Акционерлік қоғамдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 22:06, курсовая работа

Описание

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы Жолдауында айтарлықтай қысқа уақыт аралығында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөніндегі аса маңызды міндетті алға қойды. Мұндай ғаламат жоспар біздің республиканың ғана емес, әлемдік даму тарихында некен-саяқ. Бұл міндетті шешу ең алдымен экономикалық даму саласындағы басымдықтарды іске асыруға негізделген. Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы әлемдік экономикаға кіріге бастауына негіз бар.

Содержание

КІРІСПЕ ---------------------------------------------------------------------------------------3


1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1.1. Акционерлік қоғамның мәні, атқаратын қызметі ------------------------------- 6
1.2. Акционерлік қоғамның пайдасы және экономикалық стратегиясы--------- 8
1.3 Акционерлік қоғамның Қазақстан экономикасындағы ролі----------------- 10

2. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ ---- 15

2.1 ҚР акционерлік қоғамдардың 2008-2009 жж. тиімділік көрсеткіштерін талдау----------------------------------------------------------------------------------------- 15
2.2"Маңғыстаугеология" АҚ-ның экономикалық көрсеткіштерін талдау----- 16
2.3"Маңғыстаугеология" АҚ-ның экономикалық тиімділігін талдау ---------- 19

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ--------------------------- 26

3.1 ҚР акционерлік қоғамдарды басқаруды жетілдіру жолдары---------------- 26
3.3 ҚР акционерлік қоғамдары: негізгі мәселелері және шешу жолдары------ 32

Қорытынды -------------------------------------------------------------------------------- 35

Қолданылған әдебиеттер----------------------------------------------------------------- 38

Работа состоит из  1 файл

АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ .doc

— 303.00 Кб (Скачать документ)


 

 

КІРІСПЕ ---------------------------------------------------------------------------------------3

 

 

1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ 

 

1.1. Акционерлік қоғамның мәні, атқаратын қызметі ------------------------------- 6

1.2. Акционерлік қоғамның пайдасы және экономикалық стратегиясы--------- 8

1.3  Акционерлік қоғамның Қазақстан экономикасындағы ролі----------------- 10

 

2.  АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ ---- 15

 

2.1 ҚР акционерлік қоғамдардың 2008-2009 жж. тиімділік көрсеткіштерін талдау----------------------------------------------------------------------------------------- 15

2.2"Маңғыстаугеология" АҚ-ның экономикалық көрсеткіштерін талдау----- 16

2.3"Маңғыстаугеология" АҚ-ның экономикалық тиімділігін талдау ---------- 19

 

3.ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ--------------------------- 26

 

3.1  ҚР акционерлік қоғамдарды басқаруды жетілдіру жолдары---------------- 26

3.3 ҚР акционерлік қоғамдары: негізгі мәселелері және шешу жолдары------ 32

 

Қорытынды  -------------------------------------------------------------------------------- 35

 

Қолданылған әдебиеттер----------------------------------------------------------------- 38

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

        Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы Жолдауында  айтарлықтай қысқа уақыт аралығында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті  50 елдің қатарына кіру жөніндегі  аса маңызды міндетті  алға қойды. Мұндай ғаламат жоспар біздің республиканың ғана емес, әлемдік даму тарихында некен-саяқ. Бұл міндетті шешу ең алдымен  экономикалық даму  саласындағы  басымдықтарды іске асыруға негізделген. Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы әлемдік экономикаға кіріге бастауына негіз бар. Оның негізгі көрсеткіштерінің бірі еліміздегі акционерлік қоғамдардың жағдайы мен даму деңгейі. Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” Заң қабылданғаннан кейін бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындардың негізінде акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Акционерлік қоғам – капиталды  орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында  ғана бөлінетін болса, онда  жабық акционерлік қоғам болып саналады.

        Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын, ең кең таралған ұйымдастырушылық – құқықтық нысан болып акционерлік қоғамдар болып табылады. Акционерлік қоғамдардың ролі мен маңызы 2003 жылы 13 мамырда «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР арнайы Заңы қабылданғаннан кейін күшейді.

