«Айданқұс» ЖШС-тің өнеркәсібі қорлары айналымына талдау жүргізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 20:14, курсовая работа

Описание

Ауылшаруашылық кәсіпорындары халық үшін азық-түлік өнімдерін, өнеркәсіптің бірқатар салалары үшін шикізат өндіреді, өнім малының және күш-көлік малдың негізгі табынын ұдайы толықтырып отырады. Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен, құрылыстан және халық шаруашылығының басқа салаларынан оны ажырататын өзіне тән ерекшеліктері бар. Сонымен қатар кәсіпорындардағы шаруашылықтардың жақсы жүруіне өздерінің ықпалын тигізетін қаржы ресурстары болып табылады. Олар ең алдымен мемлекеттен бөлінеді, қаржы ресурстарының құралу көздері түрлі болып келеді.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................................... 3

І бөлім. Өнеркәсіптің айналым қорларына сипаттама
1.1. Айналым қорларының мәні мен маңызы..............................................5
1.2. Өнеркәсіптің айналым қорларының түрлері қызметі..........................7
1.3. Өнеркәсіптік қорлардың айналысы және оны жеделдету
жолдары..................................................................................................10

ІІ бөлім. «Айданқұс» ЖШС-тің өнеркәсібі қорлары айналымына талдау
жүргізу
2.1. «Айданқұс» өнеркәсібінің құрылу мен қызмет түрлері......................12
2.2. «Айданқұс»өнеркәсібінің айналым қорларын қалыптастыру
көздері....................................................................................................15
2.3. «Айданқұс» өнеркәсібі айналым қорларына баға беру......................18
2.4. «Айданқұс» өнеркәсібінің даму жолдарының қазіргі жетістіктері...19

Қорытынды...............................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .....................

Работа состоит из  1 файл

айналым корлары 15 такырып.doc

— 105.50 Кб (Скачать документ)


Мазмұны

 

Кіріспе ..................................................................................................................... 3

 

І бөлім. Өнеркәсіптің айналым қорларына сипаттама

1.1. Айналым қорларының мәні мен маңызы..............................................5

1.2. Өнеркәсіптің айналым қорларының түрлері қызметі..........................7

1.3. Өнеркәсіптік қорлардың айналысы және оны жеделдету

жолдары..................................................................................................10

 

ІІ бөлім.  «Айданқұс» ЖШС-тің өнеркәсібі қорлары айналымына талдау

                  жүргізу

2.1. «Айданқұс» өнеркәсібінің құрылу мен қызмет түрлері......................12

2.2. «Айданқұс»өнеркәсібінің айналым қорларын қалыптастыру

көздері....................................................................................................15

2.3. «Айданқұс» өнеркәсібі айналым қорларына баға беру......................18

2.4. «Айданқұс» өнеркәсібінің даму жолдарының қазіргі жетістіктері...19

 

Қорытынды...............................................................................................................23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ........................................................................24

Қосымшалар.............................................................................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

              Өнеркәсіп өнімін шығару жоспары негізгі бөлім болып табылады. Бұл бөлімде әртүрлі өнімдер құндық және табиғи өлшемдер шығару үшін жоспарланады және өнім сапасын арттыру қарастырылады. Сонымен бірге кәсіпорындарды мамандандыру, шоғырландыру, жинақтау, құрамдастыру жоспарланады.

              Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі салаларының бірі болып табылады. Кәсіпорындардың алдында тұрған міндеттерді шешуде кәсіпорындарда басшылықты жемісті ұйымдастыруға қажетті алғышарттар жасуға мүмкіндік туғызатын жағдайлар бар.

              Ауылшаруашылық кәсіпорындары халық үшін азық-түлік өнімдерін, өнеркәсіптің бірқатар салалары үшін шикізат өндіреді, өнім малының және күш-көлік малдың негізгі табынын ұдайы толықтырып отырады. Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен, құрылыстан және халық шаруашылығының басқа салаларынан оны ажырататын өзіне тән ерекшеліктері бар. Сонымен қатар кәсіпорындардағы шаруашылықтардың жақсы жүруіне өздерінің ықпалын тигізетін қаржы ресурстары болып табылады. Олар ең алдымен мемлекеттен бөлінеді, қаржы ресурстарының құралу көздері түрлі болып келеді. Кәсіпорындардағы қаржылар мемлекеттік меншіктен бөлінеді, сонымен қатар олар экономикада өзінің өндірістегі орнын анықтай алады.

              Кәсіпорын экономикалық даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені, кәсіпорында қоғамға қажетті өнім шығарылады. Жеке жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнайды.

Өндірістік кооператив-бұл қоғамдық қызметі принципі  ретінде табыс табуды емес, қоғам мүшелеріне көмек беру үшін құрылған  орын.

Өнім өндіретін кәсіпорынды өнім өндіру түріне қарай екі топқа бөледі.

1.      негізгі өндіріс

2.      қосымша өндіріс

Негізгі өндірісте-өндірілетін өнім шығару үшін құрылған

кәсіпорын  мұндай кәсіпорындарда дайын және жартылай дайын өнімдер шығарылады. Мұндай өндірісте маманданған цехтар, құрал-жабдықтары, және машиналары мен жұмысшылары болады.

