Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 22:42, реферат

Описание

Осы әдістемелік нұсқаулық Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) әзірлеу жөніндегі көзқарастарын ашады.
Стратегиялық жоспарды әзірлеу Стратегиялық жоспарды талдау, моделдеу, пайымдық қалыптастыру және басымды бағыттар, стратегиялық мақсаттарын мен нысаналы индикаторларын айқындау процесі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Kosimsha 101.doc

— 467.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

2010 жылғы  « 1 » шілдедегі

Қазақстан Республикасының 

Экономикалық  даму және

сауда министрінің № 101 бұйрығына                                                                                            

1-қосымша

Қазақстан Республикасының  стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық

 

1. Жалпы  ереже

 

  1. Осы әдістемелік нұсқаулық Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) әзірлеу жөніндегі көзқарастарын ашады.
  2. Стратегиялық жоспарды әзірлеу Стратегиялық жоспарды талдау, моделдеу, пайымдық қалыптастыру және басымды бағыттар, стратегиялық мақсаттарын мен нысаналы индикаторларын айқындау процесі болып табылады.
  3. Стратегиялық жоспар Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру мақсатында әзірленеді және елдің жоспарлы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының стратегиясын, мақсаттарын, міндеттерін, басым бағыттарын нақтылайды.

 

    1. Негізгі ұғымдар

 

  1. Осы әдістемелік нұсқаулықта мынадай ұғымдар қолданылады:
  2. каскадтау -  бұл мемлекеттік жоспарлау жүйесінің иерархиясындағы жоғарғы деңгейлердің мақсаттары, міндеттері, нәтижелер көрсеткіштерінің төменгі деңгейлердің тиісті мақсаттары, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне ауысуын білдіретін әдіс. Каскадтау кезінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі  иерархиясының бірізді деңгейлері арасында өзара байланыс орнатылады және ол бойынша біртіндеп төмендеу арқылы мемлекеттік жоспарлау жүйесі неғұрлым толық ашылады;
  3. квазимемлекеттік сектор ұйымдары – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
  4. жоспарлы кезең – Стратегиялық жоспар әзірлейтін кезең;
  5. нысаналы индикатор - Стратегиялық жоспардың мақсатына қол жеткізу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін сандық өлшенетін көрсеткіш.

 

2. Стратегиялық  жоспарды әзірлеу кезеңдері

 

  1. Стратегиялық жоспарды әзірлеу екі кезеңнен тұрады:

1) стратегиялық  талдау;

2) стратегиялық жоспарлау.

  1. Стратегиялық талдау – ішкі және сыртқы ортадағы процестер мен үрдістерді мынадай мақсаттарда анықтауға негіз бола алатын елдегі жағдайды талдау:

- елдің дамуына  әсер ететін ықтимал қауіптер  мен мүмкіндіктер шеңберін анықтау;

- проблемаларды анықтау  және проблемаларға себеп-салдарлық  талдау жүргізу;

- елді дамытудың  мүмкін сценарийлерін талдау.

  1. Стратегиялық жоспарлау – елдің серпінді бәсекелестік ортада тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары мен негізгі бағыттарын анықтау, ел болашағын жоспарлауға қатысты мүдделі тараптардың мүдделерін анықтау және келістіру, нысаналы индикаторлар мен ел дамуының жалпы ұлттық шешуші көрсеткіштерін әзірлеу.

 

3. Стратегиялық  талдау

 

3.1. Стратегиялық  талдау жүргізу негіздемесі

 

  1. Стратегиялық талдау жүргізу үшін әлемдік тенденциялар, Қазақстан Республикасының әлемдік және өңірлік экономикадағы ұстанымдары, елдегі жағдай туралы қолжетімді ақпаратты жинау және оны құрылымдауды жүзеге асыру қажет.
  2. Стратегиялық талдауға арналған ақпарат көздері мыналар бола алады:

- ұлттық және ведомстволық статистика;

- интерактивті семинарлар, іскерлік ойындар, атқарушы және заң шығарушы билік, бизнес, ғылыми қоғам өкілдерімен сұхбат;

- халық арасында сауалнама жүргізу, халықтың және бизнестің қызығушылықтарын анықтау үшін интернет-технологияларды қолдану.

 

3.2. Ішкі және сыртқы факторларды талдау

 

  1. Стратегиялық талдау алдағы жоспарлы кезеңде елдің дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар бойынша жүзеге асырылады.