        Жекешелендірудің мемлекеттік саясаты акционерлік қоғамдарды мүліктік айналымның орталығына қойды, кәсіпкерлік қызметтің акционерлік нысаны шаруашылық жүргізудің ең кең тараған нысанына айналып, Қазақстан Республикасының экономикалық қайта құрулар механизміне терең енді және оның дамуына біршама әсер етуде.

        Мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындарды жекешелендіру салдарынан кәсіпкерліктің акционерлік нысанының кең таралуы – бизнестің әр түрлі сфераларында қайта құрылып жатқан акционерлік қоғамдар санының динамикалық түрде өсуі және олардың ел экономикасына әсері акционерлік қоғамдардың экономико – құқықтық мәнін, оларды құқықтық қамтамасыз етудің және дамудың негізгі тенденцияларын терең зерттеуді талап етеді. Осының бәрі курстық жұмыстың тақырыбын таңдауды анықтады.

              Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік қоғамдардың маңызы мен тиімділігін ашып көрсету.

              Аталған жұмысқа сай, оның негізгі міндеттері болып мыналар табылады:

      нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік қоғамдардың теориялық негіздерін ашып көрсету;

      «Маңғыстаугеология» АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;

      АҚ – дың экономикалық мәнін, оның Қазақстан Республикасындағы ролін қарастыру;

      АҚ – дың тиімділігін арттырудың шетелдік тәжірибесіне талдау жасау;

Курстық жұмыстың құрылымы. Жалпы курстық жұмыс үш бөлімнен,қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында – Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдардың құрылу ерекшеліктері, қызмет етуі және олардың ролі, екінші тарауда – «Маңғыстаугеология» АҚ-ның жалпы экономикалық сипаттамасы, оның технико – экономикалық көрсеткіштері, ал үшінші тарауда-жалпы АҚ-ң экономикалық тиімділігін арттырудың шетелдік тәжірибелері қарастырылып, талқыланды.

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Акционерлік қоғамның экономикалық мәні

1.1. Акционерлік қоғамның мәні, атқаратын қызметі

 

        Акционерлік қоғам - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға болып табылады және дербес балансы, банктік шоттары болады, ол өз атынан мүліктік және жеке  мүліктік емес құқықтарды  сатып алады және жүзеге асырады, міндеттер атқарады, сотта талап қояды және жауап береді. Қоғамның өз атауы және өзге де  деректемелері жазылған мөрі және бланкілері болады. Қоғам өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы №142-ші  "Акционерлік қоғамның үлгі жарғысын бекіту туралы” қаулысымен бекітілген үлгі жарғы негізінде жасалған өз жарғыларын басшылыққа алады. Қоғамның Жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі  құқықтық мәртебесін айқындайтын құжат болып табылады. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына  қатысуға құқылы.

Акционерлік қоғам - кәсіпорын, ұйым мен мемлекеттік орындардың еркін біріккен түрі. Ол акциясын айналымға шығару арқылы өзінің босаған қаржы ресурстары мен еңбекшілердің сақтық корып орталықтандыруға жұмылдырады. Акционерлік қоғам өз жарғысы негізінде жұмыс жасап, кез келген шаруашылық саласында құрыла алады. Сондай-ақ, қаржы мен өндірістік-шаруашылық қызметпен айналысатын күрделі ұйымдардың да негізі бола алады. Бұған жетекшілік жасау басқарма, директордың бақылау кеңесі және басқада ұжым түрлері арқылы жүргізіледі. Басқарудың ең жоғарғы түрі - акционерлердің жиналысы болып табылады, жиналыста алатын өз дауысы бар. Акцияны ұстаушы өз өктемдігін жүргізу үшін, акцияның көп мөлшеріне ие болуы қажет. Егер ұстаушы акцияның 50% - дан астамын иеленсе, онда ол акция бақылау пакетіне ие болайы. Акционерлік қоғамы басқаруға және толық бақылауға 20% мөлшердегі акция да жетеді.                 Акционерлік қоғамға, ұжымдық кәсіпкерліктің құқықтық нысаны ретінде, заңды тұлғаның  барлық негізгі белгілеріне тән, атап айтқанда:

