Кәсіпорын қызметінің жоспарлануы. Қордың деңгейін жоспарлау және бақылау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 18:32, курсовая работа

Описание

Басқару есебінің механизмін қалыптастыру жолдарын қарқынды түрде іздестіру, осы саладағы фундаменталдық ғылыми бағытты дамытып қана қоймай, сонымен қатар дайындау жабдықтау, өндіру, өткізу мен сату процесстерін дамытуға да әсерін тигізеді.
Басқару есебінің мақсаты – күн өткен сайын азайып келе жатқан тауарлық материалдық қорларды үнемдеу әдістерін тауып, ұйым мен фирмалардың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, өндірістік шығындарды азайтып, табысын көбейту.
Басқару есебі бойынша ұсынылатын ақпараттарға баса назар аудару, өндірісті басқару тиімділігіне, өткізу мен сатудың сәттілігіне тиісті әсерін тигізіп қана қоймай, менеджерлердің әрбір процесс бойынша уақытылы басқарушылық шешімдер қабылдауына ықпал етеді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................2-3

Негізгі бөлім...............................................................................................4 - 22
Кәсіпорын қызметінің бюджеті, бюджет туралы түсінік............ 4-7
Бюджеттің функциялары................................................................ 7-9
Бас және функциялық бюджет құрылымы....................................9-10
Кәсіпорын бюджетін қалыптастыру әдісі.....................................10-15
Кәсіпорын пайдасы бойынша бюджеттік міндемменің орындалуын факторлық талдау...........................................................................16-18
Кәсіпорынның жоспарлануы.…………………………………….18-21
Кәсіпорын қызметінің жоспарлануы. Қордың деңгейін жоспарлау және бақылау..................................................................................21-22

Қорытынды.................................................................................................23-24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................25

Работа состоит из  1 файл

курс раб baurjan.docx

— 60.69 Кб (Скачать документ)

 

Жоспарлау дегеніміздің өзі  -  кәсіпорынның проблемаларын алдын ала болжай отырып, асығыстық шешімге жол бермеу. Жоспарлау шешім қабылдаудың ерекше түрі ретінде барлық кәсіпорынның қызметін тұтастай қамтиды. Жоспарлаудың негізгі мақсаты, кәсіпорынның өндірістік қаржылық операцияларындағы қызметін анықтау, уақыт бойынша және кәсіпорынның бөлімшелері бойынша оны нақтылау, алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қаржы көздерін және ресурстардың қажетті мөлшерін анықтау.

 

Қордың  оптималдық мөлшерін есептеу.

Қорлардағы инвестициялар -  олар көпшілік өнеркәсіптік және саудалық кәсіпорындардың ірі активтері. Сондықтан, қорлармен тиімді басқару және сол инвестициялардың ақталмай қалғаны аса маңызды. Фирма қорлардағы инвестициялардың оптималдық деңгейін анықтау қажет, бірақ сонымен қатар ол екі қайшы талаптарымен қақтығысады. Біріншіден, ол өнімді өндіруге және үлестіруіне жеткілікті қорлардың бар болуын қамтамасыз ету керек. Екіншіден, ол қажетті, бірақ ескіру тәуекелін көбейтетін, артық қорлардан тұратын қордан тұру қажет. Қорлардың оптималдық шамасы осы ақырғы нүктелер арасында болады. Біздің мақсатымыз белгілі сұраныс бойынша қөорлардың оптималдық мөлшерін анықтау, сонымен қатар өнім және материалдар қажеттілігін жоспарлаудың альтернативтік әдістерін қарастыру. Тапсырыстың оптималдық мөлшері сақталған қорлардың көлеміне немесе орындалған тапсырыстардың көлеміне әсерін тигізетін шығындармен анықталады. Егер бір уақытта көп бірлік көлемі тапсырылса, онда бір жыл ішінде аз тапсырыс орындалады, яғни тапсырысты орынлау құны төмендейді. Бірақ, аз тапсырысты орындаған кезде, тауарлы құндылықтарды қорының сақтау құнын көбейтуге соқтыратын үлкен орташа қор болу керек. Қорлардың үлкен көлемін орналастыру құнымен салыстырғанда, тауарлы материалдық құндылықтар қорының сақтау құнының төмендету мәселесінде болып тұр. Тапсырыстың оптималдық мөлшері, ол ТМҚ қорларын сақтау және тапсырыстардың барлық көлемінің құны оптималдық мөлшері экономикалық мөлшері ретінде қарастырылады. Оны әртүрлі шама бойынша жалпы тапсырыс құнының кестесінің көмегімен, графмкалық бейнелеумен немесе формуламен анықтауға болады. Барлық үш тәсілдер келесі мысалда көрсетілген;

Мысалы:

Сыртқы жабдықтаушыдан компания бір бөлігін тоғыз теңгеден шикізат  сатып алуда. Бұл өнімнің жалпы  жылдық қажеттілігі, қырық мың бірлік және келесідей қосымша ақпараттар бар:

ТМҚ қорына салынған инвестицияларға  қажетті жылдық тапсырыс (10% * 9)         0,90

Қорлар бірліктерін сақтаудың  басқадай шығындары  0,10

Қорлар бірліктерін сақтаудың  құны    1,00  

Бір тапсырысты жабдықтау  шығыны,

Кеңселік,тұрақты, пошталық, телефондық   2,00

 

 Сіз тапсырыстың оптималдық мөлшерін анықтауыңыз қажет.

Кестелік әдіс.

