Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су аттарының ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 08:07, научная работа

Описание

Мақсаты: Қостанай облысының топонимиялық кеңістігінің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу және географиялық атаулардың қалыптасуын анықтау. Жер-су атауларының пайда болу ерекшеліктеріне тоқталу.

Содержание

Кіріспе................................................................................................3

1. Топонимжасамдағы географиялық принц..............................................5
1.1. Аймақтарға тән географиялық терминдер............................................10

2. Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су
аттарының ерекшеліктері......................................................................12 2.2. Қостанай облысындағы ойконимдер мен атаулардың
ерекшеліктері............................................................................................18

2.3. Қостанай облысының топонимдерінің даму болашағы.......................24

Қорытынды...........................................................................................….26

Пайдаланған әдебиеттер.................................................................……..28

Работа состоит из  1 файл

жако тате гылыми жумыс.docx

— 88.01 Кб (Скачать документ)

 Түсіндірме сөздікте  балықтың бұл түрі – «денесі  ұзынша, басы сопақша келген ... үлкен  балық» деп сипатталады. Осындағы  «ұзын», «соқпақ» сөздері «шортанның»  төркіні жөніндегі жорамалымызға  арқау болғалы отыр.

     Біздегі   «шортан» - буряттың әдеби тілінде  – «сурхаэ» болып айтылады, бұл  біздегі «шотанның» кішірек түрінің   атауы «шорағаймен» сәйкес. Бурят  тілінің жергілікті ерекшеліктерінің  біріндегі «сордон» сөзі біздегі  «шортанға» жуықтай түседі. «Сордон»  сөзінің негізгі мағынасын, бурят  тілін зерттеушілер, сол тілде  біздегі «ұзын», «сопақша» мағыналарын  беретін – «сордогор» тұлғасы  деп біледі.  Бұл пікірге қосыла  отырып, біз мына бір жорамалға  ден қойдық:-сөздің түбірі «сорд», ал-он біздегі – ан қосымшасының  дыбыстық түрі болса керек  / мысалы, саз + ан – «сазан»  және т.б/ Ал, «сордон» сөзінің,  біздің тілімізде «шортан» болуы  – түркі, монғол  тобындағы  тлдердегі «с» мен «ш» , «д»  мен «т»дыбыстарының сәйкестік  заңынан туған құбылыс. [33;]

     Мұның бәріне  ғылыми талдау жасауды мұрат  еткен жоқпын. Бұл жұмыстың  мақсаты  - өздеріңізге жақсы таныс немесе  бейтаныс бірқатар жер атауларының  қайдан шыққандығы, қандай мағынаға  ие болғандығы жайында, айқын  да анық мағлұмат беру ғана.  Еліміздің тарихын, жер-су аттарын  сақтап,  мүмкіндігінше қайтарып, келер ұрпаққа жеткізіп насихаттау. Өйткені, кешегісін, елінің, жерінің  тарихын білмеген ұрпақ, елінің  ертеңін де бағдарлауы неғайбыл. Тәуелсіздіктің туы астында өткен  16 жыл ішінде экономика, әлеуметтік  сала, мәдениет пен өнер ғана  емес, қазақтың кім екенін, оның  тарихын зерттеу, жалпы Қазақстанды  бүкіл дүние жүзіне таныстыру  да айтарлықтай іс тындырылды. Соның бір тамшысы болып менің  еңбегім саналып жатса, мен  үшін үлкен мақтаныш болмақ.  [34;]      

 

2.3.     Қостанай  облысының топонимдерінің даму  болашағы

 

Қазақ елінің өз алдына жеке мемлекет атанып, тәуелсіз ел болуы  ұлтымыздың өзегі болып табылатын  тіл мәселесіне де игі әсерін тигізді. Жасыратын ештеңесі жоқ, кешегі Кеңес  Одағы кезінде облыс орталығында  есімдері елімізге белгілі тұлғалардың  атына берілген көшелер саусақпен  санарлықтай ғана еді.

Соңғы он тоғыз жылдың ішінде жанымызды жадыратып, үлкен мен  кішіге ерекше рух берген көптеген оң өзгерістер орын алды. Әрине, мұның  бәрі де – үлкен қуаныш.

