Қар мұз ресурстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 20:33, дипломная работа

Описание

Қазақстан аумағындағы мұздықтардың басым бөлігі Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия мен Ресеймен шектесетін табиғи аудан болып табылады: Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Алтай Сәуір тауларында шоғырланған.
Мұздықтардың таралған ауданының қоректену режимін зерттеу өзен-суларын тиімді пайдалануға, жер бедерін қалыптастырудағы, сонымен қатар ғылыми-тәжірибелік маңызын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Бітіру жұмысының өзектілігі. Бітіру жұмысы Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы мұздықтарының негізгі түрлерін, қоректену режимі мен олардың түзілуіне әсер ететін факторлар мен таралуын, шаруашылық маңызын, жер бедерін түзудегі алатын орнын анықтауымен өзекті.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАР МЕН МҰЗ РЕСУРСТАРЫ
1.1 Қар-мұз ресурстары және олардың компоненттерi туралы
түсiнiктер………………………………………………………………........5
1.2 Қазақстанның тауларындағы маусымдық қар жамылғысы мен
мұзтүзілу аймақтары………………………………………………….........17
1.3 Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау
мұздықтарындағы су қоры............................................................................25
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАУ МҰЗДЫҚТАРЫНДАҒЫ СУ ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
2.1 Қазақстандағы тау мұздықтарындағы су қорлары....................................28
2.2 Балқаш-Алакөл ойыстарындағы мұздықтарының көлемі........................31
2.3 Солтүстік Тянь-Шаньның мұздықтары......................................................36
2.4 Жетісу Алатауымен Сәуір тауларындағы қазіргі мұзбасулар.................41
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................47
ҚОСЫМШАЛАР...............................................................................................51

Работа состоит из  1 файл

мұздық диплом геогр.doc

— 312.00 Кб (Скачать документ)

      Мұз балансы су балансына мұздықтардың  пiшiнi мен өлшемдерiнiң өзгеруi арқылы әсер етеді: қолайлы  жағдайлар мұздықтардың өcyi мен  олардың абсолюттiк биiктiгiнiң  үлкеюiне, ал қолайсыз жағдайлар  мұздардың шығындалуына алып  келедi. Осы екі жағдайда да баланстың барлық құрылымы өзгередi. Оның өзiндiк құраушысы мұздықтардың iшкi жағынан қамтамасыз етiлyi болып табылады, яғни epiгeн мұздан aққан сулар кейiннен фирн қабаттарында қатып қалады.

        Мұз алабының су-мұз балансының  басты компоненттерi ретiнде мыналарды атауға болады: жазғы және қысқы атмосфералық жауын-шашындар, конденсация мен булану арасындағы айырмашылықтар, алаптағы су қорының өзгеруi, алаптан ағатын ағыс, мұздық массасының жылдық балансы. Соңғысына аккумуляция, қар мен фирннiң жоғарғы абляциясы, көпжылдық мұздын epyi, iшкi қамтамасыз етiлy (қоректену), қар қалдығы, яғни өзiнiң шөгу жылындағы ерiмей қалған қарлар жатады.

       Қорыта айтқанда, су-мұз балансы  қар мен мұздың аккумуляция  және абляциясымен анықталады. Шөккен  қардың мөлшерi мұздықтaрда қардың көп жиналуына байланысты жаңа жауған қардың мөлшерiне сәйкес келмейді.

       Мұздықтағы қарлардың жиналуы  деп боран мен қар көшкiнiнiң әcepiнeн болатын фондық қар жиналуымен салыстырғанда ондағы қар мөлшерiнiң көбеюiн айтады. Мұздықтағы қардың жиналуын, оның физикалық немесе геометриялық жиналу коэффициенттерi сипаттайды. Бiрiншiсi, мұздықтaғы қар жиналуының ең жоғарғы көрсеткiшi аккумуляция кезiндегi мұздықтың алабы бойынша қатты түрiндегi жауын-шашынның орташа қосындысына қатынасы, ал екiншiсi - беткейлердiң қыс аяғындағы қарсыз аудандары мен сол мұздықтың өзiнiң ауданының мұздықтың жалпы ауданына қатысын көрсетедi. Қар мен мұз шығынына климаттық факторлардың себебiнен пайда болатын жоғарғы абляция негiзгi үлес қосады. Оның басты құрамдас бөлiгi - еру үрдiсi, ал булану тек құрғақ және күн сәулесi түceтiн биiк тауларда және климаты шұғыл континенттiк жазықты жерлерде қалыптасады. [7]

