«Айданқұс» ЖШС-тің өнеркәсібі қорлары айналымына талдау жүргізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 20:14, курсовая работа

Описание

Ауылшаруашылық кәсіпорындары халық үшін азық-түлік өнімдерін, өнеркәсіптің бірқатар салалары үшін шикізат өндіреді, өнім малының және күш-көлік малдың негізгі табынын ұдайы толықтырып отырады. Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен, құрылыстан және халық шаруашылығының басқа салаларынан оны ажырататын өзіне тән ерекшеліктері бар. Сонымен қатар кәсіпорындардағы шаруашылықтардың жақсы жүруіне өздерінің ықпалын тигізетін қаржы ресурстары болып табылады. Олар ең алдымен мемлекеттен бөлінеді, қаржы ресурстарының құралу көздері түрлі болып келеді.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................................... 3

І бөлім. Өнеркәсіптің айналым қорларына сипаттама
1.1. Айналым қорларының мәні мен маңызы..............................................5
1.2. Өнеркәсіптің айналым қорларының түрлері қызметі..........................7
1.3. Өнеркәсіптік қорлардың айналысы және оны жеделдету
жолдары..................................................................................................10

ІІ бөлім. «Айданқұс» ЖШС-тің өнеркәсібі қорлары айналымына талдау
жүргізу
2.1. «Айданқұс» өнеркәсібінің құрылу мен қызмет түрлері......................12
2.2. «Айданқұс»өнеркәсібінің айналым қорларын қалыптастыру
көздері....................................................................................................15
2.3. «Айданқұс» өнеркәсібі айналым қорларына баға беру......................18
2.4. «Айданқұс» өнеркәсібінің даму жолдарының қазіргі жетістіктері...19

Қорытынды...............................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .....................

Работа состоит из  1 файл

айналым корлары 15 такырып.doc

— 105.50 Кб (Скачать документ)
stify">Айналым қаражатының қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.

Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:

      өндірістің маусымдылығы;

      тауар материалдық құндылықтарды жеткізудің әркелкілігі;

      қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы және тағы басқалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ бөлім.  «Айданқұс» ЖШС-тің өнеркәсібі қорлары айналымына талдау жүргізу

2.1. Айданқұс өнеркәсібінің құрылу мен қызмет түрлері

 

              Мал еңбек құралы да, еңбек заты да бола алады. Тірілей салмақтың өсімі ет алу үшін бағылатын малдың түрлері бойынша екі әдіспен: өлшеу жолымен және есептеу жолымен анықталады. Бірінші әдіс бойынша тірілей салмақтың өсімін малдың екі өлшенуі аралығындағы салмағын салыстыра отырып, екінші әдіс бойынша ол мал түліктерінің немесе құстардың тапқан жұмыртқаларына қарай іріктеп алып анықталатын тірідей салмағын негізге ала отырып табады.

              Құс шаруашылығындағы жұмсалатын қаржы көздері негізінде оларды шаруашылыққа жеткізу шығындарын қоса, олардың салмағын сатып алу бағасы бойынша кіріске алынады. Азаматтардан сатып алынған және контракция тәртібімен өсіруге қабылданған мал мен құс қолданылып жүрген сатып алу бағасы бойынша, ал шаруашылық аралық кәсіпорындар қызметін атқаратын совхоздар мен колхоздардың қатысушы шаруашылықтардан қабылдаған малы, құсы-есеп айырысу бағасы бойынша, келесі жылға көшетін сондай-ақ негізгі табынға ауыстырылатын төлде нақты өзіндік құны бойынша бағаланады. Құс шаруашылығындағы жұмсалатын қаржының көздері көбінесе жем-шөп сатып алуға, сонымен қатар тауыққа берілетін  дәрумендерді алуға  жұмсалады. Құс шаруашылығында пайда әкелетін көздің бірі-тауықтың жұмыртқасы болып табылады. Құстың жұмыртқасы жеті күннен артық сақтауға болмайтын өндіріс өнімі болып табылады. Құс жұмыртқасының бойындағы калориттерді көбейту барысында көптеген қаржылар жұмсалады. Атап айтатын болсақ кәсіпорындағы немесе құс шаруашылығындағы құстардың жағдайларына өзіндік сипат бере отырып жұмсалатын қаржыларды былай жіктеуге болады:

