ҚР нарықтық экономиканың дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 10:05, реферат

Описание

Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасуы нарық субъектілеріне қызмет көрсету саласында материалдық және материалдық емес өндірісті, әсіресі банк, несие, инвестициялық, ақпараттық, технологиялық, инновациялық, коммерциялық қызмет салаларын әртүрлі қызмет және сервис түрлерімен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен объектілер кешенін қалыптастыруды талап етеді.

Работа состоит из  1 файл

экономика.docx

— 47.71 Кб (Скачать документ)

ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуы

 

Қазақстанда нарықтық қатынастардың  қалыптасуы нарық субъектілеріне қызмет көрсету саласында материалдық және материалдық емес өндірісті, әсіресі банк, несие, инвестициялық, ақпараттық, технологиялық, инновациялық, коммерциялық қызмет салаларын әртүрлі қызмет және сервис түрлерімен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен объектілер кешенін қалыптастыруды талап етеді. 
Курстык жұмыстың мақсаты нарықтың барлық түрлеріне қызмет көрсететін және олардың қызмет етуіне қолайлы жағдай жасайтын кәсіпорындардың, ұйымдардың жүйесін, тауарлар мен қызметтерді тарату каналдарын ұйымдастыруды, тауар өндірушілердің тұтынушылармен байланыстарын, биржаларды ұйымдастыру тәжірибелерін зерттеу, қалыптасқан шаруашылық жағдайларды ескеріп кәсіпорындарға кәсіби қолдау көрсетуді ұйымдастыру. Нарық қалыптасуының негізгі бағыттары берілген, нарықтың жекелеген объектілерінің: еңбек, тауарлар және қаржылық нарықтарының қызмет етуінің теориялық негіздері баяндалады. Инфрақұрылым кешенінің нақты объектілері жөнінде жалпы түсініктер берілген. 
Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарының ішінен аса тиімдісі- нарықтық экономика екендігін адамзат тәжірибесі көрсетті. Көптеген экономистер нарықтық экономиканың негізгі артықшылығы- қоғам ресурстарын өндірістің шекті өнімділік факторларына сәйкес тиімді бөлуге мүмкіндік беретіндігінде,- деп қарастырады. Нарықтық экономиканың альтернативті экономикалық жүйелердің алдында артықшылығы ол инновациялық қызметке ықпал етеді. Жақсы жұмыс істейтін нарық, нарық институттары әлсіз дамыған қоғамға қарағанда инновациялық қызметке рентабельділікті қамтамасыз етеді. 
Нарықтық экономика маркетинг механизмі арқылы төлем қабілеті бар сұранысқа сәйкес өндіріс көлемі мен құрылымын қалыптастырады. Нарыққа бағытталған экономиканың тармақталған инфрақұрылымдық сеті бар. Экономикалық ақпарат тауарлардың бар немесе жоқ болуы, саны мен сапасы, оларды өндіру шығындары, тұтынушыға пайдалылығы жөнінде хабарлайды. Қазақстан Республикасы өзінің дамуында нарықтық бағытты анықтап, реформаларды «ҚР тәуелсіздігі туралы» Конституция Заңын 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданғаннан кейін интенсивті түрде жүргізе бастады. 
Қазақстанның нарық қатынастарына көшуінің бастапқы шарттарын келесі түрде жалпылама сипаттауға болады. 1991 жылы және кейінгі жылдары да өндірістің қысқаруымен, әрекет етіп отырған басқару құрылымдарын нарықтық шаруашылықта тиімді әрекет етуге қабілеті бар жаңа органдармен ауыстырылусыз құлдырауыш жалғасатын әлеуметтік-экономикалық жүйе дағдарысы байқалған. Реформалардың басында әрекет етіп отырған «нарықтық» институттар, сауда және қамсыздандыру өткізу ұйымдары түбегейлі өзгеріп жатқан жағдайларға бейімделмеген еді. 
