Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытудың жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 19:21, курсовая работа

Описание

Қазақ тілінің сөйлеу ауқымы өз дәрежесінде өсіп, кеңейіп келеді. Тілдік қатынас адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
Олай болса, сөйлеу тілін дамыту барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі - ауызша сөйлеп үйреніп жатады, ол сөздерді байланыстырып айту арқасыңда жүзеге асады. Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту – баланың сөздік қорын дамыту, ойлаған ойын өз еркінше басқа адамға жеткізе алу, оның сөзін түсіне білу, қысқаша айтқанда еркін сөйлей білуге үйрену. Осыдан келіп сөйлеу тілін дамыту жұмысының кең аялы екенін көреміз.

Содержание

Жоспар
І. Кіріспе................................................................................................................3-4
ІІ. Негізгі бөлім.................................................................................................
1. Сөйлеу тілін дамыту жұмыстарын жүргізу жолдары.............................5-8
1.1. Сөйлеу тілін дамытуда қойылатын талаптар мен тәсілдер.......................5-6
1.2.Мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту әдістері............................7-8
2. Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту.......................9
2.1. Ойын арқылы дамыту ................................................................................9-13
2.2. Байланыстыра сөйлеу арқылы дамыту ..................................................13-15
2.3. Сөз әдебін қалыптастыра отырып дамыту .............................................15-16
2.4. Шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыту ....................................17-19
2.5. Сөздік қорын молайту арқылы дамыту ..................................................19-22
2.6. Көркем әдебиетті оқу арқылы дамыту ..................................................22-24
Қорытынды .....................................................................................................25-27
Әдебиеттер тізімі..................................................................................................28

Работа состоит из  1 файл

негізгі бөлім.docx

— 75.75 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

Тіл - рухани байлықтың қайнар көзі.  
Қазақ тілінің сөйлеу ауқымы өз дәрежесінде өсіп, кеңейіп келеді. Тілдік қатынас адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс. 
Олай болса, сөйлеу тілін дамыту барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі - ауызша сөйлеп үйреніп жатады, ол сөздерді байланыстырып айту арқасыңда жүзеге асады. Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту – баланың сөздік қорын дамыту, ойлаған ойын өз еркінше басқа адамға жеткізе алу, оның сөзін түсіне білу, қысқаша айтқанда еркін сөйлей білуге үйрену. Осыдан келіп сөйлеу тілін дамыту жұмысының кең аялы екенін көреміз.

 Курстық жұмыстың тақырыбы: «Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытудың жұмыстары»

Курстық жұмыстың өзектілігі: Баланың  сөйлеу тілін дамыту балабақшадағы, мини-орталықтардағы педагогтардың үлесіне тиіп, үйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші-педогог мамандарына баланы мектепке әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту, осы орайда әдіс-тәсілдерді көптеп меңгеру, практикада қолданудаерекше маңызы зор.

Курстық жұмыстың мақсаты: 5-6 жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуға, құзіреттілікті меңгертуге бағытталған теориялық материалдар жинақтау, практикалық әдіс- тәсілдерінің тиімділігін тексеру.

Курстық жұмыстық міндеттері : Жоғарыда көрсетілген зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет:

- «сөйлеу тілі» «сөйлеу  мәдениеті» ұғымдарының теориялық  сипатын анықтау;

- ойын арқылы сөйлеу  тілін дамытуды ұйымдастыру жолдарын  анықтау және негіздеу;

- мектепалды даярлық тобы  сабағында ойын арқылы сөйлеу  тілін дамытуға байланысты жұмыс  түрлерін қолданудың тиімді жолдарын  белгілеу.

Ғылыми болжам: балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылса төмендегідей жетістіктерге жетуге болады:

-балалардың сөздік қоры  кеңейеді;

-өз бетімен мәдениетті  сөйлеу, талпыну қабілеттері ашылады;

-логикалық ойлауы, ой- белсенділігінің  артуы;

-өзін-өзі бағалай білуі,  өздігінен жетілу дағдылары қалыптасып  дамиды;

-интеллектуалды ойлау  қабілеті дамиды;

-сөз мәдениетін қалыптастырады.

