Қазіргі заманғы интернет технологиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 12:56, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Интернеттің білім беру, ғылым т.б. жүйелеріндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Содержание

1. Кіріспе ...........................................................................................................3
2. Қазіргі заманғы интернет технологиялар...................................................5
2.1 Web-дизайнға кіріспе..................................................................................9
2.2 Web-дизайн деген ұғым анықтамасы......................................................10
2.3 Web-сайт құрылымы.................................................................................11
2.4 Web-дизайнның негізгі ережелері...........................................................14
2.5 Web-бет элементтері.................................................................................16
2.6 Web-дизайн технологиялары....................................................................18
3. Қорытынды .................................................................................................20
Қолданылған әдебиеттер................................................................................22

Работа состоит из  1 файл

веб технология.doc

— 174.50 Кб (Скачать документ)

Бұның негізгі белгісі  интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар,  web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, коммерциялық мүмкіндіктері. Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:

1) web-технологиялар;

2) cайт жасау экономикасы;

3) web-дизайн және Web-программалау маркетингісі;

4) адам ресурстары және т.б.

Web-сайт жасақтау жұмысын  бірнеше кезеңден турады:

1) жоспарлау;

2) элементтерді жасақтау;

3) бағдарламау;

4) тестілеу;

5) жариялау;

6) жарнамалау;

7) бақылау.

Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:

1) сайттың орны;

2)сайттың аудиториясы  кімдер;

3) қандай ақпарат жарияланады;

4) қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.

Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:

1) навигациялық құрылымын жасау;

2) беттің дизайнын жасау;

3) бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу;

Бағдарламау. Бұл кезеңдің мәні сайтты форматтауда.

Тестілеу. Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:

1) сілтеменің жұмысы;

2) мәтіндегі қателер;

3) навигацияның тиімділігі.

4) пошта және басқа формалардың дұрыстығы;

5) графикалық файлдардың ашылуы;

6) әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.

Жариялау. Тест аяқталғандан кейін web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.

Жарнамалау. web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:

1) web-cайт адресін әр түрлі  баспаларға жазу керек;

2) web-сайтты әр түрлі серверлерде  тіркеу;

3) web-cайтқа сілтемелерді басқа  Web-сайттарқа кіргізу;

4) баннерлерді жарнама ретінде  қолдану.

Бақылау. Web-сайтта жариялап жарнамалаған соң, оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады.  Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 Web-дизайнға кіріспе

 

