Бала қиялдарын дамыту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 11:36, курсовая работа

Описание

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2011 жылы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында.
Білім беруді жаңартуды жалғастыру қажет. Осыған байланысты Президент Үкіметке мынадай тапсырма берді:
 жоғары оқу орындарының инновациялық қызметке өту тетіктерін әзірлеу;

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Ата –ана қамқорлығынан айырылған балалар психологиясы
мәселелері.
1.1. Қазақстандағы жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметі.....................................6
1.2. Отбасынан тыс тәрбиеленетін баланың жеке тұлғалық ерекшеліктері.........11

Негізгі бөлім.
2. Ата- ана қамқорлығынан айырылған балалар психологиясын зерттеу.
2.1. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарында баланы ортаға қалыптастыру.................21
2.2. Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға психологиялық көмек
көрсету жолдары.................................................................................................22
Қорытынды...............................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................

Работа состоит из  1 файл

КР Ата- ана қамқорлығынан айырылған балалар психологиясы.doc

— 253.00 Кб (Скачать документ)

              • рухани қарым-қатынас – отбасы мүшелері жеке тұлғаларының дамуы, рухани жағынан өзара байытылу;

              • әлеуметтік-мәртебелік – отбасы мүшелеріне белгілі бір әлеуметтік мәртебе беру; қоғамның әлеуметтік құрылымын қабылдау;

              • бос уақыттық – бос уақытты ұтымды ұйымдастыру, қызығушылықтардың өзара байытылуы;

              • эмоциялық-психологиялық қорғанысқа, эмоциялық қолдауға ие болу.

Егер отбасының бұл функцияларын балалар үйіне түсіретін болсақ, онда балалар үйі баланың әлеуметтік өмірге араласуының аса маңызды функциясын орындауы тиіс. Бұл функцияның басымдығына балалар үйінде тәрбиеленетін жетім балаларда аса маңызды әлеуметтік құрылым – отбасының ықпалы жоқтығы жағдай жасайды.

Тәрбиеленушілер үшін балалар үйі уақытша болатын жер, оқу аяқталған соң балалар өздігінен өмір сүру үшін ашық әлеуметтік ортаға шығарылады. Балалар үйінің тәрбиеленушілерді бұл дербес өмірге қаншалықты дайындағаны олардың одан кейінгі өмір жолдарының ойдағыдай болуына жағдай жасайды. Жетім балалар мен ата-аналарының u1179 қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың қолданыстағы формаларын төрт санатқа бөлуге болады:

              • отбасылық (қорғаншылдық, қамқорлық, асырап алу);

              • мемлекеттік (сәбилер үйлері, балалар үйлері, әр түрлі үлгідегі мектеп-интернаттар);

              • мемлекетте қорғаншылық міндеттердің бір бөлігін сақтай отырып, отбасылық тәрбиенің элементтерін үйлестіретін мемлекеттік-қоғамдық санат (балалар қабылдайтын отбасылар – отбасылық балалар үйі, патронаттық отбасылар, балалар баспанасы);

              • мемлекеттік емес (жекеменшіктегі балалар үйлер, баспаналар және басқалар).

              Мекемелерге: жетім балалар, бағудан бас тартылған балалар, соттың шешімі бойынша ата-аналарынан ажыратылған балалар, ата-аналық құқықтарынан айырылған, сотталған, іс-әрекеттілікке қабілетсіз деп танылған, ұзақ уақыт емделіп жатқан (оның ішінде психикалық аурулар да бар) ата-аналардың балалары, сондай-ақ ата-аналарының тұратын жері анықталмаған балалар мен күн көрісі төмен отбасылардың балалары қабылданады.

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың бәріндегі мақсаттық бағыт –бұл балаларды әлеуметтік қорғау, оларға қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын беру, олар үшін оңтайлы өмірлік жолды анықтау, психикалық және тәндік денсаулықты қалпына келтіру.

Мекеменің негізгі міндеттері:

              1. Жеке тұлғаның ақыл-ой, эмоциялық және денелік дамуына себеп болатын үй жағдайларына жақындатылған қолайлы жағдайлар жасау.

              2. Тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық-психологиялық-педагогикалық жағынан оңалдыруды қамтамасыз ету.

              3. Жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің мүдделері үшін білім беру бағдарламаларын игерту, оқыту мен тәрбиелеу.