Атап айтқанда, факторлардың мынадай топтарын бөліп  қарастыруға болады:

- экономикалық  және қаржылық;

- демографиялық;

- технологиялық;

- әлеуметтік  және мәдени;

- кеңістіктік  және экологиялық;

- заң шығарушы  және реттеуші;

- басқарушы.

  1. Ішкі және сыртқы факторлар бойынша талдау жүргізу үшін кем дегенде соңғы үш жылдағы деректерді пайдалану қажет.
  2. Стратегиялық талдау ел дамуының сыртқы факторлары ретінде қарастырылатын әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамудың ғаламдық және елдік үрдістерін талдаудан басталады.
  3. Дамудың сыртқы факторлары – мемлекеттік органдар мен бизнестің іс-әрекеттерінен тәуелсіз, қазіргі уақытта және алдағы жоспарлы кезеңде ел дамуына елеулі ықпал ететін шарттар.
  4. Дамудың ішкі факторларын талдау белгілі салалар (қызмет салалары (атап айтқанда, экономикада, әлеуметтік салада және т.б.) бойынша ел туралы толық түсінік беруі қажет.
  5. Дамудың ішкі факторлары – сыртқы факторлардың түрлі өзгерістерін есепке ала отырып стратегияның қалыптасуына негіз болатын ресурстар мен мүмкіндіктер.
  6. Ел ерекшелілігіне қарай елдің дамуына ықпал ететін сыртқы және ішкі факторлардың тізбелері жасалады және олар бойынша талдау жүргізіледі.
  7. Дамудың ықтимал үрдістерін қалыптастыру үшін ішкі факторларды бағалау басқа елдер тәжирибесімен салыстырылады.
  8. Сыртқы және ішкі факторларға, статистикалық деректерге, жүргізілген сұхбаттарға, сауалнамаларға, фокус-топтарға, мүдделі тараптармен жүргізілген консультацияларды талдау нәтижелері, бәсекелестермен салыстырулар жинақталып, қорытындыланады.
  9. Негізгі қорытындылар SWOT-талдаудың қағидаларына сәйкес біріктірілуі мүмкін, бұл талдау өзінің күшті және әлсіз жақтарын (ішкі орта) және сыртқы ортадағы мүмкіндіктер мен қауіптерді анықтауға мүмкіндік береді.
  10. SWOT-талдау деректері бойынша негізгі артықшылықтар мен кемшіліктер, қолайлы мүмкіндіктер мен ықтимал қауіптер арасында байланыс орнату қажет. Талдау үшін тізбедегі неғұрлым елеулі факторлар пайдаланылады және олардың негізінде ішкі және сыртқы факторларға жүргізілген талдау нәтижелері жүйеленеді және елді дамытудың бірнеше сценарийлері жасап шығарылады (SWOT-талдау кестесі).
  11. Барлық факторлар (ішкі және сыртқы факторлар да) қарастырылып отырған елдің даму стратегиясы үшін маңыздылық өлшемдері бойынша бағаланады және оған әсер ететін фактордың дәрежесі белгіленеді.
  12. Елдің дамуына ықпал ететін артықшылықтар (күшті жақтары) және ел дамуын тежейтін және (немесе) оның дамуына теріс әсер ететін кемшіліктер (әлсіз жақтары) – бұл ел дамуының бақылаудағы ішкі аспектілері.
  13. Елдің дамуына оң әсер ететін мүмкіндіктер және ел дамуына теріс әсер ететін, сыртқы ортаның сипаттамаларымен байланысты және ел дамуының әсеріне бағынышты емес қауіптер сыртқы аспектілер болып табылады.

 

SWOT-талдау  кестесі

 

 

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Артықшылықтар

1 жиек

Артықшылықтар мен мүмкіндіктер

2 жиек

Артықшылықтар мен қауіптер

Кемшіліктер

3 жиек

Кемшіліктер мен  мүмкіндіктер

4 жиек

Кемшіліктер мен  қауіптер


 

