Экономиканы ұйымдастырудың формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 19:19, реферат

Описание

Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші түрі- натуралды шаруашылық.

Натуралды деп адамдар өнімді айырбасқа, нарыққа жеткізбей, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Ол әмбебап қолөнердің анағұрылым таза түрі қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған, алғашқы қауымдық халықтарда болды. Өндіргіш күштермен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдылығымен сипатталды; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндірілді (жай ұдайы өндіріс).

Работа состоит из  1 файл

ЭКОНОМИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ.doc

— 86.00 Кб (Скачать документ)

ЭКОНОМИКАНЫ   ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ

    3.1.Тауарлы  шаруашылықтың пайда болуы

    3.2. Тауар және оның қасиеттері

    1. Ақшаның пайда болуы, мәні және теориясы

    3.4. Ақшаның  қызметтері

    3.5. Ақша  мен ақша айналымының эволюциясы 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

  Тауарлы шаруашылықтың  пайда болуы

    Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші  түрі- натуралды шаруашылық.

    Натуралды деп адамдар өнімді айырбасқа, нарыққа жеткізбей, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Ол әмбебап қолөнердің анағұрылым таза түрі қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған, алғашқы қауымдық халықтарда  болды. Өндіргіш күштермен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдылығымен сипатталды; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндірілді (жай ұдайы өндіріс).

    Тауар өндірісі деп - өнімдерді сатуға арналып өндірілетін, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар нарық арқылы жүзеге асырылатын шаруашылықты айтады.

    Тауар өндірісінің пайда болуының қажетті шарты қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады, бұл кезде өндірушілер нақты өнімдерді жасауға маманданады.

    Қоғамдық  еңбек бөлінісінің тарихи үш кезеңі болды.

    Бірінші кезеңінде мал шаруашылығы егін шаруашылығынан бөлініп шықты, мұның өзі тайпалар арасында тұрақты айырбастың болуына жағдайлар туғызды.

    Екінші  кезеңінде қол өнеркәсібі егіншіліктен бөлініп шықты, бұл тауар өндірісінің  өмірге келуінің бастауы болды.

    Үшінші  кезеңінде сауда өндірістен оқшауланды және көпес, саудагерлер өмірге келді. Осы кезден бастап тұрақты, нарықты байланыстар орнады.

    Тауар өндірісінің пайда болуының тағы бір себептеріне меншік қатынастары  арқылы өндірушілердің бір бірінен  экономикалық жағынан өзара оқшаулануы болып табылады.

    Ол  алғашқы қауымдық қоғам ыдырау кезінде, яғни жеке меншік орнағаннан соң пайда болды. Тауар өндірісінің даму кезеңдері - айырбастың, нарықтың дамуы мен тығыз байланысты. Нарықтың төмендегідей типтері бар, олар дамымаған, еркін,реттелетін, бұзылған.

    Осы аталған нарық типтеріне сәйкес, тауар өндірісінің ерекше үлгілері қалыптасады:

    1. Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі;

    2. Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісі;

  1. Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісі;
  2. бұзылған нарыққа негізделген тауар өндірісі.

    1. Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі (жай тауар өндірісі) - қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндірісі құрал жабдықтарына, жеке меншікке, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауар өндірісі кезінде жасалған өнімнің бір бөлігі ғана нарыққа шығарылады. Сондықтанда, ол, бүкіл, экономиканы қамтымайды, яғни оның жалпылама сипаты бола алмайды.

    II. Еркін нарыққа негізделген тауар  өндірісі (нарықтық экономика) - өзіне  тән ерекше белгілері бар. Оған  жататындар:

    а) адамның жұмыс күші тауарға айналады және өндірушінің өз еңбегін жалдамалы еңбекке алмастырады;

    б) қоғамда өндірілген өнімнің басым  бөлігі жекелей тұтыну үшін емес, нарыққа, сатуға арналады.

    Бұл кездегі тауар өндірісі еркін  бәсекеге негізделеді, сондықтан да оны еркін бәсеке дәуіріндегі  капитализм немесе “еркін экономика ” деп атайды.

    Шаруашылық  қызметтерін ұйымдастыруда нарықтар мен баға жүйесін кеңінен пайдаланатын тауар өндірісінің мұндай түрін  нарықтық (капиталистік) экономика  деп атайды.

    III. Реттелетін нарыққа негізделген  тауар өндірісі – экономикада екі сектордың болуымен, яғни: елдегі материалдық игіліктер мен бүкіл ресурстарды өндіруде, бөлуде айырбастау мен тұтынуда мемлекеттік және жеке сектор үлестерінің жоғары болуымен ерекшеленеді.

    Мемлекет  нарықтық экономикаға белсенді түрде  араласады, дегенмен оның реттеушілік рөлін, оның “көрінбейтін қолы” принципін сақтайды.

    Реттелетін  нарық экономиканы монополияландыру барысында қалыптасады, бұл кезде  үкіметтің алдында бір ғана мәселе- монополияны тежеу міндеті тұрады.

    Мемлекеттік реттеудің негізгі формалары - заңдар шығару, салық салу, басқаруды қаржы арқылы жүзеге асыру.

