкаға таныстырып отырған оның директоры М. Бейсеканова туралы көркем очерктен үзінді) // Дидар, 2002. -19 қаңтар. –Б.2
  30. Ле Шан Э. Когда ваш ребенок сводит с ума// Э. Ле Шан. –М, 1990. –С.131
  31. Лишенные родительского попечительства. Хрестоматия. Учеб. пособ. для студентов.// Ред. -сост. В.С. Мухина. –М: Просвящение, 1991. –С.223
  32. Люсин Д.В. Эмпирический анализ категоризации эмоций. // Вопросы психологии. -1999. -№2. –С.50-61
  33. Макдаугол У. Различие эмоций и чувств// У. Макдаугол. Психология эмоций. Тексты. –М: Изд. МГУ, 1984. –С.103-107
  34. М.П. Бреслов. Эмоциональные особенности формирования личности в детстве// Бреслов М.П. –М, 1997. –С.66-68
  35. Немов Р.С. Психология: Учеб. для студ. педвузов: В 3 кн. Кн.2. Психология и образования. -2-е изд. –М.: ВЛАДОС, 1995. –С.632
  36. Н.Д.Былкина, Д.В.Люсин // Вопросы психологии, 2000. -№6. –С.12-18
  37. Н.К. Радина // Вопросы психологии, 2000. -№3  –С.28-33
  38. Ослон В. Н. /Начальная школа, 1997. -№3. –С.21-26
  39. Перлз Ф. Это, голод и агрессия / Науч. ред и вступ. ст. Д.Н. Хломова: Ред.
  40. Психологическое развитие воспитанников детского дома// Под. ред. И.В. Дубровиной., А.Г. Рузской. –М, 1990. –С.26-28
  41. Психологические тесты в 2-х томах: Учебное издание: В 2 т. Т.2 / Под ред. А.А. Карелина. –М.: Гуманитар. издат. центр «Владос», 1999. –С.248
  42. Психологический словарь / Под. ред. В.П. Зинченко, Б.Г. Мещерякова. -2-е изд., перераб. и доп. –М.: Педагогика-Пресс, 1999. –С.440
  43. Реан А.А. Агрессия и агрессивность личности // Психологический журнал. -1996. -№5. –С.3-18
  44. Р. Бернс. Развитие Я-концепции и воспитание. –М, 1986. –С. 58-66
  45. Симонов П.В. Высшая нервная деятельность человека. Мотивационно-эмоциональные аспекты. –М, 1975. –С.129-131
  46. Слуцкий В.И. Феномен общественной собственности и его формирование личности воспитанников детского дома// В.И. Сиуцкий. Вопросы психологии, 2000. -№5. –С.76-82
  47. Славина Л.С. Трудные дети/ Л.С. Славина. –М, 1998. –С.218-220
  48. Спиноза Б. Этика// Б. Спиноза. Избранные произведения. –М, 1957. Т.1
  49. Тагирова Г.С. Психолого-педагогическая работа с трудными подростками.// Г.С. Тагирова. -Пед.общ. России, 2003. –С.128
  50. Тушканова О.И. Психологические особенности ребенка от рождения до 17 лет. –Б. м.: Б. и., 2002. –С.64
  51. Тхостов А.Ш., Колымба И.Г.// А.Ш. Тхостов, И.Г. Колымба.  Вестник Московского Университета. Снрия 14, Психология, 1999. -№2. –С.3-14
  52. Я. Рейковский. Эксперимент φ эмоции / Перевод с польского, общ. ред. О.В. Овчинниковой. –М.: «Прогресс», 1979. –С.379
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2. ЖЕТІМДЕР ҮЙІНДЕ   ТӘРБИЕЛЕНУШIЛЕРДIҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ СФЕРАСЫНЫҢ     ЕРЕКШЕЛIКТЕРIН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРI 

    2.1Жалпы  эмоционалды сферасының ерекшеліктерінің ғылыми                                   әдебиеттердегі зерттелінуі 
     

     Эмоционалды күйлер мен эмоционалды сфераға  байланысты әртүрлі идеялар, теориялар, гипотезалар мен пастулаттар  бір-бірімен жарыса отырып ғалымдардың  көптеген зерттеу жұмыстарында бәсекелестік ойларды тудырған.

