Акционерлік қоғамдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 22:06, курсовая работа

Описание

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы Жолдауында айтарлықтай қысқа уақыт аралығында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөніндегі аса маңызды міндетті алға қойды. Мұндай ғаламат жоспар біздің республиканың ғана емес, әлемдік даму тарихында некен-саяқ. Бұл міндетті шешу ең алдымен экономикалық даму саласындағы басымдықтарды іске асыруға негізделген. Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы әлемдік экономикаға кіріге бастауына негіз бар.

Содержание

КІРІСПЕ ---------------------------------------------------------------------------------------3


1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1.1. Акционерлік қоғамның мәні, атқаратын қызметі ------------------------------- 6
1.2. Акционерлік қоғамның пайдасы және экономикалық стратегиясы--------- 8
1.3 Акционерлік қоғамның Қазақстан экономикасындағы ролі----------------- 10

2. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ ---- 15

2.1 ҚР акционерлік қоғамдардың 2008-2009 жж. тиімділік көрсеткіштерін талдау----------------------------------------------------------------------------------------- 15
2.2"Маңғыстаугеология" АҚ-ның экономикалық көрсеткіштерін талдау----- 16
2.3"Маңғыстаугеология" АҚ-ның экономикалық тиімділігін талдау ---------- 19

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ--------------------------- 26

3.1 ҚР акционерлік қоғамдарды басқаруды жетілдіру жолдары---------------- 26
3.3 ҚР акционерлік қоғамдары: негізгі мәселелері және шешу жолдары------ 32

Қорытынды -------------------------------------------------------------------------------- 35

Қолданылған әдебиеттер----------------------------------------------------------------- 38

Работа состоит из  1 файл

АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ .doc

— 303.00 Кб (Скачать документ)

        Қазақстан “Самұрық” мемлекеттік активтерді бас­қару жөніндегі холдингі” және “Қазына” тұрақты даму қоры” акционерлік қоғамдарын құру және олардың қызметінің тиімділігі үшін құқықтық базаны бекітуге, сонымен қатар қазақстандық ұлттық компаниялар мен мемлекеттік даму институттары қызметін жүйелі әрі үйлестіруге жәрдемдесетін шаралар әзірлеу мақсатында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық акті­леріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықты­рулар енгізу туралы” заң жобасы әзірленген болатын.

        Әзірлік жұмыстары барысында Еуропадағы, Азиядағы, Солтүстік Америкадағы, Австралия және Океания елдеріндегі алдыңғы қатардағы мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі 13 мемлекеттік холдинг пен агенттіктің халықаралық тәжірибелері зерделенді. Біздің елімізде табысты қолдануға үлгі болатын Сингапурдың Тамасек холдинг компаниясының тәжірибесі егжей-тегжейлі зерттелді. Тамасек холдинг компаниясын құру барысында Сингапур үкіметінің алдында стратегиялық маңызды салалардағы компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру және басқару мәселелері өткір тұрған болатын. Қазір Тамасек – Азиядағы жиырма жылдық бай тарихы бар, 60 миллиард долларға бағаланатын теле­коммуникация, қаржы секторы, жылжымайтын мүлік, көлік және логистика, энергетика, инфрақұрылым, сонымен қатар фармацевтика салаларында қызмет ететін 20-дан астам компаниялар акцияларының  диверсифи­кацияланған портфелімен тиімді басқарып келе жатқан ірі инвестициялық компаниялардың бірі. Оның үстіне Тамасек өзі дүниеге келгеннен бері қарай портфелін 210 миллионнан 60 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайтты. Холдинг құрылғаннан бері акционерлердің бірлескен кірісі жылына 18 пайызға көбейді. Холдинг халықаралық Standard and Poor’s және Moodu’s  секілді  рейтингілік агенттіктердің жоғары корпоративтік несиелік рейтингілеріне ие болды.

