Ғылым мен бастауыш білім берудің қазіргі заманғы проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 20:41, лекция

Описание

Ғылым дамуының басты шарты – жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу əдістеріне тəуелді келеді. Әдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында əдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.

Содержание

1. Ғылымның дамуы заңдылық ретінде;
2. Педагогика ғылымы салаларының көптүрлілігі мен жіктелуі туралы жалпы түсінік;
3. Педагогика ғылымының әдіснамалық негіздері;
4. Ғылыми-педагогикалық әдіснамалық тұғырлар.

Работа состоит из  1 файл

Пелагогика.doc

— 150.50 Кб (Скачать документ)

Әдіснамалық белгілеріне  қарай педагогика тарихы әдіснамалық деңгейі бойынша жеке ғылымилық тұрғысынан педагогика ғылымы дейміз; пәндік мазмұны жағынан педагогика тарихы білімдерін жинақтаса, педагогикалық пәндер жүйесінде педагогика тарихы (пәні, оның міндеттері, ерекшеліктері) сипатына қарай танымдық құралдар мен практикалық әдіс-тәсілдерін, қазақ педагогика тарихының ұғымдық құрылымын анықтаумен қатар басқа ғылымдардың (этнология, этнопсихология, фольклор, мәдениет теориялары, т.б.) жетістіктерін, амалдарын зерттеу жұмыстарында пайдаланады.   

Педагогика тарихының  әдіснамалық негізі философиялық диалектика, ол ғылыми әдіснама ретінде жеке тұлға  және таным теорияларының қалыптасып дамуына негіз болып, шындықты бейнелеудің  басты жолдарын анықтайды. Яғни, жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуында, оған сан-салалы әлеуметтік байланыстар жиынтығының ықпалды әсер етуінен, бір жағынан, әрбір адам қоғамдық қарым-қатынастардың жемісі болса, екінші жағынан, қоғамдық дамытуда өзіндік үлес қосатын жеке тұлға болып қалыптасады.

Қоғамның тарихи әлеуметтік-мәдени дамуында жеке тұлғаның жан-жақты қалыптастырудағы басты философиялық қағидалар бар. Олар: бүкіл адамзат қоғамының даму тарихында, ғылыми-зерттеу жұмыстары дәлелдегендей, адам және оны тәрбиелеудің мәселелері өзектілігімен (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.В.Эльконин, С.Жақыпов, т.б.) анықталады: философиялық, тарихи, әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық ғылыми зерттеулерді ретроспективті талдау жасау нәтижесінде, адамның тұлғалық құрылымында ерекше орын алатын басты қасиет: адамның өзін-өзі тануы, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы және олармен рухани-адамгершілікті байланыстар (Ж.Әбділдин, В.Г.Афанасьев, Г.С.Батышев, Ә.Нысанбаев т.б.) жасайды: әрбір тарихи әлеуметтік-мәдени орта жағдайында адамның мораль тұрғысынан қалыптасуына өзі өмір сүріп отырған қоғамның және әлеуметтік ортаның, шағын ортаның (отбасы, мектеп, жора-жолдастары, т.б.) тәрбиелік ықпалы (Б.Т.Ананьев, В.Н.Мясищев, Б.Ф.Ломов, М.Мұқанов, т.б.) зор.

 

Бастауыш білім  берудің методологиясы мақсат-міндеттері, әдіснамасы, тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері

 

Сонымен ғылымның әдіснамасы – бұл қағидалар, қорытындылар, ұстанымдар, танымдық әдістер арқылы әр жақты  жағдайлар тоғысында шындықты бейнелеу ақиқатын зерделеп түсіндіретін ілім. Ал, педагогика тарихы әдіснамасы әр тарихи дәуірдегі педагогикалық білім мен тәрбиені,  ойлар мен идеяларды талдап жүйелеу, оларды ұғындыру технологиясы (тұжырымдар жасау) арқылы педагогикалық үрдіске өзгерістер енгізу немесе жетілдіру мақсатында пайдаланатын педагогика ғылымының бір саласы.

Педагогика тарихы әдіснамасы төмендегідей жүйелі құрылымнан тұрады:

- тарихи-педагогикалық  білім құрылымы мен қызметтері  жайлы ілім;

- педагогикалық идеялар,  ой-пікірлер, іс-тәжірибелер, үлгілер,  негізгі педагогикалық қағидалар  (идея, теория, тұжырымдама, болжамдар);

- тарихи-педагогикалық  білім мен тәрбиені өңдеп жетілдіру  арқылы педагогикалық үрдіске  ендіру туралы ілім. 