     Фрейдтің  зерттеулерінде фрейдтік аффектілер теориясы зерттелінген. Фрейдтің алғашқы еңбектерінде, аффект немесе эмоция – бұл психикалық өмірді тудыратын жалғыз дара күш, ал кейінгі туындыларында аффектілер – бұл индивидте қиял мен әуесті тудыратын интропсихикалық фактор, деп қарастырылған [22, б.56].

     Кейбір  зерттеушілер эмоцияларды висцеральді  функцияларға жатқызады. Оған байланысты 1974 жылы Баку қаласында 26 халықаралық  физиологиялық конгресс эмоция мен  висцеральді функцияларға толығымен арналған [22,  б.40].

     Психиатрлардың  көбі психопатологияның әр түрлі  түрлерін және адаптация бұзылуын «Эмоционалды сфераның ауруы» ретінде қарастырады.

     Адамның мінез-құлық жүріс-тұрыстағы эмоциялардың мәнділігі жайлы Липер жеке адам теориясын зерттеген психолог өзінің алғашқы идеяларын жарыққа шығарған [22, б.41].

     Холт  өзінің аффектілер мен мотивацияға  концепциясын ұсынып, инстинктивті әуестену теориясын жоққа шығарды. Өзінің концепциясын ұсынғанда Фрейд бойынша  түсініп отырған «әуес» теориясы (желание) терминін негізге алған [22, б.42].

     Хелан Льюис 1971 жылы жарыққа шыққан «Стыд, вина и неврозы» атты еңбегін ұсынған [22, б.43].

     Уиткин 1949 жылы эмоцияны санадағы өлшенетін  бөлшек ретінде қарастыра бастаған. В. Вундт бұл дәстүрді дамыта келе, сананың эмоционалды (сезімтал) сферасын 3 тұрғыдан:

    1. рахаттану – рахаттанбау,
    2. бос сезіну – қимылда болу,
    3. сабырлықта болу – қозу деген үш өлшем ретінде алып қарастырған [22, б.45].

     Даффи, Спенсер мен Вундт концепцияларына  сүйене отырып мінез-құлық жүріс-тұрыстағы  бір ғана феномен – «ағзалық қозу» (организмическое возбуждение) терминімен атаққа ие болды. Даффи бойынша эмоция – қозу шкаласындағы нүктеше болып табылады [22, б.46].

     Цукерман  қозудың әртүрлілігіне байланысты өз беттілік ерекшеліктері пайда  болды [22, б.47].

     Вудвордс  эмоционалды экспрессияны шкалалауды ең тұңғыш қолданған ғалым. Негізгі 6 баспалдаққа бөліп сызықтық шкаланы  көрсеткен:

    1. махаббат, қуаныш, бақыт
    2. таң қалу
    3. қорқыныш, қайғы-мұң
    4. ашу-ыза, шешім қабылдаушылық (решимость)
    5. жеркену
    6. жек көру (презрение)

     Шлоссберг, Вудвордстың классификациялық схемасын қолдана отырып, адамның фотосуреті бойынша бет-әлпеттің әртүрлілігі бойынша белгілі бір шеңберді қарастырып, оның үстінде қанағаттану-қанағаттанбау (P-U) және қабылдау-қабылдамау (A-R) өстерін орналастырады. Артынан Шлоссберг үшінші өлшем ретінде, ұйқы-қысым (напряжение) факторын қосып эмпирикалық тұжырымды 1896 жылы Вудворстың ұсынылған зерттеуіне ұқсастық жағынан жақын болып айқындалды. Шлоссбергтің алғашқы эксперименттерінде зерттелінушілер фотосуреттегі эмоция бет-әлпетін тоғыз балдық екі шкала: «рахаттану-рахаттанбау» және «қабылдау-қабылдамау» факторлары арқылы екі өлшем бойынша орташа баға есептелініп отырған [22, б.49].

