Экономикалык осу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 21:54, реферат

Описание

Нарықтың теориясы мен практикадағы мәнінің зор екендігіне қарамастан таяу шетел мен Қазақстан республикасы ғалым-экономистерінің нарық жайлы пікір біркелкі емес. Бірнеше анықтамаларды келтіріп көрейік:
«Нарық – белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту, шаруашылық субъектілерін байланыстырушы ұйым».
«Нарық – тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы».

Содержание

Кіріспе
1. Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты
2. Нарықтың қызметі және құрылымы
3. Нарықтың элементтері, қызмет ету принциптері
4. Жеке және нарықтық сұраныс және ұсыныс
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

экономикалык осу.docx

— 44.87 Кб (Скачать документ)

      Нарық механизмінің бесінші элементі – бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздеоініңқара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің – бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

      Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді.

      Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді:

      - маржиналдық (шекті) талдауға;

      - балама  таңдау шығындарына;

      - экономикалық рационалдыққа.

      Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-қимыл жүріп оырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес, шекті шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа, шекті субъектінің пайда болуы нарық экономикасына, ондағы ұсыныс пен сұранысқа мәнді әсер етпейді. Жетілген нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әрқайсысының нарықтағы жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-теңдік болмысын қамтамасыз етіп отырады.

      Балама таңдау шығындарының принциптері. Балама таңдау шығындарына тікелей шығындар, және ресурстарды пайдаланудың немесе кәсіпкерлік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген, табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық экономикасының ерекшелігі мынады: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен ең ұнамсыз болса да, әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін варианты таңдап алынады. Балама таңдау шығындары принципі өндіушілерді, олардағы бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.

      Экономикалық рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Рационалдық таңдау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдықтың критериі – табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар – капиталды шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің қал-ахуалын жақсартуды көздейді. Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру тепе-теңдік болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс нарық механизмінің орталық проблемасы. Бұл жағдай екі қарама-қарсы күштерді қолдануға негізделеді – бір жақтан, сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан, нарықтағы бағаны.

      Сирек кездесу  нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады. «Сиректік» деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын. Демек, шекті пайдалылық теориясында «сиректік» деген түсінік негізгі және ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

      Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.Смит «сиректік» түсінігін күнмен байланыстырады. Олардың айтуы бойынша, сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында «сиректіктің» түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректікті табиғи және әлеуметтік факторлармен байланыстырған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет ету мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бұл үшін белгілі уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі мол болған сайын, осы игіліктің қажет санын өндіруге соншама мол уақыт керек.

 

4. Жеке және нарықтық сұраныс және ұсыныс

      Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығын, фирма мен үкіметті жатқызамыз. Бұл субъектілер бір-бірімен ресурс нарығында, қаржы мен тұтыну нарығында өзара іс-әрекет жасап, шығыс пен кірісті айналым жасайды.

      Үй шаруашылығы материалдық (жер мен капитал) және адами (еңбек пен кәсіпшілдік) ресурстарды өткере (өткізу) отырып, оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады. Соңғылары тауар өндірісіне қажетті сұраным ресурстарын талап етеді. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-әрекеті әрбір ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді. Үй шаруашылығы тұтыну нарығында тауарға сұраным жасай отырып, ресурстарды сатудан алынған табысты қажетті өнім мен қызмет жасауға жұмсайды. Ал, фирмалар өз өнімін өткере отырып, ақшалай табыс алады.

      Үй шаруашылығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды, белгілі бөлігін жинайды (қор) және ресурстар мен салықты төлеуге жұмсайды.

      Фирмалар өндіріс ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіріп өнім шығарады, қызмет көрсетеді және осы тауарды ұсынады. Оларды нарықта сату фирманың ақшалай табысын қалыптастырады. Үй шаруашылығы сияқты фирмалар да алынған табысты (өткеруден түскен табыс)  ресурстарды төлеуге толық жұмсайды. Фирмалар үй шаруашылығындай қажетті салықтарды төлейді, инвестицияны жүзеге асырады және т.б.

      Үкімет фирмалардан салық алып, жеке кәсіпорындарға дотация, субсидия береді және кәсіпкерлерден қажетті ресурстарды сатып алады. Үкімет жұмысымен қамтамасыз ету саясатын жүргізді және инфляция деңгейіне, ұлттық өнімнің қозғалысы және құрылымына әсер етіп, табыстарды үлестіреді. Салықтан түскен ақшалай қаржыны шоғырландырып, үкімет жалақыны, трансферттік төлемдерді (мемлекеттік зейнетақы, табыс аздарға көмекақы, жұмыссыздарға жәрдемақы) төлейді. Құқықтықнегізде қамтамасыз етіп, экономиканы тиімді дамыту үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынады. Демек, табыс пен шығындардың шеңбер айналымы үнемі қозғалыста болып, теңгеіледі. Түпкі есепте (нәтижеде) өндірістің жалпы көлемін байқатып, тұрғындардың жұмыстылығы мен табысы көрсетіледі.

      Нарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бірі инфрақұрылым болып табылады.

