Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытудың жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 19:21, курсовая работа

Описание

Қазақ тілінің сөйлеу ауқымы өз дәрежесінде өсіп, кеңейіп келеді. Тілдік қатынас адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
Олай болса, сөйлеу тілін дамыту барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі - ауызша сөйлеп үйреніп жатады, ол сөздерді байланыстырып айту арқасыңда жүзеге асады. Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту – баланың сөздік қорын дамыту, ойлаған ойын өз еркінше басқа адамға жеткізе алу, оның сөзін түсіне білу, қысқаша айтқанда еркін сөйлей білуге үйрену. Осыдан келіп сөйлеу тілін дамыту жұмысының кең аялы екенін көреміз.

Содержание

Жоспар
І. Кіріспе................................................................................................................3-4
ІІ. Негізгі бөлім.................................................................................................
1. Сөйлеу тілін дамыту жұмыстарын жүргізу жолдары.............................5-8
1.1. Сөйлеу тілін дамытуда қойылатын талаптар мен тәсілдер.......................5-6
1.2.Мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту әдістері............................7-8
2. Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту.......................9
2.1. Ойын арқылы дамыту ................................................................................9-13
2.2. Байланыстыра сөйлеу арқылы дамыту ..................................................13-15
2.3. Сөз әдебін қалыптастыра отырып дамыту .............................................15-16
2.4. Шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыту ....................................17-19
2.5. Сөздік қорын молайту арқылы дамыту ..................................................19-22
2.6. Көркем әдебиетті оқу арқылы дамыту ..................................................22-24
Қорытынды .....................................................................................................25-27
Әдебиеттер тізімі..................................................................................................28

Работа состоит из  1 файл

негізгі бөлім.docx

— 75.75 Кб (Скачать документ)

Балалардың ауызекі сөйлеу тілдері мен жазба тілдерін тіл дамыту жұмыстарында бірлікте ала отырып жүргізудің тиімділігі зор. Өйткені бала қандай тапсырма түрін орындамасын, ол тіл арқылы, оны қаншалықты меңгергендігі арқылы жүзеге асады.

 Тіл дамыту жұмыстарында шығармашылық жұмыстарға жетелеуде төмендегідей талаптарды басшылыққа алуға болады:

- Шығармашылық жұмыстар  жеке тұлғаның қабілетін дамытуға  бағытталды;

- Білімді өз беттерімен  алу іс-әрекеттері  көзделді;

- Шығармашылық ізденістеріне  жол ашылды;

-Оқушылардың  қызығушылығына түрткі  жасалды;

-модель, жоба құруларына, ой еркіндіктеріне  т.б жол ашылды;

-іздендіру,  зерттеу жұмыстарына  жұмылдырды.

Тұжырымдай келгенде, шығармашылық жұмыстар:

- баланың сөздік қорларын, көркем тілдерін байытады;

-ауызекі сөйлеу тілінде  де, жазба тілінде де ойын нақты  жеткізуге жетелейді; 

-сауатты жаза білуге  төселттіреді;

-теориялық білімді тәжірибеде  қолдануға жол ашады;

-өз беттерімен ізденуге, шығармашылықпен айналысуға дағдыландырады.

Қорытындылай келгенде, тіл  дамыту жұмыстары оқушылардың пәнге  деген қызығушылығын, ауызекі сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындауларына жол ашады. Ең бастысы, сөйлеу тілдерінің көркеюіне, өз ойын еркін жеткізе білулеріне, сауаттылықтарының артуына да түрткі болады.

 

2.5. Сөздік қорын  молайту арқылы дамыту

Сөз- тілдің негізгі өлшемі. Ол былайша айтқанда бір мезгілде тілдің барлық компоненттерінің - фонетиканың (сөз дыбыстарынан тұратындықтан) , лексиканың (болмыстың белгілі бір  құбылыстарын білдіріп, сөздің қандай мағыналық роль атқаратындықтан), грамматикалық ( бұл жағдайда белгілі бір грамматикалық  формада қолданыларлықтан), «өкілі » болып тбылады. Тілде сөз  белгілі бір мағынаға және тиісті грамматикалық тәртіпке ие болады., сөздерді «жай», фонетикалық құрылыссыз және грамматикалық формасыз, үйрену мүмкін емес. Сөздердің тілден тысқары  шындығы:заттар мен құбылыстарды ( үй,күн, адам, күннің батуы), дерексіз ұғымдарды ( ой, шындық), іс-әрекеттерді ( құрылыс салу, жарық жағу, сүю, ойлау), заттардың сынын ( ақ, мәңгі, жылы шыраайлы, әділ) іс-әрекеттің белгілерін  ( жоғары қарай, ашық, шың, адал), санды ( бір, он екі жүз ), заттарды сынды, санды көрсетуін ( кім, мен, қандай, қанша) білдіру қабілетін сөздің лексикалық мағынасы деп те атайды.