Күніне мыңдаған пайдаланушалары  бар жаһандық ақпараттық порталдан  бастап, айына бірнеше ғана тұтынушылары бар қарапайым үй беті (домашняя страница), дүниежүзілік торда жарияланған  кез-келген ресурс – бұл негізінен инженерлік-дизайнерлік құрылым болып табылатын шығармашылық туынды.  Осындай туындыны қалыптасыру үрдісі web-дизайн деген атқа ие. Web-дизайн — бұл асқан шеберлікпен орындалған шығарма. Web-дизайн шығармашылық туындысы арқылы әр адам өзінің барлық шығармашылық  қабілеттерін баршаға көрсете алады, өйткені бұнда сіздің еңбегіңіздің нәтижесі сіз және сіздің интернет бетіңіздің күнделікті пайдаланушылары болып табылады. Интернеттегі сайттарды дайындау барысында мазмұндық, көлемдік, көркемдеу жағынан шектелмейді. Дүниежүзілік торда web-ресурсты дайындаудың және жариялаудың себептері сан алуан болуы мүмкін. Егер бұл қарапайым ақпараттық парақша болса, web-шебер үшін бұл жердегі негізгі фактор әлемдік торда басқа адамдарға қажетті ақпаратты жариялау болып табылады.  Кей-кездері өрмекші тор мысалға әдеби туындыларды, суреттерді, музыка және ғылыми зерттеу жұмыстарын тарату құралы ретінде қолданылуы мүмкін. Осы арқылы интернет беттегі жарияланым авторы өз туындыларының оқырмандарын, суреттерінің көрермендері мен әндерінің тыңдаушыларын тауып, өз еңбегінің арқасында қаржы таба алады. Тұтынушыларына белгілі бір тақырып туралы ақпарат беретін коммерциялық емес сайттар қандай ресурс болмасын, танымдық, көңіл-көтеру порталы, музыкалық сайт немесе жоба т.б төңірегінде жұмыстар атқара алады. Кей кездері коммерциялық емес сайттың қожайынының таза тәжірибелік қызығушылықтарымен қатар, ол желілік электронды ақпарат көзінің күнделікті мыңдаған пайдаланушыларының әртүрлі қажеттіліктерімен санасу керек. Алайда, web-дизайн интернет-технологиялардың жас әрі жаңа ғана дамып келе жатқан саласы екенін ұмытпаған жөн, және де бұл сала қызметкерлерінің жұмысы жоғары бағаланады. Кіші және орташа бизнестің бірі ретінде бүгінгі таңда интернет перспективті ақша табу көзіне айналып отыр. Әрине, нарықтық замандағы Web-дизайнерлер мен бағдарламашыларға деген үлкен сұраныс пайда болды. Коммерциялық интернет-жобалар қаржылық табысқа жету мақсатында жасалынып, қаржы жанама және тура түрде берілуі мүмкін. «Бүкіләлемдік өрмекші торындағы» ақпараттық тасқынды реттеу мүмкін емес. Қазақстандағы интернет тұтынушылардың саны көбейген сайын ақпараттық арандатуға байланысты дау-дамайлардың да шеті шыға бастады. Web-ресурс қызметкерлерінің күшімен жасалған сайт көмегімен қаржы тауып жатқан жарнамалық компаниялардың саны жеткілікті. Бұлар: өздерінің интернет-беттерінде жарнамалық кеңістікті сататын іздеу машиналары немесе ақпараттық порталдар; on-line режимінде белгілі бір тауарға тапсырыс беру қажеттілігін өтейтін интернет-дүкендер ; система интерактивті аукциондар жүйелері мен виртуалды жарнамалық агенттіктер.

 

2.2 Web-дизайн ұғымының  анықтамасы

 

 

Интернет-жобалар өздерінің  қызметтері мен қасиеттеріне байланысты сайттар, визиткалар, промакциялар, электрондық  дүкендер, ақпараттық сайттар, корпоротивті өкілдер, портал, өндірісті басқару жүйесі болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Визитка – компания және оның көрсететін қызметі жайлы ақпарат беретін қысқа, тиімді, локальды сайт. Промоушн-сайт – жеке алынған тауарға жасалатын жарнамалық сайт. Электронды дүкен – интернет арқылы тауар сатуға, қызмет көрсетуге арналған сайт. Ақпараттық сайт – кейбір пәндер аумағын қамтиды. Сәйкесінше, мұнда түрлі авторлардың көптеген мақалалары бар, бұдан басқа сауалнама жүргізу, дауыс беру сияқты қызметтер көрсетіледі. Корпоротивті өкілеттік – компания қызметін автоматизациялау. Оның құрамында электронды дүкен, тапсырыс жүйесі, корпоративті сервис, құжаттар мен электронды алмасу, онлайн режимінде сөйлесі, т.б кіреді. Портал – интернет бірлестіктердің құрылуына арналған ірі веб-ресурс. Портал көптеген түрлі сервистерді біріктіруі мүмкін, клиенттерге тауар, сатып алу мүмкіндігін беретін, ал іскерлестеріне – ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етеді. Кәсіпорынды басқару жүйесі – кәсіпорынды корпоративтік ақпараттық басқару жүйе сайты. Жоғарыда көрсетілнен визиткадан басқару жүйесіне дейінгілер веб-басылымдарға барлық жағдайларға қатысты екендігі түсінікті. Ал перезнтациялық, маркетингтік, басқарушылықтан басқа веб-басылым ақпаратты – коммуникативтік функцияны орындауы тиіс. Сондықтан да басылымның түпнұсқасы визитка немесе промоушн-сайт секілді қаралуы түсінікті, бірақ БАҚ сияқты емес. Себебі тек презентация немесе басылым жарнамасы қызметін атқарады, ал өзі басылым болып саналмайды. Интернет БАҚ-тарда тек қана веб-журналистер жұмыс істемейтіні белгілі, интернет қызметкерлері ретінде веб-дизайнерлерді де алған жөн. Қандай да жарнама құралы болмасын, олардың ішіндегі көп пайдаланушылар мен тапсырыс берушілердің көп санын өзіне тартатыны w eb-сайт болып табылады.  Web-ресурс қызметкерлерінің күшімен жасалған сайт көмегімен қаржы тауып жатқан жарнамалық компаниялардың саны жеткілікті. Бұлар: өздерінің интернет-беттерінде жарнамалық кеңістікті сататын іздеу машиналары немесе ақпараттық порталдар; on-line режимінде белгілі бір тауарға тапсырыс беру қажеттілігін өтейтін интернет-дүкендер ; система интерактивті аукциондар жүйелері мен виртуалды жарнамалық агенттік . Коммерциялық жобаны жасау, әрине,  уақыт пен ерең еңбекті талап етеді. Web-шеберге жаңа жоба асау барысында жұмыс орыны мен жеке компьютерімен қатар оған белгілі бір бағдарламалық қамсыздандыру қажет. Интернет-жоба жасау үшін қажетті бағдарламалыр тізбегі төменде көрсетілген. Яғни толыққанда Web-дизайнер жұмысына Windows 9X басқармасымен орындалатын келесідегілер қажет:

1) құжат өңдеу құралы, HTML —WYSIWYG редактор деп аталады, 98, 2000 жылғы  Microsoft FrontPage бағдарламасы, немесе FrontPage Express;

2) векторлы графика  редакторы CorelDraw бағдарламасы;

3) суретті графика редакторы  - Adobe Photoshop;

4) Microsoft Internet Explorer браузеры;

5) Netscape Navigator браузеры, 4.01 версиялы; 

6) кириллицаны қайта кодтау бағдарламалары - ConvHTML және SNKDECode;

7) HTML оптимизаторы - 1.5 немесе одан  жоғары версиялы UtilMind HTML Compressor бағдарламасы;

8) GIF суреттері - Gif-Clean 32 бағдарламасы;

9) JPEG суреттері оптимизаторы - JPEGCleaner 2.1 немесе одан жоғары версиялы  бағдарламасы;

10) GIF анимациялар редакторы - Ulead GifAnimator бағдарламасы;

11) графика фрагментаторы – PictureDiser бағдарламасы;

12) FTP-клиент -  CuteFTP бағдарламасы.

Осы бағдарламалардың көбін  еркін түрде интернет беттерінен freeware және shareware версиыларымен тауып алуға болады.

 

 

2.3 Web-сайт құрылымы

 

Бұл бөлімде web беттерге графиканы орналыстыруға тоқталамыз. Web дизайнерлер графика мәселесіне келгенде екі топқа бөлінеді. Бірінші топ графикасыз Web сайт ол сайт емес деп ойласа, екінші топ керісінше Web сайттарға суреттің қажеті жоқ деп санайды, себебі олар кейбір модемдердің және жүйелердің күші жетпейтіндігін ескеріп отыр. Дегенмен де сайтқа графиканы қолдану мүмкіндік бар және соны тиімді пайдалану керек. Ол үшін бізге <IMG> тегі  src атрибутымен көмектеседі. Суретті сайтқа орналастыру үшін src атрибутына суреттің толық жолын көрсету керек, мысалы, rose.jpg суретi С дискісінің My img  папкасына орналасқан болса, онда төмендегі тег жазылады: <IMG src=c:/my img/rose.jpg> width және heigth  атрибуттармен суреттің көлемін өзгертуге болады, биіктігі және ені. alt атрибутымен суретке қосымша мәтін түрде қосымша мәлімет шығаруға болады. <IMG src=c:/my img/rose.jpg width=50% height=30% alt=менің суретім>

Web графика туралы айтқанда  төмендегі атрибуттарды ұмытпау  керек: background – бұл атрибут сайтқа  суретті фон ретінде орналыстырады, bgcolor – фонға түс береді.