        Осындай негізгі тұжырымдамалық қадамдар аясында “Қазақстан “Самұрық” мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі холдингі” және “Қазына” тұрақты даму қоры” акционерлік қоғамдары құрылды. “Самұрық” холдингі” акционерлік қоғамын құрудағы негізгі мақсат ұлттық компаниялардың құндылықтарын арттыру, ал “Қазына” акционерлік қоғамының мақсаты Қазақстан Респуб­ликасы экономикасының барлық секторларында инвестициялық және инновациялық белсенділікті жоғарылату және оған серпін беру болып белгіленді. Оған қоса ұлттық холдинг пен ұлттық басқару компаниясы қызметінің негізгі қағидалары болып:

- компания қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық белсенділігін арттыру;

- компанияларды корпоративтік басқарудың дүние жүзіндегі ең жақсы тәжірибені енгізу;

- компанияны дамыту жөніндегі мақсатқа қол жеткізуде Үкіметке жәрдемдесу болып белгіленді.

        Осы қағидалар ұлттық компаниялар мен даму институттарын дамытуға “Самұрық” холдингі” және “Қазына” тұрақты даму қоры” акционерлік қоғам­дарының акционерлер мен директорлар кеңесінде өкілдік қызметтері арқылы белсенді қатысу жолымен жүзеге асырылады. “Самұрық” холдингі” акционерлік қоғамына “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы, “Қазпошта”, “Кегок”, “Қазақтелеком”, “ҚазМұнайгаз” ұлттық компаниясы акционерлік қоғамдарының мемлекеттік акция пакеттері, ал “Қазына” акционерлік қоғамына “Қазақстан инвестициялық қоры”, “Қазақстан даму банкі”, “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры”, “Ұлттық инновациялық қор”, “Экспорттық несие мен инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы”, “Маркетингтік-талдау зерттеулері орталығы” акционерлік қоғамдары мен “Қазинвест” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік акция пакеттері берілді.

        Осы заңмен “Акционерлік қоғамдар туралы”, “Мұнай туралы”, “Жер қойнауы және жер қойнауларын пайдалану туралы”, “Пошта туралы”, “Теміржол көлігі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы”, “Қазақстан Инвестициялық қоры туралы”, “Қазақстан Даму банкі туралы”, “Инновация­лық қызметті мемлекеттік қолдау туралы”, “Жеке кәсіпкерлік туралы” заңдарға түзетулер енгізілді.

        Заң ережелері салалық заңнамалық актілердегі ұлттық компаниялар ұғымын нақтылайды, осы ком­паниялардың “ұлттық” мәртебесін сақтау мақсатында және “ұлттық холдинг”, “ұлттық басқару компаниясы”, “ұлттық даму институттары” секілді ұғымдарды заңдық негізде енгізуді қарастырады. Мемлекеттік корпоративтік басқарудың ұлттық холдинг және ұлттық басқару компаниясы секілді осындай институттарды енгізу корпоративтік басқару мен компаниялар арасындағы үйлестіру деңгейін едәуір дәрежеде жақсартуға мүмкіндік береді, ірі әрі көкейкесті жобаларды жүзеге асыруға және Қазақстанның қор рыногын дамытуға серпін береді.             

ҚОРЫТЫНДЫ

Елбасының ұсынған Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті  50 елдің қатарына кіру стратегиясын  жүзеге асыруда Қазақстан экономикасын  жаңарту және оған серпінді сипат беруде елімізде нарықтық   қайта  құрулардың, нарықтық қатынастардың дамуынада акционерлік қоғамдардың алар орны ерекше зор. Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев «Бізге бүкіл әлем бойынша  перспективалы компаниялардың акциялар пакетін сатып алуға ресурстарды  шоғырландыруға және  сол арқылы  түрлі салалық тауашарларда орнығуға мүмкіндік беретін жағдайлар әзірлеу керек»- деп Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті  50 елдің қатарына кіру стратегиясында ерекше тоқталған еді.

Міне, осы сөздің ақиқат екендігін өзім туып өскен Шығыс Қазақстан облысының  түсті металлургия саласының дамуынан байқауға болады. Түсті металлургия- Шығыс Қазақстан экономикасының негізгі саласы. Ол  қай кезде де болса бүкіл облысымыздың экономикасын нәрлендіруші негізгі сала болған.