    Сөзсіз, нарықты экономиканың негізін тауар  өндірісі құрайды.

    Бірақта нарықтық экономика (капитализм) пайда  болғанға дейін, тауар өндірісі бірнеше  жүз мың жылдар бұрын өмір сүрді. Сонымен қатар, тауар - ақша қатынастары, әкімшіл-өмірде жүйеден орын алды. 

    1.   Тауар және оның  қасиеттері

    Тауар өндірісінің өзекті категориясы - тауар  болып табылады.

    Тауардың  өзінен басқа тауарларға белгілі  пропорциялық мөлшермен айырбасталу  қабілетін оның айырбас құны деп атайды. .

    Қызмет  көрсетулердің ерекшелігі, олардың  өздеріне тән натуралды-заттай формасы  болмайды, бірақ пайдалы әсерлері бар және адам қызметінің нәтижесі болып табылады.

    Тауарлардың материалдық және материалдық емес сипаттары болады. Тауардың екі қасиеті бар:

    а) адамның белгілі бір қажеттіктерін  қанағаттандыру қабілетін оның тұтыну кұны деп атайды.

    б) әрбір тауардың жалпылай айырбастау құны

    Бір тауар өзінен басқа тауарларға айырбасталу  кезінде, олардың өзара пропорциялық мөлшерде алмасуына себепші болатын мәселенің шешімін табуды алғашқы рет Аристотель ұсынды. Бұдан кейінгі кезендерде түрлі экономистер бұл мәселеге өздерінше жауап іздеді.

    Құнның  еңбек теориясын жақтаушылар, тауарлардың  құнын жасауға жұмсалған еңбек  шығындары, олардың өзара айырбасталуына ортақ, жалпылама негіз болады деген пікірді айтады.

    Шектеулі  пайдалылық теориясын жақтаушылар - айырбастың негізін пайдалылық құрайды  деген пікірді ұсынады. Шығындар тұжырымдамасының өкілдері тек шығындар арқылы ғана құнды анықтауды қолдайды.

    Енді  осы аталған тұжырымдамаларға арнайы тоқталайық. Құнның еңбек теориясы XVIII және XIX ғғ. аралығында қалыптасты. Оның іргетасы саяси экономия классиктерінің еңбектерінде қаланған, олар құнды тауарды өндіруге жұмсалған еңбек арқылы анықтайды. К.Маркс пен Ф.Энгельс қоғамдық абстракті еңбек, құнның негізін құрайды дейді. Маркстің пікір бойынша, тауар өндіруші еңбегінің екі сипаты болады. Бір жағынан, бұл еңбектің нақты түрі. Ол жұмыскердін кәсіпқой біліктілігіне, қажетті еңбек құралдарын пайдалануына байланысты болады және нақты нәтижеге қолы жетуімен, яғни белгілі бір тұтыну құнының жасалуымен сипатталады. Осылайша жұмсалған еңбекті нақты еңбек деп атайды. Екінші жағынан, бұл еңбек өзінің нақты жұмсалу формасы болмайтын, жиынтық қоғамдық еңбектің құрамдас бір бөлігі, яғни ол жалпы жұмыс күшінің жалпылама жұмсалу процесі болып табылады. Мұндай еңбекті абстракты еңбек деп атайды. Ол құнды жасайды, өйткені ол сан алуан мамандардың еңбектерінен құралады және әртүрлі тұтыну құндарын бір-бірімен, өзара теңестіруге мүмкіндік беретін жалпылама категория.

    Құн мөлшерін анықтауға байланысты әртүрлі  көзқарастар қалыптасты. А.Смит құн  мөлшерін жұмыс уақытымен анықтады. Ал Д.Рикардо нашар өндірістік жағдайдағы тауарды өндіруге жұмсалған жұмыс  уақыты арқылы құн мөлшерін іскерлік пен еңбек интенсивтілігінің орташа деңгейіне негізделген, қоғамдық өндірістің қалыпты жағдайында өнімді өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті жұмыс уақыты арқылы анықтады.

    Пайдалылық  теориясының іргетасын қалаған  австрия мектебінің өкілдері (К.Менгер, Е.Бем-Баверк, Л.Вальрас, У.Джевонс және т.б) құнның мөлшерін сатып алушының субъективті баға беруі арқылы анықтайды. Тауарға субъективті баға беру екі факторға, яғни: қолдағы бар игіліктер қорының көлеміне және оған деген қажеттіктердің қанығу дәрежесіне тәуелді болады.

    Мысалы, шөл жерде қалдыңыз және өте шөлдедіңіз делік. Бұл жағдайда ең қымбат, әрі  сирек зат, сіз үшін өте пайдалы, әрі тәтті – су, бірақ суды ішіп, шөліңіз басылғаннан соң, сіз  үшін судың пайдалылығы кеми береді. Ең соңғы ішкен бір шыны судың сіз үшін пайдалылығы бірінші шыныдан төмен.

    Сонымен, шектеулі пайдалылық деп - тауарлар мен  қызмет көрсетулердің  әрбір келесі кезектегі  үстеме мөлшерінен тұтынушының  алатын қосымша пайдалылығын айтады. Ол - -жалпы  пайдалылықтың көлемін  тұтынудың өзгерген мөлшеріне бөлу арқылы анықталады.