              -құс шаруашылығына берілетін жылуға жұмсалатын қаржы;

              -азық-түлік пен қатар жем-шөп базасына жұмсалатын қаржы;

              -құс шаруашылығындағы тұтынылатын жарыққа жұмсалатын қаржы;

              -құс шаруашылығында жұмыс жасайтын азаматтардың еңбек ақылары;

              -сонымен қатар құстың басын көбейтуге жұмсалатын қаржы;

              - инкубатор жұмыстарын атқара отырып, балапандардың жарыққа шығуына жұмсалатын қаржы;

              Міне, осындай қаржылардың жұмсалу ошақтары осындай болып келеді. Құс шаруашылығының тауарлары қазіргі кездерде тұтынуға көп қолданылып жүрген өнімдердің бірі болып табылады.

              Халық шаруашылығында маңызы зор «Айдан құс» құс шаруашылығы қазіргі таңда облыс халқы мен қатар көрші облыстарды азық-түлік сапасы жағынан толықтырып отыр. «Айдан құс» құс шаруашылығы өзінің жұмыстарын  көптеген жылдардан бері адал атқарып келеді, сонымен қатар құс шаруашылығындағы жұмсалатын қаржы көздерін толықтырып отырады. Кәсіпорындар өздерінің өнімдерін сатуға шығара отырып, құс шаруашылығындағы жұмсалған қаржы көздерінің толықтырылуына өздерінің үлестерін қосады.

              Арам өлген немесе амалсыздан сойылып, еті тамаққа пайдаланылмаған мал есеп беріліп отырған жылдың басындағы өзіндік құны бойынша бағаланады, оған тірілей салмағы өсімінің немесе құстың жыл басынан өлген немесе амалсыздан сойылған кезге дейінгі уақыт ішіндегі өсімінің  өзіндік құны қосылады.

              Атап айтатын болсақ «Айдан» құс фабрикасындағы құстардың барлығы кәдімгі құстар. Жақсы өнім беретін «Родонит», «Э-21» деген тауықтардың түрлері Свердловск қаласынан әкелінген. «Айдан» құс шаруашылығындағы тауықтардың барлығы жабылып бір күнде 100 мыңнан астам жұмыртқа береді. Бұл жұмыртқаларды фабрика лабораториясында, облыстық, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциядан үнемі тексеруден өткізіп тұрады. Сапасы жағынан әрине, ол өзге облыстардан әкелінген жұмыртқаларға қарағанда жақсы.

              Шаруашылықаралық өндіріс өнімінің шығыны мен шығымы өз өндірісінен бөлек есептеледі. Құс шаруашылығы өнімінің шығыны мен шығымының талдау есебі құстың мынадай түрлері  мен топтары бойынша жүргізіледі:

              1. Ересек үйір; 2. Өсірілуге қойылған балапандар; 3. Инкубация-жұмыртқаны инкубациялау

              Кәсіпорындардағы құстың өлім-жітімі мал мен құс шығысына арналған Актімен рәсімделеді, соның негізінде құстың саны,  бастапқы салмағы мен құны 84 счеттың дебеті және 11 счеттың 7 кредиті бойынша көрсетіледі.

              Құсты марқайту өнімдерінің өзіндік құнын анықтаған кезде олардың жыл ішіндегі тірілей салмағы құстардың топтары бойынша есептеп шығарылады.

              Белгілі бір құстың тиісті тобы тірілей салмағының және сол жыл ішінде шығын болған құстың тірілей салмағының жиынтығы ретінде анықталады.

             

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Айданқұс өнеркәсібінің айналым қорларын қалыптастыру көздері

 

              Кәсіпорындар туралы заңға сәйкес ауыл шаруашылық кәсіпорындары қаржысының негізгі көздері мыналар болып табылады: құрылтайшылардың ақшалай және материалдық жарналары; өнімді және жұмыстарды, қызметтерді өткізуден, сондай-ақ шаруашылық қызметтің басқа түрлерінен алынған табыстар, күрделі қаржы және бюджеттен берілген дотация, ұйымдардың, кәсіпорындар мен азаматтардың тегін және қайырымдылық жарналары, садақалары, заң актілерімен тиым салынбаған өзге де көздер. Аталған және басқа да көздердің есебінен кәсіпорындар өздерінің негізгі және айналым қаржысын қалыптастырады. Шаруашылық қызметі барысында кәсіпорындардың айналым қорларының артық шығуы немесе жетіспеуі мүмкін.

