Ғылым мен бастауыш білім берудің қазіргі заманғы проблемалары
Лекция, 02 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Ғылым дамуының басты шарты – жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу əдістеріне тəуелді келеді. Әдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында əдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.
Содержание
1. Ғылымның дамуы заңдылық ретінде;
2. Педагогика ғылымы салаларының көптүрлілігі мен жіктелуі туралы жалпы түсінік;
3. Педагогика ғылымының әдіснамалық негіздері;
4. Ғылыми-педагогикалық әдіснамалық тұғырлар.
Работа состоит из 1 файл
Пелагогика.doc
— 150.50 Кб (Скачать документ)Қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің басым бөлігін ақпараттандырумен, компьютерлендірумен ерекшеленеді. Соған байланысты мұғалімдердің қызмет аясы кеңейіп, ақпараттық-компьютерлік іс-әрекетінің практикалық сұранысы артуда. Қоғамдық прогрестегі жетістіктер болашақ ұрпақтың білімі мен төрбиесіндегі жетістіктерге, ал ол өз кезегінде жаңа формация мұғалімінің білік деңгейіне байланысты. Сондықтан да, мұғалімдердің инновациялық біліктілігі проблемасы аса назар аударуды талап етеді.
Жаңа формация мұғалімі пәнді жақсы білумен қоса, стандарт талап етіп отырған құзыреттіліктерді жете меңгеруі тиіс, жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру мәселесі де психологиялық-педагогикалық тұрғыда шешілуі керектігі де теориялық тұрғыда анықталды, яғни философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді, іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау ізденіс жұмыстарының бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Қандай да болмасын ғылым салаларының пайда болуы және дамуы қоғамның өмірлік қажеттілігінен туады. Мысалы, химия, физика, биология - өзімізді қоршаған табиғатты тану ғылымдары ретінде, философия, эканомика негіздері – қоғамдық құбылыстарды, психология – жеке тұлғаның санасы мен мінез-құлқық ерекшеліктерін тану қажеттілігінен пайда болды.
Педагогика ғылыми пән ретінде қоғамдық құрылыс пен өндірісті сақтап дамытуға, өсіп келе жатқан ұрпақты мақсатты түрде неғұрлым нәтижелі даярлауға деген қоғамның қажеттігінен туған. Философиялық ой-пікірлерден бастау алған педагогика тәрбиеге байланысты бірте-бірте жинақталған теориялар мен қағидалар және фактілерді ой елегінен өткізіп, тәрбиенің мәнін даму заңдылықтарын түсіндірудің басты құралы, әртүрлі педагогикалық құбылыстарды жан-жақты зертеудің ғылыми және әдістемелік негізіне айналды.
Педагогикалық ойлардың дамып
жетілуі ертедегі шығыс
Мұндай тәрбиелік тағлымдар мен педагогикалық ойлар және оқу үрдісінің үлгілі тұжырымдары бұл кітапта күні бүгінге дейінгі әлеуметтік-қоғамдық дәуірде үштасып, өзінің тарихи шешімін тауып отыр.
Авторлардың ондағы көздеген
мақсаты бұрын ешбір
Кез келген зерттеу жұмысы өзекті мәселені анықтаудан басталады. Проолеманың пайда болу сипатына қарамастан, оған талдау, нақты турдеу негіздеу теориялық зерттеуден басталады.
1 .Салыстырмалы тарихи
талдау әдісі зерттеушіні
2. Үлгілеу (моделирование) әдісі - зерттелетін үдеріс және құбылыс сурет, сызба, қысқаша сөздік, сипаттама түрінде берілетін көрнекі-бейнелі сипатта болады. Үлгіні дайындау Үдерісін сипаттайтын негізгі ұғым үлгілеу болып табылады. Кей жағдайда педагогикалық құбылыс матрица, символ, матеикалық формула түрінде де беріледі. Модель зерітелетін құбылысты толық бейнелеп көрсетпейді, тек оның идеализациясы, оңіайланған түрі. Моделде зерттеушінің шартты белгілері мен шығармашылық жорамалы көрінеді. Бұл бірақ (моделирование) үлгілеудің ғылыми құндылығын түсірмейді, негізінен іріктеліп, жүйелі және өзін-өзі анықтайтын байланысты және факторларды көрсетеді. Үлгі құру кезінде оның зерттеу
Нысанасының түпнұсқаға сай келуін қадағалау кажет. Үлгі үнемі түсіндіру анықтау құралы бола отырып, танымдық рөл атқарады.
