Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жүйесін дамытудың пайымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 22:40, реферат

Описание

Меритократия, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттік және қоғамға есептілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет жүйесін кәсібилендіру мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің аса маңызды факторы болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Республикасы мемлекеттік қызметі жүйесін дамытудың бағыттары.docx

— 46.27 Кб (Скачать документ)

Қызметшіні «А» басқарушылық корпусы лауазымына тағайындау және лауазымынан босату Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты  жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісілетін  болады.   

 Кәсіби және басқару  дағдыларының жоғары деңгейін  қамтамасыз ету үшін мемлекеттік  қызметшілерді ротациялауды жүргізу  көзделеді.  

 Мемлекеттік қызметшілерді  ротациялау жүйелі негізде мынадай:  деңгейаралық («орталық – өңір, өңір  – орталық»), өңіраралық («өңір –  өңір»), сектораралық («орталық –  орталық») схемалары бойынша жүргізілетін  болады, бұл орталық мемлекеттік  органдарға, сондай-ақ жергілікті  атқарушы органдарға кәсіби кадрлардың  көптеп келе бастауын қамтамасыз  етуге мүмкіндік береді.   

 Мемлекеттік қызметшілерді  ротациялауды жүргізудің шарттары  мен тәртібі мемлекеттік қызмет  істері жөніндегі уәкілетті органның  ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы  Президентінің актісімен айқындалатын  болады.  

 Мемлекеттік қызметті  деңгейаралық және өңіраралық  ротациялауды табысты жүргізу  үшін әлеуметтік қамсыздандыру,  оның ішінде лауазымдық жалақыға  «үстемақылар» (өңірлік коэффициенттер) белгілеу тетігі әзірленетін  болады және өңірлерде ротациялау  тәртібімен тағайындалатын мемлекеттік  қызметшілер үшін тұрғын үй  қорының болуы қамтамасыз етілетін  болады.  

 Жұмыс істеп жатқан  мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді  басқарушылық корпусқа және атқарушылық  корпусқа бөлу лауазымдық критерий  бойынша жүзеге асырылатын болады (мемлекеттік қызметшінің қазіргі  кезде атқаратын лауазымына сәйкес).    

 Мемлекеттік әкімшілік  кызметтің «Б» атқарушылық корпусына  атқарушы лауазымдардағы мемлекеттік  кызметшілер («А» корпусына жатпайтын  лаузымдар) кіретін болады.  

 «Б» корпусындағы мемлекеттік  қызметшілерінің негізгі міндеті  «А» басқарушылық корпусындағы  мемлекеттік қызметшілердің талаптарын  сәйкес мемлекеттік саясатты  іске асыру (атқарушылық қызмет) болады.  

 Мемлекеттік әкімшілік  қызметшілер лауазымдарының санаттар  бойынша қолданыстағы тізілімінің  оң практикасы ескеріле отырып, мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» басқарушылық корпусының және «Б» атқарушылық корпусының лауазымдары үшін санаттар белгіленетін болады.   

 Мемлекеттік әкімшілік  қызмет құрылымында «А» және  «Б» корпустарын қалыптастыру  кезінде қолданыстағы мемлекеттік  әкімшілік қызметшілер лауазымдарының  тізілімін оңтайландыру көзделеді.   

 Үш корпусқа негізделген  мемлекеттік лауазымдар тізілімін  мемлекеттік қызмет істері жөніндегі  уәкілетті органның ұсынуы бойынша  Қазақстан Республикасының Президенті  бекітетін болады. 

 

2.2. Мемлекеттік  қызметке кіру тәртібін жетілдіру  

 

 

    Халықаралық практикада мемлекеттік  қызметке кіру конкурстық негізде  жүзеге асырылады, онда меритократия  қағидаты, яғни жеке сіңірген  еңбектері мен жетістіктерін  мойындау негізгі қағидат болып  табылады.  

 Үміткер құжаттарының  конкурстық топтамасын қарау  және бос лауазымға үміткердің  кәсіби білімі мен тәжірибесін  бағалауға мүмкіндік беретін  тестілеуді, сұхбаттасуды, ауызша мен  жазбаша емтихандарды өткізу, сондай-ақ  оның жеке құзыреттері конкурстық  іріктеудің жалпы схемасы болып  табылады.  

 Мемлекеттік кызметтің  тиімді модельдерінде мемлекеттік  кызметке кіру және конкурстық  іріктеуді жүргізу кадр резервін  қалыптастырумен тығыз байланысты  болатынын атап өту керек.

Жаңа модельде мемлекеттік  қызметке кіру тәртібі екі кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуді енгізу жолымен түбегейлі жетілдірілетін болады. Оның айрықша сипаттамалары  конкурстық рәсімдердің мазмұндық  бөлігін кеңейту және бос лауазымға  кандидаттың міндетті түрде мемлекеттік  әкімшілік қызметтің кадр резервінде тұруы болады.  

