Қазақстан экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 14:57, практическая работа

Описание

Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырыш және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан экономикасы.docx

— 36.51 Кб (Скачать документ)

Қазақстан экономикасы

           Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырыш және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті. Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.

           Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі  тұтынушылар Швейцария, Италия, 

Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.

           1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1 % болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды. Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60 % Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. 2006 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда ағымдағы бағамен 29 764,8 млн. АҚШ долларын құрады. Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізуде. Мәселен, 2004 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд. доллардан астам оң сальдомен 33 млрд. АҚШ долларына жақындап, 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті.

2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.

          Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты. Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.

Жылы

Жалпы ішкі өнім

АҚШ долларының айырбас бағамы

Инфляция индексі 
(2000=100)

Жан басына шаққандағы ЖІӨ 
(АҚШ деңгейінің % үлесі)

1995

78,014,200

61.11 тенге

64

3.81

2000

102,599,902

142.26 тенге

100

3.53

2005

147,453,000

132.88 тенге

140

9.01


 
Қазақстан бүгінгі таңда ТМД елдерінің  ішінде бірінші болып Moody’s Investors Service, Standard & Poor’s и Fitch Rating’s Ltd сияқты жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің инвестициялық класс рейтингін алды.

2005 жылғы 20 желтоқсанда  Fitch Rating’s рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ» деңгейіне дейін және ұлттық валютадағы ұзық мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ+» деңгейіне дейін жоғарылатты, сондай-ақ шетелдік валютадағы қысқа мерзімді облигациялар бойынша «Ғ3» деңгейін растады. Бұл ретте барлық берілген рейтингтер «тұрақты» екені болжанып отыр. Осы агенттіктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстанда минералдық ресурстардың қомақты қорының болуы оның экономикалық келешегі зор екенін айқындайды.

Қазіргі уақытта Қазақстан  Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.

2006 жылғы мамырдағы жұмыссыздық  деңгейі 7,7 % мөлшерінде қалыптасты (2005 жылғы мамырда – 8,2 %). Мемлекеттің 2005 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне бөлінген шығыстары 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 еседен астам өсті.

 

Әлемдік қаржы дағдарысы

        Баршамызға  мәлім ағымдағы әлемдік қаржы  дағдарысы ешбір мемлекетке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы төтеуге лайықты екенін де байқатып үлгерді. Қазақстанда жаһандық дағдарыстың алғашқы толқыны былтырғы жылы байқалған болатын. 2008 жылғы Қазақстанның экономикасы дағдарыс барысында дамыды, бұл іскерлік және тұтынушылық көздердің белсенділігінің күрт төмендеуіне әкелді, сонымен қатар қаржылық секторға да әсер етіп, экономика салаларының динамикалық өсуінің бәсеңдеуіне негізгі себеп болды. Әлемдік нарықта қолданыстағы өнімдердің бағасының лезде қымбаттауы салдарынан ұлттық экономикамызда инфляциялық қысым күшейді. Осының барлығының әсерінен отандық экономикамызды тұрақтандырып, күшейту үшін Қазақстанға тиімді шаралар қолдану керектігін аңғартады. Төрт-бес жыл бұрын біреу бізден экономикалық дағдарыс жайлы қандай да бір мәлімет сұраса, біз ойланып, бәлкім ештеңе айта алмас та едік. Ал қазіргі таңда көшеде кетіп бара жатқан кез-келген адамды тоқтатып, сұрайтын болсаңыз, бұл мәселе жайлы еш кідірместен айтып бере алады. «Адамды илейтін де, билейтін де қоғам»,-деп Энгельстің айтқанындай, қоғамдағы қалыптасқан жағдай халық санасын жаулап, соған дағдыландырды. Қазіргі қоғамда орын алған қаржылық дағдарыстың ерекшелігі – оның әлемдік жетекші қаржы жүйесінде туындауы және сол қаржы жүйесінің аталған дағдарыспен күресуге қабілетсіз болуы. АҚШ федералдық резервтік жүйесінің бұрынғы басшысы Алан Гринспеннің айтуынша, қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс – бұл “жүз жылда бір рет” орын алатын оқиға.

       «Дағдарыс, дағдарыс» деп айтамыз, ал жалпы, экономикалық дағдарыс деген не, оның негізгі белгілері қандай? Соған жауап іздейтін болсақ, әлемдік өлшем бойынша, егер 20% халықтың табыс мөлшері күнкөріс минимумынан аз, ал орташа зейнетақы азық-түлікке әлемдік баға болған жағдайда 150 американдық доллардан кем болса, бұл дегенің ауқымды экономикалық дағдарыс белгісі болып табылады. Дамыған елдерде акция курсы төмен, төлем балансының тапшылығы сынды белгілер байқалса, экономикалық дағдарысқа тап болды деген сөз.

 

Әлемдік қаржы дағдарысы  кезіндегі Қазақстан экономикасының 
ағымдағы жағдайы.