Елімізде нарықтық қатынастар басталып, бұрынғы экономикалық байланыстар үзіліп қайшылықтар туған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметі Шығыс Қазақстан мырыш өндірісін түбегейлі қайта құру жөнінде мейілінше батыл шешім қабылдады. Соның нәтижесінде 1997 жылы қаңтар айында бірнеше ірі кәсіпорындардың басын қосқан “Казцинк” ашық акционерлік қоғам (ААҚ) құрылды. Оның құрамына Ленинагор полиметалл, Зырян кен – байыту, Өскемен қорғасын – мырыш комбинаттары, Бұқтырма энергетика кешені, Текелі кен – байыту комбинаты мен энергетика кешені кірді. 1997 жылы қазан айында кәсіпорынға инвестор келді. “Казцинк” акцияларының бақылау пакетін түсті металлдар өндіру  мен сату жөніндегі әлемдік көшбасшы компаниялардың  бірі “Глекор-Интернейшлдің” қаржысына сүйенген Швейцарияның “Казастурцинк” фирмасы сатып алды. “Казцинк” ААҚ басшылығы кәсіпорынды қалыптастыру мен  дамытудың стратегиясын бірнеше кезенге бөліп қарастырды. Ең бірінші Зырян кен- байыту кешеніндегі Малеевка кенішінің құрылысы қолға алынды. 2000 жылдың 28 маусымында кеніштің ашылу салтанаты болып өтті. Малеевка кеніші әлемдік стандарт деңгейінде жарақтандырылды. Малеевка кенін игерумен қатар байыту фабрикасының қуатын арттыру және өндіріс талаптарына сәйкес қайта жарақтандыру жүргізілді. Соның нәтижесінде Зырян кен-байыту кешені жылына 2 миллион 250 мың тонна кен өндіретін қуатқа жеткізіліп 175 миллион 700 мың теңгенің тауарлы өнімдерін берді. Салыстыру үшін айтатын болсақ бұл көрсеткіш 1997 жылы 1,5 миллион тоннаны құраған.

Екінші кезеңде акционерлік қоғам құрамындағы Өскемен мырыш зауытында 2001 жылы электролитті орталықтандырылған ауамен салқындату кешеніндегі мырыш электролизі үшінші сериясы пайдалануға берілді. Бұл жаңалық ТМД-дағы мырыш зауыттарының тәжірибесінде бірінші рет қолданылғанын ерекше айту керек. Ал Ленинагор мырыш зауытының металлургтері “Казцинк” ААҚ құрамына қосылғаннан кейін бес жылда өндіріс көлемін қайта қалпына келтіре отырып, кәсіпорынның жобалық қуатын 5,1 пайызға арттырды.

“Казцинк” ААҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Бұқтырма гидроэнергетикалық кешені де электр қуатын өндіру мүмкіндігін арттырды. “Казцинк” ААҚ қалыпты жұмыс істеуі өңірдің әлеуметтік-инфрақұрылымының дамуына да орасан зор ықпал етті .22 мыңдай адам жұмысқа тартылды. Қорыта айтсақ “Казцинк”ААҚ құрылуы өзін толық ақтап шықты. Бүгінгі таңда 320 мың тонна шикізат өңдейді және  60-70 мың тонна тауарлы мыс өндіреді. Шығыс өңіріндегі осындай алыптардың бірі “Ульба металлургия зауыты” акционерлік қоғамы туралы да мақтанышпен айтуға болады.

Бұндай мысалдарды барлық облыстар бойынша көптеп келтіру-ге болады. Еліміздің даму институттарын коорпаративтік басқару жү-иесін жетілдіру мен инвестициялық және инновациялық белсенділік-ті Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторында ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығымен құрылған құрамына “Қазақстанның инвестициялық қоры” АҚ, “Казақстанның Даму Банкі” АҚ, “Ұлттық инновациялық қор” АҚ, “Шағын кәсіпкерлікті дамыту “ АҚ, “Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы”АҚ, “Экспорттық операцияларды сақтандыру жөніндегі коорпарация “АҚ,”Казинвест” жауапкерлігі шектеулі серіктестікті біріктірген “Қазына орнықты даму қоры”акционерлік қоғамы (АҚ) сондай-ақ “Қазмұнайгаз”,”Кегок”,”Қазақстан темір жолы”, “Қазақтелеком”, “Казпошта” акционерлік қоғамдары еліміздің келешегі деп білемін.

