Экономиканы ұйымдастырудың формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 19:19, реферат

Описание

Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші түрі- натуралды шаруашылық.

Натуралды деп адамдар өнімді айырбасқа, нарыққа жеткізбей, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Ол әмбебап қолөнердің анағұрылым таза түрі қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған, алғашқы қауымдық халықтарда болды. Өндіргіш күштермен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдылығымен сипатталды; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндірілді (жай ұдайы өндіріс).

Работа состоит из  1 файл

ЭКОНОМИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ.doc

— 86.00 Кб (Скачать документ)

    Ақшаның металдық және номиналды теориялары - осы теориялар авторларының ақшаның  қандай қызметтеріне баса мән беруіне  байланысты бір-бірінен өзгешіліктеріне байланысты.

    Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы  қорлануы кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері У.Стаффорд. Т.Манн, Д.Норс және басқа да меркантилистер болды. Олар ақшаның қазына құралы және дүниежүзілік ақша қызметтерін шектен тыс бағалап, соның салдарынан ақшаны асыл металдармен шатастырды. Мемлекеттің монеталарды көздің қарашығындай сақтауын талап етті. Ақшаны әлеуметтік қатынастар ретінде емес, оны зат ретінде қарастырды.

    Ақшаның номиналды теориясын Римнің және орта ғасырдың заңгерлері жасады. Кейінірек оны Дж.Беркли мен Стюарт одан әрі дамытты. Олар ақшаның металдық теориясын сынады, ал өздері ақшаның айналыс құралы және төлем құралы сияқты қызметтерін шамадан тыс бағалады.

    "Номиналистер" - ақшаны - тауарлар айырбасына - қызмет ететін шартты белгілер, есеп айырысу өлшемдері деп жариялап, оны мемлекет үкімінің жемісі ретінде түсіндірді.

    Ақшаның мөлшерлік теориясының іргетасын  қалағандар Дж.Локк, Ш.Монтескье, Д.Юм, Д.Рикардо болды. Олар ақшаның құн  мөлшері қызметін жоғары бағалады. Бүл теорияны жақтаушылар құнның ақшалай құнның ақшалай өлшемі мен тауарлар бағаларының деңгейін - айналыстағы ақша массасы анықтайды деген пікірді қуаттайды. Ақшаның мөлшерлік теориясын осы заманға лайықты жетілдіруге үлес қосқандар И.Фишер мен А. Пигу болды. Олардың көзқарастарына алдағы тақырыптарда тоқталамыз. 

    1.   Ақшаның қызметтері

    Ақша  бірнеше қызметтер атқарады. Классикалық  саяси экономияда - ақшаның құн  мөлшері, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша сияқты бес қызметтері зерттелген. Қазіргі кездегі экономикалық ғылым өз зерттеулерін ақшаның құн мөлшері және айналыс құралы сияқты ең басты түбегейлі қызметтеріне арнайды.

    Ақшаның құн мөлшері қызметі деп оның өзінен басқа тауарлардың құнын  анықтау қабілетін айтады. Қазіргі кезде ақшаның бұл қызметін адамдардың ойлау қабілеттерінің нәтижелерінен қалыптасқан ақшалар атқаруда. Бастапқы кезде ақшаның бұл қызметін өзінің құны болатын заттар ғана, яғни алтын атқарды. Алтынның құнымен белгіленген тауардың құны, оның бағасы деп аталады. Тауардың құны жоғары болса, онда ол алтынның көп мөлшеріне теңестірілетін болды. Демек, тауардың бағасы тауардың құнына тәуелді. Бірақ та тауардың бағасы тек қана тауардың кұнына емес, ол алтынның құнына да тікелей байланысты болады: егер де алтынның бағасы қымбаттаса, тауардың бағасы арзандайды; егер де алтынның бағасы арзандаса, онда тауардың бағасы қымбаттайды. Жоғарыда талданған категориялардағы құнның еңбек теориясының басты ерекшеліктері осындай.  

3.5. Ақша мен ақша  айналымының эволюциясы

    Ақша  жүйесі деп елде белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасқан және қабылданған заңдарға сәйкес, мемлекет-тің ақша айналысын ұйымдастыру формасын айтады.

    Ақша  айналысы дегеніміз - айналыс құралы мен төлем құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы болып табылады.

    Ақша  айналысы мен ақшалардың эволюциясы - тауар өндірісінің тарихи объективтік  даму процесі болып табылады.

    Айналыстағы ақшалардың міндеті - алмастырылатын тауарлар құндарының өзара баламалы болуын қамтамасыз ету болды, бірақ олардың өздерінің құны болуды қамтамасыз ете алмады.

    Алтынның  несие ақшаларды алмастыруы ақша қызметтерін атқаратын несие  карточкалардың (банкнот, вексель, чек) одан әрі күшейтіп жіберді.

    Несие карточкалардың төлем құралы ретінде  ақша қызметін атқаратын түрлері:

    1. Қайта жаңартылатын карточкалар.  Бұлар дүкен-дерде, мейрамханаларда  және т.б. жерде қолданылады.  Қарызды өтеген соң, бұл карточкалар  қайта жаңартылады.

    2. Бір айлық карточкалар, олар  туристік фирмалармен есеп айырысу  үшін пайдаланылады. Фирмалық  карточ-калар әр айдың қарыздарын міндетті түрде төлеуі тиіс.

    3. Фирмалық    карточкаларды    байланыстың    әр-түрлі шығындарын  төлеу үшін түрлі фирмалар  шығарады.