Себепті теріеулік талдау. Себеп бұл құбылыс, яғни басқа құбылысты өзгертеді немесе пайда болуына себеп болады. Себепті туындатын және өзгертетін құбылысты тергеу деп атылынады. Себеп-салдар - себеп құбылысы тергеу құбылысын шығарады. Себеп пен тергеу күрделі өзара байланысты кұбылыс. Тергеу тек себепті шығарып қоймай, себеп болған фактілерді
Анықтап, тауып, талдап, түсіндіріп зерітелетін мәселеге тереңнен еніп дұрыс қорытынды жасауға көмектеседі.
Теориялық деңгей әдістері:
- Формализация- білім мазмұнын белгілермен беру, нақты ойды формула, ереже, символмен беру. Кез келген формалды жүйені құру үшін: 1) әріптерді беру қажет, яғни нақты белгілеулерді енгізу қажет; 2) осы альфавиттердің белгілеулерін «сөз» және «формула» шығатын ережелерді беру қажет; 3) берілген жүйенің бір сөзінен немесс
формуласынан екінші сөзді немесе формулаға көшуге болатын ережелерді беру қажет.
- Идеализация - зерттеу мақсатына сәйкес зерттеуші нысанаға нақты бір өзгерісті ойша енгізуді айтады. Таным әдісі ретінде идеализацияның жағымды мәні теориялық кұрылымды жан- жақты зерттей отырып, реалды нысаналар мен құбылыстарды
тиімді зерттеуге септігін тигізеді.
- Аксиоматикалық әдіс - ғылыми теорияның құрылу амалы, оның негізінде бастапқы аксиома болады. Логикалық жолмен дәлелденеді.
- Гипотетикалық-дедуктивті әдіс - болжамдардың бір-бірімен | дедуктивті байланысын құрайтын жүйе құру.
- Әдебиет көздерін зерттеу - зерттеудің бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәдениетінің, оның ғылыи адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады.
- Талдау әдісі – зерттеліп отырған объектіні бөлек зерттеу үшін құрамды бөліктерге бөліп карау.
- Жинақтау (синтез) әдісі - біріктіру, біртұтас етіп қарау үшін зерттеу объектісінің бөліктерін біріктіру. Талдаудың эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасын формаларын анықтау; білім құрылымын ашу; зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар.
- Абстракциялаудың екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту - көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау Дәріптеушілік-дерексіздендіруд
ің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. - Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері - бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады
- Ұқсастыру әдісі - заттар мен құбылыстардын жалпылығын айқындау үшін қолданылады.
- Болжау әдісі – зерттеушінің қатысынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын керсету үшін | қолданылады.
- Математикалық және статистикалық әдіс – педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады.
- Тіркеу әдісі - педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол зерттеу объектісінің белгілі бір қасиеттерін ашып, есептеу үшін қолданылады. Теориялық әдістердің бұл тобы эмперикалық деректерге және олардың теорияны құрастыруға ықпал еіуіне терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашуға, сыртқы факторларды түсіндіруге бағытталған.
Ғылыми үшінші деңгейі ең жоғарғы деңгей – әдістемелік деңгей. Ғылыми –педагогикалық зерттеудің жоғарыда аталып өткен әдістері таным іс -әрексті құралдарының ішіндегі бірегейлері ғана. Зерттеудің бұл әдістері нақты зерітеу міндеттерін шешуде қолданылатын ең негізгілері.
Тәрбие, білім беру және оқыту практикасының
пайда болып, дамуы және әр тарихи
дәуірдегі педагогикалық ой-
Тарихы - әр тарихи дәуірдегі, әлеуметтік- экономикалық жағдайлар, тарихи-педагогикалық идеялар мен ойларды, жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі мектеп тарихының генезисін, өзара ықпалын, кемшіліктері мен жетістіктерін, оқушыларды дамыту үрдісіндегі мақсатты ұйымдастырылған қисынды шаралар мен шарттар, белгілері мен заңдылықтарын талдау негізінде жүйелеп, болашақ мұғалімдердің педагогикалық дүниетанымдары мен шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастырады.