Осы арада сөзім жалаң  болмас үшін нақты деректер мен дәйектерге сүйене кеткенім де дұрыс болар. Осы  мақаланы дайындау барысында Қостанай облыстық Тілдерді дамыту басқармасында  болып, қажетті мәліметтерді алған  едік. Енді осы деректерге тіл бітіріп көрелік.

Сонау Кеңес Одағы дүрілдеп тұрған кездегі Свердлов даңғылы  бұл күндері Абай даңғылы деп  аталады. Бұл – облыс орталығындағы  ең үлкен көшелердің бірі. Оның бойында  өмірлік және тұрмыстық мәні зор  ғимараттар, сауда орындары орналасқан. Көшелердің жан-жағына отырғызылған жас  көшеттер де шаһарымызға сән беріп, ерекше ажарландырып тұр.

Осы көшенің бойымен күн  сайын ары-бері өткенімде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың алып тұлғасы көз алдымызға елестейді. Оның руханиятымызда алар орны ерекше екендігіне ешкім де дау туғызбаса керек.Сондай-ақ шаһардағы бұрынғы үлкен Ленин көшесі әл-Фараби даңғылы болып өзгертілді. Ал бұл бабамызды зиялы қауым екінші Аристотель деп атап кеткен. Бір тоқтала кетер жай, бұрынғы көше даңғылға айналған кезде оған біртүрлі қарағандар да болды. Бірақ уақыт өте бәрі де орнына келді.

Қазір оған халықтың көзі де, құлағы да үйренді.Осы өзгерістердің қатарында бұрынғы Индустриальный көшесіне ұлы ақын Сырбай Мәуленов, Киров көшесіне даңқты жерлесіміз, атақты қаламгер Ғафу Қайырбековтің аттары берілді. Сонымен қатар Красноармейская көшесі Қазақстанның Халық жазушысы Мариям Хакімжанова, 50 лет Октября және Советская көшелері Алаш ардақтылары, қазақ халқының бүгінгі бақытты ғұмыры үшін күрескен Міржақып Дулатов пен Ахмет Байтұрсыновтың есімдерімен аталады. Осы көшелердің бойымен жүргенде де тұла бойымды қазақтың бір қызы ретінде мақтаныш сезімі кернейді. Өйткені Міржақып, Ахмет секілді ұлт тұлғалары болған бабаларымызды біз түгілі ата-аналарымыз да кейін осы тәуелсіздіктің арқасында танып білген жоқ па?Барша қауымға Спандияр Көбеевтің есімі жақсы таныс. Ол – «Қалың мал» романының авторы. Осы Спандияр атамызға бұрынғы Социалистическая көшесі берілді. Ол қазір күрделі жөндеуден өтіп, адам танымастай өзгерді.Құдайға шүкір, тәуелсіздіктің арқасында әділетті салтанат орнап, облыс орталығындағы бірқатар білім ордаларына да есімдері қазақтың әдебиеті мен мәдениетінде алтын әріптермен жазылған көрнекті қайраткерлердің есімдері берілді. Бүгін мен қаламыздағы іргелі оқу орындарына жататын әрі өзім түлегі болып табылатын №24 қазақ орта мектебіне көрнекті ақын Сырбай Мәуленовтің, №20 орта мектепке Халық жазушысы Мариям Хакімжанованың, №23 орта мектепке Ұлттық Ғылым академиясының академигі Манаш Қозыбаевтың есімдері берілгендігін атап өткім келеді. Аталған білім ордалары өздеріне аты берілген тұлғалардың мәртебесін көтеріп, соған күнделікті нақты істерімен сай болуға талпыныс танытып келе жатқаны да қуантады. Аталған Сырбай Мәуленов атындағы гимназия жылма-жыл ұлттық бірыңғай тестінің қорытындысы бойынша жүлделі орындарды алып жүр. Үстіміздегі жылы қала мектептері арасында бірінші орынға ие болды. Бір түлегі 125 балл жинады.Тәуелсіздіктің жарқын бір көріністері ретінде облыс орталығында бірқатар жеке жоғары оқу орындары да ашылды. Соның бірі – қазіргі Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік экономикалық университеті. Одан бұрын өңірдегі байырғы оқу орындарының бірі Қостанай мемлекеттік университетіне Ахмет Байтұрсыновтың аты берілген болатын. Ауыл мен жер аттары өзгертілді. Бұл өзекті тақырыпты қозғар кезде көз алдыма кешегі Кеңес Одағы кезіндегі солақай саясаттың кесірінен жіберілген кемшіліктер де еріксіз елестейді. Өйткені сонау тың және тыңайған жылдары қаншама шаруашылықтар дүниеге келіп, оған соларды құрысқан азаматтардың есімдері берілді. Кейбір елді мекендердің аттары аталмай қалды. Бұған облыстың кез келген ауданын аралап көрген адамның көзі анық жетеді. Өйткені қадам басқан сайын орысша атаулардан аяқ алып жүре алмайсыз.