Сөздерді мағынасы бойынша  жалпылаудың бірнеше дәрежесі ажыратылады.

Жалпылаудың нольдік дәрежесі – жалқы есім, жеке заттың аты (Әсел, Марат, әже, табақ, стол).

Жаңадан сөйлей бастаған балалар ( бір жастың соңы –екі жастың басына қарай) сөздерді, яғни бұл атауды нақты затпен арақатынаста салыстыра отырып (қорытудың нольдік дәрежесі) үйренеді: олар үшін мама. Орындық, доп, ваза сөздері Әсел, Марат секілді жалқы есімдер

М.М.Кольцова 1 жастан 1 жас 3 айға дейінгі балалардың екі тобының сөздің жалпылауышы мағынасын түсінуі қалай өтетіндігін былайша сипаттайды: «Бір топта кітап» сөзіне 20 шартты қозғалыс рефлекстері (кітапты ал, кітапты қой және т.б), ал екінші топта 20 көру шартты рефлекстері қалыптастырылады; «Міне, кітап» сөйлемін қайталай отырып, балаға кезекпе –кезек форматы мен түсі әр түрлі 20 кітапты көрсетеді. Сөйтіп, бірінші топта көру тітіркенулері бекіледі, екінші топта, керісінше көру әсерлері әркелкі, ал істеген іс-әрекеттері бірыңғай болады.

Бақылау мақсатында сынау  жүргізгенде «кітап» сөзі бірінші  топтың балалары үшін жалпылауыш сигналы  болса, екінші топтың балалары үшін олай болмай шықты.

Мектепке дайындық жасындағы барлық топ балалары тәрбиешілерінің қамқорлығы әр баланың лексикалық сөз қорын кеңейтуге ғана емес , сондай-ақ әр баланың қабылдаған сөзі оның өзіне тән жалпылау дәрежесінде үйренуіне бағытталуы тиіс. Өйтпейінше сөздің дыбыстық құрылымын ғана есте сақтауды емес, сөздің лексикалық мағынасын толық түсінуді талап ететін ана тілін үйрету заңдылығы бұзылады.

Біздің айтып өткеніміздей, әр баланың лексикалық сөз қорын толықтыру (сөздік қорын байыту) баланы айналадағы заттармен таныстыру процесінде жүзеге асады: сөз баланың сол сөздің өзі білдіретін зат немесе іс-әрекет жөніндегі түсінікпен бірге өзі сай келетін ұғымдар жөніндегі  түсінікпен бірге енеді.

Баланың ана тілі сөздерін үйрену процесі осы сөздерге сай  келетін заттарды «зерттеумен» қатар  жүреді.: бала затты қарап, қандай дыбыс  шығаратынын тыңдап, ұстап, сипап, дәмі мен иісін байқайды. Баланың назары ауған зат оның зат санасына барлық бес сезім органдары – көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап  сезу органдары – арқылы енеді. Дүниені  сезім арқылы танып білу баланың  эмоционалдық сезімдерін дамытады: ол «тамаша » - «жексұрын» сияқты тіптен қарама-қарсы сезімдерді ғана емес, сондай –ақ бүкіл сезімдерінің гаммасын сезінуге қабілетті. Затты сөздің жәрдемімен сезімдік қабылдау баланың жадында  осы зат жөніндегі түсінік  ретінде берік орналасқан соң, оны  айтатын сөз баланың жадында  ең алдымен, ол затпен сезім арқылы жанасқан кезде бастан кешірген сезімдерінің бірін қоздырады.

Фонетикалық жаттығулар сияқты лексиалық жаттығулар да тұтасымен  осы тақырыпқа арналған арнаулы  сабақтарда сирек жүргізіледі; мұндай жаттығулар байланыстыра сөйлеуді дамыту және көркем әдебиетпен таныстыру сабақтарына  енгізіледі.

