Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының қалыптастырудың әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 11:38, курсовая работа

Описание

Тақырыптың көкейкестілігі: Дәл қазіргі кезге білімнің кең көлемді қоры жиылған бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.

Содержание

Кіріспе……………………………….........……………………………..........3 - 10
I - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері...........................11-35
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу - танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселелерінің зерттеу жағдайы...................................…......11 - 19
1.2. Бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мағынасы............................................20 - 24
ІІ-тарау. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының қалыптастырудың әдістемесі....................................................…...........................................….36 - 50
2.2. Бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру формалары, құралдары, әдістері оларды жетілдіру жолдары........................................................................
ІІІ. Қорытынды…………………………....……….………....…………....51-52
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер…………………………….....…………53 - 54

Работа состоит из  1 файл

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін қалыпт.doc

— 786.60 Кб (Скачать документ)

     Оқушылардың танымдық белсенділіктерінің бір бағыты болып ұжымдық   танымдық   әрекет   болып    саналады (М.Д. Виноградов, Н.С. Дежников, И.Б. Первин, Х.И. Лийметс, Г. Кусайнов, Н.Н. Хан т.б.) педагогикалық әдебиеттерінде қарым-қатынас мәселесі, оқу процесіне қатысушылардың өзара қатынасы айқын баяндалған. Оқушылардың ұжымдық танымдық әрекеті дегеніміз-бұл оқушылардың біріккен әрекеті, оқушылар ортақ тапсырма орындауда өз істерін үйлестіріп, жұмысты өзара бөліп, әркімнің міндетін мұғалім ұйымдастырып беретін, яғни іскерлік тәуелділік жағдай пайда болады, білімді меңгеруде өзара қарым-қатынас ұйымдастырылады, аса бағалы тәжірибе алмасу жүреді (Н.Н. Хан) ұжымның танымдық әрекеті сабақта да сабақтан тыс уақытта да педагогикалық процессте жүріп отырады. Ұжымдық танымдық әрекетті ұйымдастыру мұғалімнен тек теориялық және әдістемелік дайындықты қажет етпейді, сонымен бірге сынып белсенділерімен маңызды жұмыс жүргізуді талап етеді (ассистенттер, консультанттар, кітапханашылар т.б.). Сонымен, қазіргі дидактика, ізденіс жәые әртүрлі жуықтауларды шешудегі оқыту процесінің сан қырлы мүмкіндіктерін ашады.

     Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы. Қызығушылық (латынша interest-мәні бар, маңызды) - адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызығушылықты жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Оқушының танымдық қызығушылығы - танымдық саласына қатынасынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығушылық танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Л.С. Выготский былай деген: "Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін, салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал оқытушы болса тек сол әрекетті басқарып, бағыттап отыруы керек. Оқушылардың танымдық қызығушылығы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты, ойлау әрекетінің әдістерінің қалыптасуына тәуелді".

     Танымдық ынта-ықыластардың қалыптасуы.

      Ынта-ықылас (интерес)-(лат. Іntегst - мағынасы болу, маңызды) -әрекеттің адам аса маңызды деп түсінетін шынайы себебі. Ынта-ықыласқа субъектінің өз іс-әрекетіне дұрыс баға беру қатынасы деген анықтама беруге болады. Танымдық ынта-ықылас оқушының таным объектісіне деген эмоционалды қатынасында көрінеді. Оқуға деген ынта-ықылас танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. «Баланы қандай да бір іс-әрекетке шақырғың келсе, ең алдымен, оны қызықтыру керек, оның осы іс-әрекетке әзір екенін; осы іс-әрекет үшін қажетті барлық күш-жігерінің жиналғанын; баланың өз бетінше әрекет ететінін, мұғалім тек оның іс-әрекетін басқарып, бағыттайтын болады, осының бәрін анықтап алу керек" (Л.С. Выготский).