  1. Кестедегі жолдар мен бағандардың қиылысында төрт жиек түзіледі.
  2. Жиектердің әрқайсысында барлық мүмкін жұп амалдарды қарастыру және стратегиялық жоспарды әзірлеуде есепке алынатындарын бөліп алу қажет.
  3. SWOT-талдау нәтижелері, жалпы алғанда, елді дамыту сценарийлерін әзірлеуге (немесе нақтылауға) қажетті материал ретінде пайдаланылады.
  4. 1-жиектен таңдап алынған жұптарға қатысты, сыртқы ортада пайда болған мүмкіндіктерден қайтарым алу үшін артықшылықтарды пайдалану бойынша елді дамыту стратегиясын әзірлеу қажет.
  5. Егер жұп 2-жиекте орналасса, онда даму стратегиясы қауіптерді жою үшін артықшылықтарды пайдалануды көздеуі қажет.
  6. 3-жиектен орын алған жұптар үшін даму стратегиясы пайда болған мүмкіндіктер есебінен бар кемшіліктерді жоюға тырысатындай негізде құрылуы тиіс.
  7. 4-жиекте орналасқан жұптар үшін кемшіліктерден ғана арылып қоймай, сондай-ақ төнген қауіп-қатерді жоюға мүмкіндік беретін даму стратегиясы жасалуы тиіс.
  8. Осы кезеңде елді дамытудың бірнеше сценарийі әзірленіп, қаралуы мүмкін.
  9. Даму сценарийлерін әзірлеу кезеңінде елдің дамуын пайымдау қалыптасады, ол – елдің жоспарлы кезеңнің соңына қарай даму деңгейін көрсететін пайымдау және ол стратегиялық жоспарды жүзеге асыру салдарынан болатын елдегі өзгерістерді сипаттайды.

 

3.3. Проблемаларды талдау

 

  1. Бұл кезеңде проблемаларды тұжырымдау және олардың себеп-салдарлық байланыстарын анықтау жүзеге асырылады.
  2. Проблемалар ішкі және сыртқы факторларға жүргізілген талдау, негізгі артықшылықтар мен кемшіліктерді, қолайлы мүмкіндіктер мен ықтимал қауіптерді талдау (SWOT-талдау) және оларды негізге ала отырып жасалған даму сценарийлері негізінде анықталады.
  3. Проблеманы сипаттау қалыптасқан жағдайға деген теріс көзқарасты білдіреді.
  4. Стратегиялық талдаудың осы кезеңінде негізгі проблеманы бөліп қарау, оның пайда болу себептерін және соның салдарын түсіну, ал кейін проблеманы шешу бойынша іс-әрекеттердің жүйелілігін анық белгілеу үшін проблемаларды талдау қажет.
  5. Проблемалар келесі талаптарға сай болуы қажет:

- проблемалар ағымды болуы қажет, яғни Стратегиялық жоспар әзірлеу кезінде бар проблема болуы тиіс;

- проблеманы  тұжырымдау шынайы болуы тиіс, нақты айтқанда мүдделі тараптарға қалыптасқан жағдайдың неліктен тиімсіз екендігін және нені өзгерту қажеттігін жеткізу мүмкіндігі болуы қажет; 

- проблеманы  тұжырымдау артық толықтыруларсыз, қысқа да қисынды болуы тиіс.

  1. Проблемалар қайталанбауы тиіс. Егер бірнеше проблемалар мағынасы жағынан жақын болса, оларды біріктіру немесе проблемалар арасындағы көрнекі айырмашылықты айқындау мақсатында тұжырымдаманы нақтылау қажет.
  2. Барлық мүмкін проблемаларды анықтағаннан кейін, проблемалардың иерархиялық орналасуын және олардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды айқындау қажет. Бұл үшін проблемалар бір-бірімен қалайша байланысатынын анықтау, яғни «проблемалар-себептер» және «проблемалар-салдарларды» айқындап алу қажет.

 

Проблемалар арасындағы себеп-салдарлық байланыстар схемасы

 

 

  1. Егер бір проблема екіншісінің себебі болып табылса, онда оның біреуі бір деңгейге төмендейді, егер ол салдар болса – онда жоғары деңгейге көтеріледі. Егер проблемалар бір-біріне қатысты не себеп, не салдар болып табылмаса, онда олар бір деңгейге орналастырылады.
  2. Осыдан кейін негізгі проблеманы таңдап алу қажет, ал шешіміне стратегиялық жоспарды жүзеге асыру аталған проблеманы шешуге бағытталады. Ол үшін жүргізілген жұмысқа талдау жасап, мыналарды анықтап алу қажет:

- стратегиялық жоспарды жүзеге асыру нәтижесінде проблемалар қай деңгейге дейін шешіледі (проблемалар – себептер);

- қай проблемалар  өздігінен немесе басқа проблемаларды  шешу нәтижесінде шешіледі (проблемалар  – салдарлар).

