Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытудың жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 19:21, курсовая работа

Описание

Қазақ тілінің сөйлеу ауқымы өз дәрежесінде өсіп, кеңейіп келеді. Тілдік қатынас адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
Олай болса, сөйлеу тілін дамыту барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі - ауызша сөйлеп үйреніп жатады, ол сөздерді байланыстырып айту арқасыңда жүзеге асады. Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту – баланың сөздік қорын дамыту, ойлаған ойын өз еркінше басқа адамға жеткізе алу, оның сөзін түсіне білу, қысқаша айтқанда еркін сөйлей білуге үйрену. Осыдан келіп сөйлеу тілін дамыту жұмысының кең аялы екенін көреміз.

Содержание

Жоспар
І. Кіріспе................................................................................................................3-4
ІІ. Негізгі бөлім.................................................................................................
1. Сөйлеу тілін дамыту жұмыстарын жүргізу жолдары.............................5-8
1.1. Сөйлеу тілін дамытуда қойылатын талаптар мен тәсілдер.......................5-6
1.2.Мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту әдістері............................7-8
2. Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту.......................9
2.1. Ойын арқылы дамыту ................................................................................9-13
2.2. Байланыстыра сөйлеу арқылы дамыту ..................................................13-15
2.3. Сөз әдебін қалыптастыра отырып дамыту .............................................15-16
2.4. Шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыту ....................................17-19
2.5. Сөздік қорын молайту арқылы дамыту ..................................................19-22
2.6. Көркем әдебиетті оқу арқылы дамыту ..................................................22-24
Қорытынды .....................................................................................................25-27
Әдебиеттер тізімі..................................................................................................28

Работа состоит из  1 файл

негізгі бөлім.docx

— 75.75 Кб (Скачать документ)

        Тілді дамыту дегеніміз – баланың сөздік қорын дамыту, ойлаған ойын өз еркінше басқа адамға жеткізе алу, оның сөзін түсіне білу, қысқаша айтқанда еркін сөйлей білуге үйрену. Осыдан келіп тіл дамыту жұмысының кең аялы екенін көреміз.

         Адам әрқашанда өз ойын ауызша және жазбаша жеткізеді, сол себептен бұл ұғымдар өзара байланысты. Ауызша жеткізу дегеніміз – сөйлеу. Сөйлеу – тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау. Әр адам сөйлеу арқылы екінші адамға өз ойын жеткізе алады.

         Сөйлеу әрекетінің өз сипатамалары бар. Солардың бірі – сөйлеудің мазмұнды да мәнерлі болып келуі. Егер сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса ол сөз мәнін жоғалтуы мүмкін. Ал сөзді мәнерлеп айту – әрбір сөйлемге әсерлі үн, саз береді. Демек, сөздің құдіреті өте күшті. Тәрбиешімен өзара диалог кезінде әрбір сөзді орынды қолданып, әр сөзге екпінді дұрыс қоя білуі керек. Сол жағдайда ғана олардың сөйлеу әрекеттері дұрыс қалыптаса түседі.

         Жазбаша тілді үйретуде жаттығулардың атқаратын қызметі зор. Жаттығулар ғылымда екіге бөлінеді: тілдік және сөйлеу. Тілдік жаттығулардың міндеті – грамматиканы меңгерту. Бұл жаттығулардың оқушыларға берері тілдік тұлғаларды қолдандырып, оны сөйлеген кезде қолдана білуге үйрету. Сөйлеу жаттығулары тілдік материалды айтылған ойға байланысты дұрыс қолдана білу. Яғни, бұл – сұраққа дұрыс жауап бере білу, сұрақ қоя білу, сөйлемдерді дұрыс құру, аудару, шығарма жұмыстарын жаза білу, ситуацияға байланысты әңгіме құра білу. Сөйлеу жаттығуларын орындауда оқушылар қазақша сөйлеуге жаттығады. Сөйлеудің жеке адамға немесе көп адамға қатысты түрін, яғни ауызша, жазбаша сөйлеуді оқушы сөйлеу жаттығулары арқылы меңгереді. Сөйлеу мен сөйлесудің түрлерін меңгерген оқушы ғана өз ойын толық жеткізе алады, өйткені оған үйренген сөздік қоры негіз болады. Сондай-ақ оқыған кітабын мазмұндай алу, сөйлегенде мақал-мәтелдерді дұрыс қолдана білу, тақпақ, өлең айту да оқушының тілін әбден жетілдіреді, дамытады. Осы жұмыстарды оқушы жиі қолданып отырса, тілі жаттығады, ол өз ойын еркін жеткізе алуға именбейтін болады.

         Тақпақ, өлең айтудың тіл дамыту кезіндегі өзіндік ерешеліктері бар. Өйткені, өлең, тақпақ айтқан кезде оқушы өлеңнін әр сөзін, мағынасын түсіне білуі керек, өйтпеген жағдайда ол өлеңді дұрыс айта алмайды, ойын жеткізе алмайды. Аталған жұмыс түрлері баланы сөйлеуге жаттықтырады, тілін дамытады. Қоғамдағы өзгерістер білім беру жүйесіне де ықпал етіп отыр. Балабақша бүлдіршініне білімді жан-жақты беріп, дұрыс жол сілтеп, бағыт-бағдар көрсетіп отыруға қажет етеді. Сөйлеу тілін меңгеру қиын жұмыс болғанымен, өзінше қызғылықты, өйткені оқушыларға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы да терең білім беріп, оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жақсы жетілдіреді. Баланың ойлау қабілетін, тілін дамытуға игі ықпал ететін, жаңаша оқытудың бір түрі сабақта деңгейлік тапсырмаларды қолдану. Деңгейлік тапсырмалар оқушының қазақ тілінен алатын білімін толықтыра отырып, қажетті дағдылар мен біліктердің қалыптасуын қамтамасыз етуіне ықпал етеді.

Осы сатыларды меңгерген бала ғана өз білімін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс істеп, жаңалықтарды қабылдай алады, сөйтіп мектепте оқуға толық әзір деуге болады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері. 1991ж- 133б
  2. Артыкова Т, Немеренова Б. Қазақ тілі. 7-сынып. Алматы: Ата мұра, 2007ж.

3.А.П. Усова «Балабақшадағы  оқыту».

  1. «Оқу және тіл дамыту» методикасы
  2. Бастауыш мектеп «Ұлттық ойындарды пайдалану».
  3. Қоянбаев.Ж.Б.  «Педагогика» ,Алматы, Рауан  1992 ж
  4. Өстемиров.К,Шаметов Н «Кәсіптік педагогика» Алматы 2006 ж
  5. Иманбекова Б.И  «Тәрбиеге жетекші»  Алматы 2004 ж
  6. Н.В.Савин  «Педагогика»  Алматы , Майсы 1983 ж
  7. Абай атындағы Қаз. Ұлт. Пед.Университеті «Педагогика» Алматы 2003 

11.  Бабаев С.Б  , Оңалбеков  Ж.Ж «Жалпы педагогика» Алматы 2005ж.

  1. Әбиев Ж «Педагогика» Дарын Алматы  2004 ж
  2. Тәжібаев С «Сынып жетекшісінің жұмыс ерекшеліктері»  тәрбие құрал журналы 4/  2005 ж 7-9 бет
  3. Дүйсебаева Р « Оқушылармен қарым-қатынас құпиялары» , «Сынып жетекшісі»  журнал 8/2006 ж 18-21 бет
  4. Биғатова К «Шәкірт көңілінен жол таба білу керек» , «Қазақстан мұғалім»    журналы  14/9/2004 ж  11 бет 
 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытудың жұмыстары