Осындай үлгіні (модель) психологиялық, педагогикалық ғылымдарда және олардың салалары мен басқа  ғылымдардың байланысында қолданылуымен  қатар тарихи-педагогикалық, психологиялық және педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары да жалпы ғылыми ұстанымдарға негізделіп жүргізіледі. Ғылыми зерттеу ұстанымдары мен оларға қойылатын талаптар әдіснамалық білімде ерекше орын алады. Өйткені, олар тарихи-педагогикалық білімді, теория мен практиканы біріктіріп білім беру мекемелеріне ғылыми негізделген бағдар береді.

4. Қандай бір ғылыми  жұмыстары болмасын, олардың тіректі  ұстанымдар қатарына жататын  ең басты, негізгі әдіснамалық  ұстаным – жүйелік амал. Сондықтан жүйелік амалы жалпы ғылыми-әдіснамалық зерттеудің бір құралы ретінде оқу-тәрбие үрдісінің және бір-бірімен байланысты құбылыстарды жүйелі зерттеуге өзіндік сапалылығымен сипатталатын ғылыми амал. Жүйелік амалдың мәні төменде көрсетілген қағидаларда айқындалып, жүйелі объектілердің сапасын және оны жетілдіру жолдарын анықтауға көмектеседі. Олар:

- сыртқы ортаға байланысты  жүйенің тұтастығы және оны  ортамен бірлікте зерттеу. Мысалы, білім берудің мәселесін жүйелік  амалы арқылы зерттегенде, бұл  тақырыпты еліміздегі әлеуметтік және экономикалық даму үрдісімен және қоғамның сұранысына орай ұштастыра зерттейміз;

- тұтас педагогикалық  үрдісті бөлшектеп элементтерге  бөлу, өйткені, элементтердің сапалық  қасиеттері белгілі бір жүйеге  жатуына байланысты. Ал, жүйенің сапалық қасиеті, оның элементтерінің өзара байланысындағы нәтижелері кейде бір-бірімен ұштаспай жатуы мүмкін;

- барлық жүйенің элементтері  бір-бірімен өзара байланыста  болғанымен, олардың ішінен ең  басты анықтаушы жүйе құрушы  элементін іріктеп алу керек;

- элементтердің жиынтығы  объект жүйесінің құрылымы мен  ұйымдастыру технологиясы жайлы  түсініктер аламыз;

- жүйе элементтерінің  бір-бірімен байланыстарын арнайы  реттеу және олардың өзгерістерін  басқару (мақсат қою, құралдарды  таңдау, бақылау және түзету, қорытындысын талдау) қажет.

Жалпы ғылыми ұстанымдардың  бірі – зерттеудің тұжырымдамалық бірлік ұстанымы дейміз. Зерттеуші  оған ғылыми тұжырымдамасын жасап немесе басқа зерттеушінің тұжырымдамалық идеясына негіздеп, ізденіс жүргізер алдында оны қорғау, зерттеу барысында алдына қойған мақсат, міндеттерін ғылыми болжамын анықтап, ғылыми ізденісін жүргізсе, нақты ғылыми жетістерге жетуге болады. Ол үшін алғашқы ғылыми болжамын тексеріп, дамытып, қажет болса іздену жұмысына түзетулер енгізіп, тұжырымдамасын жетілдіреді. Әлеуметтік-педагогикалық үрдістердің ішкі және сыртқы факторларының қызметтері мен дамуы, олардың элементтері мен қарым-қатынастары жүйелік тұрғыдан зерттелуі тиіс.

Жоғарыда аталған әдіснамалық  ұстанымдарының ішіндегі зерттеу амалдарының  ең бастысы - ақиқаттылық ұстаным, зерттеу объектісі жайлы шындықты бейнелеу, оның әрбір құбылысына ықпал жасаған, дамытқан факторларды, шарттарды есепке алып зерттегенде, зерттеу құралдары мен тәсілдерді дұрыс қолданып, жиналған фактілерді бағалай білу, қорытындысын шығаруда ақиқатты ұғым-түсініктер жасауға мүмкіндіктер туғызады.

Әрине, ақиқатты тану ұстанымы зерттеу жұмысының алғашқы болжамын, қисынын және оның қорытындысына  дәлелді талап қоятын болғандықтан фактілерді іріктеп жүйелеуде, оларды талдаудан жасалған қорытындысын ғылыми айналымға түсетін болғандықтан ақиқат шындық тұрғысынан қарастырылуы тиіс.