     Оқушылардың танымдық ынта-ықыластары олардың білімінің деңгейі мен сапасына, ойлау іс-әрекеті әдіс-тәсілдерінің қалыптасуына байланысты. Оқушылардың ынта-ықыласы олардың мұғалімге деген қатынасына да байланысты. Жақсы көрген және сыйлайтын мұғалімдерде оқушылар ынта-ықыласымен оқиды. Танымдық ынта-ықылас балалық әуесқойлықтан басталады, алайда ол тез арада жарқ  етеді де, солайша кенеттен сөніп қалады. Терең білім беруді бұндай әуесқойлық негізінде ұйымдастыруға болмайды. Баланың әуестігін ояту үшін тартымды бастау, әсерлі сюжет, оқиғаның күтпеген арнаға түсуі, мәселелік жағдай сияқты тәсілдер қолдану ұсынылады.

     Танымдық іс-әрекетке деген ынта-ықыласты оятуда келесі қызметтердің маңызы зор: оқудағы жетістікті қамтамасыз ету; оқушылардың артта қалуының алдын алу; "қауіп-қатер балаларының" диагностикасы; үлгермеушілікті болдырмау; оқу материалының мазмұны (тарихи сапарлар, өмір тәжірибесінен мысалдар, мемлекет стандарт шегінен асу, т.б.); білім берудің әртүрлі формалары мен әдістері, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану; мұғалімнің оқушыларға қатынасы; балалар ұжымының қоғамдық пікірі; ақыл-ой қабілеттілігі мен жалпы оқу біліктерін дамыту. 

Зерттеудің объектісі. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетін білім мазмұны арқылы арттыру. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін табысты шешу үшін танымдық іс-әрекет элементтерін пайдалану. 

Зерттеу пәні. Бейнелеу өнері сабағы арқылы танымдық іс-әрекет қалыптастыру. 

Зерттеудің мақсаты - Бастауыш мектеп оқушыларын педагогикалық процеске қатыстыруда өзара әрекеттестірудің маңызды құралы ретінде танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың қажеттілігін негіздеу, әдістемелік ұсыныстар жасау. 

Зерттеудің міндеттері:    

     - бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетіне арналған әдебиеттерге талдау жасау.

     - танымдық іс-әрекеттердің мәнін ашып көрсету.

     - жұмыстың негізгі түрлеріне, танымдық іс-әрекеттердің элементтеріне сипаттама беру.

     - мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамыту үшін мұғалімнің ұжымдық-танымдық іс-әрекеті және оның технологиясы жөніндегі білімді меңгерулерінің маңыздылығын дәлелдеу және педагогикалық процестің жетілдіру жолдарын көрсету.

 

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден,  екі тараудан,  қорытындыдан,  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімінен тұрады. 
 
 
 

I - тарау. Қазіргі жағдайда бастауыш сынып оқушыларының  танымдық іс-әрекеттерін  қалыптастырудың мәселелері.

1.1. Бастауыш сынып оқушылаының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің әдіс-тәсілдері.

     Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде өндіргіш күштердің дамуымен бірге, қоғамның түрлі салаларында шығармашылықпен жұмыс істеудің мәні өсуде.

     Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін, белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденісіне, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті - күрделі процес. Ол іс-әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды. Оқу-танымдық іс-әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады.

     Оқу үрдісі оқушылардың оқу-танымдық  әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу-танымдық, әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін ісі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігіне негізінде дамиды. Белсенділіктің  жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады.

     Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы. Демек - оқу танымдық іс-әрекет -оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі құбылыс. Ол оқу шешіліп, мақсаткерлік мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен және т.б. сипатталады.

     Нәтижесінде, оқушылардың танымдық іс-әрекеті - жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік, сезімталдық үрдістері мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалдық, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын, оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көрмейтін жан-жақты оқу жұмысы - деп анықтама беруге мүмкіндік болды.

     Берілген анықтама негізінде, оқу-танымдық іс-әрекет - оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқу міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т.б. сипатталады деген тұжырым жасауға болады.

     Оқу-танымдық іс-әрекет күрделі үрдіс болғандықтан, мұғалім мен оқушының бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек етеді. Егер педагог оқыту жұмысын ұйымдастыруға, ғылыми білімді жүйелі түрде баяндауға, тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға күш-жігерін жұмсайтын болса, оқушылар білімді терең мағынада қабылдап меңгеруге, ұғынуға, өздігінен ізденіп, білімін толықтыруға байланысты белсенді түрде іс-әрекет жасауға міндетті. Мысалы, сабақ барысында мұғалім оқу материалын жүйелі түрде баяндап түсіндірсе, оқушылар оны мұқият тыңдап, өздігінен қосымша әдебиеттер мен оқу құралдарын оқып, өтілген материалдарды терең және сапалы түрде меңгеруге әрекеттенуі тиіс.

