Қазіргі заманғы интернет технологиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 12:56, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Интернеттің білім беру, ғылым т.б. жүйелеріндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Содержание

1. Кіріспе ...........................................................................................................3
2. Қазіргі заманғы интернет технологиялар...................................................5
2.1 Web-дизайнға кіріспе..................................................................................9
2.2 Web-дизайн деген ұғым анықтамасы......................................................10
2.3 Web-сайт құрылымы.................................................................................11
2.4 Web-дизайнның негізгі ережелері...........................................................14
2.5 Web-бет элементтері.................................................................................16
2.6 Web-дизайн технологиялары....................................................................18
3. Қорытынды .................................................................................................20
Қолданылған әдебиеттер................................................................................22

Работа состоит из  1 файл

веб технология.doc

— 174.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

 

  1. Кіріспе ...........................................................................................................3                                                                                                           

2. Қазіргі заманғы интернет технологиялар...................................................5                                                  

2.1 Web-дизайнға кіріспе..................................................................................9                                                                                 

2.2 Web-дизайн деген ұғым анықтамасы......................................................10                                                       

2.3 Web-сайт құрылымы.................................................................................11                                                                                 

2.4 Web-дизайнның негізгі ережелері...........................................................14                                                             

2.5 Web-бет элементтері.................................................................................16                                                                                   

2.6 Web-дизайн технологиялары....................................................................18                                                               

3. Қорытынды .................................................................................................20                                                                                                   

Қолданылған әдебиеттер................................................................................22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Кіріспе

Қазіргі кездетіркелген бұқаралық ақпарат құралдары  өте көп. Олардың ұстанымдары  да әрқилы өрбіп келеді. Адамды қасақана теріс жағымсыз жолға көзқарасқа ұстанымға жетелейтін ақпарат құралдары да аз емес. Курстық жұмыс осы бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі кезде үлкен беледге ие болған интернет құралына арналған. Зерттеу жұмысының тақырыбы «Веб-дизайн» болғандықтан, бұл жұмыста веб сайттардың дизайндық құрылымдары мен технологиялары, Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері қарастырылған.

Атқарылған жұмыс мақсаты Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау, Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып тұру мұмкіндіктерін анықтау, қазіргі интернет беттеріндегі веб сайттар, порталдар және тағы басқа интернетресурстардың дизайндық ерекшеліктерін қарастыру

Web-сайт құрылымы бөлімінде Web беттерге графиканы орналыстыруға тоқталамыз. Web дизайнерлер графика мәселесіне келгенде екі топқа бөлінеді. Бірінші топ графикасыз Web сайт ол сайт емес деп ойласа, екінші топ керісінше Web сайттарға суреттің қажеті жоқ деп санайды, себебі олар кейбір модемдердің және жүйелердің күші жетпейтіндігін ескеріп отыр. Дегенменде сайтқа графиканы қолдану мүмкіндік бар және соны тиімді пайдалану керек. Ол үшін бізге <IMG> тегі  src атрибутымен көмектеседі. Суретті сайтқа орналастыру үшін src атрибутына суреттің толық жолын көрсету керек, мысалы, rose.jpg суретi С дискасының My img  папкасына орналасқан болса, онда төмендегі тег жазылады:

Web графика туралы айтқанда  төмендегі атрибуттарды ұмытпау  керек: background – бұл атрибут сайтқа  суретті фон ретінде орналыстырады, bgcolor – фонға түс береді.

Заманауи ақпараттық инфрақұрылымды құру принциптеріне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылдары, халықпен және бизнеспен қарым-қатынасы Оңтүстік Қазақстан облысы ақпараттық web-сайты www.ontustik.gov.kz арқылы ұйымдастырылып, қолданыстағы қол жетімділік құқығын үлестіру және құқықтық жиегі аясында «электронды үкімет» ақпараттық қорларына «бір жерден мүмкіндігі» ұсынылған Аталмыш интернет ресурс зерттеу жұмысының обьектісі ретінде қарастырылып, курстық жұмыста мысал ретінде көрсетілген. .