              Айналым қорының жетіспеуі өндірістерді едәуір кеңейту, пайда жоспарларын орындамау, пайдадан қаржыландырылатын жоспардан тыс шығындар жасау және басқа да себептерден болады. Пайданың туындауы шығындардың өсуімен және айналым өз қаржысы есебінен сатып алынған өндірістік қорлардың уақытымен көбіне сәйкес келмейді, өз айналым қорының өсуін қаржыландыру көбіне сәйкес келмейді, өз айналым қорының өсуін қаржыландыру көздерінде алшақтық пайда болады. Бұл  реттерде кәсіпорындар өз айналым қаржысының жыл ішіндегі жетіспеуіне банкіден несие ала алады.

              Айналым қаржысын толықтыру үшін акциялар, сондай-ақ қысқа мерзімді заемдарды сатудан алынған табыстар пайдаланылуы мүмкін. Бірқатар жағдайларда айналым қаржысын толықтыру мемлекеттік бюджеттен немес жоғары тұрған ұйымдар арқылы жүргізілуі мүмкін. Айналым қаржысын пайдалануды жақсартудың маңызды факторы оның айналымдылығын жеделдету болып табылады.

Айналым қаржысының артығы қаржы резервіне жіберіледі, өндірістерді кеңейтуге, пайдаланылады, акцияларын сату арқылы шаруашылық аралық кәсіпорындарға немесе басқа да кәсіпорындардың қызметіне, сыртық экономикалық қызметке немесе бірлескен кәсіпорындарға салынуы, басқа да кәсіпорындарға заемдар берілуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Айданқұс өнеркәсібі айналым қорларына баға беру

 

              Күрделі қаржы-негізгі қорларды ұдайы өндіруге жұмсалатын еңбек, материалдық-өндірістік ресурстар және ақша қаражаттарының шығындары. Бұл шығындар жаңа өндірістік үйлер мен құрылыстарды салуға, пайдаланылып жүргендерін кеңейтуге, қайта салуға, жаңалауға, пайдаланылып жүргендерін кеңейтуге, негізгі құралдарды сатып алуға, құрылыс үшін жобалар мен сметалар жасауға жұмсалатын шығындар және басқа да шығындар.

              Күрделі қаржы екі түрлі болады: негізгі құралдардың құнын ұлғайтатын күрделі қаржы; негізгі құралдардың құнын ұлғайтпайтын күрделі қаржы.

              Күрделі қаржы және оны қаржыландыру жобалық-сметалық құжаттамаларда көзделеді. Күрделі қаржыны есепке алудың негізгі міндеттері құрылыс-монтаж жұмыстарын дер кезінде және сапалы жүргізуді қамтамасыз ету; өндіріс бойынша жұмыс шығындарына оларды төмендету мақсатымен бақылау жасау; күрделі құрылыс обьектілерінің іс жүзіндегі құнын анықтау; нақты шығындар сметаларын сақтау және оларды күрделі қаржы обьектілерінің құнына дұрыс енгізу керек болып табылады.

              Күрделі қаржыға жасалған жоспарда және құрылысқа арналған сметаларда жаңадан салынып жатқан кәсіпорындар мен обьектілер үшін тұрмыстық мақсаттағы арзан бағалы және тез тозатын заттардың барлық түрлерін, сондай-ақ негізгі құралдарды сатып алу ретінде көрсетілетін техникалық кітапханаларды сатып алу көзделуі мүмкін.

              Кез келген кәсіпорын қаржысыз болмайды. Қазіргі таңда  кәсіпорындар өздерін өздері қаржыландырып келеді.  Қандай жағдайда да  кәсіпорындар өздерінің қаржыларын тұрақты іске жұмсаулары қажет болып табылады.  Кәсіпорындар өздерінің қалдырған өнімдерін де қазіргі кезде іске асыруға бағытталады.