Ғылыми ізденістердің  объектісін баламалық ұстаным тұрғысынан қарастырғанда және оған дәлелді  талап қойғанымызда тарихи-педагогикалық  материалдарды немесе педагогикалық үрдісті талдағанда, күрделі педагогикалық мәселелердің шешімін табуда әртүрлі көзқарастар айтылады. Ондай көзқарастардың бірі дұрыс болуы мүмкін немесе оған қарама-қарсы пікірлер айтылып жатады. Бұл жағдайда баламалықтың мәні туындаған мәселенің шешімін іздестіргенде және объектінің жұмысын ұтымды ұйымдастырғанда алға қойған мақсаттың нәтижелі орындалып, соның негізінде нақты жетістіктерге жеткен көлемін анықтауда көмегін тигізеді.

Бұл қарастырылған ұстанымға  жақын әдіснамалық ұстаным –  мәндік талдау ұстанымы. Әрбір қарастырылатын құбылыстардың жалпылығы, ерекшелілігі және жалқылығын анықтап, объектінің ішкі құрылымына, атқаратын қызметі мен өсу-өрбу заңдылықтарына, шарттары мен даму факторларына талдау жүргізіліп, олардың мақсатты түрде өзгерістерге түсу мүмкіндіктері де зерделенеді. Бұл ұстаным зерттеу қисынын қарапайым қағазға түсіруден бастап, жан-жақты ұғындыруға, одан педагогикалық құбылыс пен үрдістің болжамды түрде дамуына дейінгі кезеңді қарастырады. Сондықтан педагогикалық жүйені тұтас алғанда, оның зерттелетін элементтерінің дамуын, үздіксіз өзгеріске түсіп тұратындығын есепке алу, оған қойылатын талаптың бірі деп санаймыз. Себебі, көптеген элементтердің қызметі жүйенің даму үрдісінде өзгеріске ұшырасса, кейбір элементтері қарама-қайшы күйге түсуі мүмкін.

Тарихи-педагогикалық  және психологиялық-педагогикалық  зерттеулерде генетикалық ұстанымды  ескеру керектігін тәжірибе көрсетуде. Бұл ұстанымның мәні – педагогикалық  фактілер мен құбылыстарды зерттегенде, олардың пайда болуын, одан кейінгі дамуын, әрбір саяси-экономикалық жағдайларда білім беру үрдісінің бір деңгейден келесі деңгейге ауысуы (сапалы жағынан) жан-жақты қарастырылады.

Келесі бір ұстаным - қисындылық және тарихи бірлік ұстанымы, ол әрбір зерттеу жұмыстарында объектінің тарихын (генетикалық аспект) және теориясын (құрылымы, қызметі, объектінің қазіргі жағдайы) және оның даму болашағын бірлікте зерттейді. Ғылыми жұмыста тарихи талдаудың қажеттілігі, оның объект құрылымы мен қызметін талдаудан белгілі-бір ғылыми тұжырымдама жасау үшін қажет. Ал, теориялық талдау объектінің генезисін (пайда болуы, қалыптасуы) қарастырмай ақиқатқа жету мүмкін емес. Сондықтан тарихи-педагогикалық және ғылыми-теориялық зерттеулердің бір-бірінен айырмашылығы зерттеушінің ғылыми болжамына байланысты болмақ. Қарастырып отырған ұстанымнан шығатын талап, зерттеудің сабақтастығы, жинақталған тәжірибе, дәстүр, ғылыми жетістіктер, бұрынғы зерттеу объектілерінің генезисін тарихи-педагогикалық тұрғыдан талдаудан шығады.

Білім беру жүйесіне тұтастық амал тұрғысынан қарап, тұтастық ұстанымына негізделген ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізгенде педагогикалық үрдістің кей жақтарын, элементтерін, қарым-қатынастарын бөлшектеп қарастырғанда өте сақтықпен қарау қажет екендігін практика көрсетуде. Өйткені, педагогика тарихын және білім беру жүйесін тұтастық амал тұрғысынан зерттегенде ерекше назар аудару керек. Себебі, тұтас педагогикалық үрдісті, оның кейбір жақтарын, элементтерін, қарым-қатынастарын бөліп алып арнайы зерттегендегі алған нәтижені, әр уақытта тұтас үрдісті ұйымдастырып жүргізу барысымен және қорытынды нәтижесімен салыстырылып отырылады.

Оқушылар бір-бірімен рухани-адамгершілік қарым-қатынастарда болып, бір-біріне өзара ықпалдар жасағанымен әлеуметтік ортаның жеке тұлғаларды қалыптастырудағы ықпалы үстемдік алады. Оқушының дүниетанымын, бағыт-бағдарын, қажеттілігін, ынта-ықыласын, мұратын, талпыныс-тілегін қалыптастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ғылым мен бастауыш білім берудің қазіргі заманғы проблемалары