Дағдарыс қаржылық жүйесін де жаулап алды: ақша эмиссиясы өсті, ақшалай табыстардың өсуі тауарлы массамен қамтамасыз етілмеді. Тауар айналымының көлемі баға факторы есебінен артып отырды. Гиперинфляция кезеңі басталды. 
Үкіметпен қабылданып жатқан ең алғашқы іс-шаралар мен бағдарламалар, біріншіден, саясат, экономика, құқық, қаржы және әлеуметтік салаларда нарық қатынастарын қалыптастыру және дамыту бойынша іс-шаралардың кешенділігін қарастырған. Екіншіден, олар экономиканың макро және микро деңгейлерін, үшіншіден, өткізіліп жатқан реформалардың кезеңдер бойынша жүруін қамтамасыз етті. 
Қазақстан нарыққа көшу бағдарламалары: 
- институционладық реформа, мемлекет ролін қайта қарастыру, заңдылықтар реформалары, орындаушы биліктің қайта құрылуы, әлеуметтік қорғау жүйесін құру, мемлекеттік институттардың (салық жүйесінің, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін бақылау, ақша саясатын бақылау) реформасы; 
- макроэкономикалық тұрақтылықты, қатаң бюджеттік және несие саясаты, мемлекеттік бюджет тапшылығымен күресу; 
- баға және нарық реформасы: бағалардан бақылауды алып тастауды, өндірістік факторлардың бәсекелестік нарығын құруды және сауда либерализациясын; 
- кәсіпкерлікті дамытуды: жеке меншік секторының қалыптасуын, меншік құқығын нығайтуды, салаларға фирманың қол жеткізе және шыға алуын, кәсіпорындардың қайта құрылуын қарастырады. 
Жоғарыда айтылғандардан басқа бағдарламалардан көшудің басқа бағыты болып нарық инфрақұрылымын құру. Ол Қазақстанда нарық қатынастарын дамыту бойынша мемлекет өзегі болып табылады. 
Тауарлы шаруашылықтың даму барысында нысандарының көп түрлілігімен ерекшеленетін және ежелгі базарлардан компьютерлермен қамсыздандырылған, қазіргі заманға ұйымдастырылған нарықтарға дейін жол кешкен нарық қалыптасты. 
Кейбір нарықтардың ресми ережелері бар және нақты белгіленген орындарда әрекет етеді, мысалы тауарлар, қор немесе валюта биржалары. Ал басқа, мысалы жылжымайтын мүліктерді сату, қызмет көрсету іс жүзінде асырылатын ауызша ақпараттық жүйелер сияқты нарықтар бейресми және орталықсыздандырылған. Қазіргі заман нарықтарының ұйымдастырушылық спектрлері өте кең: тауарлардың көтерме және бөлшек нарықтары, ішкі нарық, ұлттық нарық, әлемдік нарық және т.б. 
Нысандарының көптүрлілігіне, мөлшерлеріне қарамастан барлық нарықтарда тағы бір жалпы қасиеті бар: олар ақпартты адамдарға шешім қабылдау үшін қажетті бағалар және стимулдар түрінде ұсынады. 
Экономикалық оқулықтарда нарықтың мәнін ашатын көптеген анықтамалар бар. ХІХ ғасырдағы ағылшын экономисті У.Джевонс нарықты іскерлік қатынасқа түсетін және қандайда болмасын тауар бойынша ірі келісім шарттар орнататын адамдардың тобы ретінде қарастырады. Қазіргі заманның американдық экономист Ф.Котлер нарықты тауарлардың әрекет етіп отырған және потенциалды сатып алушыларының жиынтығы ретінде сипаттайды. 
Нарықтың зерттеушілері болып, сонымен қатар американдық ғалым-экономисттер: С.Фишер, Р.Дорнбуш, Р.Шмалензи есептеледі. Олар келесі анықтаманы ұсынған: нарық- бұл сатушылар мен сатып алушылардың белгілі бір тауарды сату – сатып алу бойынша қандай да болмасын келісімдерінің жиынтығы. 
Нарыққа ұсынылатын өнім бәсекеге қабілетті болуы тиіс, яғни басқа бәсекелестердің ұқсас өнімдерінен ұтымды ерекшелене алатын тұтынушылық қасиеттері болуы қажет. Қазіргі заман нарығы жаңалық нарығына айналуда, себебі жаңалық – тауарлар мен қызметтерді бәсекеге қабілетті қылатын негізгі  
қасиет болып саналады. 
 