1.Акционерлік қоғам – акционерлік  заңнамасымен, жарғысымен, жергілікті нормативті актілерімен бекітілген ұйымдастырушылық бірлік, оған ең аз дегенде үш элемент кіреді:

              Біріншісі: жеке субъектілер жалпы біртұтасқа бірігетін әлеуметтік мәнді өзара байланыстар жүйесінің бар болуы;

              Екіншісі: құрылу мен қызмет етудің белгілі бір мақсатының болуы. Акционерлік қоғам, кез – келген әлеуметтік ұйым сияқты мақсатты жалпылық – бұл осындай мақсат үшін адамдардың бірігуі, ол әрқайсысы үшін маңызды болса да, жеке түрде оған ешкім қол жеткізе алмайды. Бірақ та бұл мақсатқа жету оларды рольдер бойынша, мақсаттар бойынша, бағынуы бойынша бөлінуіне мұқтаж етеді.Акционерлік қоғамдардың құрылуы мен қызмет етуінің негізгі мақсаты болып, кез – келген коммерциялық ұйымдікі сияқты пайда табу  болып табылады. Ары қарай, бірақ та акционерлік қоғамдардың құрылуы мен қызмет етуіне селсоқ қарауға болмайтыны түсіндіріледі – акционерлік қоғамның дамуы акционерлік қатынастардың субъектілерінің (акционерлер, персонал, несие берушілер, мемлекет және оның органдары ретінде т.б.) әр түрлі топтарының мүдделер жүйесінің жиынтығын жүзеге асырумен анықталады.

        Үшіншісі: ішкі құрылымның және функционалды дифференциацияның бар болуы (акционерлік қоғамды ұйымдастырудың корпоративті әдісі, компанияның өндірістік – шаруашылық қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы).

2.Экономикалық белгі–жарна ретінде жарғылық капиалға акционерлермен берілген жинақталған мүлікті, сонымен қатар қызмет үрдісінде заңды негізде құрылған немесе иемденген қоғамды иелену.

              3. Материалдық – құқықтық белгі, оған екі элемент кіреді: азаматтық айналымда өз атынан жеке түрде шығу қабілеті және жеке мүліктік жауапкершілік, яғни өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иемдену және міндеттерді өз мойнына алу қабілеті.

              4. Процессуалды – құқықтық белгі – соттарда талапкер және жауапкер болу қабілеті. Заңнамаға сәйкес акционерлік қоғамдар соттарда міндеттемелерді орындау, өнімді, жұмыстарды, қызметтерді және т.б. иемдену бойынша шаруашылық субъектілер ғана емес, сонымен қатар директорлар кеңесі мүшелерінің,коллегиялық атқарушы органның, сонымен қатар жеке атқарушы органның мүшелеріне, басқарып отырған ұйымға немесе басқарушыға жауапкершіліктің негізі мен өлшемдері орнатылмаған болса, шығындарды өтеу, қоғамға олардың қателі іс - әрекеттерімен жасалған қателері бойынша талабымен сотқа жүгіне алады.

Акционерлік қоғамның басты қызметі - уақытша босаған ақша қорын өндірісті ұйымдастыру мен көптеген жұмыс түрлеріне жұмылдыру болып табылады. Акционерлік қоғам акцияны әртүрлі номинальды құнмен шығарады және дауыс саны да әртүрлі болады. Акция иесі акционерлік қоғамның пайшигі, ал облигация иесі - оның кредиторы (несиегері) болып табылады. Акционерлік қоғамның пайдасы акционерлер арасында табыс, дивидент түрінде бөлінеді. Акция иесі акционерлік қоғамнан өзінің салған капиталын талап етуге құқығы жоқ. номинальды бағамен ғана алады.

