Өндіру теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 09:04, реферат

Описание

Өнімнің сапасын басқару — бұл белгілеу, камтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кетіндегі жүргізілетін іс-әрекет.

Работа состоит из  1 файл

Нарық теориясы.docx

— 35.10 Кб (Скачать документ)

     Өнім  сапасын басқару  жүйесі

     Өнімнің сапасын басқару — бұл белгілеу, камтамасыз ету және сапаның қажетті  деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кетіндегі  жүргізілетін іс-әрекет.

     Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалың деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері  айналысты. Олардың функцияларына  бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында  қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау және обоптерін белгілеу кіреді.

           Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде  отандың өндірушілердің алдына  қойылатын негізгі проблемалар,  олар:

     • өнімнің сапалылығын басқару  жүйесіне  маркетинг қызметі механизмін қосу;

     •  тұтынушыға   және   барлық   өндірістік   қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;

            •  өнімнің   өмірлік   кезеңінің   барлық   белестеріндегі  сапаны  басқару   жүйесіндегі   механизм  әсерлерді күшейту.

     Сапаны  басқару жүйесін енгізу кәсіпорында  мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік  береді:

     •  жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

     • өнім көлемін ұлғайту және оны  сататын нарықты                                                                                                     (рынокты) табу;

     •  жоғары   бағада   сататын   өнімді   көбейту   мүмкінділігін  қарастыру;

     • өнімнің бәсекеге  жарамдылығы  және  қаржы  жағдайының   тұрақтылығы   жөніндегі   проблемаларды шешу.

     Сонымен,  өнімнің  сапасын   басқару   әрбір  кәсіпорындарда жүйелі түрде  іске асқан жөн.

     •  Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы - нарықтық жағдайда қызметтің  негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды кеңейтуді,   кәсіпорынды   жаңдандыруды,   пайданың   артуын қамтамасыз етеді.

     • Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметі  жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін  қамтиды —  жобалаудан бастап жұмысшыларға  және кәдеге жараттуға дейін.

     • Өнімнің сапасын басқару стандарттауға  негізделеді Ол ұлттық   шаруашылықтың,   халықтық,   қорғаныстың,   экспорттың   қажеттілігі   үшін   дайындалатын  өнімдерге   үдемелі  талаптарды  анықтайтын нормативті-техникалық негізі болып табылады.

            •  Дайындалған   өнімнің   сапасының   түпкілікті   бағалылығы   сертификат  көмегімен   жүзеге  асырылады, өнімді  сапауды,  тиісті  сертификат беруді,  бағалау сынағының   көмегіен   кейінгі   өндірістің   жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді.

     •  Өнімнің   сапасын   басқаруда   нормативтік   актілерді іске  асыру  сапаны  және  өнім  қауіпсіздігі  заңдылығын  қамтамасыз  етуде  тиімділік  жүйені  ұйымдастыруды   талап   етеді.  Шетелдік   және   отандық практиканы   еске  ала   отырып,  құрылған  өнімнің сапасын бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының  аумағында адамдардың және жеке тұлғалардың   құқықтарының   бұзылуында   құқықтарын   және   мүдделерін   қорғаудан тұрады.

     Стандарт  және стандарттау  ұғымы

     Стандарт  — бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі моселелерге  қарсылық білдіруді сипаттайтын, келісуішлік  негізінде әзірленетіи және танылған органдардың бөкітетін норматитік құжаты. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің  жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары  және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол  сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы деңгейге жетуге бағытталады.

     Республикада  қолдапылып жүрген стандарттың жүйе құқықтық және әлеуметтік экономикалық мақсаттарды көздейді:

     Біріншіден,  заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделерін және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтық денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

     Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді.

     Үшіншіден, стандарттың жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік-техникалық базасы ретінде қызмет етеді.

     Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетін сапа жүйесінің бірін-бірін алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды  қамтамысыз етеді.

     Стандарттау — бұл ең ұтымды нормаларды табатын  қызмет, ал содан соқ стандарттың  үлгілерді, нұсқауларды өнімді әзірлеудегі  талап әдістемелерді нормативтік  құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті халық шаруашылығының, халықтық еліміздің  базасының, экспорт  мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі  талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды  бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.