Қазақстан Республикасы Конституциясының құрамында экономиканы басқаруды ұйымдастырудың әдiстемелiк қағидалары бар. Бiрiншiден, Қазақстан экономикасы меншiктiң әртүрлi нысандарына негiзделедi. Мемлекет заң алдында меншiктiң барлық субьектiлерiнiң теңдiгiн қамтамасыз етедi. Екiншiден, жеке меншiкке қол сұғуға болмайды. Үшiншiден, мемлекет жеке кәсiпкерлiк қызметтiң еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi. Төртiншiден, монополистiк қызмет пен бәсекелестiң кез елген шектеуiне жол бермейдi. Бесiншiден, әкiмшiлiк аймақтың бiрлiктерi дербес болып табылады. 
Бұл қағидалар Қазақстан экономикасын басқарудың қазiргi жүйесiнiң негiзiн құрайды және республиканың халық шаруашылығының әлеуметтiк бағыттағы нарықтық экономикаға орнықты етуiн қамтамасыз етуi тиiс. Бұл қағидалар тек саяси әлеуметтiк мәнге ие болып қана қоймай, Қазақстандағы менеджменттiң ұйымдастырушылық бастамасына да тiкелей қатысты. 
Экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика үкiметi нарыққа өтудiң тұжырымдамасын жасап шығарды. Тұжырымдамада мемлекеттiк және экономикалық егемендiктiң қағидаларына негiзделген. Онда нарыққа өтудiң стратегиялық бағыттары анықталған. Реттеулi нарықтық экономикаға өту келесi негiзгi бағыттардан құралады: 
• Меншiктi мемлекет иелiгiнен алу- ол мемлекеттiк меншiктiң монополиясын жою және өндiрушiлердiң бәсекесiн дамытуға жағдай туғызу.  
• Монополиясыздандыру және монополияға қарсы саясат- аталмыш заңды  
• Қабылдау, еркiн кәсiпкерлiкке жағдай туғызу және қатарлы өндiрiстiк құрылымдарды дамыту. 
• Қаржылық сауықтыру және экономиканы тұрақтандыру. 
• Баға құрылымы саясаты. 
 
Аталған реттеулi нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасында негiзгi қағидалар белгiленген. Олар төменде көрсетiлгендей: 
• Республика территориясында заңдылықтың басымдылығы мен үстемдiгi; 
• Меншiк түрлерiнiң сан алуандығы және олардың еркiн дамуы мен бәсекесi; 
• Дербес баға белгiлеу саясаты; 
• Сыртқы экономикалық саясатты жүргiзудегi толық дербестiк; 
 
Басқару обьектiлерiнде жүргiзiлiп жатқан терең де сапалы өзгерiстер ұйымдастырушылық құрылымдар мен басқару органдарын қайта құруға әкеп соғады. Әрдайым даму мен жетiлу үстiнде болатын басқару обьектiсiн бұрынғы қалыптағы әдiске салуға болмайды. Керiсiнше, әдiстер өзгертiлiп отырған экономикалық мiндеттерге сәйкестендiрiлуi тиiс. Ол бiр жағынан нарыққа өтпелi кезеңде аймақ басқару субьектiсi ретiнде, екiншi жағынан нақтылы елдегi әлеуметтiк экономикалық процестер әсерiнен бiрiккен жергiлiктi қызығушылығы бар адамдар қауымдастығы әсерiнен дамиды. 
Бұрынғы орын алған мемлекеттiк билiк пен басқару құрылымдарының бiрқатар кемшiлiктерi болған. Олардың қатары төмендегiдей: 
• Қоғамдық дағдарыс жағдайынан шығуы, қолда бар өндiрiстiк, экономикалық және интелектуалдық әлеуеттiң тиiмдi пайдалануын қамтамасыз етпедi; 
• Нарықтық қатынастарды ендiру мен дамытуға жағдай тудыруды, жоғары өнiмдi ынталандырудың жаңа тетiктерiн енгiзудi, кәсiпкерлiк пен бәсекенi жетiлдiрудi мүмкiн етпедi; 
• Басқару органдарының әдiстерi мен нысандары ескiше болды; 
• Салалық басқару органдарында қайта бөлу қызметi басым болып, кәсiпорындар әрекетiне себепсiз араласу мен олардың экономикалық дербестiгiн шектеу орын алды; 
• Елеулi кемшiлiк болып қабылданған басқарушылық шешiмдерге жауапкершiлiктiк орын алмауы табылды; 
• Келiсiмсiз әрекет жасау, қызметтi пайдалану, атқарушы органдарда кең етек алды; 
 