Акционерлік қоғамның екі түрі бар. Акциясы құрылтайшыларда болып, еркін нарықта сатылмайтын түрін "жабық" дейміз. Акциясы еркін сатылатын және сатып алынатын түрін "ашық" дейміз. Қазақстан республикасының "Азаматтық Кодесінде" акционерлік қоғам жайлы ереже бар.Қазақстанда акционерлік қоғам ХІХ-шы ғасырдың аяғы мен XX-шы ғасырдың басында пайда болды. Бұл кезде Қазақстанның өнеркәсібі өте нашар дамыды. Тек ғана таукен өнеркәсібі алғашөы қадамдарын бастап, шетел капиталы сол салаға ұмтылды. Зыран қазба байлығы 1886-шы жылы француздардың қолына өтіп "Зыран таукен өндіруші қоғамы" кұрылтайшьшығы құрылды. Американдықтар "Спасс қоғамы", "Орыс-азият корпорациясы" акцияларын ұстап , Қазақстанда екі "балалық" құрылтайшы қоғам құрылды. Олар-Риддер полиметалдық қазба байлығы және Екібастұз көмір аумағы. Ағылшын кәсіпкерлеріне жататын — "Батыс-Орал мұнай қоғамы", "Солтүстік-Каспий мұнай компаниясы" да бізге белгілі. Сондай-ақ шетел капиталының негізінде құрылған "Нобель серіктестігі", "Колхида", "Қырғыз тау өнеркәсібі қоғамы", "Виннер" т.б. атауға болады.

Қазақстан 1899-шы жылы бай Копес Деров құрған Воскресенск таукен өнеркәсіп қоғамы құрылды. Бұл бірінші ірі тау-кен өнеркәсібінің кәсіпорны орыс капиталының негізіне құрылып, Павлодардан Балхашқа дейінгі кеңістіктегі тас көмір мен күміс-қорғасын рудасы бар көп жерді жалға алды. Сондай-ақ ХІХ-шы ғасырдың 90-шы жылдарында Ембіде бірінші мұнай өнеркәсібі компаниясы пайда болып, оған отставкадағы штабс-капитан Ясман басшылық жасады. Орыс қоғамы "Ембі -Каспий"  және "Орал-Каспий" мқнай өнеркәсібі қоғамы шетел "Орал-Каспий мұнай өнеркәсібі қоғамы" мен "Орал-Каспий мұнай корпорациясын" бақылады.

Большевиктердің 1917-шы жылы өкімет басына келуіне орай және Кеңес үкіметінің құрылуымен акционерлік меншік түрі жойылды. Алайда жаңа экономикалық саясатқа көшуге байланысты акционерлік қатынастар қайта туа бастады. Қыска мерзімде 1922-24-ші жылдары- 120-дан астам сауда, өнеркәсіп және несие компаниялары тіркеліп үлгерді. Акционерлік механизм арқасында мемлекет жеке капиталды экономиканың қажетті саласына тарта бастады. Әміршілдік-әкімшілдік жүйенің 1929-шы жылдың аяғында қалыптасуы мемлекеттің экономикадағы нарықтық қатынастардан толық бас тартуына әкелді. Нәтижесінде акционерлік қоғамның тіршілігі тоқтады.

Қазақстан Республикасында реформалық процессті жүргізудің және әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесін қайта құрудың арқасында 1991-ші жылдан бастап акционерлік процесс қолға алына бастады. Дағдарыстың күшеюіне қарай бұл процесс өте ауыр жүрді. Сондай-ақ оның экономикада қалыптасуы мен қарқында дамуы айқын байқалуда. Ең басты ассоциация құрылтайшылардың қатысу үлесіне қарай ірі кәсіпорындардан қалыптасады. Ен басты ұйымында "балалық" кәсіпорынның бақылау пакет акциясы қалады.

Информация о работе Акционерлік қоғамдар