 Осы тақырып бойынша зерттеу жұмысында Ж.Наурызбайдың «Этнокультурное образование»,  Л.Cолодовиченконың «Дидактические основы композиционного компьютерно-графического моделирования в подготовке студентов», Э. Скоттың «Компьютернык технологий в журналистике» Л. Федотованың «Массовая информация стратегия производства и тактика потребления» Р.Рэддик және Э. Кингтің «Журналистика в стиле онлайн» ғылыми еңбектерін дереккөз ретінде қолданылды.

Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, web-дизайн негіздерін білу кез-келген мамандықта қажет болады, өйткені web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн. Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Жоғарыда аталғандар зерттеу жұмысының міндеттері болып табылады.

Ақпараттық технологиялар  маңызының мысалы ретінде ІТ-дің  Франция индустриясындағы өсу ырғағын  келтіруге болады. ХХІ ғасыр шебінде Интернетті пайдаланушылар қатары бес есе артқан болса, ақпараттық технологиялар саласындағы шағын кәсіпорындар саны күрт көбейіп (екі жылда 15 мың), бұл бағытқа құйылған қаржы 1997 жылдан бермен қарай 5 есе ұлғайған. Нәтижесінде ақпараттық технологиялар мен байланыстың қазіргі заманғы құралдары бүгінде Франция ІЖӨ-сінің 5 пайызын құрап отыр. Бұл туризмнен түсетін табыспен бірдей деген сөз. Ал Франция Италия және АҚШ-пен бірге туристер ең көп баратын елдер­дің үштігіне кіреді. Бұдан да әсерлі деректі көлденең тартар болсақ, Францияның ақпараттық “индустриясынан” түсетін табыс энергетика мен автомобиль жасау сала­ларын қоса алғандағының алдын орайды.

Егер Интернет туралы дербес әңгіме қозғасақ, аталған сала өзінің қазіргі даму қарқынымен және әлеуетімен таңқалдырады. Интернеттің әлемдік кеңістікте табысты әрі аса жылдам дамуының мысалы ретінде “Google” және “Yahoo” іздеу жүйелерін келтірсек те жеткілікті ғой деп ойлаймыз. Өйткені, аталған жүйелер Интернеттің жар­нама таратудағы ерен мүмкіндігін көрсетеді. Мәселен, “Google” мен “Yahoo” 2004 жылы өздерінің жарнамалық қызметтерінен 6,5 миллиард доллар табыс тапқан. Бұл 2003 жылғыдан 4 миллиард долларға көп. Бүгінде ақпаратты Интернет-БАҚ-тарға орналастырудан да пайда мол. Себебі, ол дәстүрлі жарнамалық жүктемелерге қара­ғанда анағұрлым мақсатты және бағдарлы сипатқа ие. Осындай әсерлі мысалдарды назарға ала отырып, еліміз ақпараттық технологиялар саласындағы екпінді жобаларға, атап айтқанда, бүгінгі күні әлемдік рынокта шын мәнінде бәсекеге қабілетті интернет-технологияларды дамытуға ерекше назар аударып отыр. Қазақстанда республикалық ауқымдағы бірнеше провайдер – “Қазақтелеком”, “Nursat”, “ASTEL”, “KazTransCom”, “Транстелеком”, “Арна” (“Ducat”) және “Golden Telecom” қызмет көрсетсе, өңірлерде жергілікті провайдерлер белсенді жұмыс істеуде. Домендер мен сайттардың саны да көңіл қуантарлықтай: қолымызда қазіргі бар деректің өзіне қарағанда, 2005 жылдың қазаны мен 2006 жылдың мамыры аралығында ғана олар 9 мыңнан 12 мыңға дейін көбейген. Елімізде Интернет желісін тұрақты пайдаланушылар қатары қарқынды өсіп келе жатқандығын төмендегі дерек айғақтай түседі: 1997 жыл – 41,1 мың, 1998 жыл – 71,4 мың, 1999 жыл – 93 мың, 2000 жыл – 117,5 мың, 2000 жыл – 200 мың, 2001 жыл – 500 мың және… 2005 жылы 1 миллионнан астам адам! Интернетті пайдаланушылардың осындай ауқымды аудиториясының ішінде Қазақстанның саяси және экономикалық дамуы қызықтыратын азаматтар саны айтарлықтай екені күмән туғызбайды.