Сілтеме. HTML-дің негізгі қасиеті ретінде оның басқа құжаттарға сілтеме жасау мімкіндігі айтуға болады. HTML құжатынан алысқа орналасқан компьютерге, құжаттың ішіндегі белгілі бір орынға, HTML құжатына, басқа бір сайтқа сілтеме орнатуға болады. Сілтемені ұйымдастыру үшін <A href> тегі қолданылады.

Мысалы, <A href=penjim.narod.ru> Пенжим сайтына сілтеме </a>. Бұл мысалда біз www.penjim.narod.ru сайтына сілтеме жасадық. Сілтеме мәтін түрде және сурет (кнопка) түрде болуы мүмкін. Сурет түрде орнату үшін <A> </a> тегтерінің ортасына суретті <IMG> тегімен орнату керек.

HTML-де кесте жасау. Web-құжатының негiзгi бөлiктерiнiң бiрi - кесте. Ол тiктөртбұрыш бағаналар мен көлденең орналасқан жолдардан тұратын торлар жиыны түрiнде қарастырылады.  Жол мен бағанның қиылысы ұяшық деп аталады. Бiр ұяшықта мәтiн, сурет немесе басқа бiр шағын кесте орналаса алады. Кесте келесi бөлiктерден тұрады:

1) кесте тақырыбы;

2) бағаналар тақырыптары;

3) ұяшықтар.

Кесте жолдар тiзбегi бойынша бiртiндеп толтырылады (солдан оңға қарай жол  соңына дейiн, сонан соң келесi жолға  көшу). Әрбiр ұяшыққа мәлiметтер енгiзiледi. Бұл ұяшықты жасау үшiн бос орын таңбалары енгiзiлуi тиiс.

Программалық жабдықтау. HTML-құжаттарды жасақтау және өңдеу үшін кез-келген қарапайым мәтіндік редактор жеткілікті, мысалы Блокнот. Көп дизайнерлердің ойы бойынша таза сілтемелер тілін қолмен жазған дұрыс. Бірақ көп уақытта қолмен жазған қолданылмайды.  Себебі қолмен жазған автордан көп білімді және практикалық тәжірибені талап етеді.

Практикады әдетте web-сайт жасау HTML редакторларды пайдаланады. Оларды екі топқа бөледі.

Бірінші үлкен топтың web-сайт жасау программалары HTML-тілінің негізінде жұмыс істейді. Осындай программалар орта және үлкен сайттарды даярлау уақытын қысқартады және даярлау кезеңінің тиімділігін көтереді. Арнайы HTML-редакторлердің жұмысты жеңілділетін және тездететін қосымша мүмкіндіктері көп. Бұл топқа осындай программалар кіреді:HTML генератор 1.3, Magic HTML Studio 2.0, Macromedia Dreamweaver.

Екінші үлкен топқа WYSIWYG (ағылшын тілінен “what you see is what you get” - не көрсең соны аласың) редакторлері кіреді. Бұл программаларды тағыда визуалды редакторлар деп айтады.

Осындай программалар графикалық интерфеске ие. Бұл прораммалардың бастапқы мақсаты дизайнерді HTML  тегтерінен босату болған. Казірге замандағы визуалді HTML-редакторлар дизайнерді көптеген әрекеттерде басатады. Осындай артықшылықтарына қарамастан кемшілігі бар – олар таза HTML кодын жасамайды, оған артық және «фирменный» тегтерді қосады. Көріп отырсыздар, WYSIWYG редакторларды қолданы HTML тегтерін қолмен жазуды құтқармайды, демек, web-сайттарын жасау үшін HTML тілінің кем дегенде негізін білу керек. Мысалға Оңтүстік Қазақстан облысы web-сайтының www.ontustik.gov.kz құрылымы мен дизайндық технологиялық сипаттамасын келтірейік.

Оңтүстік Қазақстан  облысы web-сайты www.ontustik.gov.kz келесі құрылымдардан және толықтырулардан тұрады.

Сайттың негізгі сегменттері:

1) бас бет;

2) жаңалықтар мұрағаты;

3) галерея;

4) мемлекеттік символдар;

5) дағдарысқа қарсы іс-шаралар.

Информация о работе Қазіргі заманғы интернет технологиялар