Қар мұз ресурстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 20:33, дипломная работа

Описание

Қазақстан аумағындағы мұздықтардың басым бөлігі Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия мен Ресеймен шектесетін табиғи аудан болып табылады: Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Алтай Сәуір тауларында шоғырланған.
Мұздықтардың таралған ауданының қоректену режимін зерттеу өзен-суларын тиімді пайдалануға, жер бедерін қалыптастырудағы, сонымен қатар ғылыми-тәжірибелік маңызын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Бітіру жұмысының өзектілігі. Бітіру жұмысы Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы мұздықтарының негізгі түрлерін, қоректену режимі мен олардың түзілуіне әсер ететін факторлар мен таралуын, шаруашылық маңызын, жер бедерін түзудегі алатын орнын анықтауымен өзекті.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАР МЕН МҰЗ РЕСУРСТАРЫ
1.1 Қар-мұз ресурстары және олардың компоненттерi туралы
түсiнiктер………………………………………………………………........5
1.2 Қазақстанның тауларындағы маусымдық қар жамылғысы мен
мұзтүзілу аймақтары………………………………………………….........17
1.3 Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау
мұздықтарындағы су қоры............................................................................25
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАУ МҰЗДЫҚТАРЫНДАҒЫ СУ ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
2.1 Қазақстандағы тау мұздықтарындағы су қорлары....................................28
2.2 Балқаш-Алакөл ойыстарындағы мұздықтарының көлемі........................31
2.3 Солтүстік Тянь-Шаньның мұздықтары......................................................36
2.4 Жетісу Алатауымен Сәуір тауларындағы қазіргі мұзбасулар.................41
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................47
ҚОСЫМШАЛАР...............................................................................................51

Работа состоит из  1 файл

мұздық диплом геогр.doc

— 312.00 Кб (Скачать документ)

Жетісу Алатауының орташа биіктігі 3580 м. Ең биік шыңы Лепсі, Басқан өзендерінің бастауындағы Бесбақан шыңы. Оңтүстік орталық жотаның құрамына Тоқсанбай (4062 м.), Тышқантау (4359 м.) кіреді. Аталған таулардың орташа биіктігі 3770 м. /38/

Балқаш-Алакөл алабына жататын Көксу, Ақсу, Лепсі, Қаратал, Тентек, Ырғайты өзендері биік тау мұздықтарынан бастау алады.

Қазіргі мұзбасулар тау жоталарының биік біліктік бөлігіндегі суайрықтарындағы терең аңғарлар мен беткейлерде шоғырланған. Тау жоталарының біліктік бөліктері мен мойнақтарын мұздықтардың фирн алаңдары алып жатыр.

Герцин қатпарлығында  түзіліп, неоген-төрттік дәуірде  қайта жаңғырған таулардың қатарына жатпағандықтан төбесі текшелі болып келеді. Үшкір шыңдар аз болғандықтан қазіргі мұздықтардың сақталуына ең қолайлы аймақ болып табылады.

Жетісу Алатауында 1000 ш.ш. алып жатқан 1369 мұздық бар. Мұздықтар теңіз деңгейінен 3300-4360 м-ге дейінгі биіктік аралықтарын алып жатыр. Фирн сызығы 3470-3840 м. биіктік аралығынан өтеді. Солтүстік беткейіне қарағанда оңтүстік беткейінің фирн сызығы 100-120 м. биікте орналасқан. Мұздықтардың 10-20 % мореналар жауып жатыр.

Жетісу Алатауының мұздықтарының басым бөлігінің  ауданы 1 ш.ш-нан аз. Ауданы 1-5 ш.ш. аралығындағы орташа мұздықтар санының 17 % ауданының 45 % құрайды. Ауданы 5 ш.ш-нан асатын мұздықтардың саны небары 26.

Мұздықтардың тең жартысынан астамы аңғарлық (61,3 %), қарлы -21,4 %, 17,3 % беткейлік және төбесі текшелі шыңдардың қасқан тәрізді мұздықтары құрайды.

Жетісу Алатауындағы мұздықтардың 84,1 % солтүстік-орталық  жотада, 15,9 % оңтүстік-орталық жоталарда шоғырланған. Бұлай орналасу негізінен инсоляциялық жағдаймен және қардың терең әрі қалың жиналуына мүмкіндік беретін жер бедерінің ерекшеліктеріне тығыз байланысты. [39]

Осы аймақтағы  мұздықтарды қоректендіретін негізгі  көз – аккумуляция ауданындағы қатты түрінде түсетін атмосфералық жауын-шашын. Қар сызығынан биікте түсетін жауын-шашынның көпжылдық орташа мөлшері 900 мм. Ол көрсеткіш әр жылдары 770-1300 мм.аралығында аутқиды.