 Қазіргі кезде, мемлекеттік  қызмет істері жөніндегі уәкілетті  орган екі кезеңнен тұратын  конкурстық іріктеу жөніндегі  пилоттық жобаны жүргізуде, оның  нәтижелері бойынша тиісті заң  шығару жұмысы жүргізілетін болады.   

 Мемлекеттік қызметтің  жаңа моделінде конкурстық іріктеудің  бірінші кезеңінде уәкілетті  орган және оның аумақтық басқармалары  мемлекеттік әкімшілік қызметтің  кадр резервіне іріктеуді жүргізетін  болады. Басқаша айтқанда, мемлекеттік  қызметке кіру үшін кандидаттардың  бірыңғай дерекқоры қалыптастырылатын  болады.  

 Мемлекеттік әкімшілік  қызметтің кадр резервіне іріктеу  Қазақстан Республикасының Конституциясын  және мемлекеттік қызмет туралы  заңнаманы білу деңгейін, сондай-ақ  мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік   органның салалық ерекшелігіне қарамастан, функционалдық міндеттерін тиімді орындауы үшін маңызды кәсіби және жеке құзыреттері деңгейін айқындайтын тестілеуге негізделетін болады.  

 Мемлекеттік қызметшінің  кәсіби және жеке құзыреттерін  бағалауды жүргізу үшін «мемлекеттік  қызметші құзыреттерінің бейіні»  деген ұғым нормативтік тұрғыдан  бекітілетін болады. Бұл оны мемлекеттік  әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарының құрамдас бөлігі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік  әкімшілік қызметтің әрбір деңгейі  үшін (басқарушылық және атқарушылық) құзыреттердің үлгілік бейінін  бекітетін болады, соның негізінде  құзыреттердің салалық бейіндері  әзірленетін болады.  

 Тестілеудің жаңа бағдарламасы  кадр резервінің деңгейіне қарай  сараланатын болады:

1) мемлекеттік қызметке  алғаш рет кіру үшін, яғни «Б»  атқарушылық корпусының лауазымына  орналасуға кадр резервіне қосу  үшін;

2) «Б» корпусындағы мемлекеттік  қызметшілерді қызметтік саты  бойынша жоғарылату үшін және  «А» басқарушылық корпусының  лауазымдарына орналасуға кадр  резервіне қосу үшін.  

 Конкурстық тестілеуден  табысты өткен кандидатқа кадр  резервіне қосу туралы сертификат  берілетін болады, бұл оған конкурстық  іріктеудің екінші кезеңіне қатысу  құқығын береді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметтің  кадр резервіне қосылған үміткерлер үшін мемлекеттік органда тағылымдамадан өту мүмкіндігі көзделеді.

Конкурстық іріктеудің екінші кезеңінде бос лауазымға тағайындау үшін мемлекеттік орган конкурстық іріктеуді бірінші кезеңдегі  тестілеу нәтижесінде мемлекеттік  әкімшілік қызметтің кадр резервіне  қосылған адамдар қатарынан ғана жүргізеді.  

 Екінші кезеңдегі конкурстық  іріктеу барысында мемлекеттік  органның салалық ерекшелігімен  және қызмет бағыттарымен айқындалатын  конкурстық рәсімдер қолданылады.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік  органның конкурстық іріктеудің екінші кезеңінде пайдалануы үшін үлгілік  конкурстық рәсімдерді айқындайтын  болады: бейіндік (салалық) тестілеу, әңгімелесу (дара, топпен), емтихан, эссе жазу.  

 Әрбір мемлекеттік  орган мемлекеттік қызмет істері  жөніндегі уәкілетті органмен  келісім бойынша оның қызметінің  салалық бағытына, осы лауазымға  орналасу үшін конкурстық іріктеу  жүргізілетін қандай да бір  бос мемлекеттік лауазымның ерекшілігі  мен лауазымдық міндеттеріне  сәйкес конкурстық рәсімнің түрін  дербес айқындайтын болады.

Мемлекеттік органдар үшін бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға  ауысу тәртібімен тағайындау тетігі жетілдірілетін болады.

Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы бос лауазымға кандидаттармен өткізетін әңгімелесудің объективтілігі мен ашықтығы дәрежесін арттыру  үшін әңгімелесу барысын аудио- және бейнебақылау мәселелері нормативтік  тұрғыдан айқындалатын болады, конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру міндеттілігі және қоғамдық-саяси бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ-тың  мемлекеттік органдардағы конкурстық комиссияларының отырыстарына қатысу құқығы нормативтік тұрғыдан бекітілетін  болады.  

 Сондай-ақ, мемлекеттік  органдар конкурстық комиссияларының  төрағасы мен мүшелерінің өткізілген  конкурстық іріктеудің сапасы  мен объективтілігі үшін дербес  жауапкершілігін белгілеу көзделеді.   