Экономиканы тұрақтандыру шаралары мен нарықты қалыптастыру мәселелерi мемлекеттiк билiк пен халық шаруашылығын басқару органдарының құрылымын қайта құрудың обьективтiлiгi қажеттiлiгiн тудырады. 
Қазiргi кезеңдегi мемлекеттiк басқару органдарының жүйесi мен қызметi 1999 жылғы 13 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзiретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы Президент жарлығына сәйкес жүргiзiледi. Аталған құжат мемлекеттiк басқару жүйесiне елеулi өзгерiс әкелген 1997 жылдың 4 наурызында жарық көрген, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк органдар жүйесiн реформалаудың кезектi шаралары атты Президент жарлығының жалғасы болып табылады. 1999 жылғы жарлыққа сәйкес мемлекеттiк органдар құрылымы келесiдей: 
• Қазақстан Республикасы экономика министрлiгi; 
• ҚР-ның көлiк және коммуникация министрлiгi; 
• ҚР ауыл шаруашылығы министрлiгi; 
• ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлiгi; 
• ҚР бiлiм және ғылым министрлiгi; 
• ҚР табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлiгi; 
• ҚР стратегия жөнiндегi агенттiгi; 
• ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiк; 
• Үкiмет құрамына кiрмейтiн бiрқатар басқа да комитеттер мен комиссиялар. 
 
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын әрi қарай жетiлдiру экономика мен шаруашылық тетiктерiн нақтылы мақсатты дамуымен тығыз байланысты. Басқару құрылымы әрi қарай жетiлдiрудегi негiзгi талаптар болып мыналар табылады: 
• Ұйымдастырушылық құрылым басқарудың негiзгi заңдылықтарына, дәл кезiндегi мақсаттарға сәйкес болуы керек; 
• Ұйымдастырушылық құрылымның жақсаруы, шаруашылықтың экономикалық тетiгiнiң өзгеруiмен қатар iске асырылуы керек; 
• Бұрын өзiн өзi ақтаған басқарудың ұйымдастыру нысанындағы, қағидаларды және әдiстердi жалғастырып пайдалану. 
 
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы серпiндiкпен сипатталатын және обьектiнiң жағдайымен байланысты болған соң, ұйымдастырушылық мәселелерi өтпелi кезеңнiң әр сатысында зерттелiп отыруы қажет. Ол мәселелер мынадай топтарға жинақталады: 
• Басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандырудың арақатынасын оңтайландыру, яғни басқарудың иерархиясының барлық сатысында оның функцияларын, құқықтарын және жауапкершiлiк қызметтерiн анықтап айыру. Сонымен қатар негiзгi топтағы кәсiпорындар, фирмалардың шаруашылық дербестiгiн елеулi көтеру; 
• Республикалық, аймақтық және бағдарламалық деңгейде жалпы мiндеттердi шешуде басқару органдарының үйлестiгi мен әрекеттестiгi; 
• Еңбектi ұйымдастырудың пайдалы нысандарын, шешiм қабылдаудың әдiстерiн және басқару құрылымдарды пайдалана отырып, басқару аппаратының жұмысын тиiмдi етiп көру. 
Осы аталған мәселелер кешенi аппаратты құруды жан -жақты қамтиды. Осының өзi ұйымдастырушылық жүйелердiң талдау обьектiсi болып табылады.