Қазақстанның экономикалық дамуына қатысты болжам айтқан Халықаралық  валюта қоры Орталық Азиядағы ең ірі  экономика болып есептелетін  Қазақстанның болашағы тартымды дегенді  мәлімдеді. Олардың бағалауынша, әлемдік қаржы рыноктарындағы жағдай Қазақстан экономикасына да әсер етіп отыр және мұнай мен шикізат бағасының төмендеп кетуінен елдегі ІЖӨ көрсеткіші бәсеңдеуі мүмкіндігін атап көрсетеді. Мемлекет құрған тұрақтандыру қорлары банк¬тердің капитал-дануын күшей¬тіп, оларға қолдау көрсетеді. “Тұтастай алғанда, біз алдағы жыл Қа¬зақстанға оңай соқпайтынын түсі¬ніп отырмыз, бірақ орта мерзімдік көрсеткіште жағдай айтарлықтай өзгермейді” деп мәлімдеді ХВҚ-ның Қазақстандағы миссиясының басшысы Тим Таллен “Рейтер” агенттігіне берген сұхбатында. Мұнай мен металл бағасының арзандап кетуінен шикізаттық компаниялардың акциялары да құнсызданып жатыр. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, 10 қазанда несие рыногындағы дағдарыстың және экономикалық тоқыраудың әсерінен еліміздегі қор индекстерінің барлығы құлдырады. Атап айтсақ, Темірбанктің (22,4 пайызға), Центркредитбанктің (20,2 пайызға), Қазкоммерцбанктің (17,4 пайызға), Kazakhmys Pls (15 пайызға), “Қазмұнайгаз” өндіру барлау” АҚ-тың (13 пайызға), БТА банктің (8,8 пайызға), Халық банкінің (4,6 пайызға), сондай-ақ “Қазақтелеком” АҚ-тың жай акцияларының бағасы төмендеді. 
Президенттің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында әлемдік қаржы дағдарысы туралы шындықты, “қазіргі қиындықтар – бұл біздің үлесімізге тиген алғашқы сынақ” деп барша қазақстандықтың алдына үлкен міндет жүктеліп отырғандығын айтты.

 

Қазақстан Республикасының ұлттық өндірістерінің даму проблемалары.

Қазіргі әлемдік қаржы  дағдарысы ең алдымен өндіріс  ошақтары өркендеген өңірлерге ауыр соғып тұрғанын ағымдағы жағдайдан  байқаймыз. Еліміздің түрлі өнеркәсіп салаларының өнімдеріне әлімдік нарықта сұраныстың күрт төмендеуі салдарынан темір мен мыс өндіретін “Арселор Миттал Теміртау” және “Қазақмыс” компаниялары жұмыс уақытын, жұмысшыларды қысқарту, өнім көлемін азайту сияқты амалсыз шараларды қолдануда. Қысқаша сараптама жасап кететін болсақ, 2009 жылдың қаңтар айында өнеркәсіп өнімі көлемі 26,7 пайызға төмендесе, құрылыс жұмыстары 36,7 пайызға қысқарды. Бұған дейін Теміртаудағы металлургиялық комбинатта прокаттың айына 301 мың тоннасына тапсырыс жасалып келсе, қазір 246 мың тоннаға дейін азайған. Екінші бір алып – “Қазақ-мыс” корпорациясы да қиын жағдайды бастан кешіруде. Мыстың бір тоннасына бағаның 5 мың долларға дейін құлдырауы, үлкен қиындықтарды туғызуда. Осындай себептерге байланысты болжам бойынша алдағы уақыттарда 15 мың жұмыс орнының қысқару қаупі бар. Қазақстандық өндірісорындарының тауарына сыртқы және ішкі нарықтағы сұраныстың төмендеуі өнеркәсіптердің тауарды өндіру көлемін 2,6 пайызға азайуына әкелді. Әлемдік баға барлық шикізат бағасына әсер етті деп те айтуға болмайды. Мысалы, орташа темір рудасының бағасы 2008 жылдың қарашасында 140,6 долл. болды, ал 2006 жылы 77,4 долл./т бағаланған болатын. Уран концентраттың әлемдік баға ортасын табуға көмектесті, 2007 жылы — 99,2 долл. болса, ал 2008 жылдың қарашасында 50,5 долл. керісінше 2006 — 47,9 долл. бағаланған болатын. Арматуралы сталь, катанкінің әлемдік бағаға сәйкес рекодты көрсеткішкпен төмендеді, дегенмен, 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда жоғары. Түсті метталлдар көп шығындалды. Алғашында алюминий бағасы 2008 жылдың желтоқсанында 1 525 долл./т құраса, керісінше 2 570 долл. болып 2006 жылы бағаланған, ал медь сәйкесінше 3 232 және 6 722 долл./т, цинк — 1 082 және 3 275 долл./т. 
Тас көмірдің бағасы 2008 жылдың қарашасында қыркүйекпен салыстырғанда 60 % төмендеді. Бірақ 2006 жылдың бағасымен салыстырғанда өте жөғары болатын, 92,25 долл./т және 49,09 долл. сәйкесінше. Табиғи газдың бағасы жоғарғы деңгейде сақталды — 576,7 долл./мың. куб.м. 
Минералды тыңатқыштар бағасы өз деңгейін ұстап тұр. Фосфаттың бағасы 20 % төмендеді, бірақ бұған дейін он есе жоғары болғанын білеміз. 2008 жылдың қарашасында фосфаттың шартты бағасы 350 дол./т ал 44,2 долл./т болып 2006 жылы сатылды, суперфосфат — 915 долл./т және 201,6 долл./т бағаланған сәйкесінше. Републикамыздың өндіріс саласында негізгі потенциалы құрылған, бұл ішкі нарыққа арнап металлөнімдерінің көлемін арттыру. Яғни мұнай және газ трубалары, арматуралар. Металлөнімдерін дамыту арқылы, экспорт деңгейін жоғарлатуға және бәсекелестік қаблетін арттыруға мүмкіндіктерді жоғарлатамыз.