Курстың мақсаты – жас ұрпақтарға тәрбие мен білім берудегі дүниежүзіндегі педагогикалық ойлар мен практиканың пайда болып, тарихи қалыптасуы мен дамуынан ақпараттар жинақтап және болашақ мұғалімдердің педагогика тарихының негізгі категорияларынан: тәрбие, білім беру, оқыту, ағарту, білім беру жүйесі, мектеп, педагогикалық ой-пікірлер, педагогикалық көзқарастар, педагогикалық теория, этнопедагогика, халықтық тәрбие т.б. ұғым-түсініктерін қалыптастырып, олардың тарихи-педагогикалық мұраларға деген ынталы қызығушылықтарын арттырып, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұндық жүйесін игеріп, одан әрі жетілдіруде педагогикалық дүниетанымын және педагогикалық ойлау бейімділіктерін дамытады.
Бастауыш білім берудің
- бүкіл дүниежүзілік
тарихи-педагогикалық үрдістің
- әртүрлі тілдегі және
өзіндік мәдениеті бар
- білім берудің мақсат-
Ғылым әр уақытта жаңа фактілермен толықтырылып отырғандықтан ғана дамиды. Олардың жинақталып қалған кездерінде ғылыми-зерттеу әдістері арқылы талданғанда және теориялық ұстанымдарға негізделіп зерделенгенде ғылымда оны әдіснама деп атайды.
Философиялық энциклопедиялық сөздікте әдіснама – бұл “теориялық және практикалық іс-әрекеттерді құру мен ұйымдастырудың ұстанымдар мен құрылымдар жүйесі” деген анықтама беріледі.
Қазіргі ғылыми әдебиеттерді
талдағаннан түсінгеніміздей, әдіснама
деген ұғым, бұл ғылыми-танымдық
іс-әрекеттерді құрудың
Ғылым әдіснамасы жалпы
ғылыми-зерттеу
Жоғарыда келтірілген анықтамалардан шығатын тұжырым, педагогика ғылымының әдіснамасы педагогикалық таным мен шындықты, яғни тұтас педагогикалық үдерісті дамыту немесе өзгерту туралы теориялық қағидалар мен тарихи-педагогикалық жүйелердің жиынтық байланыстарын қарастырады.
Әдіснамалық білімдер құрылымын Э.Г.Юдин төрт деңгейге: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми, технологиялық деп бөледі. Біріншісі, философиялық әдіснаманың деңгейлік мазмұны таным ұстанымы мен ғылымның категориялық аппаратын құраса, сонымен бірге философиялық білім жүйесі әдіснамалық қызметтерін атқарады. Екінші деңгейде жалпы ғылыми-әдіснама теориялық тұжырымдаманы құрып, көптеген ғылыми пәндерге бағыт-бағдар береді. Үшінші деңгей – нақты ғылыми әдіснама, бұл арнайы ғылыми пәннің әдістерін айқындап, зерттеудің ұстанымдары мен ұйымдастыру жолдарын белгілейді. Төртінші деңгей – технологиялық әдіснама, зерттеудің әдістемесі мен техникасын құрайды. Мысалы, тәжірибелік-эксперимент материалдарын жинақтау, оларды алғашқы талдау, қорытындылау, ұсыныстар беру, т.б. жатады. Сонымен, әдіснаманың барлық деңгейлері бір-бірін толықтырып тұратын жүйені құрастырады.
Ал, педагогика тарихы мәселесіне байланысты алғанда жалпы білімдер әдіснамасы (педагогика) жеке білімге (педагогика тарихы) қатысты әдіснамалық бағдар ұсынады. Жалпы қағидалар (теория, ұстанымдар) жеке қағидаларды түсіндіріп, бағалап, олардың бағыт-бағдарын, жолдарын айқындап береді (Ж.Әбділдин, Б.Гершунский, Н.Никандров). Нақтылай келгенде, нақты-ғылыми әдіснама ретінде оның заңдары, заңдылықтар мен ұстанымдары педагогика тарихына, оның ішіндегі қазақ педагогика тарихына әдіснамалық негіз болады.