Жетісу Алатауының мұздықтарының қоректену шекарасы ауданы тең екі бөлікке бөлінеді. Олар қоректену және еріп жойылатын аймақтары. Аталған аумақтың мұзтүзілу фирнді-мұзды типке жатады.

Фирнді мұзды  аймақ 3500 м-ден биіктегі аккумуляция  аймағының басым бөлігін алып жатыр. Оның төмен жағында мұзды  қоректену аймағы орналасқан [13].

Мұз түзілу үрдісі біріншісінде бірнеше жылда, екіншісінде бір жыл ішінде аяқталады. Мұздықтың беткі қарқынды бөлігінің беті аккумуляция аймағында 0ºдейін көтеріледі. 1 м. тереңдікте-0,4º, 2,5 м. -1,2º, 4 м. -2,6º, 6 м -3,1ºдейін төмендейді. Төменгі температураның болуы аталған таулы аймақтағы мұздықтардың баяу қозғалуымен тығыз байланысты болуы мүмкін.

Қазаншұңқырлық  мұздықтардың орташа жылдық қозғалуы - 4-5 м/жыл, ал аңғарлық мұздықтар -  9-10 м/жыл. Ең жылдам қозғалыс Қора өзенінің бастауындағы Бессонов мұздығында тіркелген. Оның тілінің тоқтаған жерінен 2-3,5 шақырым қашықтықта қозғалу жылдамдығы – 16,7 м/жыл.

Жетісу Алатауындағы мұздықтардың еруіне әсер ететін негізгі  фактор – күн радиациясы. Бұлттылық 4 балл болғанда жылу балансының мөлшері 74 %, 6-7 балда -57 % құрайды.

Мұздықтардың  қарқынды еруі негізінен альбедоға, тау беткейінің экспозициясына және таудың абсолюттік биіктігіне тәуелді. 2900-3100 м. биіктікте абляция кезеңінің ұзақтығы 65, 3300 м-де – 46 тәулікке созылады. Мұздықтардың тіліндегі ерудің орташа тәуліктік көрсеткіші ауа райына байланысты 2,2-4,6 см, орта бөлігінде 1,4-3,3 см шамасында. Оның орны фирн аймағынан қозғалып келгенге қарағанда ерудің салдарынан мұздың басым бөлігін жоғалтады.

Қарқынды ерудің нәтижесінде мұздықтар соңғы  бірнеше онжылдықта кері шегініп барады. Атап айтсақ, Қора өзенінің бастауындағы Бессонов мұздығы 1909-1977 жылдар аралығында 880 м-ге шегініп, ауданы 0,5 ш.ш. кеміген. Тронов мұздығы 1952-1972 жылдар аралығында 425 м-ге қысқарып, ауданы 0,26 ш.ш-ға кеміді. Бұдан басқа да мұздықтарда шегініп бара жатыр. [40]

Жетісу Алатауының мұздықтары жылына ауданының 0,17 % жоғалтуда. Сауыр тауындағы қазіргі мұзбасулар. Сауыр ендік бағытта созылып жатқан Сауыр-Тарбағатай тау жүйесіне кіреді. Оның оңтүстік беткейі өзен аңғарларымен қатты тілімделген, солтүстік беткейі жатық және ұзын. Биік бөлігі Қытайдың аумағында орналасқан.

Ең биік нүктесі  – Мұзтау (3816 м.). Қазақстанның аумағында  жотаның батыс бөлігінің тек 30 шақырымы ғана енеді. Біліктік жоталарының теңіз деңгейінен биіктігі 3400-3800 м-ге дейін жетеді. Солтүстік беткейінің өзендері Зайсан көлі мен Ертіс алабына жатады [14].

Сауыр шыңдары  төбесі кейжері күмбез тәрізді болып, нашар тілімдеуімен ерекшеленеді. Сауыр жотасының климаты шұғыл континентті. Гляциальды аймақта жылдық орташа температура -7; -9ºС. Суық  кезеңнің температурасы -14; -16ºС, жылы кезде +6; +8ºС. Қыста температура -40; -45ºС дейін төмендеп, жазда+20ºС дейін көтеріледі. Жылдық жауын-шашын 500-600 мм.құрайды. Гляциальды аймақта жазда да тек қар түрінде түседі.