Ғылыми жаңалығы: мектеп оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының алаиын орны ерекше, сонымен қатар тәрбиеші осы жұмысты жасаушы, әрі дамытушы қызметін атқарады.

 Зерттеу объектісі : Мектепте оқуға әзірленетін балалар

Зерттеу заты : Педагог, тәрбиешінің қызметі.

 Зерттеу әдісі:

-  педагогикалық және  психологиялық әдебиеттерді талдау;

- тәрбиеші-педагогтардың  озық іс-тәжірибелерімен танысып,зерттеу,  байқау;

- педагогикалық эксперимент  жүргізу;

- әртүрлі мәтінмен, сюжетті  суретке әңгіме құрау әдістерін  қолдану;

- әңгеме, сауал сұрақтар, байқау, салыстыру;

- педагогикалық эсперимент  нәтижелерін ғылыми тұрғыдан  қорытындылау.

Теориялық және практикалық  маңызы: Педагогикалық журналдарға әдістемелік жұмыс ретінде ұсынуға болады, мектеп басшысының нысанына алуын қарастыру, болашақ ұстаздарға дәріс ретінде ( талдап, оқуға) семинарларға ұсынуға болады.

 

 

 

Негізгі бөлім

       1. Сөйлеу тілін дамыту жұмыстарын жүргізу жолдары

   1.1. Балалардың сөйлеу тілін дамытуда қойылатын талаптар мен тәсілдер

   Кез-келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің,мінез-құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, оқыту, үйрету үрдісін қамтиды.  
Балалардың ақыл – ойына қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы - өзара тілдік қарым – қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып,әрдайым жанында достық қарым – қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс – тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашылады. Мектепке дейінгі даярлық тобындағы балаларға өзге тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесуден қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың сөздік қорларын байыту, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мелекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Менің балаларға қазақ тілін жетік меңгертуде бірнеше тиімді әдіс –тәсілдерді атап өткім келеді.  
        Баланың ақыл-ой дайындығының компонеттерінің бірі - жеткілікті дамыған тіл. Баланың тілің жетілдіру үшін алдымен баланы дұрыс сөйлеуге, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта білуге үйрету, оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту. Бұл ретте тәрбиеші балалармен сөйлесу барысында сөйлем мүшелерін қолдана білуіне тәрбиешінің қойған сұрақтарын түсініп, оған толық жауап беруге, өзіне таныс ойыншық, тағам, киім-кешек, қоршаған ортадағы әлемге соның ішінде бау-бақша, жан-жануарлар, өсімдік-жемістер, адамдар, бір ауланың балалары,тіпті балабақша қызметкерлері туралы кім не істейтіні жайлы түсінігі болып, олар жайлы әңгімелей білуге үйренуі тиіс.           Осы арқылы айналадағы дүниені, табиғатты бақылата, таныта отырып, баланың тілін, сөздік қорын байыту, ол сөздерді күнделікті сабақта, сабақтан тыс сөзбе-сөз қарым-қатынас кезінде өздігінен дұрыс айта білуге төселдіру керек. Өзге ұлт өкілдеріне, әсіресе жаза алмайтын, оқи алмайтын балаларға тіл үйрету өте қиын екені белгілі. Дегенмен 4-5жас арасындағы балалардың сөзді қабылдау, есте сақтау қабілеті өте жоғары. Мен жұмысымда осы ерекшеліктеріне мән беремін де балалардың сөйлеу тілін дамытуды үйретуде мынадай талаптар қоюға болады:

  • Әр сөзді тұрақты түрде есінде қалдыру;
  • сөз балаларға таныс заттарға байланысты болуы керек;
  • әрбір сөз үнемі қайталанып отыруға тиіс;
  • сөздік қорды молайтып отыру; қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру арқылы дұрыс сөйлеуге үйрету.