Бірақ тәуелсіздіктің арқасында  бұрынғы Боровской, Орджоникидзе, Ленин, Урицкий, Комсомол аудандары қазір  Меңдіқара, Денисов, Ұзынкөл, Сарыкөл, Қарабалық болып өзгертілді. Оған жергілікті халық кеш те болса  әділеттің салтанат құрғанына қандай қуанды десеңізші. Қазір бұл елді мекендерге де халық әбден үйреніп қалды. Сөздің орайы келгенде облыстағы бірқатар аудандардағы ауыл мен селолардың да жаңаша атауға ие болғанына тоқтала кеткенді орынды деп есептеймін.Мәселен, Жітіқара ауданындағы бұрынғы Дзержинский, Комсомол, Приречное селолары нағыз құлаққа жағымды, жадыңда тез сақталар Аққарға, Жалтыркөл, Ырсай болып өзгерді. Әулиекөл ауданындағы Семиозер, Шобанкөл елді мекендері бұл күндері Әулиекөл, Қабидолла Тұрғымбаев ауылы болып аталады. Облыс әкімдігінің қолдауымен және облыстық Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Қостанай облысының топонимикалық картасының» екі кітабы шықты. Жуырда үшіншісі жарық көрмек. Осынау еңбектерде облыстың ертеден келе жатқан тарихи жер-су аттары арқау болады. Ол үшін арнайы экспедициялар жасалды. Бұл экспедицияның жетекшісі – тарих ғылымдарының докторы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты кафедрасының меңгерушісі, профессор Аманжол Күзембай. Қазірге дейін олар облыстың 8 ауданында болды.

Айта берсек, мұндай жаныңды  жадыратар игі мақсаттағы өзгерістер бізде де жетеді. Ал егер алып Одақ ыдырап, Қазақстан егеменді ел болмағанда осындай  өзгерістерге қол жеткізер ме едік.

 

Қорытынды

 

Топонимика ғылымын құрайтын үштағанның (тіл, тарих, география) біреуіне, көбінесе тіл біліміне, артықшылық беріліп жүргенімен, қалған екеуін төмендетуге болмайды. Топонимиканың көптеген мәселелері таза тіл білімі тұрғысынан шешіле бермейді, үнемі экстралингвистикалық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Бұл, өз кезегінде, топонимикамен айналысатын адамның тарихты да, географияны да, олардың құрамдас бөліктеріне дейін жақсы меңгеруін талап етеді.  Бір ғана топонимнің этимологиясын ашып көрсету барысында үш сала жарыса араласып отырады.

Азияны, Сібірді аралаған алғашқы саяхатшылар, геологтар  қаншама топонимді «қалтасынан  суырып қоя салғаны» карта беттерінде сайрап тұр. Мысалы, Сібірді зерттеп  жүрген орыс геологтары экспедиция құрамындағы  әйел адамның екі жасар қызының  туған күніне тұтас бір тауды  «сыйлап»,  Татьяна атын бере салады. Ол жер қазір ресми түрде Татьянинское деп аталады [9; 45-46]. Таудың жергілікті халық қойған аты бар екені экспедиция мүшелерінің ойларына да келмеген.