3.      Қосымша өндіріс-бұл өндірісте негізінен арнайы әзірленген

өнімдер өндіріледі, жұмыс жасау принципіне қарай қосалқы өндіріс және мамандандырылмаған цехтардан тұрады. Қосалқы өндірісте негізгі өндіріске қажет өнімдер өндіріледі. Ал оның қосалқы цехтарында өндіріс қалдығымен жұмыс жасайды. Мұндағы қосалқы өнімді негізгі материалдан өндіреді.

              Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Өнеркәсіп қорларының айналысы» деп аталады.

              Курстық жұмыстың бірінші тарауында өнеркәсіптегі қорлардың айналысы мен оның түрлеріне сипаттама берілген.

              Курстық жұмыстың екінші тарауында «Айданқұс» өнеркәсібі мысалға алынып айналым қаражаттары талданған

              Курстық жұмыстың соңында қорытынды мен қолданылған әдебиеттер  және  қосымшалар берілген.

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

             

І бөлім. Өнеркәсіптің айналым қорларына сипаттама

1.1. Айналым қорларының мәні мен маңызы

 

              Кәсіпорындардың  іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт қолда бар айналым қаражаттарының (айналым капиталының) болуы. Айналым қаражаттары-бұл өнеркәсіптік айналым қорларын  құру, пайдалану және үздіксіздік өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қаражаттарының мәні ұдайы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну  тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.

              Айналым қаражатарының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяұқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын бідіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы айналымнан  оқшауландырылған қаражатты және оларды дебиторлық пайдаланылуын, өзінің айналымындағы борышкерлерді сипаттайды. Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымындағы айналым қаражатының оқшауланғанын сату мөлшерінің сонымен бірге пайданың да азаюын көрсетеді. Сондықтан да кәсіпорындарда айналым қаражатының құрылымын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн.

              Кәсіпорындарда айналым қаражаттарының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайларына және тағы басқаларға байланысты болады.

              Түрлі салаларда айналым қорларының үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әртүрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорындар айналым қаражаттарын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым қаржыларының қажеттілігін анықтау және олардың  құрамы мен құрылымын, қалыптастырудың көздерін табу және оларды реттеу, айналым қаражаттарын басқару тағы басқалар.

              Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар отын, қосалқы материалдар тез тозатын аспаптар және басқа да еңбек заттары кіретін айналым қорларын орынды пайдаланудың есебіне өндіріс шығындарын одан әрі төмендетуден табылады.

              Өндірістің нәтижелілігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеген кезде кәсіпорындардың өндіріс процесінің маңызды заттық элементі болып табылатын өндірістік  айналым қорларын тиімді пайдалануға кәсіпорын ұжымдарының айрықша назар аударғаны жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

             

 

             

1.2. Өнеркәсіптің айналым қорларының түрлері қызметі

 

Айналым қаржылар үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға содан соң аяқталған өндіріс процесі дайын өнімге айналады.

Үшінші сатыда дайын өнім сатылады нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ айналым қорлары бір сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады.  Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімдерді сатуды қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.

Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:

А-Қ... Ө ... Д  - А1

мұнда  А – шаруашылық субьектілерін авансылаудағы ақша қаражаттары

Қ - өндіріс құралы

Ө- өндіріс

Д-дайын өнім

А1-өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаражаттары

Шаруашылықты жүргізудегі нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын экономикасын дамытуда оны айналым қаражаттамен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар.

Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы айналым қаражатының айналымдылығының коэффициенті. ол мына формуламен анықталады.

Қақ=

мұнда Өқ-белгілі бір кезеңде өткізілген өнімнің құны (өнімді өткізуден алынған түсім)

Оқ- сол кезеңдегі айналым қаражатының орташа қалдығы

Егер де өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде онда айналым қаражатының орташа қалдығы да сол жылға алынады.

Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым қаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы  жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан өндірістің көлемі өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді.

Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражаттары айналым қаражатының қажеттілігін есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның негізгі қызметіне тұрғын үй коммуналдық және тағы басқа шаруашылықтар және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.

Тауар өткізу қоймадағы дайын өнімдердің қорлануы жөніндегі мәселелерді жеткілікті терең пысықтауы төмен болуы мүмкін. Бірақ та кез келген жағдайда алдағы кезде межеленген сату болжамы болуы керек. Олай болмаған күнде шығарылған өнімдер қоймада ұзақ жатып қалады және ақшалай қаржыларының едәуір бөлігі айналымнан оқшауланады, сөйтіп кәсіпорынның қаржы жағдайының орнықтылығына әсер етіп, оның банкротқа ұшырауы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Өнеркәсіптік қорлардың айналысы және оны жеделдету жолдары

 

              Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады. Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі одан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге кеткен мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес сонымен бірге алдағы есеп айырысудың мөлшерінде де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды орнықты пассивтер несиегерлік берешек банк несиесі және басқа да несиегерлер.

              Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып табылады.

              Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді қолданады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды.

              Орнықты пассивке жататындар:

      жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруға зейнетақы қорына, медицина сақтандыруына, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударым жарнасы;

      ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы жоқ жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша жеткізушіге берешегі

      аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;

      салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі

Информация о работе «Айданқұс» ЖШС-тің өнеркәсібі қорлары айналымына талдау жүргізу