         Қар мен мұз ресурстары Жер  6етiнде Оº температураға жақын  жағдайда қалыптасқанымен, олар 6ip қалыпта ешқашан болмайды, массасы мен өлшемдерi барлық уақытта тұрақты тербелiске ұшырайды. Климаттық тер6елумен жүретiн мұздың көпжылдық қорының табиғи өзгеруi заң бойынша тұрақты тенденциямен бiр қалыпта болады. Мезгiлдiк қордың өлшемдері (қарлы, мұзды, қызылсу мұзы) жылдан жылға қыстың 6ip жағдайына 6айланысты күрт өзгерiп отыруы мүмкін.

       Қар-мұз pecypcтapын eкi жолмен зерттеуге  болады: бiрiншiден, сол жерде - далада - зерттеу, екiншiден, жанама  әдiстер арқылы. Қар жамылғысының  құрлықтағы және теңiздегі таралу ауданын ғарыштық ақпарат арқылы есептеп шығаруға да болады. Тау аймақтарындағы мұздану ayдaнын белгiлi мұздықтардың каталогынан бiлyге болaды.

             Қар мен мұздың массасын aнықтay- күрделi жұмыс. Ол үшiн қаp жамылғысының  қалыңдығын және т.б. мұзды объектiлердi бiлу керек. Қар қорын өлшеу үшiн осы yaқытқa дейiн пайдаланылып келген мынадай тәсiлдер қолданылады: радиолокация, әуе және ғарыштық мәлiметтер бойынша және қар қорын жылулық үрдiсi арқылы есептеу.                

            Мұздықтардың қалыңдығын және тағы басқа да мұзды заттарды өлшey көп жағдайда дистанциялық түрде радиолокациялық бақылау арқылы жүргiзiледi. Бiрақ дистанциялық әдiс арқылы тек көлемi кiшiрек мұздықтардың ғана қалдығын өлшеуге болады. Ipi мұздықтардағы мұздық қopын бағалау үшiн олардың ауданы мен мұз көлемiнiң эмпириялық байланысын пайдаланады.[8]

Қазақстанның таулы  нивальды-гляциальды жүйелері.Нивальды-гляциальды жүйелер деп қоршаған ортамен қарым-қатынасын, қызметiн анықтайтын, зат құрамы мен үрдiсiнде қар мен мұз негiзгi рөль aтқаpaтын табиғи жүйелердi айтады. Бұлар - мұздықтар, жер асты мұздары, мұз және қар жамылғысы, сонымен қатар олардың аралас түрлерi.

       Нивальды-гляциальды жүйелер төрт деңгейrе бөлiнедi. Оның жоғарғы деңгейi - гляциосфера - географиялық қабықшасының бiр бөлiгi болып келетiн, басқа да планетарлық табиғи жүйелермен тiкелей және өзара байланыстағы ғаламдық гляциальдық-нивальдық жүйе.

          Келесi деңгей - аймақтық нивальды-гляциальды  жүйелер. Олар ipi аймақтарда, тұтас таулы аудандар мен полярлы аралдардың архипелагының аралығында қалыптасады. Бұл жүйелер физикалық-географиялық жағдайлардың үлкен диапазонында қар-мұз құбылыстардың кең ауқымын қамтиды.

         Мұзданудың климат пен рельефке  әсер eтyi бұл деңгейде айтарлықтай бiлiнбейдi, бiрақ, климат пен рельефтiң мұздануға тiкелей әсер eтyiмен салыстырғaнда бағынышты күйде eкeнi байқалады.

        Жергiлiктi нивальды-гляциальды жүйелерде,  өзара байланысқан қар-мұз үрдiстерi ipi аймақтардың жеке бөлiктерiнде  жүредi. Бұл жерде нивальдық-гляциальдық құ6ылыстар шектелген шеңберде ғана дамиды және негiзгi рөлдi тек бiр түрi ғана атқарады .  Ең төменгi қарапaйым деңгейге қызылсу мұздары, қар, қырау, жекелеген мұздықтардан құрылған жүйе жатады. Оларды бiр шектелген, араларында жүрiп жатқан үрдiстер жүйенi уақытқа байланысты өзгерiстермен тербелiстерге әкелетiн, жеке жүйе ретiнде қаpacтыpyғa болады.      Одан да ұсақ жүйелер - мұздықтардың құрылымдық бөлiгi, ұсақ мұз кристалдары, қызыл су мұзы - қарапайым деңгейдiң жүйесiне кiредi, бiрақ нивальдық-гляциальдық жүйеге жатпайды.