Мұндай «кездейсоқ атаулар» Қазақстанда да толып жатыр. Кірме, кездейсоқ, саяси, кісі есімінен қойылған жер-су аттарын ауыстыру барысында  қаншама қателіктерге кездесіп отырмыз. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының  Үржар ауданындағы Южный ауылын Жаңатілекдеген атауға ауыстырды. Уәж: 1930-шы жылдары осы жерде «Жаңатілек» колхозы болған. Жарма ауданының орталығы Георгиевка кентінҚалбатау деп атауға шешім шығарылды. Оның тарихи атауы –Былқылдақ “сазды, былқылдақ жер” көпшілікке ұнамайды-мыс. Жарма ауданындағы Новореченск ауылын Жаңаөзен деп жолма-жол аудара салу, Ұлан ауданындағы Завидное аулына жанындағы Айыртау тауының атын қоя салу, әрине, жергілікті әкімшіліктерге басты қатырмайтын ең оңай жол болып табылады.

Біз ұсынып отырған  «геогра-фиялық принцип» осындай келеңсіз, сауатсыз атауларды болдырмауды  көздейді. Оның негізгі талабы – топоним жасау барысында географиялық нысанның табиғи жағдайын, жер бедерін толық зерттеп алу. Ол мақаланың басында айтылып өткен «атау затқа қарай беріледі» принципімен үндесіп жатыр, өйткені біз затты атауға қарай икемдей алмаймыз.

Жер бедерінің әртүрлі  болып келуі, әрине Қазақстан  топонимикасының құрамына да әсер етеді. Қазақстанның геотопонимдік жағдайын көрнекті ғалым Ғ. Қоңқашпаев кезінде  дәл сипаттап берген еді: «Қазақстанның  алуан түрлі табиғаты: солтүстіктегі  орманды далаларынан бастап оңтүстіктегі шөл далаларына дейін, оңтүстік-шығыстағы  тік ауқымды биік таулары, барлығы  шаруашылық жүргізудің, сондай-ақ көшпелі  мал шаруашылығы тәсіліне әсер етті... Сондықтан да Қазақстанның алуан  түрлі табиғатымен, ең алдымен шөл  дала және таулы ландшафтармен байланысты қазақ терминологиясы өте бай, алуан  түрлі болып келеді» [10; 7-8].

Топоним жасау  барысында әр ландшафты айқындап тұратын жергілікті географиялық терминдерді  ескермесе болмайды.

«Географиялық терминдер  ландшафтың ерекшеліктерін біл-діретіндіктен, географиялық орта, әсіресе, топонимдерде айқын көрінеді», - дейді А.В. Суперанская [8; 39]. Барлық тілдердегі сияқты қазақ  тілінде де өзіне тән, өз қажетін  өтеуге жетерлік географиялық терминдері бар. Ғ. Қоңқашпаев, Е. Керімбаев, Ш. Дәулетқұлов, Ғ. Ермекбаевтардың ғылыми еңбектерінде 150-200 шамасындағы апеллятив қолданылса, 2002 жылы жарық көрген «Инструкция  по русской передаче казахских и  казахской передаче русских географических названий Республики Казахстан» атты кітапшада 730-ға жуық географиялық терминдер  мен жалпы есімдер берілген [13; 26-63]. Бұл апеллятивтер қазақ тілді  топонимдерді жасауға белсене қатыса отырып, лексикамыздың біршама тұрақты  бөлігін құрайды. Олардың тұрақты  болатын себебі де сол – өздері белгілеп тұрған болмыс, табиғи нысан  салыстырмалы түрде тұрақты болып  келеді. «Сондықтан географиялық апеллятивтерді зерттеу халық пен оның тілінің  тарихын қарастыруда үлкен мәнге ие болады», - дейді Л.В. Дмитриева [14; 130]. Осындай өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оларды «халықтық геогра-фиялық терминдер» деп атау қалыптасқан.

Қорыта келгенде, жалпы  есімдер географиялық атаулар жасауда  аса маңызды рөл атқаратындықтан, оларды әр аймаққа тән ерекшеліктерін ескере отырып, атауларды реттеуге, ауыстыруға, жаңғыртуға, жаңадан жасауға  орынды пайдалана білу қажет демекпіз.