              Кәсіпорындардағы қаржы көздерінің тұрақты болып қалыптасуы үшін материалдар мен өнімдерді қолдану бағытына назар аударуға болады:

                                                                  

 

                                                     

 

 

 

              Кәсіпорындардағы қаржы көздерінің жұмсалатын бағыттары мен  жұмсалатын шығындар қазіргі кезде есепке алынып отырады, бұрынғыдай мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қомақты қаржы жоқ. Кәсіпорындардағы қаржылар көздері түрлі мүмкіндіктерге орай ұйымдастырылады. Мысалы, ұзақ мерзімдік  немесе қысқа мерзімдік несиелер алу арқылы да кәсіпорындар өздерінің қаржысын толықтыра алады. Кәсіпорын қаржылары өз бағыттарына жұмсалатын ақша қаражаттары болып саналады. Кәсіпорын қаржылары түрлі деңгейде болады, оның толықтыру көздері тек қана өндірілген өнімдердің сатылуы арқылы толықтырылып отырады. Кәсіпорын қаржыларының ресурстары түрлі факторларға жұмсалады, және қаржы ресурстары экономикада тиімділікті қамтамасыз ете алады. Кәсіпорындардағы қаржылар тиімді бағыттарға жұмсалынса ғана кәсіпорын өндірісі өзінің жұмысын тоқтата алмайды. Оның барлығына есеп берілуі қажет болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4. «Айданқұс» өнеркәсібінің даму жолдарының қазіргі жетістіктері

 

              «Айданқұс » тағы  ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру процесі алты сатыдан тұрады:

1 сатысы. Мәселелерді анықтау-түрлендіру процесінің басы болып табылады. Бұл бекіту жаңалықтарға деген қажеттілік жұмысшы комитетінің, ұйым кәсіподағының және менеджердің басшылармен белгілеген кезде дұрыс болып келеді. Қандай да бір мәселердің болуын мойындау маманды шақыру ұйымдастырушылық құрылымды жетілдіру тәжірибесінің себебі бола алады, сонымен қатар ұйым ішінде маманға-мамандандырылған жетілдірілген менеджерлермен ұсынылған адамдардан тұратын ерекше команда құрылады. Алайда бұл ерекше әңгіменің және келесі сатылардың пәні. Ал әзірше мәселенің болуы фактісін жалпыға бірдей айтуға көңіл бөлінеді. Ол заңды статусқа иеленеді және осы кезден бастап іс жүзінде басталады.

2сатысы. Ситуацияны талдау. «Айданқұс» ЖШС қандай да бір ұйымға ұйымдастырушылық құрылымды жетілдіру процесін жүзеге асыруда тапсырыс түскен соң, одан жіберілген маман алдымен өз бетінше мәселені бағалауы керек. Менеджер мәселені өз тарапынан бағалап, оған өз ойын қоса алады. Негізінде ол өзі басқаша бір нәрсені білдіре алады. Бәрінен бұрын басшы ауру симптомдарын көре тұрып, оның себептерін мүлдем мойындамайды. Осы мәселені шешудің төрт жолы бар:

1)       жанжалға қатысушылар немесе ұйым мүшелері арасында сұрау

жүргізу. Бұл тәсілдің артықшылығы болып жанжалда немесе күрделі жағдайға тап болған адамдармен тікелей байланыста болу мүмкіндігі табылады. Ал, кемшілігі кезкелген адам өзі жұмыстасы туралы нақты және шынайы ақпарат беруге келіспейді, өйткені ол ымыраға келу сипатына ие;

2)       жасырын анкета жүргізу. Бұл тәсіл тікелей сұрақ жүргізуді

пайдаланған кезде туындаған мәселелерден құтылуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сұрақтарды және оған жауаптар көлемін алдын ала дайындауға болады. Бұл ақпаратты едәуір жылдам өңдеуге және осы бойынша білікті қорытынды беруге мүмкіндік береді.

3)       бұл тәсілді кейбір мамандар пайдаланады, ол фирма жұмысын жеке

қадағалау түйінделіп, бұл қадағалау әдістері реттелінбейді.

4)       тасымалдағыштардағы жазбаларды, құжаттарды, есептерді файлдар

мен басқа ақпараттарды оқу,кейін оның көмегімен барлық процестерге кешенді талдау жүргізіледі және туындаған жағдай себептері туралы қорытынды жасалады.

Информация о работе «Айданқұс» ЖШС-тің өнеркәсібі қорлары айналымына талдау жүргізу