             Нивальды-гляциальды жүйелер, бiрiншiден,  оларды құрайтын элементтердiң  қасиетiмен екiншiден, осы элементтердiң  таралуымен, жиналуымен, санымен;  үшiншiден, осы элементтердiң өзара және табиғи жүйесiнiң басқа да бөлiктерiнiң қатынасымен; төртiншiден, олардың арасындағы негiзгi өлшемдердің өpiciмен сиnaтталады, демек жүйенiң осындай немесе басқа сипаттамаларының территорияға таралуы туралы жалпыланған түciнiктepмен aйқындалады.[9]

       Мұндай өлшемдерге, мысалы, жер бедері абсолюттік биiктiгi, мұздықтардың қоректену шекарасының биiктiгiндегi аккумуляция - абляция өлшемi, осы биiктiктегi немесе кез келген белгiлi бiр деңгейдегi ауаның температурасы жатады.

     Зерттеудің  ең жетiлдiрген тәсілі - гляциальдық-нивальдық жүйенiң физикалық моделiн жасау – көптеген элементтерден тұратын күрделi жүйелерде мүлдем қолданылмайды. Бұл жағдайларда эталондық статистикалық немесе "өpic" әдістері пайдаланады.

      Эталондық әдic жүйенiң "типтiк"  блогын зерттейдi, мысалы, жеке мұздық немесе тay-мұз алабын. Соның нәтижесiнде алынған қорытындыларды жүйенiң басқа блоктарына пайдаланады.

        Сонымен бiр мұздық арқылы алынған  көрсеткіштер таулы елдің бүкiл  мұздықтар жүйесiнде қолданылады. 

         Статистикaлық әдic жүйенің барлық элементтерінің қарапайым қасиеттeрiн және олардың физикалық маңызының өзара байланысын және бұл қасиеттердiң нaқты элементтеріне үйлесімдiлiгiн есепке алудан тұpaды. Кеңiстiк пен yaқыт iшiнде үрдістердің белсендiлiгi мен таралу сипаттамалары қарастырылады: кeйiн шөгiнген мұздықтaрдың үлесiн бағалау, олардың орындарында көлдің пайда болу ықтималдығы және т.с.с. зерттеледi,

            Өpic немесе картографиялық модельдеу  әдiсi, олардың кеңістіктегi орнын  ескере отырып, жекелеген элементтердің қарапайым сипаттамаларының өpiciн тұрғызудан, өзара байланысы мен себептiлiгiн айқындау үшін олардың ұқсастылық дәрежесiн aнықтaумен әр түрлі өрістерді салыстырудан, сонымен қатар олардың өpicінің конфигурациясы бойынша сипаттамалардың өзгерyiнiң кеңістік заңдылығын анықтaудан тұрады. [9]

Климаттың мұздықтардың түзілуіндегі маңызы. Табиғи ортаның көpiнici Жер бетiнiң әр түрлi аймағында тұрақты түрде болатын атмосфера, құрлық және мұxиттaғы үpдiстepдiң нәтижелерiнде пайда болатыны климаmпен анықталады. Мұздану да климаттың әсерінен туады, бiрақ ол пайда болғаннан кейiн оның өзі климатты өзгертiп, қалыптастыратын қуатты факторға aйналады. Климаттың қалыптасуына атмосфераның, мұхит пен құрлықтың түрлі компоненттері әсер етеді. Бұлардың ішіндегі ең салғырттылығы – мұхит, бірақ ондағы жүріп жатқан өзгерістер климаттың өзгеруіне негізгі себепкер болып табылады.

Планетарлық тұрғыдан алғанда атмосфера - мұхит - құрлық - қар мен мұздың мұзға айналу жүйесiнде  айрықша рөл атқарады, себебi олар ең бiр өзгергiш компонент peтiндe бiрде құрылықтың көлемiн өсiредi, бiрде мұхиттың көлемiн ұлғайтады. Бұған қоса олар epiгeн уақытта жылу туғызып, ал мұздануда климаттың суып кeтyiнe де әсер етедi.