Баланың сөздік қорын  молайту, дұрыс сөйлеуге үйрету жолында  іс-тәжірибеге сүйеніп, мынандай тәсілдер қолдануға болады:

  • сөздік жұмыс (әңгімелесу, салыстыру, қайталау, сұрақ-жауап, сурет бойынша әңгімелеу );
  • көрнекі құралдарды қолдану (сурет, ойыншық, муляж, бейнефильм т.б.);

ойын (дидактикалық, сергіту, жарыс, сюжетті-рөльдік, логикалық, ұлттық т.б.). Осының бәрі  баланы мектепке даярлауда негізгі жетекші әдістер болып саналады. Сондықтан, балаларды мектепке әзірлеуде жоғарыдағы тәсілдерді пайдаланудың маңызы зор.

1.2.Мектепте оқуға  әзірлеуде сөйлеу тілін дамытудың әдістері

Мектепке дейінгі кездегі  тілдің дамуына мынадай практикалық  әдістер тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі.

Еліктеу әдісінде үйретуші мен үйренуші екеуіде бір сөзді, бірақ әртүрлі етіп айтады: үйретуші ересек адамдармен сөйлескендегіден көрі бір шама қарқындырақ, сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің дауыс ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші тыңдайда да, қайталайды, оның сөзіне еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге (дауыстың артикулиациясымен модулиасиясы) және мағынасын түсінуге тырысады (затты, қимылды және т.б. көрсететін дыбыс комплекстерінің мәліметін салыстырады). Мұндайда тәрбиеші үшін орфоэпиялық норма деңгейінен төмен түспеу және баланың сөзіне еліктемеу («сақауланбау», «шолжаңдамау») аса маңызды.

Бұл әдісті қолдану мектепке дейінгі жаста ғана емес, мектепте, тіпті есейгендеде) жалғыстырып отырады.

Еліктеу әдісіне үйрену тұрмыстық іс-әрекеттерді атқару кезінде, айталық, баланы шомылдыру кезіндегі баламен қатынас процесінде де еріксіз түрде болуы мүмкін.

Белгілі бір әдістің қолданылу  вариантын, сол әдісті құрайтын негізгі  іс-әрекетке оқу дидактикалық материалдың  сипатынан туындайтын қосалқы іс-әрекеттің  енгізілуін тәсіл деп атаймыз.

Сонымен, еліктеу  әдісін жүзеге асыратын тәсілдер мыналар болуы мүмкін:

  1. айналадағылармен танысқанда нақты затты бақылау жоғарыда айтқан жағдайда, сәби өз қолына қарайды, анасының қолын бақылап, оған ілесе қайталайды, оның сөзіне елітейді;
  2. ойындар: біздің байқағанымыздай, ойын үстінде баланың тілі жаңа лексикамен толығып қана  қоймайды,  сонымен бірге ол жаңа сөз формасымен де байиды («электр монтері», қонаққа бару» ойынында балалар зат есімді меңгереді, «Қызыл Телпек пен сұр қасқырды» ойнағанда, балалар диалог сөздерді байланыстыруға үйренеді);
  3. сөз үлгісіне сүйену (сөзді елестету): тәрбиеші айтқан сөзді балалар кайталайды («Су, су, менің бетімді жу!»).

Сонымен, біз  үйретуші мен үйренуші бір сөзді  айтатын еліктеу әдісімен таныстық, бірақ үйретуші қалай сейлеу керек екендігі жөнінде үлгі көрсетеді ал үйренуші оны дәлме-дәл қайталайды, оған еліктейді. Жоғарыда еліктеу әдісін орындайтын тәсілдер ,келтірілді. Бірақ кез келген әдісті іске асырудың тәсілдері көп-ақ: творчестволықпен жұмыс істейтін әрбір тәрбнеші әдістің өзін бұзбастан әрдайым өзіндік тәсілдер жасайды. Мысалы, еліктеу әдісі, айтылған тәсілдерден басқа, суреттерді, тірі объектілерді (жануарларды, өсімдіктерді), диафильмді, магнитофонды және басқаларіды пайдалану тәсілдері арқылы орындалуы мүмкін.

Бала үшін орындауы анағұрлым қиыны онын тілін үйрету әдісі — сөйлеу әдісі, мұны қосымша сұрақ пен жауап әдісі, әңгімелесу әдісі деп те атайды.

