Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының қалыптастырудың әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 11:38, курсовая работа

Описание

Тақырыптың көкейкестілігі: Дәл қазіргі кезге білімнің кең көлемді қоры жиылған бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.

Содержание

Кіріспе……………………………….........……………………………..........3 - 10
I - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері...........................11-35
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу - танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселелерінің зерттеу жағдайы...................................…......11 - 19
1.2. Бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мағынасы............................................20 - 24
ІІ-тарау. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының қалыптастырудың әдістемесі....................................................…...........................................….36 - 50
2.2. Бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру формалары, құралдары, әдістері оларды жетілдіру жолдары........................................................................
ІІІ. Қорытынды…………………………....……….………....…………....51-52
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер…………………………….....…………53 - 54

Работа состоит из  1 файл

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін қалыпт.doc

— 786.60 Кб (Скачать документ)

    Балалардың танымдық  қызығушылылығын арттырудың негізі, олардың жемісті іс-әрекеттерді (сурет жапсыру, құрастыру, мүсіндер жасау) орындауына байланысты.

     1) Балалардың сабаққа, оқу материалына, танымдық іс-ерекетке қызығушылығын белсендіру үшін сабаққа жаңалық және қызықтылық енгізу; балалардың өздерінін жеңуге шамасы жететіндей, оқушының білім дәрежесіне, ерекшелігіне сәйкес келетін қиындықтар, кедергілер жасау, өз бетінше орындайтын әр-түрлі жұмыстар, дидактикалық қызықты ойындар ұйымдастыру; өз еңбегінің куанышын сезуге мүмкіндік жасау сияқты тәсілдерді пайдалану;

    2) Сабақ мазмұнының ғылыми дәрежесіне сәйкестігі, өмірмен, қоғаммен, табиғат құбыластарымен байланыстылығы, сабақ мазмұнының балалардың күш-жігерін, ақыл-ой белсенділігін талал ету;

    3) Ізденушілік, ойландырарлық ахуал жасау;

    4)  Балалардың шамасы жететіндей қиындық деңгейінде оқыту;

    5) Мәселе -- ізденушілік әдістері, дидактикалық ойындар, жаттығулар, танымдық есептерді шешуді, әңгіме әдісін пайдалану, тәжірибелерге зерттеушілік сипат беру.

    Мұндағы негізгі мақсат -- балалардың ойлау қызметіне, танымдық белсенділігіне, олардың дүниетанымын қалыптастыруға жол салу. Балалардың дүниетанымын қалыптастыруда оқытудың сөздік, көрнекілік, практикалық окыту әдістерінің барлығы да қызмет етуі тиіс, оқушы мен ұстаздың ақиқатты ізденуші күйіне немесе дербес ізденуші дәрежесіне жеткізетіндей, үйіріп әкететіндей жағдай тудырып отыру қажет. Ол үшін ұстаз балалардың үнемі табиғат аясында, қоршаған ортамен тілдесіп жол ашып отыру қажет. Бала үнемі табиғат құбылыстарын бақылай отырып, ата-анасына, үлкендерге танымдық сұрақтар қояды. Мысалы, қар қалай пайда бо-лады? Неге алақанда ериді? Жапырақтар неге түседі? Жаңбыр қайдан пайда болады? Алма ағашы неге көктемде ғана гүлдейді? Неге барлық ағаштар жеміс салмайды? Шыбын-шіркейлер қайда қыстайды? т.б.

    Балалардың мұндай сұрақтарына жауап беру әрбір ата-ананың, ұстаздардың міндеті, тек жауап беру ғана емес, қоршаған ортаны таныту, баланың дүниетанымын кеңейту. Бұл жолда ұстаздарға оқытудың негізгі түрін басшылыққа алу қажет. Мысалы:

    Сабақ -- балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі түрі. Сабақта табиғат құбылыстары мен заттар туралы жазылған әңгімелер, өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, т.б. Көркем шығарма туындылары, түр- түсті суреттер, диафильмдер, көрнекі құралдар кеңінен пайдаланылады.

    Саяхат -- сабақ түрі, жұмыстың бұл түрінде балалар табиғатпен шынайы түрде танысады. Саяхат кезінде балалардың таза ауада болуы  далада хош иісті, көз тартар әдемі  гүлдер арасында қыдыру -- терең  ой ширақ қозғалыс, көтеріңкі көңіл күй тудырып, оларды жан-жақты үйлесімді етіп тәрбиелеуге ықпал етеді.

    Оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары

     Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың бенсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді.

     К.Д.Ушинский оқушыларды сабаққа тарта білу, олардың оқуға қызығушылығын арттырып, білімге қүмарту керектігіне баса көңіл бөлді. Оның пайымдауынша, қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды.