    Шығындар  тұжырымдамасы Джеймс Милльдің, Мак-Кулохтың еңбектерінде орын алған. Олар өндіріс  шығындарын, яғни өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбекке ақы төлеуге жұмсалған  шығындар арқылы құн мөлшерін анықтауды  ұсынды. Осы аталған үш теорияны біріктіруге А.Маршалл. Дж.Кларк, П.Самуэльсон ұмтылыстар жасады.

    Олардың ішінде А.Маршалдың концепциясы  сәтті шықты, ол құнды жасаудың тек  жалғыз ғана себебін іздестіруден бас  тартты, ол алдымен шектеулі пайдалылық теориясы және сұраныс пен ұсыныс теориясын өзара біріктірді және оларға өндірістік шығындар теориясын қосты. Осылайша жасалған оның зерттеу әдісінде - пайдалылықтың, сұраныс пен ұсыныстың, шығындар мен бағалардың өзара әрекеттесу нәтижелері арқылы – бағаны анықтау проблемасы өз шешімдерін тапты.  

    1.   Ақшаның  пайда  болуы, мәні және  теориясы

    Әр  халық бағалылығы жойылмайтын, әрі  көпке әйгілі түрлі бағалы заттарды ақша ретінде пайдаланды. Оған жататындар: балта, пышақ, найза, қалқан, садақ және т.б. Осындай сан алуан заттардың ақша қызметтерін атқарды, кейбір экономистердің ақша дегеніміз - тауарлар мен қызмет көрсетуде айырбастауға жарайтын «түрлі заттар» деп мәлімдеуіне себеп болды. Бірақ, бұлайша, тегін зерттеу себебінен субъективтік және  объективтік екі көзқарас қалыптасты.

    Субъективтік  көзқарастар - адамдардың бұл жөнінде  өзара келісімдер жасауының нәтижесінде  “ақша” пайда болған деп пайымдалды.

    Объективтік көзқарастар - тауар-ақша қатынастары-ның  дамуы нәтижесінде, бүкіл тауарлар арасынан дара бөлініп шыққан, әрі  жалпыға бірдей баламалы рөл атқаратын ерекше тауарды “ақша” деп аталды.

    Бұл теория тауар айырбасының дамуын және ақшаның пайда болуын өзара  байланыстырып зерттеді. Қоғамның бастапқы даму сатыларында, бір өнімді екінші өнімге тікелей алмастыру кезінде  кездейсоқ сәттерде, айырбас пайда болды. 

    Екі тауарды өзара алмастыру кезінде  біреуінің құны екіншісінің құнына теңестірілетін болды. Өндіріс пен  қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы  салдарынан нарыққа тауарлар көптеп түсетін болды. Біреудің қолындағы  артық, жалғыз тауарын басқа тауарлардың құнын кездейсоқ теңестіру, заман талабын  қанағаттандыра алмады.

    Уақыт озған сайын бүкіл тауарлар арасынан бір зат (мысалы, қой) дара бөлініп  шықты, ол өзінен басқа тауарларға айырбасталды. Мұндай жалғыз тауар басқа тауарлардың  құнын анықтайтын болды. Айырбастың тарихи ұзақ даму нәтижесінде айрықша тауар, яғни ақша пайда болды. Ақша дегеніміз - жалпылама балама рөлін атқаратын ерекше тауар.

    Алтын - сирек кездесетін және еңбек шығындарын көп қажет ететін металл. Алтынның басқа тауар сияқты тұтыну құны және өзіндікқұны болады. Алтынның тұтыну құны әсемдік заттарды жасау, әшекейлеу мен безендіру үшін қажет, сонымен бірге оны өнеркесіпте және т.б. пайдаланады. Алтынның құнын, құнның еңбек теориясы, оны өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек арқылы анықтайды.

    Алтынның  жалпылама баламалық қызметі, оған ғана тән ерекше қасиеттерге, яғни айрықша  тұтыну құны мен құнының болуына  байланысты.

    Алтынның  айрықша тұтыну құны оның басқа тауарларды өзіне бағындырып, олардың құн мөлшерін белгілеуіне байланысты пайда болады. Алтынның құны оның ақша ретінде жалпыға ортақ өтімді затқа айналуына байланысты қалыптасады.

    Қазіргі кездегі ақша тұжырымдамалары ХҮІІ-ХҮІІІ  ғғ. өмірге келген теориялармен өзара сабақтас. Оларға жататындар ақшаның металдық, номиналды және мөлшерлік теориялары.

    Бұрынғы теориялар өзгерістерге ұшырап, олардң жаңа түрлері пайда болды. Бұрынғы  теориялар ақшаның шығу тегі, мәні, ақша құнының қалыптасу проблемаларына  баса назар аударған еді, ал қазіргі кездегі ақша теориялары нарық экономикасының дамуына ақшаның әсер етуі жөніндегі мәселелерді зерттейді.

Информация о работе Экономиканы ұйымдастырудың формалары