 Осылайша, екі кезеңнен  тұратын конкурстық іріктеуді  енгізу мемлекеттік қызметтің  кадр резервін тиімді пайдалануға  және мемлекеттік органдарды  кәсіби құзыретті кадрлармен  қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

 

2.3. Мемлекеттік  қызметшілерді оқыту жүйесін  одан әрі дамыту 

 

 

   Әлемдік практикада кәсіби  дамыту және оқыту мәселелері  мемлекеттік қызметтің адами  капиталын басқару жүйесінде  басымдықты мәселе болып табылады.   

 Қазақстан Республикасының  2020 жылға дейінгі Стратегиялық  даму жоспарының ережелері ескеріле  отырып, біліктілігі жоғары мемлекеттік  қызметшілерді даярлау жөніндегі  базалық білім беру орталығы  ретінде Қазақстан Республикасы  Президентінің жанындағы Мемлекеттік  басқару академиясының мәртебесі  едәуір күшейтілетін болады.  

 Мемлекеттік қызметшілерді  даярлау, қайта даярлау және  олардың біліктілігін арттыру  бағдарламаларының мазмұндық бөлігін  сапалық тұрғыдан жаңғырту, оның  ішінде қазіргі заманғы білім  беру технологияларының және  нәтижеге бағдарланған мемлекеттік  басқару жүйесі қағидаттарының  негізінде оқыту бағдарламаларын  жаңарту маңызды шара болмақ.  

 Мемлекеттік қызметшілерді  даярлау, қайта даярлау және  олардың біліктілігін арттыру  бағдарламалары анағұрлым икемді  болады және мемлекеттік басқару  және мемлекеттік қызмет жүйесі  жұмыс істеуінің озық әлемдік  практикасын ескеретін болады.  

 Мемлекеттік әкімшілік  қызметшілердің басқарушылық және  атқарушылық корпустарға бөлінуі  ескеріле отырып, оларды оқыту  процестерін құруға қойылатын  саралау тәсілдері көзделетін  болады.  

 «А» корпусының лауазымына  тағайындалған мемлекеттік қызметшілер  үшін лауазымдық міндеттерін  тікелей орындауға кірісу алдында  менеджмент, стратегиялық жоспарлау,  тиімді басқару шешімдерін қабылдау  саласында білім алуға бағытталған  қысқа мерзімді оқытудан өту  мүмкіндігі көзделетін болады.  

 «А» басқарушылық корпусының  қызметшілері және оның кадр  резервіне қосылған қызметшілер  үшін кәсіби және жеке құзыреттерін  бағалау негізінде белгілі бір  күнтізбелік кезеңге арналған  кәсіби дамыту мен оқытудың  дара жоспарлары жасалатын болады.   

 Дара жоспар оқытудың  мазмұндық бөлігінде де оқу  орнын таңдау да мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қажеттіктерін ескеретін болады.   

 Ұлттық басқару элитасын  даярлауды қамтамасыз етуге арналған Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі «А» корпусының кызметшілерін кәсіби дамытуда басты рөл атқаратын болады.  

 «Б» корпусының мемлекеттік  қызметшілерін оқыту саяси шешімдерді  тиімді орындау және стратегиялық  бағдарламаларды іске асыру үшін  білім мен дағдылар алуға бағытталған  білім беру бағдарламаларына  негізделетін болады.  

 Мемлекеттік қызметшілерді  өңірлік деңгейде оқыту тиімділігін  арттыру үшін Қазақстан Республикасы  Президентінің жанындағы Мемлекеттік  басқару академиясы қайта даярлау  мен біліктілікті арттырудың  өңірлік орталықтары қызметін  үйлестіріп, білім беру бағдарламаларының  мазмұнды бөлігінің сапасына  мониторинг жүргізетін болады.  

 Қайта даярлау мен  біліктілікті арттырудың өңірлік  орталықтары қызметін үйлестіру  мемлекеттік басқару және мемлекеттік  қызмет саласында сапалы білім  жинақтау мен алмасудың бірыңғай  жүйесін қалыптастыруға және  өңірлік деңгейде сапалы білім  беру қызметтерімен қамтамасыз  етуге бағытталған.  

 Өңірлік деңгейде кадрлардың  кәсіби деңгейін арттыру мақсатында  жергілікті атқарушы органдардың  мемлекеттік қызметшілері үшін  Қазақстан Республикасы Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасында оқуға квота бөлінетін болады.  

 Осылайша, Қазақстан Республикасы  Президентінің жанындағы Мемлекеттік  басқару академиясы мемлекеттік  қызметшілерді оқытудың бірыңғай  оқу, әдістемелік, ғылыми және  кадр орталығы болмақ.  

 Мемлекеттік қызметшілерді  оқыту жүйесінде Қазақстан Республикасы  Президентінің «Болашақ» Халықаралық  стипендиясының және «Назарбаев  Университеттің» әлеуетін тиімді  пайдалануға бағытталған жүйелі  шаралар көзделетін болады.  

Информация о работе Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жүйесін дамытудың пайымы