     Неміс педагогі И.Ф.Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр сала-дағы қызығушылықты алған. Адамдағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екенін айтқан. Біздің бақылауымыз да осыны көрсетті.

     Жас бала не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақ-сы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан, әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру қажет. Қазіргі сабақтың түрлері сайыс-жарыс сабағы, концерт, аукцион, кіріктіру сабағы т.б. өз нәтижесін беріп жүр. Әсіресе, халықтық педагогиканы пайдаланып, ата-бабаларымыздың жақсы дәстүрін шәкірттердің бойына дарыту мақсатында халық ауыз әдебиетін пайдалануға болады. Қазақ халқының мейірімділігі, кеңпейілділі сыпайылығы, көпшілдігі, сөзге беріктігі туралы әңгімелеу арқылы осы қасиеттерді шәкірт бойына сіңіру, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, әдептілікті биік ұстау сияқты әдет-ғұрыпты үйретуге болады.

     Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта проблемалы жағдай туғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының ойлау қабілеті нығайып, кез келген проблеманы шешуге үйренеді.

     Ұлы неміс педагогы А.Дистервергтің-әйгілі "Неміс мұғалімдерінің білім беру ісін басшылық" атты еңбегінде: "Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді", - деген. Ал, ойлауға үйрететін сабақты дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Бұл сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы болғандықтан, оқушының шығармашылығын арттыруды. Дамыта оқудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесі 3 негізгі құраушыдан (оқу мақсаттарының қойылуы, оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы, шешімнің дұрыстығын дәлелдеуі) тұрады. Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады.

     Біз елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты "Сорос-Қазақстан" қоры арқылы келген сын түрғысынан ойлауды дамыту технологиясының оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс т.б.  кезеңдерінен түзеледі. Бағдарламаны" "Бес жолды өлең", "Венн көрсетуі", "Еркін жазу", "Жұпта талқылау" т.б. әдістері бар. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту оқушының танымдылық белсінділігін, сабаққа қызығушылығын арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етіп, сабақтардың қызықты, жеңіл өтетіндігін, оқушыларды ұжыммен бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын байқауға болады.

Оқушылардың танымдық процестерін психологиялық зерттеудің

кейбір әдістері

     Баланың жадын (ес) зерттеу.

     Мұнда жеке баланы немесе сынып оқушыларын топтарға бөле отырып зерттеу жүргізуге болады. Екі жағдайда бала және сынып оқушылары мұғалімді мұқият тыңдап, естігенін, көргенін, сезгенін есте сақтауға бағытталуы тиіс. Сонда ғана зерттеу нәтижелі болады. Мұғалім зерттеу жұмысын түрлендіру арқылы өзіне толық бағындырып отыруы тиіс.

     Көріп есте сақтау

     Бұл жұмысты сынып оқушыларының барлығына бірдей болатындай тақтаға жазу арқылы жүргіземін.

     Салауат, заңғар, Көкше, Жымпиты, қарсақ, зілзала, сауысқан, желдеткіш, шаңсорғыш, кетіргіш, атамұра, руна.

     Жазылған сөздерді 2 минут іштей оқып, тақта сүртіледі. Оқушылар бұрынғы жазылған қағазға есте қалғанын жазып шығады.

Таблицада көрсетілген сандарды көріп есте сақтау

18 43 36 72 13 14 3
27 86 93 12 31 67 54
2 21 74 52 13 82 17
15 97 16 64 78 11 8
 

     Таблица 3 түрлі түспен боялып жазылады. Осыған байланысты таблицаны 5 минут оқып болғаннан кейін, оны тақтадан алып, "қызыл" түс "Сұңқар" тобына, "көк" түс "Тұлпар" тобына, "сары" түс "Қаршыға" тобына жазуға тапсырылады.

     Елестетіп сезіну арқылы есте сақтау

     Зерттеудің бұл түрінде сыныптағы барлық оқушы бірігіп, жеңілден ауырға, қарапайымнан күрделіге қарай бағыттан, әр түрлі қимылдар арқылы жүргізіледі. Жүргізуші алдымен цифрларды (1,4,9), геометриялық фигураларды, әріптерді (А,Ұ,С), ауада қолмен жазу арқылы көрсетеді, балалар өз елес, сезімдерін қағазға түсіріп отырады.

     Оқушының жас ерекшелігіне қарай, тапсырма күрделенеді, цифрлар (124, 152, 147), фигуралар, әріп сөзге ауысады (Ашу, Ұзақ, Сонар).

     Жедел есте сақтау

     Зерттеудің бұл түрінде жеке оқушымен, сыныппен немесе топтарға бөлу арқылы жүргізуге болады. Зерттеу жас ерекшеліктеріне байланысты қарапайымнан күрделіге қарай жүргізіледі. Балаларға 7-8 суреттен тұратын топтаманы көрсетіп, 2 минуттан кейін жинап, рет-ретімен қағазға көргендеріндей атын жазу тапсырылады.