      Инфрақұрылым – бұл институттар ( ұйымдар, фирма, мекемелер) жиынтығынан тұрады және оның мән-мағынасы нарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырып қызмет көрсетеді.

      Нарықтық инфрақұрылымының элементіне – тауарлық, қор биржасы, еңбек биржасы, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер және т.б. жатады.

      Нарықтық экономиканың бой көтеруі нарықтық инфрақұрылым негізгі элементтерінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Құрылған объектілер қалыпты экономикалық нарықтық қызметті қамтамасыз етуге тиіс. Оларға:

- топтасқан тауарларды көтерме сауда жасау үшін сауда биржасы;

- бағалы қағаздарды саудалау үшін қор биржасы;

      - өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарын сату үшін коммерциялық көтерме сауда кәсіпорындары;

      - акционерлік  кәсіпорын мен бірлестіктер қаржысына құралған қоймалар, элеватор, тоңазытқыш, транспорт шаруашылықтары;

      - коммерциялық банктердің коммерциялық несиелер арқылы қызмет жасауы, ол несиелер құрылтайшы-кәсіпорын пай жарнасынан немесе акционерлік негізде құрылуы керек;

      - коммерциялық ақпараттық орталықтар және кәсіпорындағы маркетингтік бөлімдер. Нарық конъюктурасы мен сұранымды зерттеу орталықтары;

      - жарнамалық сипаттағы қызмет үшін құрылтайшылар;

      - сервистік,  ремонттық, консультациялық, банктік және құқықтық қызметтер жатады.

 

      Қорытынды

      Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың дамуы мен өмір сүруін қалыптастырудың негізгі проблемалары бар. Нарықтық экономика:

      1. табыс  алуға кепілдік бермейді;

      2. толық жұмыс бастылыққы кепілдік бермейді;

      3. қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;

      4. қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталандырады;

      5. ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз атпейді.

      Нарықтық экономика жағдайын қалыптастыру жағдайын екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ:

-меншіктің сан қырлы нысандарын іске асыру қажет (жеке кооперативті, акционерлік, мемлекеттік);

-мемлекеттік реттеуіштерді  сақтаған жағдайлардағы өндірісті демократизациялау керек. Бұл кезде нарықтық экономиканың өзі шексіз даму қабілеті бар өзін-өзі реттеуші жүйе емес екенін есте ұстау керек;

-тауарлар мен қызмет көрсету нарығы, өндіріс факторлары және қаржы нарығы сияқты үш негізгі элементті біріктіретін нарықты инфрақұрылымды құру қажет.

       Екінші  топқа құқықтық заңдарды дайындау және шаруашылықты жүргізудің нарықтық әдістеріне өту жөніндегі экономикалық ережелерді қабылдаумен байланысты шаралар жүйесі жатады.

      1. Ресурстарды ұрлаумен тиімсіз пайдалануға жол бермейтін меншік пен шаруашылықты жүргізудің көп қырлы нысандарын қалыптастыру мен игеру жөнінде анық шаралары қажет;

      2. Экономикадағы басым салаларды құрылымдық қайта құру арқылы тапшылықты игеру;

      3. Экономиканы,  шетелдік капитал тарту және аралас кәсіпорындарды құру арқылы ашық жүйеге айналдыру.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

   1. Мамыров Н.Қ., Тлеужанова М.Ә., Макроэкономика Алматы -2003ж 23-28б

   2. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О., Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері 2002 202 б.

   3. Осипова Г.М., Экономикалық теория негіздері Алматы-2002ж 123б.

   4. Шеденов Ө.К., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И., Жалпы экономикалық теория Ақтюбе-2004ж 156 б

   5. Күлекеев Ж.Ә., Есенғалиева К.С., Тастандиева Н.Б., Микро-макроэкономика терминдерінің орысша-қазақша сөздігі Алматы-1995ж. 245б.

 

 

  1. Экономикалық өсу түрлері және себептері.
  2. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.

 

Мақсаты: Экономикалық өсудің мән-мағынасын, негізгі факторларын және модельдерін қарастыру арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік дамуының негізгі мәселелеріне басты назар салу керек.

 

Негізгі түсініктер мен  терминдер

Экономикалық өсу, Экономикалық өсудің типтері, Жандану, Рецессия (дағдарыс), Стагфляция Өсу, Тоқырау, Экономикалық өсудің факторлары

 

Дәріс мән-мәтіні

Экономикалық теорияда мағызды  сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен  қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің  ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің  ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Экономикалық өсудің негізгі  мақсаттары – халықтың әл-ауқатын  көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты  материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы  болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

  • Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
  • Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
  • Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
  • Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Экономикалық өсудің өлшеу  тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

  1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
  2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

 

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс  факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше  типке бөлінеді.


 

 




 

 

  1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
  • қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
  • ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
  1. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
  • жұмыс күшінің санының өсуі;
  • капиталдың көлемі өсуі.
  1. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

 

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

  1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
  2. адамның бос уақытының көбеюі;
  3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
  4. адам капиталына инвестицияны өсіру;
  5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
  7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

Информация о работе Экономикалык осу