     Көптеген  мәліметтер мен деректерде қарастыратын болсақ, адамның эмоционалды саласын  зерттеген авторлар аз. Бірақ эмоциналды сфераны жан-жақты анықтап, бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізіп те үлгерген ғалымдар да баршақты. Мысалы: Кэррол Эллис Изард көптеген ақпаратты өзінің атақты еңбек жұмысында дәлелдейді. Зерттеуде Бартлет-Изард «ШДЭ және ПШ» қолданады, мұндағы ШДЭ (шкала дифференциальных эмоций) -  ДЭШ (дифференциалды эмоциялар шкаласы және ПШ (параметрлік шкала) [6, б. 31].

     Зерттеуде 229 адам қарастырылды. Олардың барлығы  Вандербильт Университетінің студенттері  еді. Әрбір зерттелінушіге эксперимент мақсаты көрсетілген, нұсқауы бар ДЭШ пен ПШ (бірге қосылған) сегіз қордық эмоциясы көрсетілген құжаттар таратылған. Эксперимент барысында зерттелінуші белгілі бір жағдайды есіне түсіріп, сол сәтте ДЭШ пен ПШ толтыруы керек болды. Есіне түсірген жағдайды қысқаша жазып беруі қажет. Зерттелінушілер күніне 1 жағдайды ғана, яғни аптасына 3 жағдайды қарастыруы шарт. Бартлет-Изард зерттеуінде модификациялық ДЭШ қолданды. Берілген профильде ең жоғарғы көрсеткішке қызығушылық эмоциялары, қуаныш пен таң қалушылық эмоциялары ие болды. Зерттеу нәтижесі төмендегі 2.1.1 графикте көрсетілген.

     Ал  2.1.2 графикте ПШ нәтижелері бойынша  қызығушылық жағдай үшін аффективті профиль көрсетілген [52, б.36].

     Бартлет пен Изард қордық эмоцияларды  бастан кешірген кездегі субъективті тәжірибенің ерекшеліктерін зерттегенде, эмоционалды тәжірибе – параметрлік шкала көмегімен анықталынатын өз-өзіне есеп берудегі көптүрлі құбылыс. Сондықтан да, параметрлік шкаланың әрбір тарауы үш субшкала құрылымынан тұрады. Сезгіш компоненті төмендегі соматикалық параметрлер бойынша анықталады:

        а)   дем алу;

             ә)  жүрек соғысының, жиырылу жиілігі;

             б)  терлеу үрдісі;

             в)  бұлшықет тонусы. 

2.1.1 Қызығушылық  жағдайындағы эмоционалды профиль

(модификацияланған  ДЭШ нәтижесі бойынша) 

 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.1.2 Қызығушылық  жағдайындағы аффективті профиль

(ПШ  нәтижесі бойынша) 

     Параметрлік шкаланың құрамындағы сегіз параметрдің  төртеуі ең негізгісі болып табылады. Олар:

    1. Рахаттану (удовольствие) параметрі;
    2. Қысымды сезіну (напряжение) параметрі;
    3. Импульсивтілік (импульсивность) параметрі;
    4. Сенімді-сенімсіз болу (уверенность-неуверенность) параметрі.

     Рахаттану параметрі эмпирикалық мәнділігі  жағынан және гедонистикалық баға беру арқылы бастан кешіру, уайымдау нақтылығы  неғұрлым айқын көрінеді [22, б.55].