     3 қатарға жазылған сандар асықпай ретімен оқылып, сол ретпен жатқа жазу тапсырылады.

     1-қатар: 83, 6, 17, 24, 43, 60.

     2-қатар: 42, 21, 72, 9, 65.

     3- қатар: 36, 15, 27, 3, 86.

     Жүргізуші жеке оқушыға немесе сыныпқа жатқа өлең жолдарын оқып береді.

     Қаратаудың басынан көш келеді,

     Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

     Қарындастан айрылған жаман екен,

     Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.

     Рет-ретімен жатқа жазады.

     Осындай жеке баламен, не оқушыларымен жасалған жұмыстардың соңында қорытынды шығарылып, жеңімпаз топтар анықталып отырылса, жұмыс нәтижелі болады. Осыған орай жоғарыда жүргізілген жұмыстардың әрқайсына жеке-жеке ұпай қойылып қосылуы арқылы нәтижесі шығарылады, жеңімпаздар анықталды.

     7 а сынып оқушыларының есте сақтау қабілетіне зерттеу жұмысы жүргізіледі. Балалар "Сұңқар", "Тұлпар", "Қаршыға" деген 3 топқа бөлініп жүргізілді.

     1. Дыбыстап оқығанда есте сақтау қабілетіне байланысты "Сұңқар" тобы 10 , "Қаршыға" тобы 6, "Тұлпар" тобы 4 ұпай алды.

     Мұнда әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай берілді.

     2. Көріп есте сақтау қабілетіне байланысты "Сұңқар" тобы 6, "Тұлпар" тобы 4, "Қаршыға" тобы 2 ұпай жинады.

     3. Елестетіп сезіну арқылы есте сақтау қабілеті бойынша "Сұңқар" тобы 8, "Тұлпар" тобы 8, "Қаршыға" тобы 4 ұпай жинады.

     4. Жедел есте сақтау қабілеті зерттелгенде топтардың үшеуі бірдей 6 ұпайдан топтады.

     Қорытындыда:

     1) "Сұңқар" тобы -10+6+8+6 = 30 ұпай,

     2) "Тұлпар" тобы - 4+4+8+6 - 22 ұпай,

     3) "Қаршыға" тобы - 6+2+4+6 =18 ұпай. Жеңімпаз "Сұңқар" тобы болып анықталды. Оқушыларды психологиялық зерттеуден өткізіп отыру қазіргі оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану үшін оқу модулін құруға пайдасын тигізді. Әрине мұның үшін мұғалімнің даярлық жүйесі өте жоғары болуы керек. Оқушының психологиялық зерттеу баланың бұрынғы біліміне сүйенуге, оны есіне түсіруін қорғауға, меңгерілген білімді ұзақ уақыт есте сақтауына, білуге деген қызығушылығын арттыруға көп пайдасын тигізеді. Әрине әлем психологтарының пайымдауынша әрбір мұғалім алдымен оқу модулінің құрылымдық бөлімдерін дұрыс жасап алуы қажет. 
 

Қорытынды

     Білім берудің қазіргі заманға сай әдістемелерін талдайтын болсақ, олардың бәрін, қазіргі қоғамның аса маңызды қажеттіліктеріне жауап беретін, өсіп келе жатқан адамның дамуы мен тәрбиесі идеясы біріктіріп тұрғанын анықтау қиын емес. Олардың бәрі оқушыны танымдық іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі ретінде қалыптастыра алады. Өзінің себеп-сылтауларымен, ынтасымен, қажеттіліктері мен мақсат-мүдделерімен, жан-жақты негізді білімдарлыққа деген талпынысы мен мүмкіндіктерімен қалыптасып келе жатқан жеке тұлға қазіргі дидактиканың орталығына айналады. Оқу мақсаты -- адамның білім қазынасын көбейту ғана емес, тіптен адам өзінің аман-есен өмір сүруі үшін сол білімдерді пайдалана алуы да емес. Баланы өз заманына сай, айтарлықтай шығармашылық  потенциалы   бар   жеке   тұлғаны қалыптастыру үшін оқыту керек, ондай жеке тұлға үшін ғылым, білім, эрудиция қоғамдық құндылықтарды жасау арқылы қоршаған болмысты түрлендіріп, өмір мен басқа ортаны жақсартудың құралы болып табылады. Идеялық-өнегелілік қоғамдық бағыттылық оның ниетін, ынтасын, өмірлік жоспарын белгілеуі керек. Оқытудың әлеуметтік мақсаттары ағартушылық, дамытушылық және тәрбие іс-әрекеті арқылы жүзеге асады.

Информация о работе Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының қалыптастырудың әдістемесі