Сонымен бұл еңбекте Қостанай облысындағы өзен, көл, жер азды- көпті – атаулары, олардың мағыналық, құрылымдық ерекшеліктерін толық аштым  деп айта алмаймын. Ол мүмкін де емес. Сан мыңдаған атаулардың әр қайсысының өзіндік ерекшелігі, қасиеті, тарихы бар. Уақыт озған сайын олардың  бірі қолданыстан шығып, ұмыт болып  жатса, екіншісі жаңадай дүниеге  келіп тілімізге күнделікті өмірімізге араласып жатыр.

Жер – су атаулары – халықтың тарихи кезеңдердегі өткен өмірінің, тіршілік болмысының, ой – санасын, табиғаттының байлығының куәгері.Сондықтан  да жер – су атауларын ұлттық байлығымыз ретінде қорғап, жинап, қастерлепкейінгі ұрпақтарға жеткізу – ерекше мәні бар, абыройлы іс деп санаймын.

Мұның бәріне ғылыми талдау жасауды мұрат еткен жоқпын. Бұл  жұмыстың  мақсаты - өздеріңізге  жақсы таныс немесе бейтаныс бірқатар жер атауларының қайдан шыққандығы, қандай мағынаға  ие болғандығы жайында, айқын да анық мағлұмат беру ғана.  Еліміздің тарихын, жер-су аттарын  сақтап,  мүмкіндігінше қайтарып, келер ұрпаққа жеткізіп насихаттау. Өйткені, кешегісін, елінің, жерінің  тарихын білмеген ұрпақ, елінің ертеңін  де бағдарлауы неғайбыл. Тәуелсіздіктің туы астында өткен 16 жыл ішінде экономика, әлеуметтік сала, мәдениет пен өнер ғана емес, қазақтың кім  екенін, оның тарихын зерттеу, жалпы  Қазақстанды бүкіл дүние жүзіне таныстыру да айтарлықтай іс тындырылды. Соның бір тамшысы болып менің  еңбегім саналып жатса, мен үшін үлкен мақтаныш болмақ.        

Бірақ тәуелсіздіктің арқасында  бұрынғы Боровской, Орджоникидзе, Ленин, Урицкий, Комсомол аудандары қазір  Меңдіқара, Денисов, Ұзынкөл, Сарыкөл, Қарабалық болып өзгертілді. Оған жергілікті халық кеш те болса  әділеттің салтанат құрғанына қандай қуанды десеңізші. Қазір бұл елді мекендерге де халық әбден үйреніп  қалды. Сөздің орайы келгенде облыстағы  бірқатар аудандардағы ауыл мен селолардың да жаңаша атауға ие болғанына тоқтала  кеткенді орынды деп есептеймін.Мәселен, Жітіқара ауданындағы бұрынғы Дзержинский, Комсомол, Приречное селолары нағыз  құлаққа жағымды, жадыңда тез  сақталар Аққарға, Жалтыркөл, Ырсай  болып өзгерді. Әулиекөл ауданындағы  Семиозер, Шобанкөл елді мекендері бұл күндері Әулиекөл, Қабидолла Тұрғымбаев ауылы болып аталады. Облыс әкімдігінің қолдауымен және облыстық Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Қостанай облысының топонимикалық картасының» екі кітабы шықты. Жуырда үшіншісі жарық көрмек. Осынау еңбектерде облыстың ертеден келе жатқан тарихи жер-су аттары арқау болады. Ол үшін арнайы экспедициялар жасалды. Бұл экспедицияның жетекшісі – тарих ғылымдарының докторы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты кафедрасының меңгерушісі, профессор Аманжол Күзембай. Қазірге дейін олар облыстың 8 ауданында болды.

Айта берсек, мұндай жаныңды  жадыратар игі мақсаттағы өзгерістер бізде де жетеді. Ал егер алып Одақ ыдырап, Қазақстан егеменді ел болмағанда осындай  өзгерістерге қол жеткізер ме едік.

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Куайн Уиллард Ван  Орман. Слово и обьект. Перевод  с англ. М.: Логос, Праксис, 2000-386 стр.

Информация о работе Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су аттарының ерекшеліктері