Курс жұмысын жазу барысында «Маңғыстаугеология» АҚ – ның мәліметтері қолданылған. Каспий теңізі ойпатында орналасқан «Маңғыстаугеология» АҚ – мы Қазақстандағы мұнай және мұнай өнімдерін игеру, пайдалану және мұнай өнімдерін бұрғылауға арналған құрал – жабдықтардың тетіктерін жөндеумен айналысады. Оның мұнай және газ игеретін кен орындары Приозерный, Қарақия ойпатында, Жетібай, Өзен қаласында орналасып, жақсы нәтиже беруде. Яғни, 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы таза табыс 178,7 пайызға өсті.

              Сонымен, Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдардың дамуында келесідей негізгі мәселелерді көрсетуге болады:

      қарапайым халықтың көбінің акционерлік қатынастар мәселелерін түсінбеуі;

      көптеген қоғамдарда акция «акция» болып табылмайды;

      акционерлік қоғамдардың үлесінің көптігі;

      Заңдық базадағы қайшылықтар

Осындай бірқатар мәселелерді шешу жолдары:

      Заңдық базаны ретке келтіру;

      Акционерлік істі білетін мамандарды дайындау

      Акцияның әлеуметтік қағидасын максималды түрде сақтай отырып, тарату керек.

Акционерлік қоғамды құрғаннан кейін салымшыларға қоғамның жағдайы туралы ақпарат беріп, акционерлік капиталдың жұмсалуын қатаң бақылау.

Міне, осындай мәселелерді шешудің бірден – бір жолы ретінде парламент акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталының минималды мөлшерін ұлғайту арқылы акционерлік қоғамдар қызметінің олардың инвесторлар үшін тартымдылығын көтеруді ұсынды. Менің ойымша, АҚ – ды басқаруды ұйымдастыру құрылымын әлі де болса жетілдіре түсінуіміз керек. Мысалы, талдау және болжам жасау бөліміне қарайтын маркетинг бөлімшесін коммерция бөліміне біріктіріп, керісінше коммерция бөліміне қарасты қоймалар бөлімшелерін қызмет көрсету бөліміне ауыстыру қажет, сонымен қатар осы жерде талдау және болжам жасау бөлімінің орнына тек қана қызмет көрсету бөлімі деп қалдыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.      Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Жатқанбаев Е.Б., ж.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. -Алматы: ҚазМҰУ, 1998.

2.      Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы»,Алматы  – 2002.

3.      Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы»

4.      Бердалиев К.Б//Қазақстан экономикасын басқару негіздер.Алматы – 2001.

5.      Жатқанбаев Е.Б. «Аралас экономика негіздері», Алматы – 2000.

6.      Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О «Экономиканы мемлекеттік реттеудің

өзекті мәселелері»,   Алматы – 2002.

7.      Ілиясов Қ. «Қаржы»,  Алматы - 2003

8.      Көшенова Б. «Бағалы қағаздар нарығы», Алматы – 1999 ж.

9.      Көшенова Б. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»,Алматы - 2000

10. Қазақстан Республикасының Заңы // Акционерлік қоғамдар туралы/

Алматы - 2004 ж.

11. Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2004 ж.

12. Мұханалиева И.С. Бағалы қағаздар рыногы және оларды                  мемлекеттік реттеу, Хабаршы - № 6, 3-2004 ж.

13. Сәбден О. XXI ғасырға қандай экономикамен кіреміз. –

Алматы: Қазақстан, 1997.

14. Сахариев С.С. «Жаңа кезең – экономикалық теориясы». Алматы -2004

15. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер», Алматы – 2001 ж.

16. Шеденов Ө.Қ., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория»,

3

 



 

3

 



Информация о работе Акционерлік қоғамдар