Алматы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 13:28, реферат

Описание

о городе Алматы. Георафическое положение, история.

Работа состоит из  1 файл

Алматы.doc

— 233.50 Кб (Скачать документ)

Дін

       Алматы орталық мешіті

Алматыда 42 конфессияны құрайтын барлығы 275 діни бірлестіктер мен топтар қызмет етеді. Бұл 1991-жылға қарағанда 10 есе артып, діни бірлестіктер қатары әлі де көбеюде.

Олардың ішінде: Ислам — 38, Орыс православиелік шіркеуі — 14, көне салтшылдар — 2, Ахмадие  — 2, Римдік-католиктік шіркеу — 5, Иудейлік дін — 2, Лютерандық шіркеу — 5, Евангельдік  мәсіхші-баптистер — 20-ға тарта, Жетінші  күннің Адвентистері — 5, Елушілдер  — 4, Пресвитериандар, Әдістемешілер және оған жақын бірлестіктер — 40-тан аса, Иегова Куәгерлері — 30-ға тарта, Жаңа апостолдық шіркеу — 2, Біртұтастық шіркеуі — 2, Буддизм — 2, Соңғы өсиет шіркеуі — 1, Харизматикалық бірлестіктер — 16, Иса Пайғамбар шіркеуі — 2, Бахаи — 2, Жаңа ұстаным Бірлестіктері (Кришна Танымы Қоғамы, Вайшнавалар, Шри Чинмоя және т.б.) — 4, Інжіл шіркеуі — 1, эзотерикалықтар (Ұлы Ақ Бауырластық) — 1, Армян-григориандық шіркеуі — 1, Трансцендентальдық медитация — 1, Саентологиялар — 1 және басқалары бар.

Көптеген  діни бірлестіктердің ресми өкілдіктерінің деңгейі әлдеқайда өсті. Алматы қаласы және Қазақстанның оңтүстік өңірі бойынша  Апостол Әкімгері Г.Хованец Рим  Папасы Иоанн-Павел ІІ-нің декреті  бойынша тағайындалды. Алматыда бірқатар ескі және жаңа республикалық діни орталықтар да қызмет етеді: Қазақстан мұсылмандарының діни Басқармасы, Орыс Православиелік шіркеуі Астана-Алматы қалалық епархиясының Епархиалық Басқармасы, Қазақстан Республикасы оңтүстік-шығыс аймағының Евангельдік Мәсіхші-Баптистер Бірлестігі, Жетінші күннің Адвентистері шіркеуінің оңтүстік юниондық конференциясы (Қазақстан және Орта Азия бойынша), Қазақстандық Мәсіхшілер Орталығы, «Жаңа өмір» Інжіл Орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ахмадиялық Мұсылман Жамағаты, сонымен қатар басқа да бірқатар аймақтық орталықтар.

Ислам және Орыс Православиелік шіркеуі діни бірлестіктері ірі орталықтар болып  есептеледі, өйткені қазақстандықтардың 95%-дан астамы аталмыш діндердің  үлесіне тиеді. Сонымен қатар  Римдік-католиктік шіркеудің қызметі де белсенді жүргізілуде. Сондай-ақ протестанттық ұйымдар ішінен Евангельдік мәсіхші-баптистер бірлестігі, Пресвитериан, Харизматтар және Евангельдік мәсіхшілер, Жетінші күннің Адвентистері, Евангельдік-лютерандық шіркеу қызметтері де біршама қолдауға ие. Алматы қаласында түрлі дәстүрлі діндерден тыс басқа да жаңа діни бірлестіктер (Мысалы, Мун шіркеуі, Виссарион шіркеуі, Кришна санасы қоғамы, вишнуиттер және т.б.) қызметін атқарып жатыр.

Алматы  қаласында көптеген діни оқу орындары бар — Ислам мәдениетінің Египет «Нұр-Мүбәрак» университеті, Орыс Православиелік шіркеуінің Алматы епархиалдық училищесі, Алматы пресвитериандық діни Академиясы, Қазақстандық пресвитериандық діни семинариясы, «Агапе» және «Жаңа өмір» інжіл колледждері, Жетінші күннің Адвентистері Заок Діни Академясының Алматыдағы бөлімшесі, барлығы 10-нан астам оқу орны.

Алматы  қаласында мынадай діни басылымдар жарық көреді: «Ислам Әлемі», «Шапағат Нұр», «Қазақстандағы Православие Нұры», «Веди», «Жаңа Өмір», «Хабаршы», «Шолом Алейхем» және т.б.

Қалада 87 діни ғимарат пен құрылыс объектілері  орналасқан. Олар діни дәстүрлерді  ұстану мен жүзеге асыру үшін ашылған. Мысалы, қаланың Орталық Мешіті, Әулие Вознесендік Кафедралды соборы, (тарихи және мәдени ескерткіштер), Сұлтан-Қорғандағы мешіт ғимараты, Әулие-Қазан шіркеуі, Әулие Үштік католиктік храмының ғимараты, алуан түрлі мінәжат үйлері, «Менахем Үйі» — Хабад-Любавич Қазақстандық Еврей орталығы және т.б. Сонымен қатар барлық дін өкілдерінің соңғы сапарға аттандыру салттарын ұстанатын бірлестіктер бар.

Американдық мәсіхтік CNL арнасы хабарларын көрермендердің назарына ұсынып отырады.

Діни  бірлестіктердің қалыпты қызмет етуіне қалалық және аудандық әкімшіліктер тарапынан әрдайым көмек көрсетіледі: діни ғимараттардың құрылысына арнайы жер учаскелері бөлінеді, жергілікті бірлестіктерде қызмет ететін шет елдік өкілдердің білім деңгейін тексеру жүргізіледі, қайырымдылық шараларды ұйымдастыруда да бірқатар мәселелердің шешілуіне ықпал етіледі.

Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасының басшысы (Ә. Дербісәлі), Орыс Православиелік шіркеуі Епархиалдық Басқармасының басшысы (Мефодий митрополит), Римдік-Католиктік шіркеу басшысы (Г. Хованец епископ), Евангельдік-лютерандық шіркеу басшысы, Қазақстан Республикасы оңтүстік-шығыс аймағының Евангельдік Мәсіхші-Баптистер Бірлестігінің аға-пресвитері, Оңтүстік юнион және Жетінші күн Адвентистері шіркеуінің Қазақстандық конференциясы, Иудейлік дін, Бахаи діні, Кришна Танымы Қоғамы президенттері сияқты діни басшылар діндарлар арасында рухани көсем ретінде есептеледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Р Е Ф Е Р А  Т 

АЛМАТЫ  
 
 
 
 
 
 
 

Дайындаған

5А сынып оқушысы

Дусджанова  Аружан 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

АЛМАТЫ, 2011

Информация о работе Алматы