Өндіру теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:40, реферат

Описание

Мемлекет басшысы: Қазақстан Республикасының Президенті — жоғары лауазымды тұлға және ел Қарулы күштерінің бас қолбасшысы. Оның өкілеттілігі Конституцияның арнаулы бөлімінде айқын белгіленген. Лауазым 1990 жылдың 24 сәуірінде тағайындалған. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Работа состоит из  1 файл

Мемлекет басшысы.docx

— 15.99 Кб (Скачать документ)

 

Мемлекет басшысы: Қазақстан Республикасының Президенті — жоғары лауазымды тұлға және ел Қарулы күштерінің бас қолбасшысы. Оның өкілеттілігі Конституцияның арнаулы бөлімінде айқын белгіленген. Лауазым 1990 жылдың 24 сәуірінде тағайындалған. Қазақстанның Тұңғыш Президенті   – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 

 Қазақстан Республикасының Президентін Қазақстанның  кәмелеттік жастағы азаматтары жалпыға ортақ, тең және тікелей сайлау құқы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.

 Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы - «Ақ орда».  Астананың жаңа әкімшілік орталығы аумағында, Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. ҚР Президенті  Сарайының ресми тұсаукесер рәсімі 2004 жылдың 24 желтоқсанында болды

 Атқарушы билік- Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады. Үкімет басшысы – премьер-министр. Оның қоластында үш орынбасары бар. Кабинет 18 министрден тұрады. Үкімет атқарушы органдар жүйесін басқарады және солардың жұмысына жетекшілік жасайды. Үкімет  алқалы орган боп саналады және өзінің барлық қызметінде – Қазақстан Республикасы Президенті алдында, ал Конституцияда қаралған жағдайларда Парламент Мәжілісі мен Парламент алдында жауапты.

 Заң шығарушы билік – Парламент. Екі палатадан тұрады. Жоғарғы палата  – Сенат (39 адам) әр 6 жыл сайын сайланады. Төменгі палата  – Мәжіліс (107 депутат, оның 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері) әр 5 жыл сайын сайланады.

 Сенат депутаттығына, конституциялық заң тағайындаған тәртіппен, әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалар мен астанадан (14 облыс, 2 қала) екі адамнан   сайланады. Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті ұлттық-мәдени және қоғамның басқа да маңызды мүдделі өкілдерімен Сенатты қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, тағайындайды.

Жергілікті билік органдары:

Әкімдік — Қазақстан атқарушы билігінің аймақтағы органы. Әкімдік басшысы әкім, ол республика Президенті мен Үкіметінің облыстағы өкілі боп саналады. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың  әкімдерін қызметке Қазақстан премьер-министрінің ұсынысымен  Президент тағайындайды. 

 Басқа әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдері Қазақстан Президенті белгілеген тәртіп бойынша тағайындалады немесе сайланады.

 Қазақстан әкімшілік-аумақтық жағдайына қарай 14 облысқа бөлінген. Ел астанасы – Астана қаласы.  Алматы қаласы республикалық мәртебеге ие.   

Сот билігі: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  — елдің азаматтық, қылмыстық және басқа да жергілікті сот істері бойынша   заңда көзделген процессуалдық формада олардың қызметін қадағалап, сот практикасы мәселелері бойынша түсініктеме беретін жоғарғы сот органы.


Информация о работе Өндіру теориясы