     Оқу-танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсінү үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет.

     Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларды ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б.

     Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігі проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Оқушылар өздерінің игерген білімі негізінде пікір алысады, сөз жарыстырып, өзара сынға дайын болады, жеке фактілер мен бақылаулардан ой тұжырымдауға, талқылауға жетеді, өз бетінше шешім қабылдаудың жолдарын, әдістерін қарастырады, практика барысында алынған шешімдердің дұрыстығын тексереді.

     Сонымен оқу-танымдық белсенділікті қалыптастыру проблемаларының пайда болуы мен дамуын талдай отырып, төмендегідей қорытынды жасалады:

     - танымдық белсенділікті қалыптастыру, түрлі пәндерді оқыту барысында оны дамыту идеясының пайда болуы мектептердің даму бағыттарының түрліше болуымен байланысты; өзіндік жұмыс, өзіндік ізденіс арқылы сан қырлы білім алуы ретінде қарастырады;

     жоғарыда көрсетілген тұжырымдамаларда ауыл мектебіндегі жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесі зерттелмеген.

     Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігінің көрсеткіштері ретінде мыналарды бөліл көрсетуге мүмкіндік береді:

     1. Білімді өз бетінше алуы және оны түрлі нақты жағдайда қолдана білуі.

     2. Іргелі білімдерге қол жеткізу.

     3. Танымдық тапсырмаларды шешу біліктері.

     4. Өз бетіндік оқу әрекетіне қызығушылығы, әрекет тәсілдерін білуі.

     5. Тұтас педагогикалық үрдісте мұғалімнің оқуы мен мақсатты өзара әрекеті.

     6. Әрекетке бейімделуі мен өзін-өзі бақылау.

     Оқу-танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет проблемасына арналған көптеген еңбектер мынадай қорытынды жасауға әкелді: танымдық ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық мотив пен өзбеттілік әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуімен сипатталады.

     Олардың кейбіреуін нақтырақ қарастырайық.

     а) Оқудағы жетістікті қамтамасыз ету. Жетістік -- адамның белсенді іс-әрекетінің ең маңызды қозғаушы күші. Бұл психологиялық феномен балалық және жасөспірім шақта-басқа себеп-сылтаулар мен ынталандырушылары әлі тұрақсыз немесе тиянақсыз болғанда ерекше көрініс табады. Үлгерімі нашар, өз қатарынан артта қалған баланың оқуға деген ынта-ықыласы тез жойылады, оның сабақтағы танымдық белсенділігі төмендеп кетеді.

     ә) Оқушылардың артта қалуының алдын алу, қиыншылықтарға тап болғандардың бәріне көрсетілетін әртүрлі көмек-оқу процесінің нәтижелілігін арттырудың айқын бағыты. Қазіргі мектеп үлгерімі нашар оқушыларға көмектесуде жеке-жеке шараларды қолданудан гөрі барлық оқушылардың оқудағы, танымдық белсенділігінің шарты ретіндегі жетістіктерін қамтамасыз ететін тұтастай бір жүйе қалыптастырады.

     б) "Қауіп-қатер балаларының" диагностикасы және олардың оқудағы қиыншылықтарын болдырмау. Ұзақ уақыт бойы оқу процесі балалардың екі категориясының есебінде құралып келген, бірінші категогрия -- "қалыпты балалар" категориясы, яғни баланың дамуы өз жасына сәйкес; және аномалды балалар -- дене және психологиялық дамуында айқын ауытқулары бар балалар. Соңғы он жылдардағы ғылыми зерттеулер балалардың осы екі категориясы арасында аралық буын бар екенін дәлелдеді, осы аралық буынға оқудағы қиыншылықгары және мінез-құлығындағы ауытқулары бар балалар жатады, оларды көбінесе "қауіп-қатер балалары" деп атайды.

Информация о работе Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының қалыптастырудың әдістемесі