     Қысымды сезіну параметрі, бұл эмоцияларды  күшейтетін нейрофизиологиялық белсенділік құрылымы ретінде анықталынатын параметр болып табылады. Импульсивтілік параметрі Осгуд идеяларына негізделініп алынған. Ғалым бойынша импульсивтіліктің жоғарғы көрсеткіші антиципацияның жоқтылығы туралы айқындайды, яғни ол белгілі бір эмоционалды жағдайға дайын болу, болмауын көрсетеді. Сонымен қоса импульсивтілік эмоционалды экспрессияның жеке индивидуалды стильдерін анықтауға көмектеседі. Және де ең соңғы параметрдің көрсеткіштері арқылы компоненттілік пен адекваттылық сезімдердің бар-жоқтығын сенімді болу – сенімсіз болу шкалалары арқылы анықтау қиын емес [22, б.57].

     Параметрлік шкала Эллис Изардтың ең алғашқы  зерттеулерінде қолданылып, тексерілгендіктен  әдістеме сенімділігі, валидтілігі  және стандарттылығы бұрыннан бері сенімді  екені дәлелденген.

     Тағы  бір қызықтырып тұратын мәселе бұл  жағымды және жағымсыз эмоциялардың тәуелділігі. Мұндай сұрақ ғалымдарды бұрыннан бері толғандырған. Олардың  ішінде Н.М.Брадбурн және оның әріптестері. Зерттеушілер 10 тұжырымнан тұратын  шкаланы қолданған. Шкаланың бес тұжырымы (мысалы, «сенің қолыңнан келген іс-әрекетің сені рахаттандыра ма»), жағымды эмоцияларды өлшеуге, ал қалған бес тұжырымы («мазасыз- болғаның соншалықты, ыңғайлы орын таба алмадың») жағымсыз эмоцияларды өлшеуге бағытталған [22, б.58].

     Шкала тұрғысын анықтағанда респонденттер өмірінің соңғы апталарында болуды қажет етті. Сол себептен эксперименттің корреляциялығы 0-ге жақын болды, дегенмен «жағымды» және «жағымсыз» шкалалығы әртүрлі корреляция аумағын (мысалы, «әлеуметтілік») көрсетті. Бірақ та уақыт өте бергенде көптеген ғалымдар Брадбурн әдістемесіндегі осал, күдікті аймақтарын тауып, соған байланысты ғалымның зерттеулерін жақтайтын немесе жоққа шығарған авторлар табылуда [28, б.68].

     Корреляциялық пен факторлық анализ көмегімен  өзгергіштіктердің арасындағы өлшеулерді анықтау жолдары да жасалынған. Сингер мен Антробус армандауды (грезы) анализдегенде үш факторды, олардың ішіндегі екеуі жағымсыз эмоционалды: жауластық және қорқыныш (враждебность и страх), үшіншісі жағымды эмоционалды болып сипатталынады[45, б.25].

     Шынайы  өмірде бастан кешірген эмоцияларды  анализдегенде А.Е. Ольшанникова мен  Л.Т. Ямпольский қуаныш, ызалану, қорқыныш факторларын анықтады[45, б.26].

     Ч. Спилбергердің орысша версиясын  Ю.И. Ханин ұқсас нәтиже: «я вполне счастлив» тұжырымын жеке дараны мазасыздық (факторный анализ личностной тревожности) факторлы анализ шкаласы көрсетті [33, б.43].

     Іс-әрекетті меңгеру үрдісіндегі жағымды-жағымсыз эмоциялардың динамикасына байланысты гипотезаны зерттеу үшін Горбатков  бірқатар эксперимент жұмыстарын жүргізген. Мысалы, мазасыздық пен қуаныш эмоцияларын зерттеу. Мұнда Спилбергердің 56 сұрақнамалық факторы алынды [33, б.45].

     Үміт  пен үмітсіздік сезімдері (надежда  и безнадежность) А. Бека польшалық  ғалымның көмегімен анықталынды. Әдістемені құрайтын 20 сұрақнаманың 11-рі – үмітсіздікке («будущее мне кажется безнадежным»), ал 9-зы – үміт сезіміне («я смотрю в будущее с надеждой и оптимизмом») бағытталған.

Информация о работе Эмоция