Мұздықтардың қоректенуі солтүстік-батыс және батыс желдері әкелетін атмосфералық ылғалдың және төбесі тегіс шыңдардан жел үрлеген қардың аңғарларға аккумуляциялануы есебінен қоректенеді.

Сауыр тауындағы  мұздықтар солтүстік-шығыс, солтүстік  және солтүстік-батыс беткейлерінде шоғырланған. Қазіргі кезеңде Сауырдың Қазақстан аумағындағы бөлігінде жалпы ауданы 16,6 ш.шалып жатқан 18 мұздық бар. Ондағы судың қоры 0,6 км³

Мұздықтардың 1,8 ш.ш.мореналар жауып жатыр. Мұздықтардың ең төменгі шегі 3000-3370 м. биіктік аралығында орналасқан. Олардың мореналар жапқан бөлігі 40-50 м.төменде жатыр. Мұздықтардың ауданының 51 %, санының 61 % қарлы мұздықтар құрайды. [42]

Ең ірі мұздық - Қойсырық. Оның ұзындығы 4 шақырым, ауданы 3,7 ш.ш. Ол жотаның шығыс бөлігінде орналасқан. Одан өзі аттас өзен ағып шығады. Аумағы шағын болғандықтан Сауырдың мұздықтарының режимі толық зерттелмеген.

Аба мұздығы 1901-1958 жылдар аралығында шамамен 90 м-ге, Қойсырық мұздығы 1907-1958 жылдар аралығында 150-250 м-ге шегінгені  туралы мәліметтер бар. Орта Басқан, Үлкен Басқан сияқты кейбір мұздықтар шегінуімен қатар ұлғаюы да байқалуда.

 

 

                                                   

 

 

 

                                                                  Қорытынды

 