    4. Сыйға тарту, немесе «алтын»,  несие карточкаларын тек қана  жылдық табыстары жоғары клиенттер үшін арнайы шығарады. Қазіргі таңда ақша эволюциясына электрондық ақша жүйесі тән, олардың көмегімен - банк шотынан ақшаны алу,   салымдарды,   төлемдерді   қабыл-дау,   чек   кітапшаларын,   дебет-карточкларын беру және т.б. сияқты ақша операциялары жүзеге асырылады.

Өндіріс – өзінің өміріне қажетті маиериалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.

Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек:

сол өнімді дайындайтын  табиғи зат 
өнімді жайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы 
адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі 
аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы

Экономика тілінде  өндіріс факторлары деп аталатын бұл төрт элемент тиісінше – жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік  ұғымдарымен белгіленеді.

Нарық — тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм. Нарық — бұл демократиялық құрал , онда әрбір тұтынушының дауыс қүқығы бар. Мемлекеттік артықшылықтар, жеңілдіктер, коррупция және тыйымдармен шектелмеген нарық жүйесінде байлыққа жетудің бірден бір жолы бар. Ол — тұтынушылардың талап-мұқтаждарын дер кезінде аңғарып, оларды өтеу мақсатында тынбай еңбек ету. Мәдениет нарықтық қоғамда оның әрекеттік принциптерінен тыс тұра алмайды, тіпті мәдениеттің өзі тауарға айналып кетуі мүмкін. Құндылықтың нарықтық ұғымы, айырбас құндылығының тұтынушы құндылықтан жоғары болуы, құндылықтың осыған ұқсас адамға қатысты, айталық адамның өзін өзі бағалауына байланысты ұғымының пайда болуына әкеліп соқты. Өзін өзі тауар, ал өзіндік құндылық айырбасқа қатысты есептейтін мінез-құлық бағдарын нарықтық адам бағдары деп сараптайды. Соңғы жылдары «тұлғалық базар» деп аталатын әлеуметтік құбылыс қалыптасқан. Ондағы бағалау жүйесі мен принциптері тауар базарымен бірдей: біріншісінде сатылуға тұлғалар ұсынылады, екіншісінде — тауарлар, табыс негізінен, адам өзін-өзі базарда сата білгеніне байланысты; қаншама оның сыртқы түрі жарасымды, қаншама ол тартымды? Белсенді? Керек адамдармен байланысқа түсе ала ма? Отбасылық жағдайы қалай? Қолынан не келеді, қаражаты қалай? Адам өзінің беделі мен құндылығынан гөрі, өтімді тауар болғанды көбірек қалайды. Элиталық тауар сияқты, адам модалы болуы керек, ал осылай болу үшін, тұлғалар бәсекесі қажет. Осы тұстан жарнама, бұқаралық ақпарат құралдары, неше түрлі «имидж» қалыптастырушылар іске кірісіп кетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды 

    Өндіріс - адамдардың мақсатты шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Бұл адамдарды - материалдық, әлеуметтік, интеллектуал-дық ресурстарды пайдалануға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адамдар мен қоғамды қанағаттандыру қажеттіліктерін таңдауға итермелейді.

    Таңдау  экономикалық категория ретінде  бұл - өндіру, сату және сатып алу  болып саналады. Бұл міндет (таңдау) кез келген қоғамда оның  әлеуметтік-саяси  құрылысына қарамастан қарастырылуы тиіс.

    Нені  өндіру керек – яғни қандай байлық, қандай сапада және қанша өндірілуі тиістігі шектеулі ресурстармен байланысты болады.

    Қалай өндіру керек - бұл қандай шектеулі ресурстардан және қандай комбинациялардан, билікті қандай технологияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдайды.

    Кімге және қанша өндіру керек - бұл адам қажеттілігі шектеулі болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық  игіліктерді бөлу проблемасы болып  табылады.

    Мұндай  күрделі проблемаларды шешу үшін шаруашылық субъектілері өзара байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары - жер, еңбек, капитал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар туралы деректерге ие болуы тиіс.

    Өндіріс ресурстары  - бұл тауарлар  мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.

    Ресурстар төрт түрлі болады: «табиғи»,  материалдық», «еңбек»,  «қаржылық».

    Өндіріс факторлары - бұл өндіріс процесіне  ресурстардың алуан түрлерін шынайы түрде біріктіруді  білдіреді. Ресурстар   бір-бірімен өзара байланысты, олардың комбинациясы жағдайында ғана факторларға айналады, сондықтан да өндіріс - алуан түрлі факторлардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі болады.

    ҒТП-ның  дамуымен байланысты ресурстардың саны өсетіндігіне қарамастан, экономикалық теория өндірістің  төрт негізгі факторларын: жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлікті бөліп көрсетеді.

    Капитал - өндіріс факторлары жүйесіндегі  материалдық және қаржылық ресурстар.

    Еңбек - тікелей өндіріс процесімен айналысатын халықтың белсенді бөлігі.

    Кәсіпкерлік - «еңбек» факторының  бір түрі, табысты өндіріс ұйымдастыру  қабілеті, нарық конъюктурасын басқара  білу, тәуекелге бару және экономикалық проблемаларды шешу.

    Өндірістің  әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғамдық жиынтық өнім мен табыс алудағы    әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып, оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік жасайды. 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиет

 
1. Қазақ Энциклопедиясы|»Қазақ Энциклопедиясы»]], 9 том 
2. Қаржы-экономика сөздігі. – Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 
3. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8


Информация о работе Экономиканы ұйымдастырудың формалары