Мысалы,  байланыстыра сөйлеуді дамытудың белгілі бір сабағы 20 минутқа есептелген болса, оның 2 минуттан 10 минутқа дейінгі мөлшерін арнайы лексикалық жаттығуларға пайдалануға  болады; жазушының лексикасын түсіндіру  керек болған жағдайда лексикалық жаттығулар көркем әдебиетпен таныстыру сабақтарына  енгізіледі.

Лексика бойынша арнайы жаттығулардың  нақты лингивистикалық міндеттері болады;1) сөздің жалпылау мағнасын түсінуді дамыту, 2) «тұтас және оның бөліктері» қатынасын түсіндіруді дамыту; 3) сөздің дерексіз мағнасын түсінуді дамыту;4) морфология саласынан (морфемалардың  абстрактлық мағнасын меңгеруде) тіл  құбылыстарын айыра білу қабілетін  дамыту; 5)антонимдерді сөздердің мағнасын ұғыну құралы ретінде түсіне білу; 6) стилистикалық сезім қабілетін  дамыту; 7) сөздердің тасмал мағнасы  мен этикалық, ұғымдарды түсіне білу.

Лексикалық жаттығуларды жүргізуде дидактикалық ойын тәсілі, атап айтқанда, «дидактикалық» (яғни арнайы жабдықталған) қуыршақтармен ойын жиі пайдаланылады.Сондай-ақ «Ғажайып дорба» деген атпен белгілі дидактикалық ойын (балалар ішіне ұсақ заттар толтырылған дорбаға қолдарын салады да, оларды сипап біледі және атын атайды) да пайдаланылады.Бірақ, әрине, қуыршақтар мен басқа да ойыншықтардың ғана жәрдемімен балалар ана тілінің поэтикалық мағнасын бойына сіңіре алмайды.Балаларды қоршаған орта заттарымен таныстыру керек және нақты затты, іс-әрекет пен белгіні көрсету арқылы сөздің лексикалық мағнасын түсіндірген жөн.

              Төменде түрлі жастағы балалардың тілін байытуға жәрдемдесетін жаттығулардың кейбір түрлеріне сипаттама берілген.Мұнда балалардың осы жұмыс тәсіліне шамасы келетін жасы көрсетілген; ал егер қажет болса, бұл жұмыс келесі жаста да (мысалы, баланың сөйлеу қабілеті тежелген жағдайда) міндетті түрде жалғастырылуы тиіс.

 

2.6. Көркем әдебиетті  оқу арқылы дамыту

 

Көркем әдебиет шығармалары  балалар алдына  адамға тән сезімдер дүниесін ашып, жеке адамға,  кейіпкердің  жан дүниесіне қызығушылық тудырады.

Көркем шығарма кейіпкерлерімен  бірге қуану-қайғыруды үйрене отырып, балалар өзінің төңірегіндегілердің, жақын адамдарының  көңіл күйін  байқай бастайды. Оларда адамгершілік  сезім- қайырымдылық қасиет, әділетсіздікке қарсы тұру қабілеті ояна бастайды. Бұл- принципшілдік, адалдық, нағыз, азаматтық  қасиеттердің қалыптасу негізі. «Сезім-білімге  жол ашушы, шындықты сезбеген адам оны  түсінбейді және оны тани білмейді де», -деген болатын В.Г.Белинский.

Баланың көркем әдебиетпен таныстығы халық шығармасының ең кішкене түрлері- тақпақ, өлең, халық  ертегілерінен басталады. Асқан адамгершілік, барынша дәл рухани бағыттылық, өткір мысқыл, тілінің көркемдігі – шағын көлемдегі  фольклорлық  шығармалардың ерекшеліктері. Бұдан кейін сәбиге авторы  бар ертегілер, өлеңдер, әңгімелер оқылады.

Балаларды сөйлеу тіліне үйретуде ең үздік оқытушы -халық. Халықтың шығарма  тіліндегі басқа шығармалардың  ешқайсысында кездеспейтін, естілуі  жөнінен бір-біріне  ұқсас,  ажыратып айтуға  қиын сөздердің  тамаша  орналастырылуының  өзі балалар  ұғымына өте жеңіл тиеді. Сондай-ақ  жеңіл қалжыңды тақпақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар – педагогикалық әсер берудің  ең тиімді құралы, жалқаулық, қорқақтық, эгонстік сияқты жағымсыз қылықтарға қарсы жақсы «дәру».