Нарықтық экономиканы құрудың алғашқы қадамдары

КСРО Жоғарғы Кеңесінің 3-сессиясы нарықтық экономикаға көшу туралы мәселе көтерген болатын. Осыған байланысты республиканың өз ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанда нарықтық шаруашылыққа көшудің концепциясын жасау қолға алына бастады. Дүниежүзілік экономаканың озық тәжірибелерін ескере отырып шаруашылықтың тиімділігіне қол жеткізу — экономикалық реформаның мақсаты ретінде қаралды. Бұған жету үшін катардағы көптеген маңызды мәселелерді шешу қажет болды. Атап айтқанда, олар мыналар:

  • экономикалық қарым-қатынастарды ырықтандыруды жүзеге асыру;
  • мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру негізінде жеке меншікті трансформациялауды жүзеге асыру;
  • кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау;
  • республикада инфрақұрылымды өрістетуге мүмкіндік туғызу;
  • қаржылық-несиелік саланы реформалау;
  • шетел капиталын кеңінен тарту арқылы ашық экономикалық жүйені орнықтыру.

90-жылдардағы Қазақстан экономикасының тоқырау жағдайы аталған мәселелерді жүзеге асыруға кері әсерін тигізді.

Тоқырау жағдайын тоқтату және нарықтық қатынасты  орнықтыру мақсатында бірқатар шаралар қолға алынды. Алғашқы әрекет - 1992 жылдың қаңтарындағы ырықтандырудың бірінші кезеңі болып табылады. Нарықтық экономиканың бір қыры — еркін баға. Ал баға сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталады. Ендігі жерде оны мемлекеттік тұрғыдан реттеудің қажеті жоқ. Бағаны ырықтандыру біркелкі жүргізілді, осыған орай мемлекет тауар түрлерін біртіндеп қысқартып отырды. Тұтынушылардың ынта-ықыласын қорғап, қолдап отыру мақсатында баға жөне монополияға қарсы саясат жүргізетін мемлекет дүниеге келді. Еркін бағаны орнықтырудың бірыңғай тәртібі ойластырылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төуелсіз статусқа ие болды.

Нарықтық  экономиканың кідіріссіз дамуын жеделдету үшін заңды базаны әзірлеу жұмыстары үздіксіз жүргізілді.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы бірінші Конституциясы бойынша жеке меншік ресмилендірілді. Бұдан кейін жеке бизнесті дамытуға құқықтық негіз жасалды. Бұл кезеңдегі өндірістің құлдырау себептерін былайша түсіндіруге болады:

  • технология мен басқа да құрал-жабдықтардың моральдық және физикалық тұрғыдан ескіруі;
  • бағаның ырықтандырылуына байланысты энергия көздеріндегі шығынның көбейіп, өнімнің қымбаттауы;
  • KCPO ыдырағаннан кейін іргелес республикалармен арадағы экономикалық байланыстардың үзілуі;
  • жеке мүмкіншіліктің жетіспеуі;
  • заемдік айналым арқылы тығырықтан шығудың қиындығы.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру мақсатында 1993 жылы маңызды деген екі шешім кабылданды:

  1. Республикадағы жеке меншік түрлерін бір қалыпқа түсіру мақсатында 1993 жылдың сөуірінен бастап мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы іс жүзіне асырыла бастады.
  2. 1993 жылдың 15 қарашасында республиканың өз ұлттық валютасы — теңге айналымға енді. Бұл елдің өзіндік қаржы жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасады. Шындығына келгенде, Қазақстан осы күннен бастап экономикалық дербестік жолына түсті.

Мемлекет иеліғінен алу мен жекешелендіру бағдарламасы. Мемлекет меншігінен алу үдерісі 1992 жылы басталды. Ол алғашында сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету және баска қызмет көрсету салаларын сату түрінде өтті. Алғашқы жылы 6200-дей ұсақ мекемелер жекешелендірілді. Ірі кәсіпорындар, әсіресе өнеркәсіп орындары, сол кездегі қолданыстағы заңға орай, еңбек ұжымдарына берілді. Бұлар, негізінен, жеңіл өнеркәсіп мекемелері еді.