              4. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету.

              5. Тәрбиеленушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқытудың әр түрлі u1085 нұсқалары бар [20]:

              1. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мектеп –интернатта тұрып, оқиды. Бұл жағдайда мынадай түр өзгерістер кездеседі:

              • топтары жасы бірдей балалар мен қыздардан жас және жыныстық белгілері бойынша толымдалған мектеп-интернат. Сыныпты бұлайша толымдауда балалардың қарым-қатынас шеңбері шектеулі болады, бұл балалардың қатынастық-байланыстық дағдыларының айтарлықтай дамымай қалуына әкеп соғатыны күмәнсіз.

              • топтары «отбасының орнын басу» қағидаты бойынша – жынысы мен жастары әр түрлі балалармен толымдалған мектеп-интернат. Сыныпты құру қағидаты да осындай, бірақ бір сыныпта «отбасының орнын басатын» бірнеше топтың балалары оқиды.

              • жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардан сынып толымдау мен оларды оқытудың бірінші, екінші нұсқасы да мектеп-интернат жағдайларында олардың әлеуметтік-эмоциялық дамуына қолайлы жағдай жасамайды, өйткені «мекен ету ортасы», әсіресе отбасыларда тәрбиеленетін балалармен «шектелген».

Бұл проблеманы шешудің бірнеше жолы бар:

              • Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектеп-интернаттан тыс орналасқан қосымша білім беру мекемелерінің жұмысына белсенді қосу. Бұл олардың эмоциялық және қатынас-байланыстық тәжірибесін молайтады. Әр түрлі шағын әлеуметтік орталарда өз «Мені» позициясын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге егер бала бір емес, балалардың әр түрлі топтарымен өзара әрекеттестік болатын бірнеше үйірмеге (студияға, өнер мектептеріне) қатысса, онда өте жақсы.

              • Мектеп-интернат көбінесе ықшамауданның, шағын ауылдың, кенттің балалары үшін мәдениет құрушы балалар орталығына айналды. Мектеп-интернатқа отбасылардағы балалар да келеді. Мұндай жағдаят жетім балалар үшін қарым-қатынас – байланыстар тұрғысынан емес, сондай-ақ олардың эмоциялық даму тұрғысынан да неғұрлым қолайлы. Оларда «қонақтың» емес, «қожайынның» сезімі; өз абыройын u1089 сезіну мен өзін және өзінің мектеп-интернатын жақсы жағынан көрсету ниеті қалыптасады.

              • Балалардың жексенбі, мереке күндерінде, каникул күндерінде қамқоршы және қорғаншы отбасыларда; өз туысқандарында болуы. Баланың әлеуметтенуі мен оның әлеуметтік-эмоциялық даму проблемаларын шешудің бұл жолы бәрінен бұрын, баланың отбасындағы өмірлік жағдайларға тап болып, отбасылық қатынастардың әлеуметтік-тұрмыстық дағдылардың тәжірибесіне ие болатындығымен маңызды.

              2. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар балалар үйінде тұрады, өздерінің білім деңгейіне сәйкес келетін шағынаудандағы мектепке барады. Қазіргі уақытта балалар үйлерінің тәрбиеленушілері баратын мектептерде сыныптарды толымдаудың мынадай формалары орын алуда:

              • мектепте тек балалар үйінің балаларымен толымдалған «жетімдер сыныптары» құрылады. Оларды жеке сыныпқа жасанды жолмен бөлу көбінесе бұл балаларда «отбасылық балалардың» ғана емес, сондай-ақ педагогтардың да көзқарасына байланысты ашу-ыза туындатады.

              • жетім бала үшін сыныпта отбасында тәрбиеленетін құрдастарымен бірге оқитын жағдаят неғұрлым қолайлы болып шығады. Бұл кезде бала сыныптағы құрдастарының ұжымы мен балалар үйінде әр түрлі жағдаятта болады. Бұл жағдаяттардың әрқайсысы әр түрлі эмоциялық көріністерге: ашу-ызалы, жалған, бейімделгіш мінез-құлықтан «отбасылық» балалармен жақсы достық қатынастарға дейін әкеледі. Қазақстандағы жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметіне толығырақ тоқталайық. 2009 жылдың сәуір айынан маусым айына дейін жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында балаға достастық ортаны қалыптастырудың құрамдас негіздеріне мониторинг жүргізілді. Зерттеулер Алматыда (№2 балалар үйі және жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған u1073 балаларға арналған мамандандырылған «Жанұя» кешені), Таразда («Ұлан» балалық шақ үйі, Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйі), Қостанайда (Қостанай облыстық балалар үйі, Қостанай қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған баспана), Семейде (№8 балалар үйі, «Подросток» балалар баспанасы), Атырауда (облыстық №1 мектеп-интернат, «Ақбота» балалар үйі) жүргізілді. Аталған мекемелер жұмыстың әр түрлі бағыттары бойынша бағдармалар мен үлгілер көрсетті.