Әңгімелесу әдісі  үйретушінің сұрауынан, ал үйренушінің жауап беруінен тұрады. Демек, олардың екеуі де сөйлейді, бірақ бір сөзді емес (еліктеу әдісіндегідей), әр түрлі сөздер сөйлейді: үйретуші өзінің сұрағымен балаіның өзіне таныс сөздерді, дыбыстарды, грамматикалық формаларды немесе дәнекер тексті еске түсіруге және оны орнымен қолдануға итермелейді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде құрастыру (әңгімелеп беру) әдісіне кең дербестік беріледі. Оның мәні мынада: балалардың ертегілерді өз бетінше «құрастыруын», олардың өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды әңгімелеп беруін, көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып айтуын, картинкаларды, нақты объектілерді — заттарды, хайуанаттарды, өсімдіктерді — суреттеуін тәрбиеші көтермелеп отырады.

 

2. Балаларды мектепте  оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін  дамыту

2.1. Ойын арқылы  дамыту

  Болашақ мектеп оқушысының танымдық белсенділігін дамыту бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Баланы оқуға әзірлеу жолындағы іс-әрекеттер баланың ойлау операциясының, танымдық процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей байланысты. Мектеп жасындағы баланы дамыту мәселесінде басты ролді ең алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады. Ғалымдар С.Л. Рубенштейн, Д.П.Годовикова, Т.А.Куликова,  А.И.Сорокинаның еңбектерінде 5-6 жастағы балалардың білуге құштарлығының, танымдық қызығушылығының, коммуникативтік сұрақтары, түрткісінің дамуы танымдық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде атаған. А.П.Усова өзінің «Балабақшадағы оқыту» атты еңбегінде мектепке дейін балалардың оқу әрекетіндегі танымдық белсенділігіне байланысты үш деңгейге бөлген теориясын басшылыққа алуды ұсынады.

5-6 жастағы балаларды мектепте  дайындау балабақшадағы педогогтардың үлесіне тиіп, ұйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші-педогог мамандарына түпкілікті білім берумен қатар, кәсіби іс-әрекетінің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық біліктілік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде.

Ең басты талап балаға жауапкершілікпен қарап, дене, физиологиялық, психологиялық даму заңдылықтарын түсіну. Балабақша педагогі өзін жай ғана тәрбиешімін деп қарамай, жалпы мәдениетін, және кәсіби біліктілігі мен даярлығын жетілдіру қажет. 5-6 жастағы балалардың психологиялық ерекшелігі қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген қызығушылығы басым болып келеді.

Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, сабақта педогог-тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас  кезінде танып біледі. Осындай  жетістіктерге жету үшін тәрбиеші-педагог алдында тұрған балаға ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез кұлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау,сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек. Сондықтан осындай ерекшелігін ескере отырып, оку-тәрбие процесін жүргізу қажет.

Тәрбиеші - педагог - мектепалды жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуда, оның көзін ашуда басты тұлға. Қaзipri таңда мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру мәселесі жоғары деңгейде шешіліп, оқытудың жаңа технологиялары енгізіліп, сапалы нәтижелері байқалып отыр. Осындайда сөйлеу тілін дамытуда ойындар колданудың маңызы зор.

Ойын дегенміз-жас ерекшелікке  қарамайтын, адамның көңіл-күйін  көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Сондықтан, ойынды сөйлеу тілін дамытуда пайдалану - үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын-тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдіке т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оныц ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, сөздік қорының молаюына, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына, тілін дамытуға да пайдасын тигізеді.

В.А.Сухомолинскийдің сөзімен  айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың  қалыпты дамуы да жоқ.» және болуы  да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай  ашылған үлкен жарық терезе icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние  туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты.

¥лы педагог А.С. Макаренко  ойынға үлкен мән бере отырып, өзі  басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың  өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін  камтамасыз eту үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын  тәрбиелейді- деп қарастырады.

Информация о работе Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытудың жұмыстары