Үлкен Алматы өзеніндегі 2006 жылғы сел тасқыны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2012 в 21:38, курсовая работа

Описание

Қазселденқорғау және Мемлекеттік Казгидромет жүйесінің бақылау хабарламаларының қызметтеріне орай 2006 жылдың маусым айында Іле Алатауы жоталарында жауын-шашын жаңбырлы ал биік таулы аудандарда жауын-шашын үздіксіз жауған деген дерек бар.Жауын-шашынның айлық жиынтығы 55-тен 220 мм дейін немесе 64-170% қалыпты түрде құрады.
1-5 шілде аралығында жауын-шашын мөлшері 1-16 мм болды.Ұзынқарғалы өзенінен басқа алаптарда бұл кезде жауын-шашын мөлшері айлық қалпынан 125% асып кеткен,яғни 35 мм (28 мм қалыпты)

Работа состоит из  1 файл

Үлкен Алматы өзеніндегі 2006 жылғы сел тасқыны.docx

— 16.60 Кб (Скачать документ)

Үлкен Алматы өзеніндегі 2006 жылғы сел тасқыны.

     Қазселденқорғау және Мемлекеттік Казгидромет жүйесінің бақылау хабарламаларының қызметтеріне орай 2006 жылдың маусым айында Іле Алатауы жоталарында жауын-шашын жаңбырлы ал биік таулы аудандарда жауын-шашын үздіксіз жауған деген дерек бар.Жауын-шашынның айлық жиынтығы 55-тен 220 мм дейін немесе 64-170% қалыпты түрде құрады.

     1-5 шілде аралығында жауын-шашын мөлшері 1-16 мм болды.Ұзынқарғалы өзенінен басқа алаптарда бұл кезде жауын-шашын мөлшері айлық қалпынан 125% асып кеткен,яғни 35 мм (28 мм қалыпты)

      6 шілде сағат 11-15 аралығында Алматы облысы аз жаңбырлығымен және орташа қарқындылығымен және су өтімінің жоғарылауымен,лайлылықтың 2 баллға жетуімен тіркелген.Бірақ 15 сағат ішінде жауын-шашын қарқындылығы бірден көтеріліп және ол нөсерлі сипатты анықтама берді.Жауын-шашын қарқындылығы Алматы қаласында 17 сағатқа дейін жалғасты.Ал таулы алаптарда оның ұзақтығы 3-3,5 сағатты құрады.Осы уақыттарда ең жоғарғы тәуліктік жауын-шашын мөлшері (61,5 мм) Талғар өзені алабында тіркелді.Оның айлық қалыпты мөлшері 140% құрады.30-51 мм жауын-шашын мөлшері таулы алаптардан Үлкен Алматы өзенінде,Кіші Алматы және төменгі тау алаптарында Ақсай,Есік,Турген өзендерінде болды.

     Қаскелең және Ұзынқарғалы өзендерінде жауын-шашын қарқындылығының көтерілуі су өтімінің жоғарылауына және сел тасқынының пайда болуына алып келді.

     Талғар бөгетінде 15 сағатта Q=36,6 м3/с ,ал 19-30 сағатта Q=41 м3/с құрады.Су деңгейі су жинақтаушы имараттың ең жоғарғы қабатына жетті.

     Жауын-шашын қарқындылығының жоғарылауының әсерінен сел тасқындарының аздаған массасы Верблюд тауының (3050 м теңіз деңгейінен биіктігі) етегіндегі жолдарына өз әсерін тигізді.

     Кіші Алматы,Мыңжылқы шатқалының бөгеті алабында сел тасқындарына байланысты жұмыстар жүргізілді.Маңызды сел тасқындары Үлкен Алматы өзені алабының Күмбелсу өзенінде тіркелді.19-21 сағат аралығында Күмбелсу өзенінде сел тасқындарының көзі 4 баллды құрады,ал 2-ші сел тасқындары  ең жоғарғы сипаттаманы құрады.

    Осы сел тасқындарының зардаптарына:ГЭС-1,ГЭС-2 аймағындағы сел бағыттаушы дамбалар,Кумбель-устье гидробекетінің Алматы-Космостанция аймағындағы көпірлер мен жолдар,Көкшоқы аймағынан өзен арнасына өтетін 2 көпірді және Юный музыкант лагеріндегі 1 көпір ұшырады.Өзен аранасының төменгі ағысында Сарбаз кешеніне баратын жол сумен шайылып кеткен.