Ертегілер дүниесіне сапар  шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті  өздері ойдан шығару қабылетін дамытады.  Әдебиеттің ең озық үлгілерінен адамгершілік рухында тәрбие алған балалар  өздері шығарған ертегілер мен әңгімелерде  де өздерін  әділетті көрсетіп әлсіздер мен жәбірлегендерді қорғап, жауыздарды  жазалауға тырысады.

Эстетикалық, әсіресе адамгершілік (этикалық) жайындағы түсінікті балалар  тәрбиешілердің оқылған шығармалар  бойынаш айтқан ақыл-ой пікірлерінен емес, нақ осы көркем шығарманың өзінен алуға тиіс. «Педагог оқылған  шығармалардан орынды-орынсыз  моральдарына  беру үлкен, көбіне түзетуге  келмейтін  зиян келтіретінін есіне сақтауы  тиіс. Көптеген сұрақтар қоюмен «бөлшектеніп»  кеткен шығарма  балалардың көз алдында  барлық әсемдігін жояды, оған ынта кемиді. Көркем текстің тәрбиелік мәніне  толық сеніммен қарау керек.

Сөздің пәрменділігі  туралы К. Д. Ушинский былай деп жазған болатын.  «Бала ана тілін үйрене отырып, шартты дыбыстарды  ғана үйреніп  қана қоймайды, сонымен қатар ана  тілінің қайнар бұлағынан  рухани тіршілік пен күш алады. Ана тілі оған табиғатты түсіндіреді,  ал мұндай  дәрежеде бірде-бір жаратылыс  зерттеуші түсіндіре  алмас еді; ана тілі  баланы төңірегіндегі  адамдардың мінез-құлқымен, өзі өмір сүріп отырған  қоғаммен оның тарихымен  және алға ұмтылыстарымен таныстырады, ал мұндай дәрежеде  бірде-бір тарихшы   таныстыра алмаған болар еді: ақырында,  ол бірде –бір философ балаға айтып жеткізе алмайтын логикалық түсініктер мен философиялық көзқарастарды бере алады». Ұлы педагогтің бұл айтқан сөзінде  ана тілін үйренуден шығатын  нәтиже ғана емес, оны оқып үйренудің  әдістері де көрсетілген: бұл «көп нәрсеге үйретіп қана қоймай, сонымен бірге, соны аса жеңіл әлдеқандай әдіс арқылы оп-оңай үйрететін» «тіл -ұстазға» деген сенім.

Сонымен, берілген көркем шығарманың тілін меңгеруге көмектесе отырып, тәрбиеші балаларды мектепке әзірлеу міндетін де орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            Қорытынды

 

Еліміз өзінің тәуелсіздігін  алғалы ана тіліміз мемлекеттік  тіл мәртебесіне ие болып қанат  жайып келе жатыр.  Ендеше, мемлекеттің  болашағы біздің қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуімізге тікелей байланысты болса, педагог қауымның басты міндеті  – сол өсіп келе жатқан ұрпақты  мектепке әзірлеуде сөйлеу тілін  де дамытуға ат салысу.

Егемен ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан  кейін жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін  ояту, елге қызмет етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуға баулу, тілдің дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді мектепке дайындауда сөйлеу тілін үйретудегі талап, міндеттер барша педагог қауымның алға қойған басты мақсаттырының бірі. Балабақшадағы бала қазақ тілін меңгеру барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі – ауызша сөйлеп үйренеді. Ол сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл-ой дамуымен біртұтас жүреді.

Мектепке дейінгі  шақта бала тілі икемді келеді, сол  себепті де сәбилермен жүргізілетін жаттығу түрлері де әр алуан. Балалардың жас ерекшелетеріне қарай топтары үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері де кешенді түрде іске асырылады. Дыбыстардың ерекшелігін жете меңгеріп, дұрыс айтуға жаттықтыру тілдерін дамыту сабақтарында ғана емес, ән-күй, дене шынықтыру сабақтарында да, сабақтан бос кездерінде балаларға ана тілінде өлеңдер, тақпақтар, көркем сөздер жаттатылып, үйретіледі. Сөйлеу тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы зор. Осы арқылы балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға, өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілерді рольдермен орындауға, қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін зерттеуге, адамгершілікке баулиды.

Халық байлығының асыл қазынасы – рухани тіл. Оны меңгеру  бесік тәрбиесінен, ана әлдиінен бастап, балабақшада ары қарай  жүзеге аспақ. Қазақта «Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал  бар. Демек, біз балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ  тілінің қасиетін сүттей сіңіре білсек, еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз.

Информация о работе Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытудың жұмыстары