              Үлгілердің, бағдарламалар мен жобалардың мазмұндары мекеменің тұрпатына қарай ерекшеленеді. Бірақ тұтастай алғанда ұйым әрбір кезең үшін нақты шарттарға жауап беретін жұмыстың перспективалық жоспарын таңдай алады. Көкейкесті міндеттер шеңбері айқындалады. Оларды іске асыру жолында бағдарламалар әзірленеді, инновациялық үлгілер енгізіледі. Бағдарламалардың ішінде жобалар да ұсынылады. Бағдарламалардың, үлгілер мен жобалардың тиімділігі мониторингтің көмегімен айқындалады. Мұның жарқын мысалы ретінде Тараз қаласындағы «Қ. Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұсынуға болады.

              2007-2008 оқу жылында балалар үйі дамуының перспективалық жоспарымен мекеме жұмысының «Дербес өмірде өзін-өзі тану мен өзін өзі жетілдіруге қабілетті әлеуметтік бейімделген бала жеке тұлғасының дамуы, балаларды оңалту» тақырыбы анықталған, екі эксперименттік бағдарлама: «Табысқа апарар жол» және «Рухани-өнегелілік тәрбие: жалпыадамзаттық құндылықтарға бейімделу» әзірленіп, сынақтан өткізілуде.

              «Рухани-өнегелік тәрбие: жалпыадамзаттық құндылықтарға бейімделу» бағдарламасы тиімді енгізілуде. Ол бойынша балалар үйі жағдайларында балалар және жасөспірімдермен рухани-өнегелік жұмыс жүйесінің негізгі позицияларын жаңартудың, тәрбиеленушілерді жалпыадамзаттық құндылықтар туралы біліммен қаруландырудың, өнегелік категориялары аясында адамзаттың рухани мәдениетіне қатыстырудың, балаларда өзін-өзі жүйелі түрде тәрбиелеу қызметі мақсатымен зерттеу қажеттілігін қалыптастыру- дың сәті түсуде.

              «Табысқа апарар жол» бағдарламасы тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауға, олардың әлеуметтену процесіне көмек беру мен қолдау жасауға бағытталған. Бұл бағдарлама тәрбиеленушілерде оңды бағытталған өмірлік жоспарларды, кәсіптік ниет-пиғылдарды, әлеуметтік-тұрмыстық дағдылар мен икемділіктерді қалыптастыру; жасөспірімдерде өмірдегі табыстарға ұмтылушылықты дамыту міндеттерін көздейді. Бағдарлама маңызды жеке тұлғалық қасиеттерді дамытуға жағдай жасайды, балалар үйінен шыққаннан кейін проблемалық жағдаяттарға қарсы тұра білу икемділігін дамытады.

Бағдарлама «Сенің өмірлік таңдауың» және «Іскер адамның іс-тәжірибесі» жобаларымен толықтырылған. Бұл жобалар жасөспірімдердің кәсіптік таңдауын нақтылауға, олардың болашақ кәсібіне қызығушылығын белсендіруге және балалар үйін бітірушілер өмірдің қаржы-ақшалық нормативтерімен танысуға тура келетін экономика мен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға бағытталған. Мысалы, тәрбиеленушілер күнкөрістің ең төменгі деңгейінің қандай екендігі, ақшаны қалай жұмсау керектігі, олардың балалар үйін бітірген- нен кейінгі ақша табудың перспективалары қандай екендігі туралы интерактивтік ақпарат алады. Перспективалармен неғұрлым нақты және көрнекті танысу үшін қаланың барлық оқу орындарына экскурсиялар жасалды.