Нарықтың  дамуы жеке меншіктің көптүрлілігіне тікелей байланысты. Жекешелендірудің басты-басты үш кезеңі ұсынылды:

  1. Жалпылай жекешелендіру. Мұндағы негізгі мақсат — қоғамның барлық мүшелерін қатыстыра отырып, жеке меншіктік құқықты іс жүзінде дәйектеу. Жекешелендіру барысында азаматтардың 97%-ы тегін купондарға қол жеткізіп қана қоймай, оларды өз қалауынша инвестициялық-жекешелендіру қорларында (ИЖҚ) сақтауға мүмкіндік алды. Республика тұрғындары бұл жолы жеке меншіктік құқыққа емес, бар болғаны ИЖҚ-ның дивидендіне ғана ие бола алды Инвестициялық-жекешелендіру қорларының да бұл кезде өз қиындығы бар еді. Өздерінің емін-еркін ақша айналымы болмағандықтан, олар тұрғындардан келіп түскен купондарды дер кезінде ақшалай түрде қайтара алмады. 
    ИЖҚ келіп түскен купондарды арнаулы аукциондарға салу арқылы жекелеген мекемелердің акцияларына ие болғанымен, ең мекемелердің дені, өкінішке орай, жұмыссыз еді. Осы және басқа да себептерден инвестициялық қорлар өзін-өзі ақтай алған жоқ. Акционерлік коғамдар жұмысын басшылыққа алу үшін оларға, ең алдымен, жеткілікті мөлшерде акциялар керек болатын. Құнды қағаздарға байланысты нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуда оларға ИЖҚ лайықты дәнекерлік қызмет атқарды. Жекешелендіру үдерісі, өзіне халықтың қалың тобын тарту арқылы әлеуметтік әділдік идеясын іс жүзіне асырды.
  2. Шағын жекешелендіру жалпылай жекешелендіруге қарағанді халықты өзіне көбірек тарту мақсатында жүргізілді. Шағын немесс* ақшалай жекешелендіру объектілері — көтерме және бөлшек сауда нүктелері, қоғамдык тамақтандыру орындары, өндірістік мекемелер және басқа да қызмет түрлері болып табылады. Орталық Азия бирлсн қоры аралық сауданы ұйымдастырудың ұйытқысы міндетін атқарды. Шағын жекешелендіру үлкен мемлекеттік шығындарды қажет еткен жоқ, керісінше, Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал жасады.
  3. Жеке жобаларға байланысты жекешелендірулер аса ірі (5000-нан аса жұмысшылары бар) мекемелерді қамтыды. 1994 жылдан бастап мұндай мекемелер шетелдік басқаруға беріле бастады.

Белгілі бір келісімге сәйкес мекемелер компания жетекшілеріне 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге берілді. Бұл компаниялар өз дөрежесінде мекемелер табысынан үлес алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге шетел компаниялары жетекшілерінің алдына бюджет пен ұйымдарға тиесілі қарызды дер кезінде жауып отыру, ұзақ мерзімді инвестициялар тарту, мекеменің әлеуметтік жөне экологиялық мөселелерін шешіп отыру міндеттері қойылды.

Мекемелерді шетелдік басқаруға беру жекешелендірудің бастапқы сатысы болып табылады. Үкімет мекеме мен оны басқаруға алған компанияның жұмыс барысын бақылауға алып, ол компаниялар өэ міндеттемелерін орындамаған жағдайда аралықтағы келісімшартты кез келген уақытта бұзуға құқылы.

1994 жылдың желтоқсанына дейін отандық жөне шетелдік компаниялармен 50-ге жуық келісімшарт жасалды. Оның ішінде дәл бүгін республиканың ең ірі деген 45 мекемелерін қамтитын 30 келісімшарт нақты іске асырылып отыр. Олардың ішінде Павлодар алюминий зауыты — компанияны басқарушы «Уайтсвен ЛТД», «Соколов- Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі — «Айведон», Дон тау-кен комбинаты, Жарма жөне Ақтөбе ферроқорытпа зауыты — «Джапап Хром Корпорейшн», т.б. бар.