 

 

 

2 Қазіргі заманғы интернет технологиялар

 

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Интернеттің білім беру, ғылым т.б. жүйелеріндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Ақпараттық технологиялар  маңызының мысалы ретінде ІТ-дің  Франция индустриясындағы өсу ырғағын келтіруге болады. ХХІ ғасыр шебінде Интернетті пайдаланушылар қатары бес есе артқан болса, ақпараттық технологиялар саласындағы шағын кәсіпорындар саны күрт көбейіп (екі жылда 15 мың), бұл бағытқа құйылған қаржы 1997 жылдан бермен қарай 5 есе ұлғайған. Нәтижесінде ақпараттық технологиялар мен байланыстың қазіргі заманғы құралдары бүгінде Франция ІЖӨ-сінің 5 пайызын құрап отыр. Бұл туризмнен түсетін табыспен бірдей деген сөз. Ал Франция Италия және АҚШ-пен бірге туристер ең көп баратын елдер­дің үштігіне кіреді. Бұдан да әсерлі деректі көлденең тартар болсақ, Францияның ақпараттық “индустриясынан” түсетін табыс энергетика мен автомобиль жасау сала­ларын қоса алғандағының алдын орайды.

Егер интернет туралы дербес әңгіме қозғасақ, аталған сала өзінің қазіргі даму қарқынымен және әлеуетімен таңқалдырады. интернеттің әлемдік кеңістікте табысты әрі аса жылдам дамуының мысалы ретінде «Google» және «Yahoo» іздеу жүйелерін келтірсек те жеткілікті ғой деп ойлаймыз. Өйткені, аталған жүйелер Интернеттің жарнама таратудағы ерен мүмкіндігін көрсетеді. Мәселен, «Google» мен «Yahoo» 2004 жылы өздерінің жарнамалық қызметтерінен 6,5 миллиард доллар табыс тапқан. Бұл 2003 жылғыдан 4 миллиард долларға көп. Бүгінде ақпаратты интернет-БАҚ-тарға орналастырудан да пайда мол. Себебі, ол дәстүрлі жарнамалық жүктемелерге қарағанда анағұрлым мақсатты және бағдарлы сипатқа ие. Осындай әсерлі мысалдарды назарға ала отырып, еліміз ақпараттық технологиялар саласындағы екпінді жобаларға, атап айтқанда, бүгінгі күні әлемдік рынокта шын мәнінде бәсекеге қабілетті интернет-технологияларды дамытуға ерекше назар аударып отыр. Қазақстанда республикалық ауқымдағы бірнеше провайдер – «Қазақтелеком», «Nursat», «ASTEL», «KazTransCom», «Транстелеком», «Арна» («Ducat») және «Golden Telecom» қызмет көрсетсе, өңірлерде жергілікті провайдерлер белсенді жұмыс істеуде. Домендер мен сайттардың саны да көңіл қуантарлықтай: қолымызда қазіргі бар деректің өзіне қарағанда, 2005 жылдың қазаны мен 2006 жылдың мамыры аралығында ғана олар 9 мыңнан 12 мыңға дейін көбейген. Елімізде интернет желісін тұрақты пайдаланушылар қатары қарқынды өсіп келе жатқандығын төмендегі дерек айғақтай түседі: 1997 жыл – 41,1 мың, 1998 жыл – 71,4 мың, 1999 жыл – 93 мың, 2000 жыл – 117,5 мың, 2000 жыл – 200 мың, 2001 жыл – 500 мың және 2005 жылы 1 миллионнан астам адам. Интернетті пайдаланушылардың осындай ауқымды аудиториясының ішінде Қазақстанның саяси және экономикалық дамуы қызықтыратын азаматтар саны айтарлықтай екені күмән туғызбайды. Егер бұрындары мемлекеттік биліктен жауап алу үдерісіне біршама уақыт кететін болса (шенеунікпен жеке әңгімелесу, жазбаша сұрау салу, немесе БАҚ-тарда ашық хат жариялату үшін), бүгінде интернетті пайдаланудың нақты мүмкіндігі туып отыр. Оның үстіне, тіпті дәстүрлі электронды (радио, телевизия) және мерзімді БАҚ-тардың өзі кейбір керекті дүниелерін интернеттің жаһандық желісінен іздеуге мәжбүр. Осымен байланысты қазіргі қазақстандық үшін интернеттің бірте-бірте ақпарат алудың негізгі көзіне айнала бастағаны туралы айтқан орынды. Осы тұрғыдан келгенде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қатысуымен өтетін алғашқы интернет-конференция мемлекеттің интернеттің тұтастай алғанда елімізде дамуына ерекше назарының ғана емес, сондай-ақ әр қазақстандықтың жеке сұраны­сын қанағаттандыруға деген ұмтылысының да нақты көрінісі болып табылады. Мемлекет басшысына өзіңді қызықтырған сұрақты тікелей қойып, оған жауап алу мүмкіндігі шындығында басқа қай кезде және қай жерде пайда болуы ықтимал?