     Қазақстан  Республикасында  стандарттау  жөнінде мынадай нормативтік құжаттар бар:

     •  Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары (Гост);

     •  салалық стандарттар (ССТ);

     •    техникалық жағдайлар (ТЖ);

     • кәсіпорындар,   бірлестіктер,   қауымдастықтар,  концерндер стандарттары;

     •   ғылыми-техникалық   қоғамдар,   инженерлік   одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары. 

     Сапаға  қойылатын талаптар

          Өндіріс сапасымен  тиімділігі  арасында тікелей байланыс болады. Басқадай тең жағдайларда өндірілетін  өнім сапасы  жоғары болған  сайын өндіріс тиімдірек. Сапа  қайсы бір өндіріс (бөлімінің  және т.б.) буынының немесе басқару  деңгейінің артықшылығы болып  саналмайды. Сапа – шын мәнінсінде  баршаның және әркімнің мақсатты  ісі. 

         Тиісті сапаны қамтамасыз ету  үшін негіз салушы жағдайлар  мен талаптарды сақтау қажет.

          А.Жағдайлар.

  • тұтынушыға осы процестің маңызды құрамдасы ретінде қарау;
  • басшылықтың фирманы басқару жүйесін жақсарту процесін енгізу жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттемелерді қабылдауы;
  • кемелге келу шексіз деген сенім;
  • олар проблемалардың әсеріне жауап қатқаннан гөрі алдын алған жөн;
  • мүделілік, жетекші рөл және басшылықтың тікелей қатысуы;
  • ең аз шамадағы қателіктерден көрінетін жұмыстың үлгі-қалпы ( стандаоттары);
  • фирманың барлық қызметкерлерінің ұжымдық түрде де, жекеше түрде де қатысуы;
  • адамдарды емес, процестерді жетілдіруге баса назар аудару;
  • жабдықтаушылар сіздің серіктесіңіз болады деген кәміл сенім;
  • еңбекті мойындап, қадірлеу;

         Сапаны шығынды қысқарту мен  халықаралық бәсеке жағында тіршілік  ету негізі деп қараған жөн. (Сапа – материалдық ресурстарды  үнемдеу, өйткені өнімнің қызмет  ету мерзімі ұзарады, бұл ресурстарды  үнемдеуге әкеледі. Сонымен қатар,  ол – бәсекеге деген мүмкіншіліктің  негізі.)

         Тұтынушы тұрғысынан қарағанда  бұйым сапасы – тұтынушы талаптарын  қанағаттандыру деңгейі. «Тұтынушыдан  асқан бастық жоқ».

         Б.Талаптар мынаған қойылады:

  • бақылау мен өнімді сынау жүйесіне – сенімділік сертификаты;
  • өндірісті ұйымдастыру жүйесіне;
  • сапалы жобалаудан бастап пайдалануға дейін басқару жүйесі;
  • сапаны технологиялық процесте қамтамасыз ету;
  • сапаны қолдау жүйесін фирмашілік бақылау.
 
 
 

     Нарық теориясы – экономика ғылымының тауар-ақша айырбасын және сатушылар мен тұтынушылар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттейтін саласы.

     Рынок (нарық) – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі.

     Нарықтың  субъектілеріне жататындар: сатушылар  мен сатып алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер мемлекет). Нарық  объектілеріне жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға жататындар: өндірілген өнім мен қатар өндіріс  факторлары (еңбек, жер, капитал) мен  көрсетілетін қызметтер.

     Нарықтық  жүйенің негізгі  белгілірі мыналар:

  • өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;
  • кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;
  • экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;
  • экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;
  • өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.

     Артықшылығы: өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу; шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану; шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі; әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.

     Кемшіліктері: нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді; қоғамда теңсіздікті туғызады; тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды; нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.

     Нарықтың  маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек саудаларынан құралып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді.

  • маржиналық (шекті) талдау
  • балама таңдау шығындарына
  • экономикалық рационалдыққа

     Нарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

  1. Ақпараттық қызмет; 2. Делдалдық қызмет; 3.Баға белгілеу қызметі ; 4. Реттеушілік қызметі 5. Санациялық қызмет.

     Нарық механизмінің негізгі  элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.

     Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.

     Жетілген  бәсеке нарығы – кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сататын сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан туады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранысты, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді. Себебі, сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа кіру де шығу да жеңіл.

     Жетілмеген  бәсеке қандай да тауарлар мен қызмет түрін өндірудегі ерекше өндірушінің пайда болуы. Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар: монополия, олигополия, монополистік бәсеке.

     Монополия – ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсопия – тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:

Информация о работе Өндіру теориясы