Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі және мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 13:16, реферат

Описание

Экономикалық талдау ғылым ретінде арнайы білім жүйесін біріктіреді, олар келесілермен байланысты:
· Объективті экономикалық заңдылықтар мен субъективті тәртіптегі факторлардың ықпалынан қалыптасатын экономикалық процестерді және олардың бірлесіп әрекет жасауын зерттеу;
· Бизнес-жоспарларды ғылыми дәйектеумен, олардың орындалуын объективті бағалаумен;
· Жағымды және жағымсыз факторларды анықтаумен, олардың ықпалын сандық өлшеумен;
· Шаруашылық дамудың пропорциялары мен тенденцияларын ашу, пайдаланылмаған ішкішаруашылық резервтерді анықтаумен;
· Ілгері тәжірбиелерді жалпылаумен және оптимальді басқару шешімдерін қабылдаумен.

Работа состоит из  1 файл

1.doc

— 69.50 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда көрсетілген  әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық, сондай-ақ экономикалық және математтиканың статистиканың  дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі  бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржылық жағдйына талдау жүргізудің дәйектілігі жөніндегі  басылып шығарылған әдістемелік  зерттеулердегі авторлардың ұсыныстары оқырмандардың назарын аударады.

Жалпы редакциясын  В.И. Стражева басқарған, Беларусь Республикасының Мемлекеттік экономикалық университетінің авторлар ұжымы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды алдымен оның активтері мен пассивтерін талдаудан бастау ұсынылады, содан кейін кәсіпорынның төлеу қабілеті мен қаржылық тұрақтылығын, сондай-ақ активтердің қайтарымдылығын талдауға және оның қаржы жағдайын қысқа мерзімді болжауға кеңес беріледі.

О. В. Ефимов өзінің «Қаржылық жағдайды қалай талдау керек» деген еңбегінде талдау әдістемесін, әрбір шаруашылық жүргізушінің маңызды  міндетінің бірі болып табылатын және де кәсіпорынның төлеу қабілеті мен өтімділігіне қосымша баға беруге мүмкіндік беретін мүліктік массаның құрылымын бағалаудан бастайды.

И. М. Лоханина мен  З. К. Золкина алдымен есеп беруді құрастырудың сапасын тексереді, содан  кейін оны оқуды жүргізіп, соның негізінде кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалайды, одан кейін кәсіпорынның мүліктік жағдайына және оның қалыптасу көздеріне, қаржылық дербестігіне және талдау қабілеттілігіне тереңдетілген талдау жасайды.

Кәсіпорының қаржы  жағдайын талдаудың соңғы (ерекше) әдістемесін А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфулин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен тұрады: қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі; кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау; кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және төлеу қабілеттілігін талдау.

Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңдегі өзгерісін  салыстырмалы аналитикалық баланс-нетто  бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықтың абсольюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойынша, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы төлем қабілеті мен қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.

Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен  тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.

 

4.Қаржылық талдаудың коэффициенттер әдісі

Қаржылық талдаудың  нарықтық экономика жағдайындағы көбірек  таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффиценттерді пайдалану болып  табылады.

Коэффиценттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффиценттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффиценттерді талдаудың  пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.

Қатынасты талдаудың  рөлін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор  болып табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген  талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшеліктері орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өтен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.

Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде  жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық  түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда бәздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағыы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.

Салыстырмалы  (кеңістік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің  және цехтардың жекелеген көрсеткіштері  бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

Информация о работе Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі және мазмұны