Өнеркәсіп

Нарықтық  қатынасқа көшу өнеркәсіп жағдайына да өз әсерін тигізді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары республикада өнеркәсіп дамуы баяулап, даяр өнімдер өндіру салаларында құлдырау байқалды. Бүл КСРО-ның ыдырауы салдарынан бұрынғы серіктестерімен шаруашылық байланыстардың үзілуінен, тұтынушылардың төлем қабілетінің төмендеуінен, отандық тауарлардың бәсекеге төтеп бере алмауынан белең алды. Алайда Қазақстанның өндіруші салаларында, керісінше, өндіріс көлемі ұлғайды. Бұл әсіресе 1999 жылдың соңында, үкімет кәсіпорындарды отандық және шетелдік компаниялар йелігіне бере бастаған кезде байқалды. Өндіруші саланың дамуына түсті металдардың, темір және хром рудаларының, газ, мұнай жөне көмір қорының молдығы әсерін тигізді.

Тамақ өнеркәсібі мен қызмет көрсету салаларының жолға қойыла бастауы кіші жекешелендіруге байланысты болды. Тамақ өнеркәсібінде әр түрлі компаниялардың құрылуы рынокты отандық тағам өнімдерімен байытты. Бұл сүт, нан-тоқаш, шұжық, макарон, арақ-шарап, кондитерлік бұйымдар еді. Жеңіл өнеркәсіпте шетелдік тауарлар басым болды. Көпшілік тұтынатын тауарлар өндіру (киім, трикотаж, аяқ киім, жиһаз, кеңсе тауарлары, т.б.), негізінен, шетелдік материалдарды, жинақ бөлшектерін, құрал-жабдықтарын, т.б. пайдалану арқылы жасалды.

Аграрлық сектор

Аумағының кендігі, табиғат, климаттық аймақтардың болуы республикада мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына мамандануға мүмкіндік береді. Аграрлық сектордың нарықтык қатынасқа көшуі нәтижесінде мемлекеттік ауыл шаруашылығы шаруашылыктың өзге формасына, жеке меншік, ұжымдық және аралас формалы меншікке негізделді. Бұл салада акционерлік қоғам құру немесе кәсіпорынды еңбек ұжымының қолына беру кеңінен қолданылды. Жер мемлекеттік меншік болып табылады. Қазақстан Республикасының заңы бойынша жер 99 жылға дейін мұрагерлік құқығымен жалға беріледі.

1995 жылға дейін жерді иелену жөне пайдалану құқығын сатуға байланысты нарықтық қатынастарға рұқсат етілді, бірақ жерді сату-сатып алу акті жүзеге асырылмады.

Президенттің 1995 жылы 25 желтоқсандағы «Жер туралы» Жарлығына байланысты бұдан былай жер мемлекеттік әрі жеке меншікке де берілетіні анықталды. Осы жылы мемлекеттік тапсырыс жойылып, ауыл шаруашылығының өнімдері рынок саласы арқылы таратыла бастады.

2001 жылы 24 қаңтарда «Жер туралы» Заң қабылданып, ауыл шаруашылығы саласындағы барлық мемлекеттік емес пайдаланушылардың құқығы теңестіріліп, жалға алу мүмкіндігін (49 ж-ға дейін) уақытша пайдаланумен шектелді. Дәнді дақыл өсіру, негізінен, Солтүстік жөне Орталық Қазақстанда қолданылса, күріш өсіру Оңтүстік-Батыс Қазакстанның суармалы жерінде, мақта — Оңтүстік Қазақстан аудандарында дамыған. Мал шаруашылығы республиканың барлық аудандарында таралған. Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің құлдырауы байқалды. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қажетті қаржы қорының жеткіліксіздіғі, қазіргі замаңғы техниканың жетіспеуі, кейде тіпті мүлдем жоқтығы, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін озық технологияның жоқтығы, қолайсыз ауа райы жағдайы да айтарлықтай әсерін тигізді. Соңғы жылдары, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойылған бағаның салыстыруға келмейтін алшақтығына қарамастан, республика рыногының түрлі тағамдарға лықа толып түруы жергілікті өндіріс есебінен жүзеге асуда.[1]

 


Информация о работе ҚР нарықтық экономиканың дамуы