Экономикалық дағдарыс – дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді дәйекті түрде қамтитын ұдайы өндірістік цикл кезеңдерінің бірі. Нарықтық жағдаяттың күрт құлдырауымен, ұлттық экономиканың тұрақсыздануымен, қоғамдық ұдайы өндірістегі үйлесімсіздіктің күшеюімен сипатталады. Экономикалық дағдарыс тауар капиталын артық өндіруден (сатылмаған өнімдердің өсуі), өндірістік капиталдың артық қорлануынан (өндірістік қуаттардың толық қуатпен жұмыс істемеуінің көбеюі, жұмыссыздықтың өсуі), ақша капиталының артық қорлануынан (өндіріске жұмсалмаған ақша санының көбеюі) көрініс табады. Өндіріс шығындарының өсуі, баға мен пайданың, жалақының төмендеуі, халықтың қалың жіктерінің тұрмыс деңгейінің құлдырауы экономикалық дағдарыстың жалпы нәтижесі болып табылады. Дағдарыс – нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу тетігінің аса маңызды нышаны. Ол шет-шегін тауып қана қоймай, сонымен бірге ынталандыру міндетін де орындай отырып, экономиканы дамытуға серпін береді. Циклдік дағдарыс халық ш-ның барлық аясын қамтиды. Тұрақты сипаты жоқ дағдарысқа аралық, ішінара, салалық, құрылымдық дағдарыстар жатады.     

Дағдарыстан шығудың автоматтық механизмінің "істемей  қалуы" көп жағдайда капиталистік шаруашылықтың кұрылымының өзгерістерімен байланысты болды. Капитал мен өндірістің аса ірі бірлестіктерде шо-ғырлануы ірі бірлестіктерге олардың өндіріске монополияларына байланысты бағаны төмендетпей, бір мезгілде өндірісті кыскартуға мүмкіндік берді. Дағдарыстың аса ұзаққа созылуы (кей елдерде бес жыл бойына) дағдарыстан автоматты түрде шығудың дәстүрлі рыноктік механизмінің бұл жағдайда істемейтіндігін, сол себепті мемлекеттік реттеу механизмімен толыктырылуы тиіс екендігін көрсетті. Халықаралық тауар алмасу процестеріне кедергі келтірген колдаушылық саясаты да дағдарыстан шығуды киындатты.

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі қаржы дағдарыстың  салдарынан үлкен сабақ алуға болады. Себебі Ұлы тоқырау жылдарында өндірістің құлдырауы 40 % жағдайда болған, қазір 0,4 % көрсетуде, 100 есе айырмашылықты байқаймыз. Сондықтан да, Қазақстанның бұл қаржы дағда¬рысынан жаңарған, сенімді және бәсекеге қабілетті мемлекет ретін¬де шығуына мүмкіндіктер зор. Отандық экономистердің сараптамалары бойынша 2009 жылдың соңына таман экономикада міндетті түрде даму бағыттары басталады. Сол кезде еліміздің инфрақұрылымында орын алып отырған жетімсіздіктер экономиканың өсуіне кедергі болмайды. Дағдарыс кезінде экономика¬ның нақты салаларына көрсетілген қаржылық көмектің экономи-камызды дамытуға және әртараптандыруға тигізетін көмегі көп.

Қорыта келгенде, ең бастысы, дағдарыс салдарынан әлемдік өндіріс  пен тұтыну көлемі мүлде тоқтап қалған жоқ. Тек олардың өсімінде біршама төмендеу болды. Болашақта әлемдік экономиканың сауығуына байланысты ши¬кізатқа және басқа да тұтыну заттарына деген сұраныс артады. Ендеше қазіргі жағдайды аса ушықтырып, үрей туғыза берудің қажеті жоқ. 
Менің ойымша, нақты тетіктерін жасап алмай, экономикаға орынсыз қаржы құю да қауіпті. Оның тиімділігі болмауы әбден мүмкін. Қаржы дағдарысының ең бастапқы сатысы ипотекалық қиындықтар елімізде енді сезіле бастаған кезде Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен Үкімет экономиканың ең осал салаларына орасан зор мемлекеттік қолдау көрсетті. Біріншіден, банктерге мемлекеттік ресурстарға кіруге рұқсат беріліп, олардың шетелдік қарыздарды өсірмеуіне жағдай жасады.

Информация о работе Қазақстан экономикасы