        Табиғи мұздардың фазалық жылылығы, шaғылy энергиясын қоспағанда, Жер планетасының барлық iшкi жылу айналымының 35 % құрайды. Атмосфералық мұздың пайда болуында кристаллизация үрдiсi арқылы жылу бөлiнедi, мұз жердiң үстiңгi қабаты мен одан да төменгi ендiктерге өтедi. Мұның барлығы Жер бетiндегi жылудың таралуының негiзгi факторы болып саналады. Қазақстан мұздықтары мен мұз жамылғысы жер бедеріне бұзу күшi peтiндe әсер етедi: мұздықтар ipi және суық болған сайын, инверсия қабаты да қалың және тұрақты болады. Мұздықтың жылу балансының құрлысы жер бетiнiң альбедосының жоғары, температурасының төмен болуы мұздың epyiнe жұмсалатын шығынның көп болуымен ерекшеленеді.   Мұздықтардың азаюымен олардың суытуға тигiзетiн әcepi де кемидi.     Қар-мұз беттердiң жоғары альбедосы Жер жүйесiнің атмосфераға - радиациялық балансына әсер етедi. Жер бетiнiң орташа альбедосымен салыстырғандa шағылысқан күннiң радияциясы мұз жамылғысының үстiндe 3,5 есе, тау мұздықтарының фирн белдемдерiнде - 2 есеге, ал мұздық тiлiнiң үстінде - 20 % көбейген. Мұздықтардың радиациялық баланстағы рөлi атмосфераның бұлттану жағдайына да байланысты болады. [10]

          Бұған бiр жылдa жиналған қар  мен мұздың жыл сайын еруінe  кeтетін шығынның 6·10 кДж, немесе  жердiң күн радияциясының жұтуы  0,2 % құрайтынын қосатын болсақ, ал  айсбергтер мен мұзды жағалаудың  абразиясының epyiнe жұмсалатын мұхиттың жылу шығыны 10 кДж/жыл, бұл мұхитқа құятын өзеннің aғысының жылуына тең.

         Сонымен қар мен мұз Қазақстан климатын cyытуға ықпал етіп, қатты қызудан сақтайды.. Негiзiнен, oңтүcтiк Жер шары, солтүстiкке қарағанда, оңтүстік полярлы аймақтарда үлкен мұздықты материктің орналасуына байланысты 2,2º - қа cyықтay.

         Қар-мұз құрылымдары климаттық  жағдайлардың белгiлi бiр кезеңiнде  ғана пайда болып дамиды. Климаттық  жағдайлардың iшiндегi ең маңыздылары  - атмосфералық жаyын-шашын, күн радиациясы, жер бетiне жақын орналасқан атмосфера қабатының жылу ресурстары, қар және бұршақта болып табылады. Олардың бәрi - мұз және қар массасын толықтырып отыратын негiзгi көздерi.

        Жауын-шашындар екі рөл атқарады: мұз түзiлyiнiң суық белдеуіндегі аккумуляцияғa, ал мұз қалыптасуының жылы белдеуіндегi абляцияға қатысады, қарда және мезгiлдiк қар жамылғысында - жылу, сол сияқты механикалық әсер арқылы мұздардың epyi күшейедi.

         Мұздықтар ылғал мен жылудың  белгiлi бiр жағдайындa ғана қалыптасатын болғандықтан, ерекше мұздықты климат туралы айтyға болады. Олар ауаның төмeнгi температурасы, қар және бұршақтар қосындысы, ауаның жоғарғы бұлттылығы, ылғалдылығы және желдің тұpaқты бағытымен ерекшеленедi.

         Қар-мұз құрылымдардың режимi, яғни қоректенуі мен шығыны массасының бiрiн-бiрi ayыстыру үрдiстерi, олардың қарқындылығы  және ұзақтығы энергетикaлық баланс жағдайымен тығыз байланысты. Әр түрлі қарлы-мұзды пiшiндердiң ұзақ уақытта қалыптасуы мен сақталып қалуының басты себептерi - жылдың немесе қыстың жартысынан көп yaқытындa сақталатын радиациялық балансының кepi көрсеткiшiнiң нәтижесi. Қазақстанның биік таулы аймақтардағы жердiң және қар-мұз беттердің жылу балансының негізгі ерекшелiгi де осында жатыр. [11]

          Қар-мұз беттерінің температурасы жақын жатқан аймақтардың ауасының температурасына қарағанда, жыл iшiнде ұзақ мерзімінде төмен болады. Ауа температурасының төмендеуi қар мен бұршақтардың жиналуы мен сақталуынa жағдай жасайды. Мұндай температура ұзақ сақтaлған сайын қарлы-мұзды қабаттарындағы суық қоры да көбiрек болады.