              Педагогикалық ұжымға мониторинг жасаудың нәтижелері бағдарламаның тәрбиелеу процесіне табысты енгізіліп жатқанын көрсетті. Жоғары сынып оқушылары кәсіп таңдау жөнінде байсалды ойлана бастады, оқуға ынталану артты. Көптеген түлектер оқуларын тек кәсіптік мектептер мен лицейлерде ғана емес, ЖОО-нда, колледждерде жалғастыруға ұмтылады. Бітірушілерде өзінің жеке басының табыстылығына көзқарастары өзгерді, өзін-өзі бағалау артты, өз болашағын жобалау шеберлігі қалыптасты, балалар әлеуметтік-тұрмыстық дағдылар мен икемділіктерге ие болды.

 

1.2. Отбасынан тыс тәрбиеленетін баланың жеке тұлғалық ерекшеліктері

 

              Балалар үйлерінде тәрбиеленетін балалардың психикалық дамуын көп жылдар бойы зерттеген психологтар И.Лангмейер мен З.Матейчик «психикалық депривация» түсінігін енгізді. Олар мұны ұзақ уақыт бойы субъектіге кейбір негізгі өмірлік маңызды психикалық қажеттіліктерін жеткілікті мөлшерде қанағаттандыру үшін мүмкіндік берілмейтін өмірлік жағдаяттардың нәтижесінде туындайтын псхикалық жағдай ретінде түсіндіреді.

Баланың зияткерлік дамуының жеткіліксіздігі танымдық процестердің дамымағандығынан, әлсіреуі немесе қалыптаспағандығынан, ойлаудың (көрнекілік-бейнелік, абстрактілі-қисындық, ауызшалық және т.б.) нашар дамуынан, есте сақтаудың нашарлығынан, назар аударудың тұрақсыздығынан, білімдарлықтың төмендігінен, пәндер мен оқиғаларға ұзаққа созылмайтын қызығушылықтың нәтижесінде басталған істі аяқтай алмаушылықтан, танымдық уәжделудің төмендеуінен және т.б. көрінуі мүмкін. Психологиялық зерттеулер тәрбиеленушілерде көңіл бөлу мен есте сақтау даму деңгейінің орташа статистикалық нормадан ауытқымайтынын дәледейді. Алайда ішкі күштерді, тірексіз іс-тәжірибелік әрекеттерді талап ететін міндеттерді шешудегі

қабілетсіздіктен көрінетін жағдайда аса тәуелділік, абстрактілік-қисындық ойлау мен ауызша-қисындық ойлау дамуының төмендеуі айқындалды. Бұл мәліметтер балалар үйлерінде тәрбиеленушілерді зияткерлік дамудағы төмендеудің негізгі себептері туа біткен тұқым қуалаушылық факторлары, орталық жүйке жүйесі жұмысының анатомиялық-физиологиялық бұзушылықтары емес, ортаның ықпалы, педагогикалық, жаңсақтықтар болып табылатынын дәлелдейді. Себептердің біреуі ересектермен сапалы, мазмұнды

қарым-қатынастың жоқтығы болып табылады.

              Барлық зерттеушілер балалар үйлері тәрбиеленушілерінің жеке тұлғасының қалыптасуындағы көп қиындықтар эмоциялық-еріктік салада: әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылуынан, өзіне деген сенімсіздіктен, өзін-өзі ұйымдаструшылық пен мақсатқа ұмтылушылықтың төмендеуінен, дербестіктің жеткіліксіз дамуынан, өзін өзі барабар емес бағалауынан, айналасындағылармен қалыпты өзара қарым-қатынастар жасауға қабілетсіздіктен, ынтымақтасу үрдісінің мүлдем жоқтығынан көрініс табатынын атап көрсетеді. Осы тектес бұзылушылықтар көбінде аса алаңдаушылықтан, эмоциялық ширығудан, психикалық қажудан, эмоциялық торығудан, әр текті кедергілерге аса сезімталдықтан, қиындықтарды жеңуге дайын еместіктен, жетістіктер мен табысты қажетсінудің төмендеуінен, сенімсіздіктен, қызбалықтан, ұстамсыздықтан, шамадан тыс импульстік белсенділіктен, эмоциялық салқындықтан, өзін өзі күштеуден, айналасындағылармен эмоциялық қарым-қатынастардың бұзылуынан, енжарлықтан, торығудан және т.б. байқалады.

Информация о работе Бала қиялдарын дамыту жолдары