Президенттің қатысуымен болатын интернет-конференция сұрақтарының статистикасы қазірдің өзінде қазақстандықтарды түрлі бағыттағы сауалдар қызық­тыратынын көрсетіп беріп отыр. Олардың көпшілігінің нақты бір адамға ғана емес, ел тұрғындарының басым бөлігіне қатысы бар. Қойылған сұрақтар саны жағынан көшбасшы білім және ғылым саласы болып табылады. Екінші орында тұрғын үй саясаты саласы тұр. Үшінші орын бәсекеге қабілетті экономика мен өнеркәсіптің үлесінде.

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін интернет-конференцияның бір парасы интернет болып табылатын ақпараттық технологиялар жетістігіне қазақстан­дықтардың бұрынғыдан да көп бөлігін үндестіретіні еш күмән туғызбайды. Бұл өз кезегінде біздің қоғамымыздың қазіргі заманғы ырғақты дамып келе жатқан ақпарат әлеміне интеграциялануына қосымша серпін беретіні тағы анық. Өйткені, Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан – ол жаһандағы жаңа ақпараттық мүмкіндіктерді табысты қолданатын ел. Және ол әлемдік кеңістікке өзінің ақпараттық жүгімен ену үстіндегі ел.

Қазақстан халқы әзірше соншалықты көп емес, 17 миллион шамасында ғана. Ал бұл интернетті барынша дамыған елдерде пайдаланатындай деңгейге ұмтылуға итермелейтін тағы бір ұтымды себеп болып табылмақ. Мысал үшін айтсақ, Скандинавия елдерінде тұрғындардың 90%-ға жуығы Интернетті пайдаланады. Мұндай мақсатқа жетуге алғышарттар Қазақ елінде де жоқ емес. Елбасының ақпарат алмасу үшін интернет секілді заманауи тәсілді кеңінен пайдаланатын уақыттың келгеніне өзі бас болып үлгі көрсетуі өзгелерді де осынау прогрессивті жолды таңдауға қадам бастыратыны анық.

Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – интернетте жариялау.

Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, web-дизайн негіздерін білу кез-келген мамандықта қажет болады, өйткені web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн.

Web-сайт бұл дүниенін  кішкентай моделі. Бұрынғы кезде web-сайты бір адам - web-шебер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер. [1] 

Информация о работе Қазіргі заманғы интернет технологиялар