Латын Америка
Реферат, 03 Декабря 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Латын Америкасы деп АҚШ пен Антарктида аралығында орналасқан Батыс жарты шардағы ауданды айтады. Оған Мексика, Орталық Америка елдері, Вест – Индия және Оңтүстік Америка кіреді. Мексика, Орталық Америка және Вест – Индияны кейде Мезоамерика субауданына біріктіреді (Орталық Америка). Оңтүстік Америкада екі субауданды ажыратады: Анд елдері – Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили және Ла- Плата елдері немесе атланттық - Аргентина, Уругвай, Парагвай, Бразилия. Соңғы субауданда алғашқы үш елді Чилимен қоса жиі Оңтүстік конус субауданына біріктіреді.
Работа состоит из 1 файл
ЛАТЫН АМЕРИКАСЫ.docx
— 91.77 Кб (Скачать документ)
Коста – Рика
Көлемі: 51 100 км²
Адам саны: 3 099 000
Астанасы: Сан-Хосе
Мемлекеттік құрылымы: президенттік республика
Тәуелсіздік күні: 16.09.1821 (Испаниядан)
Тілі: испан
Діні: христиандық
Валютасы: колон
Оқиға:
- 1844 жылы бірінші Конституция қабылданды;
- 1856 жылы Ривас қаласындағы шайқас. Уильям Уокер Коста - Рикаға шабуыл жасайды, сәтсіздікке ұшырайды.
- 1871 жылы Томасом Гутьеррес таққа келді. Жаңа Констиция қабылданды.
- Американдық компанияның «Юнайтед Фрут» экспансиясы. Кофе, банан, какао, ананас әкелумен қоса темір жолдар салды.
Сальвадор
Көлемі: 21 040 км²
Адам саны: 5 048 000
Астанасы: Сан-Сальвадор
Мемлекеттік құрылымы: президенттік республика
Тәуелсіздік күні: 21.09.1821 (Испаниядан)
Тілі: испан
Діні: христиандық
Валютасы: колон
Оқиға:
- 1811 – 1814 жылдары испан отарлық режимді жоюға ұмтылыс;
- 1821 – 1823 жылдары Мексика империямының құрамында болды;
- 1839 жылы Республика деп жарияланды;
- XIX ғ. Екінші жартысында ең негізгі экспорт: кофе, жүгері, күріш, қант құрағы және ірі қара мал.
Гондурас
Көлемі: 112 090 км²
Адам саны: 5 462 000
Астанасы: Тегусигальпа
Мемлекеттік құрылымы: президенттік республика
Тәуелсіздік күні: 15.09.1821 (Испаниядан)