Латын Америка

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 10:33, реферат

Описание

Латын Америкасы деп АҚШ пен Антарктида аралығында орналасқан Батыс жарты шардағы ауданды айтады. Оған Мексика, Орталық Америка елдері, Вест – Индия және Оңтүстік Америка кіреді. Мексика, Орталық Америка және Вест – Индияны кейде Мезоамерика субауданына біріктіреді (Орталық Америка). Оңтүстік Америкада екі субауданды ажыратады: Анд елдері – Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили және Ла- Плата елдері немесе атланттық - Аргентина, Уругвай, Парагвай, Бразилия. Соңғы субауданда алғашқы үш елді Чилимен қоса жиі Оңтүстік конус субауданына біріктіреді.

Работа состоит из  1 файл

ЛАТЫН АМЕРИКАСЫ.docx

— 91.77 Кб (Скачать документ)

Қорытынды

     Латын Америкасы үшін маңызды уақыттардың бірі XVIII XIX ғасырлар болып есептеледі. Бұлардың бәрі ұлттық тәуелсіздігін өзінің басқарушы елдерінен алған Европа елдерінің баяғы отарлары болып табылады. Испандық отарлардың көбісі тәуелсізідігін өзінің 1810 1826 жылдары алды. Америкадағы испан отарларының испан үстемдігіне қарсы азаттық соғысы (1810-1826). Америка елдерінде Испанияның-отарлық үстемдігі XVI ғ-да орнады. XIX ғ-дың басында Испанияның Америка құрлығындағы отарларының жер көл 27 млн км²-ге жетті олар 4 вице корольдыққа (Испанияның Америка құрлығындағы жері), 4 генерал-капетандыққа (вице-корольдықтық құрамына кіретін саяси әкімшілік бөлік) бөлінді 1810 жылдың қарсаңында отар елдерінде 20 млн халық тұрады, оның 300 мыңға жуығы Испанияда тұрып-өскендер, 3 млн-ы креалдар болды. Отар елдердегі халықтардың барлығына жуығы басшы әкімшілік жұмысына қарастырылады. Жер негізінен Испандықтардың, дәулетті креолдар мен католик игіркеуінің меншігіне айналды. Олар үндістерді (индеецтер), негрлері, будан халықтарды, мулаттарды аяусыз қанады. Испандықтар отар елдерінің экономикалық дамуына әдейі кедергі жасады. Жергілікті кедей халық, әсіресе үндістер отаршыларға қарсы талай рет ерлікпен күресті. Бірақ оның бәрі стихиялық сипат алды. 1810 жылы Латын Америкасындағы отар елдердің бәрінде (Перуден басқасы) көтеріліс бастады. Бұл тәуелсіз үшін соғыстың бірінші кезеннің (1810-15) бастамасы болды. Мұнда отар елдер тәуелсіздік ала алмады. 1816 жылы азаттық соғысының екінші кезеңі басталды. Соғыс арагідік үзіліспен 1826 ж-ға дейін созыладыв. Осы кезеңде оташылдар тамаша жеңіске жетті.1818 жылы Чили тәуелсіздік алды. 1819 жылы декабрьде Ұлы Колумбия федерациялық республикасы құрылды. 1821 жылы маусымда Венесуэла, 1822 жылы Кито азат етіледі. Испан отаршыларына қарсы өз тәуелсіздігі үшін күрсе кезеңінде 1822 жылы Португалияның отары Бразилия тәуелсіз деп жарияланды. 1824 жылы Мексика федерациялық республикаға, 1825 жылы Боливия (жоғары Перу) тәуелсіз елге айналды. 1826 жылы Перуде ең соңғы испан гаризоны тізе бүкті. Тәуелсіздік үшін соғыстың нәтижесінде Латын Америкасының барлық елдері (Куба мен Пуэрто-Рикадан басқасы) испан үстемдігінен азат етілді. Өзінің қалыптасу кезінде ақ осы экономикалық әлсіз мемлекеттер алдымен Ұлыбританияға және Францияға, кейіннен АҚШ - қа қаржылық тәуелділікте болды. Бірақ қаншама қаржылық мәселелері тумаса да, бұл елдер ең негізгіні жоғалтпады. Ол - елінің тәуелсіздігі, бостандығы, еркіндігі.  
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Универсальный атлас мира. Астрель Москва. 2004.- 184-222 беттер.
  2. Интернет:

    http://ru.wikipedia.org/wiki

    http://mesoamerica.narod.ru/Latin/latamerica_history.html

    http://www.google.ru/url?sa=t&source=web&cd=4&sqi=2&ved=0CC4QFjAD&url=http%3A%2F%2Fk321.ucoz.kz%2Fload%2F0-0-0-580 
     
     

Информация о работе Латын Америка