  • Бітіру жұмысын қорыта келе Қазақстан аумағындағы мұздықтардың қоректену режимі мен олардың таралуына жер бедерінің ерекшелігі, теңіз деңгейінен биіктігі мен жауын-шашынның таралу ерекшелігі әсер ететінін анықтадық.
  • Қазіргі кезеңде 42-50º с.е. аралығындағы Қазақстан аумағындағы биік тауларда мұздықтардың сақталғанын, олардың география орнының ерекшелігі мен күннің түсу бұрышына, тау беткейлеріне сәйкес теңіз деңгейінен 2600-3900 м.биіктік арасында мұздықтардың таралғанын; олардың қоректенуіне жылу мен ылғалдық таралу ерекшелігіне байланысты мұздықтың түзілетін биіктік 48-52ºс.е. арасында орналасқан Алтайда 2600 м-ден Талас Алатауында 3900 м-ге дейін артқанын анықтадық.
  • Мұздықтар таралған ауданның ірілігі мен олармен қоректенетін өзендердің режимінің арасында тығыз байланыстың бар екеніне көз жеткіздік.
  • Ірі өндірістің қарқынды дамуы мен қоршаған ортаның ластануына сай ғалымдардың жылыну үрдісі мұздықтардың ауданының кішірейіп жойылу қауптерін тудыруда. Ал ол өз кезегінде Көксу, Қаратал, Тентек, Лепсі, Бұрқан, Қорғас, Шарын, Шелек, Үлкен және Кіші Алматы, Талғар, Есік, Түрген сияқты өзендердің шығынын күрт кемуіне әсер етеді.
  • Шегіну үрдісі одан ары жалғаса берсе болашақта мұздықтардың жойылып кету қаупі төнуде. Мұздықтардың ауданының кемуі олардан бастау алатын өзендердің шығыны мен Балқаш, Алакөл, Сасықкөл сияқты көлдердің де ауданыныңкемуіне ықпал етеді.
  • Мұздықтардың шаруашылықтық маңызы өте зор. Олар қоректендіретін өзендердің аңғарларында суармалы егіс алқаптары мен ірі өнеркәсіпті қалалар шоғырланған. Өзен суларын өндірісте кеңінен қолдану - халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды табиғи фактор болып табылады.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Гляциологический словарь / под ред. Котлякова В.М. Л.: Гидрометеоиздат, 1984. С. 4-6.
  2. Долгушин Л.Д., Осипова Г.Б. Ледники. М.: Мысль, 1989. С. 8-35.
  3. Тронов М.В. Ледники и климат. Л.: Гидрометеоиздат, 1966. С. 11-18.
  4. Максимов Е.В., Бажева В.Я. Каталог ледников СССР. Т.14. Л.: Гидрометеоиздат, 1973. С. 17-24.
  5. Долгушин Л.Д., Осипова Г.Б. Ледники. М.: Мысль, 1989. С. 51-58.
  6. Гляциологический словарь / под ред. Котлякова В.М. Л.: Гидрометеоиздат, 1984. С. 15-23.
  7. Котляков В.М. Снежный покров Земли и ледники. Л.: Гидрометеоиздат, 1973. С. 21-37.
  8. Калесник С.В. Очерки гляциологии. М.: Географгиз,1963. С. 35-43.
  9. Тронов М.И. Ледники и климат. Л.: Гидрометеоиздат, 1966. С. 33-39.
  10. Котляков В.М. Снежный покров Земли и ледники. Л.: Гидрометеоиздат, 1973. С. 21-37.
  11. Калесник С.В. Очерки гляциологии. М.: Географгиз, 1963. С. 48-63.
  12. Тронов М.И. Ледники и климат. Л.: Гидрометеоиздат, 1966. С. 45-59.
  13. Гляциологический словарь / под ред. Котлякова В.М. Л.: Гидрометеоиздат, 1984. С. 53-77.
  14. Кренке А.Н. Массообмен в ледниковых системах на территории СССР. Л.: Гидрометеоиздат, 1982. С. 58-67.
  15. Гляциологический словарь / под ред. Котлякова В.М. Л.: Гидрометеоиздат, 1984. С. 76-87.
  16. Тронов М.И. Ледники и климат. Л.: Гидрометеоиздат, 1966. С. 95-100.
  17. Пальгов Н.Н. Ледники. В кн. Казахстан. М.: Наука, 1969. С. 11-25
  18. П.А.Черкасов, Е.Н. Вилесов. Основные итоги оценкиусловий существования современного олиденения Казахстана // Гляциология Средней Азии. Ледники.-Л.: Гидрометеоиздат,1974. Вып.14 (95). С.50-53.
  19. Кренке А.Н. Массообмен в ледниковых системах на территории СССР.- Л.: Гидрометеоиздат, 1982. С. 73-91.
  20. Пальгов Н.Н. Сток ледников Казахстана.- в кн.:Гляциологические исследования. Заилийский и Джунгарский Алатау. Алма-Ата, Изд-во АН КазССР. 1965. С.26-44.
  21. Макаревич К.Г., Пальгов Н.Н., Токмагамбетов Г.А. Оледенение Заилийского Алатау. - М.: Наука, 1974. С.36-53.
  22. Пальгов Н.Н.Ледники. в кн. Казахстан. М.: Наука, 1969. С. 41-65.
  23. Макаревич К.Г. Оледенение Заилийского Алатау. М.: Наука, 1969. С. 27-46.
  24. Пальгов Н.Н. Сток ледников Казахстана. В кн. Гляциологические исследования. Заилийский и Джунгарский Алатау. Алма-Ата, Изд-во АН КазССР, 1965. С. 42-56.
  25. Тронов М.В. Ледники и климат. Л.: Гидрометеоиздат, 1966. С.115-139.
  26. Черкасов П.А., Вилесов Е.Н. Основные итоги оценки условий существования современного олиденения Казахстана // Гляциология Средней Азии. Ледники. Л.: Гидрометеоиздат, 1974. Вып. 14 (95). С. 56-62.
  27. Вилесов Е.Н. Новые данные о размерах современного оледенения Заилийского Алатау // Вестник АН Каз ССР. Алма-Ата: 1975, № 8. С. 67-69.
  28. Пальгов Н.Н. Ледники. В кн. Казахстан. М.: Наука, 1969. С. 57-83.
  29. Пальгов Н.Н. Сток ледников Казахстана. В кн. Гляциологические исследования. Заилийский и Джунгарский Алатау. Алма-Ата, Изд-во АН КазССР, 1965. С. 75-96.
  30. Макаревич К.Г., Пальгов Н.Н., Токмагамбетов Г.А. Оледенение Заилийского Алатау. М.: Наука, 1974. С. 76-93.
  31. Долгушин Л.Д., Осипова Г.Б. Ледники. М.: Мысль, 1989. С. 138-148.
  32. Пальгов Н.Н. Сток ледников Казахстана. В кн. Гляциологические исследования. Заилийский и Джунгарский Алатау. Алма-Ата, Изд-во АН КазСС<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-family: 'KZ Times New Roman', 'Arial'; font-size: 14pt

Информация о работе Қар мұз ресурстары