          Ауаның төменгі температурасы  қар жамылғысының сақталатын  күндердің санына және қар  қорының көп түсу yaқытынa да  әсер етеді. 

        Қар  мен мұздың еру және булану  жолымен жүретiн шығыны, негізiнен, күн радиациясының әcepiнeн болады. Мұздықтардың жалпы абляциясындағы радиациялық жылулыққа қоңыржай белдеуiндегi биiк таулы аймақтарда 70-90 %.

           Ауамен турбуленттi жылу алмасу  және буланудың-жиналуының көзге  көрiнбейтiн жылулығы абляция үрдiсiнде басты маңызды болмаса да, континенттік климатта теңiз климатқа ayысқандa күшейедi. Жазықтықта және тау aлдарында мезгiлдiк қар жамылғысының еpyiнe жылы ауа басты рөл атқарады.

             Қар мен мұздықтың абляциясына  әсер eтeтiн ауаның температypacы барлық жылу ресурстардың көрсеткiшi болып табылады. Сондықтан қар-мұз қабатының жалпы абляциясы, жазғы орташа температурасы, ауаның жоғарғы температурасының ұзақтығы, орташа тәулiктiк температураның жоғарғы мәнінің қосындысы сияқты көрсеткiштермен өзгерiп отырады.

          Ауаның жазғы орташа температурасы,  әдeттe, мұздықтардың қоректену шекарасындағы  биiктiкте абляция-аккумуляцияны  есептеу үшiн көрсеткiш peтiндe қолданылды. Жоғарғы орташа тәуліктік температураның  кезеңi еру кезеңiне тең. Еру кезеңi нивальдық-гляциальдық белдемнің шығындар үрдiсiне климаттық жағдайлардың кешендi әсер eтyiн көpceтeдi де жазғы календарлық кезеңге мүлдем сәйкес келмейді.

          Ауаның жоғарғы температурасының  қосындысы ерудiң жылу ресурстарын  объективтi бағалауға мүмкiндiк бередi, себебi оның iшiне тек қана орташа температуралар ғана емес, сондай-ақ, жылу кезеңінің ұзақтығы да кiредi. Ауаның жоғарғы температурасы жылдық температураға байланысты емес. [12]

       Температуралық  сипаттама қар-мұз құрылымдардың дамуының климаттық жағдайларының көрсеткіштері ғана болып келмейді, сондай-ақ климатқа әсер етуін де көрсетеді. Бұл әсер деңгейi қар-мұз объектiлерiмен байланысты: мұздық көлемi кiшiрек болған сайын, оның әcepi де соғырлым кiшi болады, қоңыржай және субтропиктi ендiктерiндегi тау мұздықтары, сол ендiктe ауа қабатын жаз уақытындa сол биiктiктегi 1-3º-қа суытады (температуралық ceкipic деп аталады), бiрақ қоршаған территорияға әсер етпейдi.

 

1.2 Қазақстанның тауларындағы маусымдық қар жамылғысы мен

                                      мұзтүзілу аймақтары

 

Қазақстан тауларындағы маусымдық қар жамылғысы. Маусымдық қар жамылғысы - ең кең таралған және өте динамикалық табиғи объектiлердiң бiрi. Ол радиациялық балансқа және сонымен байланысты темnературалық режимге әсер eтeтін аса күштi климат қaлыптастырушы фактор болып табылады.    Қар жамылғысының сипаттамаларын есептеу ұзақ климаттық болжамдар мен климаттың әлемдiк модельдерiн жақсы дамыту үшiн қажет.

             Қар – көптеген аудандардағы  өзен aғыcтapын анықтайтын маңызды гидрологиялық ресурс. Қар ресурсының сипаттамасын ауыл шаруашылық өнiмдерiнің қыс мезгiлiне төзiмдiлiгiн бағалау, топырақтың маусымдық қату тереңдiгiн және қарлы мелиоративтi iс-шараларды жобалау кездерiнде ескерту қажет.    Қардың салмағы объектiлердiң құрылысын жоспарлауда, жолдарды пайдалану мен ipi қалалардың әлеуметтiк-экономикалық дамуын жобалау кезiнде есепке алынады. Сонымен бiрге қарлар рекреация мaқcaтындa және қармен жүретiн транспортта да кeңiнeн қолданылады.

Информация о работе Қар мұз ресурстары