      Сел тасқыны әсерінен Үлкен Алматы бөгетінде су деңгейі ең жоғарғы қабатына жетіп,оның арыны 5 м құрады.

      Қабылданған шаралар.10-25 сағатта 6.07.2006 жылы ЧС ГУ Қазселденқорғаудың болжамы және ескерту бөлімі бойынша РГП Казгидромет қатты жауын-шашын болғанын болжады және Алматы облысының таулы өзен арналарында сел тасқындары туындады және өте қатты жауын-шашын болғаны туралы болжам айтты.Алматы облысын Қазселденқорғау туралы дайындықтар жасалып,Алматы облысы ДЧС-сі ақпараттандырылды.

      Жоғары режимді дайындықтар апаттық топтарына,кезекші жол транспорты және техникаларында анықталды.Диспетчерлік бекеттерді жауапкершілігі мол мамандар кезекшілік етті.

      Ең бірінші сел тасқыны Қарасай ауданының жол полиция қызметінің айтуы бойынша Күмбелсу өзенінде болды.

      Үлкен Алматы өзені алабына АТЭТУС-тың мамандандырылған топтары ЧС төтенше жағдайдың масштабын бағалауға,жағдайды қадағалауға жіберілді.

      21-24 сағат аралаығында 6 шілде ТЖ-дың жасаған шаралары мен іс-әрекеттері мынандай болды:

-бақылауға қосымша бекеттер  құрылды

-АТЭТУС-ң апатты құрамасымен  «Сарбаз» кешені КамАЗ автокөліктерінде 48 демалып жатқан адамды апат  орнынан эвакуациялады.

-апатты құрамамен техниканың 2 бірлігімен жеке құраманың 5 адамы Үлкен Алматы бөгетінде  тасындылар мен қоқыстарды тазарту  жұмыстарын жасады,суқоймада су  деңгейі ең төменгі қабатына  дейін төмендеді.

-Селді ұстап тұратын  Талғар бөгетіне ГУ «Қазселқорғаудың»  және РГП «Селденқорғау құрылысының»  мамандандырылған топтары селдің  пайда болу себептерін анықтау  үшін жіберілді.

-Талғар өзені алабы  мен Үлкен Алматы алабындағы  бөгеттерді қайта қалпына келтіру  үшін апатты бригадалар дайындалды.

-ГУ «РОСО МЧС РК»  апатты құрамасымен Проходная  өзенінің сағасының бойындағы  су өткізгіш құбырларға тазалық  жұмыстары жасалды.Көкшоқы аймағына  автокөліктері мен мамандандырылған  техникалар вертолетпен қамтамсыз  етілді.

      7 шілде 7:30 таңда Үлкен Алматы,Кіші Алматы,Талғар,Есік өзен алаптарына Қазселденқорғау мамандары сел тасқындарының қайталануына және қалыпты жағдайға байланысты жедел аэровизуалды көмек жасады.

      Сел тасқынының ошақтары – Күмбелсуда-сел ошағы-Мыңжылқы шатқалында байқалған.Ал Есік, Ақсай, Қаскелең,Ұзынқарғалы өзен алаптарындағы сел тасқындары бекеттегі бақылаушылардың айтуы бойынша қауіпті сел деп саналмады.

      Жауын-шашын қарқындылығының таралуы тар аңғарларда жеткілікті болғандықтан,үш өзен алаптарында-Кіші Алматы,Үлкен Алматы,Есік өзендерінің жоғарғы бөлігінде сел тасқындары пайда болды.2006 жылмен 1950 жылдың 8 шілдесінде сел тасқындарының салдары ерекше болып табылды.

       10-15 шілде 2006 жылы Қазселқорғау мамандары Үлкен Алматы,Күмбелсу өзен алаптарына 6 шілдедегі сел тасқындарының сипаттамаларын есептеу үшін бақылаулар жасалды.

       «Күмбел-устье»гидробекет аймақтарында автокөлік жолдарының орнын сел тасқыны арнасымен түбіне дейін тереңдетіп тастаған,осының әсерінен жол жоқ болды.Сел массасы 8 м белгіленді.Ал Шукур саласы аумағында сел тасқындарының массасы арнадан 9 м биіктікте тіркелген.Ең жоғарығы сел тасқындарының өтімі 800-700 м3/с құрады.Бұл болған сел тасқындары гляциалды (мұздықтардың әсерінен пайда болған) сел тасқындарына жатады.


Информация о работе Үлкен Алматы өзеніндегі 2006 жылғы сел тасқыны