Тапсырыстың мөлшері, бірлік

100

200

300

400

500

600

800

10000

Орташа қор, бірлік

50

100

150

200

250

300

400

5000

Жабдықтау тапсырыстың көлемі

400

200

133

100

80

67

50

4

Тапсырысты сақтаудың  жылдық құны, теңге

50

100

150

200

250

300

400

5000

Тапсырысты орындаудың құны, теңге

800

400

 

200

160

134

100

8

Жалпы релеванттық, теңге

850

500

416

400

410

434

500

5000


 

 

 

 

Қорытынды.

Бақылаумен қатар, басқарудың ең маңызды функциясына жоспарлау  жатады. Жоспралаудың ең нақтыланған  деңгейі, бюджеттік жоспарлау. Ақша түріндегі сандық жоспарды бюджет деп  ұғуға болады. Бюджет жауапты орталықтардың  жоспарды қалай орындағанын бағалаудың негізі болып табылады.

Жоспарлар оперативті, әкімшілік  және стратегиялық деп бөлінеді. Мерзімі  бойынша қысқа мерзімді жоспарлау  және алдағы кезеңді жоспарлау деп  бөлінеді. Нақтыланған бюджеттер  әдетте қысқа кезеңдерге бөлу арқылы ең ұзақ дегенде бір жылға жасалады. Қысқа мерзімді жоспарлау бақылап  басқарудың мақсаттары  үшін жасалады.

Бюджет функцияларына  жататындар: алға қойған мақсаттарға  қол жеткізуді қамтамасыз ететін операцияларды жоспарлау, әр түрлі  қызметтер және жекелеген бөлімшелерді үйлестіру, басшыларды жауапты орталықтарының мақсаттарына қол жеткізуін ынталандыру, ағымдағы қызметтерді бақылау.

Бас бюджет, тұтас ұйымдағы барлық бөлімшелер мен функциялардың  үйлестірілген жұмыс жоспары. Ол екі негізгі жоспардан, опреативтік  және қаржылық бюджет. Оперативтік, кәсіпорынның жеке функциялары немесе сегменті үшін жоспарлы операциялар қайта есептеледі. Қаржылық бюджетте қаржы қаражатының болжаулы көздері мен оларды жоспарлы кезеңде пайдаланудың бағыттары көрсетіледі.

Оған кіретіндер: капиталдық шығын бойынша жоспар, ақшалай  қаражат жоспары және ақшалай  қаражат қозғалысы туралы есеп берумен  жоспарлы бухгалтерлік баланс.

Бюджеттің орындалуын бағалау  жоспарлыдан нақты қол жеткен нәтижелерінің ауытқуын талдауға негізделеді.

Бас бюджетті жасау процесінің шығу нүктесіне сату бюджетін әзірлеу  жатады, өйткені түсім нақты нарықтағы  өткізудің негізгі мүмкіндіктерімен, яғни, сыртқы факторлармен анықталады.

Ақшалай қаражат бюджеті, бұл ақшалай түсімінің төлемдердің  және алдағы кезеңге төлеу жоспары.

Аталған жоспар, екі бөлімнен тұрады және мына мақсаттарды көздейді. Біріншіден, жоспарлы кезең соңында  ақшалай қаражат шотындағы ақырғы сальдоны көрсетеді. Екіншіден, жоспарлы кезеңнің ішіндегі әр айдың аяғында  ақшалай қаражаттың қалдықтарын  болжайды, қаржылық ресурстың артық  шығатын немесе кем шығатын кезеңдерін анықтайды.

Бюджет функциясы бақылау  құралы ретінде жоспарлы көрсеткішті  нақты көрсеткішпен салыстыру кезінде  көрінеді. Кәсіпорын қызметінің көрсеткіштерін талдау және түзілу мақсаттарына қарай бюджет тұрақтыға және икемдіге бөлінеді. Тұрақты бюджет, бұл ұйымның іскер белсенділігінің нақты деңгейіне, яғни, өткізудің бір деңгейіне құрылатын жоспар.

Икемді бюджет, іскер белсенділіктің белгілі бір диапазонына жасалатын  динамикалық жоспар әрі өткізу деңгейінің өзгеруіне қарай шығын өзгерісін  ескереді. Оны қалыптастыру үшін, шығын  өзгермеліге және тұрақтыға бөлінеді.

Икемді бюджет ұйым мен  оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметтерін  талдау мен бақылауға үлкен мүмкіндік  тудырады. Оның арұасында нақты өнім шығарылымын ескеріп, өзгермелі  шығынға түзету жасайды. Тұрақты  шығын өзгеріссіз қалады, өйткені  өндіру мен өткізудің көлеміне байланысты болмайды.

Жоспарлыдан, нақты шығынның ауытқуын талдау технологиясы мына кезеңдерді қамтиды;

  • Нақты және жоспарлы көрсеткіштерді салыстыру,
  • Жоспарлыдан нақты пайданың ауытқу себебін анықтау,
  • Баға және ресурс бойынша ауытқулар есебі,
  • Ресурстарды пайдалану мөлшері бойынша ауытқу есебі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Басқару есебі» В.Л. Назарова, М.С. Жапбарханова, Д.А. Фурсов, С.Д. Фурсова;
  2. «Басқару есебі» А.К.Ержанов, Ә.К.Айтанаева, Г.Ш.Жұманова, М.С.Баянова, Ә.Е.Иматаева;
  3. «Басқару есебі» К.Т. Тайгашинова;
  4. Интернет желісі.
  5. Қазақ Совет Энциклопедиясы;
  6. Қаржы экономикалық сөздік.

 


Информация о работе Кәсіпорын қызметінің жоспарлануы. Қордың деңгейін жоспарлау және бақылау