  1. Себептер аяқталатын проблемалардың себеп-салдарлық байланыстары схемасындағы нүкте негізгі проблема болып табылады.
  2. Проблемаларды тура анықтау талдау процесіндегі аса маңызды қадам болып табылады, өйткені олардың негізінде тиісті мақсаттарды қою және оларға қол жеткізудің аса қолайлы шараларын таңдау жүзеге асырылады.
  3. Проблемаларды дұрыс тұжырымдау және олардың пайда болуының басты себептерін анықтау мен оларды еңсеру шараларын негізі түрде таңдау, мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ күтілетін нәтижелерді анықтауға мүмкіндік туғызады

 

4. Стратегиялық жоспар

 

4.1. Себеп-салдарлық байланыстар

 

  1. Проблемалардың себеп-салдарлық байланыстарының әзірленген схемасы Стратегиялық жоспар, сонымен қатар төменгі тұрған деңгейдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын жоспарлау мен әзірлеу негізі болып табылады.
  2. Әзірленетін Стратегиялық жоспар проблемаларды шешуге шоғырлануы  тиіс. Бұл үшін Стратегиялық жоспардың мақсаттары тұжырымдалуы қажет.
  3. Себеп-салдарлық байланыстар схемасының құрылымын өзгертпестен, проблемалар тиісті мақсаттармен алмастырылады.
  4. Негізгі проблеманы шешу қарастырылып отырған даму сценарийінің негізгі мақсатына қол жеткізуге өзгертіледі.
  5. Схеманың төменгі деңгейінде стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін орындалуы қажет мақсаттар қалыптастырылады.
  6. Елеусіз проблемаларды шешу мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төменгі тұрған деңгейінің құжаттарында көзделуі мүмкін.

 

4.2. Стратегиялық мақсаттар

 

  1. Стратегиялық мақсаттармен жоспарлы кезеңнің соңына қарай елдің күтілетін болашақ жағдайы белгіленеді, оған қол жеткізу төменгі тұрған деңгейдің құжаттары арқылы Стратегиялық жоспарды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
  2. Әрбір мақсаттың сипаттамасына оның қысқаша тұжырымдамасы, мазмұнды анықтамасы, мақсатқа қол жеткізу деңгейін өлшеуге болатын сандық көрсеткіштердің жиынтығы және жоспарлы кезеңнің соңына қарай қол жеткізілуі тиіс аталған көрсеткіштердің мәндері (мақсатты мәндер) жатады.
  3. Стратегиялық мақсаттарды анықтауда мынадай өлшемдерді басшылыққа алу қажет:

 - шынайылық, мақсаттар шынайы болуы тиіс.

 - өлшемділік, мақсаттарға қол жеткізуді сандық индикаторлардың көмегімен тексеруге болады.

- релеванттық, мақсаттардың Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының мақсаттарымен байланысының болуы;

- қол жетімділік, мақсаттар жоспарлы кезеңде ықтимал түрде қол жетімді болуы қажет

- мақсат айқын болуы тиіс, мақсат тұжырымдамасынан оған қол жеткізу индикаторлары айқын болуы қажет.

  1.  Стратегиялық мақсат тұжырымдамасы қысқа әрі түсінікті болуы қажет және онда мыналар болмауы тиіс:

- өз бетінше немесе біркелкі түсінік берілмейтін терминдер, ұғымдар мен сөздер;

- мақсатқа қол жеткізу жолдарын, құралдары мен әдістерін сипаттау.

  1. Стратегиялық мақсаттар саны көп болмауы тиіс. Стратегиялық мақсаттардың дұрыс тұжырымдалған жүйесі елдің жоспарлы кезеңдегі өзекті қажеттіліктерін қамтуы қажет.

 

4.5. Мақсатты индикаторлар

 

  1. Елдің дамуын пайымдауды сипаттау жоспарлы кезеңнің соңына қарай даму деңгейі мен мақсаттарға қол жеткізуді бағалауға болатын шешуші нысаналы индикаторларды қамтуы тиіс.
  2. Әрбір стратегиялық мақсатқа, оған қол жеткізу дәрежесін анықтау үшін мақсатты индикатор (аралық және түпкі) сәйкес келуі қажет.
  3. Нысаналы индикатордың сапалы жағы алдағы онжылдық кезеңге арналған Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру шеңберіндегі мемлекет қызметінің нәтижесінде болатын мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы (қызмет аясындағы) оң өзгерістердің мәнін, ал сандық жағы – олардың өлшенетін, абсолтті және салыстырмалы шамаларын көрсетуі тиіс.
  4. Нысаналы индикаторлар мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

- жоспарланған жылдың ішінде серпіндегі көрсеткіштерді салыстыруға мүмкіндік беру;

- пайдаланушыларға түсінікті болу;

Информация о работе Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық