Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің жергілікті органдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2012 в 11:50, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: Демократиялық мемлекеттердің саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық процестерде парламенттердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия жолына түскен елдердің оңды тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі болып табылады және соның негізін қалайды. Бұл демократиялық институттың маңызы мен қажеттелігі де осында жатыр.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
I. Жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттамасы
1.1.Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті.......................................................5
1.2.Жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыру...............................8
1.3. Қазақстан Ресубликасында жергілікті өзін-өзі басқару принципі................9
II. Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің жергілікті органдары
2.1.Облыстық әкімдер және олардың өкілеттіктері................................................14
2.2.Аудандық әкімдіктер Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiктiң құзыретi.......................................................................................................................17
2.3. Жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізудің маңызы мен
проблемалары.............................................................................................................23
2.4.Қазақстан Республикасында жергілікті басқару органдарының қызметін жетілдіру……………………………………………………………….....................26

Қорытынды...............................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................31

Работа состоит из  1 файл

жерг аткару органАйбек.doc

— 176.50 Кб (Скачать документ)

Жергілікті өзін-өзі басқару – мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік аумақтық бөлік тұрғындарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. ҚР Конституциясы «Жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзі-өзі басқару» туралы бөлімінде 8 – бабында жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89 бабы бойынша «Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғындардың тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ адамдар жинақы тұратын аумақты қамтитын ауылдық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзі-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібі заңда көрсетліген шекте азаматтардың өздері белгілейді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен білгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. Мемлекет олардың  қызметін және олардың өкілеттігінің шегін заңдылық деңгейінде тек жалпы шеңберде белгілейді.Басқа жағдайларда өзін-өзі басқару органдары мәселені дербес шешеді. Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі, кірістердің қосымша көздері, әкімдермен, мәслиахттармен өзара қатынас тәсілдері бойынша да әртүрлі болуы мүмкін.

              Қазақстанда жергілікті басқарудың тиімді тәсілдерін қалыптастыру жолында бірқатар түбірлі өзгерістер жүзеге асырылып келеді.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару – халық тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын осы Заңда, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалған тәртiппен жергiлiктi маңызы бар мәселелердi өзiнiң жауапкершiлiгiмен дербес шешуге бағытталған қызмет;
 - жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары — осы Заңға сәйкес жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешу жөнiндегi функциялар жүктелген органдар;

- Жергiлiктi өзiн-өзi басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауыл (село) шегiнде жеке жүзеге асырылады.
  -  Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды жергiлiктi қоғамдастық мүшелерi тiкелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
      Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық (селолық) округтiң, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауылдың (селоның) әкiмi мемлекеттiк басқару функцияларымен қатар жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мiндеттерi:

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
     - Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
      - жалпымемлекеттiк iшкi және сыртқы саясатқа, оның iшiнде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
     - бiрыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтердi еркiн алмасуға, Қазақстан Республикасының бiрыңғай мәдени және ақпараттық кеңiстiгiнiң қалыптасуы мен дамуына кедергi келтiретiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
      - Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
      -  қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпымемлекеттiк стандарттарды сақтауға;
      -  жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
      -  өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пiкiрдi ескеру принциптерiн ұстануға, жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының отырыстарына еркiн қатысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
      - жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуге қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

Мемлекеттiк органдардың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы:

Мемлекеттiк органдар жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды қалыптастыру және дамыту үшiн қажеттi құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайлар жасайды, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiн әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз етудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес халықтың жергiлiктi өзiн-өзi басқару құқығын жүзеге асыруына жәрдемдеседi. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергiлiктi қоғамдастық халқының алдында жауапты болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Қазақстан Республикасындағы атқарушы биліктің жергілікті органдары

2.1. Облыстық әкімдер және олардың өкілеттіктері

Жергілікті атқарушы органдарға әкімдер  және олардың аппараттары жатады. Заң  талаптарына сәйкес, әкім – Қазақстан Республикасы Президенті мен Республика Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдарды басқаратын, қарауындағы аумақта мемлекеттік саясаттың жүзеге асуын, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімдерінің үйлесімді қызмет жасауын қамтамасыз ететін, атқарушы органдарға басшылық жасайтын, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын, Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігіне ие, сол сияқты тиісті аумақтың әлеуметтік және экономикалық дамуына жауапты уәкілі болып табылады.

                  Жергілікті атқарушы органдардың және әкімнің қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мекеме - әкімнің аппараты құрылады.

                  Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз – жергілікті өкілдікті және атқарушы органдардың белгілі бір аумақта мемлекеттің саясатын жүргізетін, осы және басқа да заң актілерінде көрсетілген өкілеттіктердің аясында оның дамуына  және осы аумақтағы істің ахуалына жауапты болу үшін атқарылатын қызмет.

                Ал, жергілікті атқарушы орган деген ұғымға келетін болсақ- бұл облыстың ауданның, қалалардың әкімдері басқаратын, өзінің өкілеттігі аясында тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.

                 Жергілікті мемлекеттік басқару институтының негізгі буыны атқарушы органдар - әкімдер мен әкімшіліктер болып саналады.

Аудандық (қалалық), облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың) әкімдері Қазақстан Республикасы  атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және тиісті аумақтың мүддесі мен мұқтаждарына байланысты атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізеді.

Облыстық, аудандық әкімшіліктерді заңда көрсеьілген тәртіппен сайланатын әкімдер басқарады. Ал, әкімшіліктің құрамына әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшылары кіреді.

Әкімшілік – заңдық тұлға санатына кірмейтін алқалы орган болып табылады. Әкімшіліктердің төмендегі буындары құрылады: 1) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық; 2) аудандық  (облыстық маңызы бар қалалардың), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық ( селолық ) округтік әкімшіліктер .

Облыстық әкімдіктер

Облыстық (Алматының, Астананың), аудандық (облыстық маңызы бар қаладағы (Астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтік әкімдіктер түзілмейтін болғандықтан, олар тиісті атқарушы органдардың бір бөлігі болып саналады.

Облыстық (Алматының, Астананың), аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың)  әкімшіліктерінің ортақ бір міндеті бар: тиісті аумақтың мүдделері  мен даму қажеттіліктеріне тіркес атқарушы үкіметтің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз ету.

Облыс әкімшілігінің құзыретінің төмендегідей бағыттары бар:

1)     ұйымдық – шаруашылық; 2) басқарушылық, 3) реттеушілік; 4) үйлестірушілік5) консультативтік.

Ұйымдық шаруашылыққа төмендегі өкілеттіктер жатады: облысты (Алматыны, Астананы), облыстық (Алматының, Астананың) бюджетті дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын әзірлеу, облыс (Алматының, Астананың) аумағында кәсіпкерлік қызметті, инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдайлар жасау, облыс аумағында су құбырларының, тазартқыш құрылыстары, электр беру желістерінің, басқа да инфрақұрылым обьектілерінің құрылысын ұйымдастыру, қоғамдық тәртіп қорғау және қауіпсіздік сақтауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру және т.б.

Басқарушылыққа төмендегі өкілеттіктерді жатқызуға болады:

Аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, облыстық ( Алматы, Астаналық) маңызы бар жолдарды ұтымды іске пайдалану мен күтіп ұстауды қамтамасыз ету,мемлекеттік стандарттарды сақтауды қамтамасыз ету, азаматтардың кепілдік берілген медициналық қызметке құқығын іске асыруын қаматамасыз ету, облсытық коммуналық шеншікті басқару, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер құру.

Реттеушілік заңдарға сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру жатады:    әкімшілік нормативтік қаулылар қабылдайды.

                Облыстық әкімшілік аудандық әкімшіліктердің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша олардың жұмысын үйлестіреді, халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмысын үйлестіреді.

Облыстық (Алматы, Астаналық) әкімшілік консультативтік жұмысты жүзеге асырады, ол үшін ведомствоаралық сипаттағы мәселелер  бойынша консультативтік-кеңестік органдар түзейді. Облыстық әкім Қазақстан Республикасының Конституцяисына сәйкес облыстардың  (Алматының, Астананың) әкімдерін қызметке Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Президент тағайындайды. Облыстың әкіміне бірнеше түрге бөлуге болатын құзырет берілген:

Өкілдік өкілеттіктер. Облыстың (Алматының, Астананың) әкімі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынастарда облыстың мүдделеріне өкілдік етеді. Әкім өз құзыретін жүзеге асыру барысында Парламент пен сот органдарынан  басқа, Үкіметтен бастап орталық атқарушы органдардан төмен тұрған атқарушы органдарға дейінгі барлық органдармен қарым-қатынастарға кіреді.

                   Бақылау өкілеттіктері. Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері әкімшіліктің аумағында орналасады және қызмет істейді. Олардың қалай жұмыс істейтіні, өздерінің міндеттерін қалай атқаратыны, нормативтік актілер талаптарын орындайтыны облыс әкімшілігі үшін бәрі бір емес. Сондықтан облыс әкіміне орталық атқарушы органдардың басшыларына олардың аумақтық бөлімшілірінің заңдарды, Президент пен Үкіметтің  актілерін, облыс әкімдерінің өздерінің және әкімшіліктерінің актілерін, облыс әкімдерінің өздерінің және әкімшіліктерінің актілерін орындау бөлігінде соңғылардың қызметі туралы ұсыныс енгізу құқығы берілген.

Кадрлық өкілеттіктер. Облыс әкімі төмендегі лауазымды адамдарды: 1) жоғары тұрған уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша облыс (Алматы, Астана) әкімінің орынбасарларын; орынбасаралрдың шекіт санын Үкімет белгілейді;

облыс (Алматы, Астана) әкімі аппаратының басшысын және оның құрылымдық бөлімшілеріның басшыларын; 3) заңдарда белгіленген тәртіпте нысанды киім кию құқығы және әскери немесе өзге арнайы атақ берілетін басшыларды қоспағанда облыс бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. 

          Облыс әкімі қала аудандарының әкімдері арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттеседі. Бұл облыс әкімінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен тікелей байланысы жоқ екенін білдіреді. Бірақ бұл облыс әкімі жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен тікелей байланысы жоқ екенін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Аудандық әкімдіктер

Аудан ( облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдігі Қазақстан Республикасы біртұтас атқарушы органдары жүйеісінің бір бөлігі болып табылады және осы ретінде ол әкімшілік аумағын дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен тіркестікте жалпы мемлекеттік саясат жүргізуді қамтамасыз  етуге тиіс.  Аудан әкімдігін аудан әкімі басқарады.Қала әкімдігі (қала әкімі) орынбасарларын, әкім аппаратының басшысынан, тиісті атқарушы органдардың басшыларынан тиісті әкімдік қалыптастырады. Сондай-ақ әкімдіктің мүшелері облыс бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары да бола алады.

Әкімдіктің дербес құрамы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихат сессиясының шешімімен шешіледі, бұл формалды түрде болмауға тиіс, себебі, осындай тәртіп әкімнің ғана емес, сонымен қатар мәслихаттың да әкімшілік құрамын дұрыс іріктеу үшін жауапкершілігін жоғарылату үшін белгіленген.

                 Аудан әкімдіктер

Жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңда аудан әкімі Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады деп жазылған.

Заң әкімнің төмендегі өкілеттіктер кіретін құзыретін белгілейді:

Өкілдік өкілеттіктер. Әкім мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынастарды  тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мүдделеріне өкілдік етеді.

Бақылау өкілеттіктері. Аудан әкімі орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшіесінің, соның ішінде облыс бюджетінен қаржыландырылатын орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің қызметі туралы, олардың Конституцияны, заңдарды, Президент пен Үкіметтің актілерін орындауы жайлы ұсынулар енгізуге құқылы.

Құқықтық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз ету саласындағы өкілеттіктер. Әкім азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдайды, салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер жинауға жәрдемдеседі, жалпыға бірдей әскери міндеттілік пен әскери қызмет, азаматтық қорғаныс заңдарының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің жергілікті органдары