Араб халифаты дипломатиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 19:00, реферат

Описание

Қазаргі таңда халықаралық байланыстардың барынша кеңеюі интеграциялану мен ғаламдану қарқын алуы бүкіл әлемдік мәдени тарихи процеске әр түрлі аймақ халықтарының атсалысуы мәселесінің зерттелуін күн тәртібіне қойып отыр. Соның ішінде әсіресе мәдениет аралық өзара ықпалдастық, оның оқшау этникалық мәдениеттердің эволюциясындағы және жалпы әлемдік өркениет дамуындағы рөлі туралы мәселенің өзектілігі барынша артып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. Араб халифаты дипломатиясы
II. Алғашқы Төрт тақуа халифтарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

реферат.doc

— 111.50 Кб (Скачать документ)

 

Аравияны толық жаулап алғанға дейін Мекке-Медина қауымының  қарулы күштері мен оларға қосылған бедуин тайпалары көрші өркениетті елдерге басып кіре бастады. Нәтижесінде ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда Азияның, Африканың және Еуропаның ұлан-байтақ территорияларында араб үстемдігін орнатқан араб жаулап алу соғыстары бірнеше кезеңдерден тұрды. Бірінші кезең алғашқы үш “әділ халифтардың- Абу Бәкр (632-634 жж.) және Осман (644-656жж.) билігі тұсында өтті.

633 жылы күзде немесе 634 жылы көктемде, әрқайсысында 7500 жауынгерден  тұратын үш араб әскері, Сирияға  басып кірді. Медина халифатына  аравиялық тайпаларды бағындыру  арқылы бұл әскердің күші толықты.  Византиялық қарулы күшпен, алғашқы қақтығыс [31] өлі теңізден оңтүстіктегі Вади – л – Арабта және Газды ауданында өтті. Бірнеше бекеттер орналасқан және жергілікті тұрғындардан асығыс жасақталған, әлсіз византиялық гарнизондар өз дәрежесінде қарсылық көрсете алмады. 634 жылы жазда арабтар Бусраны алып, Аджнандин (Аджадейн) және Фи... хм түбінде византиялық әскерге соққы берді. Бекініс қамалдарындағы палестина және сирия тұрғындары тойтарыс беретін және шабуыл жасайтын техниакалары араб отрядтарында қарсы қорғанысқа өте зауықсыз қатысты. Олар арабтардың әскер басшыларымен келісімге келуді артық көріп, “өмірін, мүлкін, балаларын сақтау және басы салығын төлеу шартымен” арабтарға бекініс пунктерін өткізіп берді. Византия әскерлері өздерінің соғысу қабілеті жағынан арабтарға жетпеді, олармен шайқаста үнемі жеңіліс тауып, үлкен қалаларға жасырынып қалатын. 635 жылы ақпанда Мардж ас – Суффара түбіндегі шайқастың нақты барысы қиял туындысы болмағанда, византиялық әскердің қайсарлығын мойындауға болар еді. Белазуридің хабарлауына қарағанда византиялықтардың “қырғын күреске кіргені соншалық, суға аққан қанмен диірмен қозғалысқа келтірілген” [4].

 Арабтардың Хирамен  шекаралас оңтүстік Иракқа басып  кіруі ал- йемамдағы соғысқа дейін  басталып, шапқыншылық сипат алған.  Йемамдық халифтердің қарсылығын басқаннан кейін, қолбасшылығында 500 мединалық пен меккелік қалған Халиф ибн ал – Валид бекр ибн вайл тайпасын өз жағына тартып солардың көмегін Хираны алады.

 Бек ибн  вайл Орталық Аравияда ал –  Иемамнан Парсы жақтағы жерге  көшіп қонған көп санды, әрі құдіретті тайпа болатын. Бұл тайпаның көп бөлігін несториандық дінге сенуші христиандар құрайтын. Сондықтан ислам діні жаулап алу жорықтарына үндейтін себеп бола алмайтын. Бірақ, бұл тайпаларда ислам пайда болғанға дейін-ақ олжа табу мақсатымен Оңтүстік Иракқа басып кіру арқылы жинаған тәжірибесі бар болатын. 610 жылы осындай отрядтар Зу-Каре түбіндегі иран әскерімен шайқаста оларды жеңе алды. 634 жылы наурызда 500-800 салт атты әскері бар Хамид бұйрық бойынша шөл арқылы Мединадан Даманскіге жіберілді. Араб отрядтары Даман маңындағы бау-бақшалы аудан Гутуды алды және мұндай бекіністі не тәжірибелері, не құралдары жоқ болғандықтан қалай аларларын білмеді. 635 жылы қыркүйекте алты ай қоршаудан кейін комендант және жергілікті эпископ қала халқының қысымымен Даманскіні арабтарға берді. Қоршағандардан, қосатынынан қала қабырғаларына шығатын бірде-бір саты табылмады, ал бекініс қақпалары ішінен тастармен және бөренелермен бітеліп тасталған еді. Жеңімпаздарға Гутудағы бір монастрдан саты алуға келді.

 Арабтардың  басып кіруі ірі жаулаушылыққа айналып бара жатқанын түсінген Византия әскери қолбасшылығы мператор Ираклидің басшылығымен Солтүстік Сирияға көп әскер шоғырландырды. Гректермен (румдық) бірге оның құрамына ал – Джериа мен Армения тұрғындары мен сириялықтардың отрядтары енді. Византия әскерінің саны, араб тарихшыларының асыра санауымен 200 мыңға жеткен дейді. Араб отрядтары жауынгерлерінің саны мәліметтер бойынша 24 мыңнан асқан жоқ. Византиялықтардың жақындауына байланысты арабтар Даманск және тағы басқада қалаларды тастап, Иорданның шығыс тармағындағы Йармук ауданына шегінді. 636 жылы 20 тамызда осы жердегі ірі шайқаста византиялықтар қирай жеңіліп, 70 мың жауынгерлерінен айырылған.

 Визатиялықтардың  соғысу... қабілетінің нашарлауына,  шайқасқа дейін – ақ өзара  қақтығысып қалған грек және армия бөлімдерінің алауыздығы кері әсер етуі Гассанид патшасы Джебел ибн ал – Айхан бастаған сириялық арабтар шайқас кезінде арабтар жағына шығып кетті [15]. Йармукта византиялықтарды толық талқандағаннан кейін арабтар Сирияның толық билеушісіне айналды. Аңыз бойынша император Ираклий бұл елді мүлдем тастай отырып, шекарадағы бір шатқалды: “Қош бол, Сирия !” – деген екен.

 Арабтар  Даманскіні қайта алып, содан  кейін Солтүстік Сирияны бағындырды. 638 жылы – жыл қоршаудан кейін  – Иерусалим, 640 жылы 7 жыл қоршаудан соң – Кайсария берілді. Мұндай ұзаққа созылған қоршау арабтардың әскери – техникалық мүгедектігінен емес, осы портты қалалардың гарнизондарының теңіз арқылы үнемі көмек алып тұруымен түсіндірілді. Арабтардың визатиялықтардың теңіз флотымен күрестен еш құралы ол кезде жоқ болатын.

 Иракта Хираны  алғаннан кейін арабтар сасанид  әскерімен шайқаста бірнеше рет  жеңіліп, бұл қала мен оның  облыстарынан кетуге мәжбүр болды.  Бедуиндерге күшті әсер қалдырған,  олар үшін қорқынышты жануар  болып көрінген иран әскери пілдері еді. Бірақ, 635 жылдың аяғында Бувейте түбінде, Евфратта Иран әскерлерін әкеліп, жеңілген арабтар қайтадан Хираны алды, ал 637 жылы 31 мамыр немесе 1 маусымда Кадисия түбінде кейін, осы ірі шайқастан соң арабтар Сасанидтер астанасы Ктесифонға кірді, ол қала арабтарда Мадаин деген атпен белгілі Шахиншах ІІІ – Йездигерд пен сарай маңындағылар қашып, кетеннен кейін қала тұрғындары арабтарға қала қақпасын ашты.

 Арабтар  әскер басшыларымен Иран әскери  қолбасшылығымен жасасқан бейбіт  келісімі көп ұзамай арабтар тарапымен бұзылды. Сол кезде солтүстікке қарай жылжыған араб әскерлері 641 жылы Мосулды алып, Хамадағы Нехаведен түбінде ирандықтарға күшті тойтарыс берді. 644-645 жылдары Араб әскерлері Белуджистан арқылы Индияның шекарасына енді. 649 жылы Истахрды (ежелгі Персополь) алды. Мерв түбінде ІІІ – Йездигердтің өлген 651 жылы, арабтардың Иранды жаулап алуының аяқталған күні деп есептелді. Осы жылы олар Амударияға дейін жетті. Бұдан сәл ертерек Сирияны жаулап алғаннан кейін, арабтар 640 жылы Арменияға басып кіріп, оның астанасы Двин қаласын алды. 654 жылы олар Тбилисиге дейін барды.

 Африкаға  жорығын арабтар, араб қарулы  күштер Сирияда жеңіске жеткеннен  кейін барып бастады. Араб отряды  Египетке алғашқы жорығы ибн  ал – Асанның қолбасшылығымен  аз ғана әскермен 639 жылы желтоқсанда бастады. Ескі пайым бойынша, өзінің Сирия әскеріндегі бағыныштылық жағдайына риза болмағандықтан Ніл жазығына өздігінен жорық бастаған бұл қолбасшының әрекеті мүлдем мүмкіндігі жоқ ретінде алынып тасталуы керек еді. Іс жүзінде бұл жорық Египеттен Хиджазға астық, тағыда басқада азық – түлік жеткізу үшін жасалған болатын. Мекеннің тұтыну сұранысы, әсіресе Аравия біріккеннен кейін, қажыға барушы мұсылмандардың санының көбеюіне байланысты өсе түсті .

640 жылы қаңтарда  Амрдың әскері Фарамды алды, одан соң Нілді басып өтіп, Файымға жорық жасады. Маусым айында... арабтар қосымша күш алғаннан кейін, Гелиопольде византиялықтарға соққы берді. 640 жылы қыркүйекте олар Вавилонды қоршады, бұл бекініс 641 жылы сәуірде берілді. Осыдан кейін Ніл арқылы төмен жылжи отырып, Александрияны қоршауға көшті. 641 жылы қарашада жергілікті патриарх Кир (ал – Мухавкис) Амрмен осы бекіністі беру жөнінде келісімге отырды. Келісім бойынша он бір айлық уақытша бітімнен кейін Египет астанасы арабтардың қолына өтті, ал бұл уақыт ішінде осы қалада тұратын бай және ақсүйек гректер қоныс аударды: 642 жылы қыркүйекте гректерді көшіру аяқталғаннан кейін, араб әскері, Александрияға кірді. Осы уақытқа дейін араб отрядтары Жоғарғы Египетке ішкерлей енген болатын. 645 жылы Византия флоты Александрия аймағына басып кіріп, десант түсіріп, қаладан арабтарды шегіндірді. Арабтар қаланы екінші рет қоршап 646 жылы жазда шабуылмен алды.

 Араб әскерлері  Египеттен онымен көрші Ливияға  шапқыншылық жасауды ұйғарды.  Жергілікті бербер тайпаларынан қарсылық кездестірмеген және Византия гарнизонына соққы берген арабтар 642 жылы күзде Барка қаласын алып, Киреналка облысын бағындырды. Осы облыстан шығып, Феззанның оңтүстігіне дейін және батыста Трипаш қаласына дейін еніп, оны 643 жылы алды. 647 жылы араб әскері Египеттің наместнигі Абдаллах ибн Садтың қолбасшылығымен Ифрикияға басып кірді және Византиялықтарды Сбейтла қамалының түбінде талқандады.

644 жылы Иран  құлының қолынан Омар қайтыс  болғаннан кейін, Омейядтар руына  жататын Осман ибн – ал Аффан халифтік қызметке келді. Осман ислам пайда болғанға дейін, өзінің жас кезінде тиімді өсімқорлық операцияларымен айналысып, бай адамдардың біріне айналған болатын.

Меккеліктердің  арасында ал байлықты, асыл тұқымды  жылқыны, жас құл қыздары жақсы  көруші ретінде белгілі болатын. Осман Мұхаммедтің ең жас ізбасарларының бірі болды. Аңыз бойынша пайғамбардың қыздарының біріне үйленеді, ол жас қайтыс болуына байланысты, басқа қызын алады. Сондықтан Осман мұсылмандардың кезде “Алланың елшісінің екі қайтар күйеу баласы” деген атақ алған.

 Осман халиф  билігі тұсында (644-656 жж.) оның  туыстары, Меккелік құл иеленушілік  ру ақсүйектерінің өкілдері бағындырылған  елдерде мемлекеттік билікті  және жер иеліктерін жаулап  ала бастады. 648 ж. Арабтар Кипр  аралын басып алды. 653 ж. Кипрліктер Византия жағына шығып кетіп, Араб гарнизонын талқандады. Файника маңында болған шайқаста араб флоты византиялық флотты талқандап, Кипрді халифатқа қайтарып алды.

651 ж. Арабтар  Иранды жаулап алуды аяқтады.  Шахиншах ІІІ– Йездигерд мады жаққа қашып барып, сонда бір диірменшінің қолынан қаза табады. Сасандар империясы өмір сүруін тоқтатты.

 Сол жылы  Араб әскері Әзірбайжан жақтан  Арменияға басып кірді. 653 ж. Арабтар  византиялықтарды Тайк облысында  жеңіп, Арменияны алиарабтың құрамына қосып алды. 653-655 жж. Халифат Грузияны бағындырды. Сонымен бүкіл Закавказье араб халифатының қол астына көшті [34].

 Мұсылман  қазынасының ашықтан – ашық  тоналуы, оған түскен қаржы  мұсылмандарға тиесілі және олардың  арасында теңдей бөлінуі... керек  деп санайтын, аз санды пайғамбар “серіктері” тарапынан наразылық туғызды.

 Осман халифтың  өзі өз отбасының мүддесіне  мемлекеттік қаржыны қалай болса  солай пайдалану арқылы теріс  үлгі көрсетті. Мысалы, оның қызы  Абдаллах ибн Хамидқа тұрмысқа  шыққанда, ол жас жұбайларға басыр бейт ал – малынан 600 мың дирхем беруге бұйрық шығарды. Абдаллах ибн Абу Сарх Ифрикиядан үш мың қаптар алтын жібергенде, Осман ал – Хасам отбасына беруді бұйрық етті.

 Османға  қарсы Куфадан, Басрдан, Египеттен  Мединаға қажылық түрімен келген  мұсылман өкілдері күшті наразылық көрсетті. Осы қаланың тұрғындары ашық көтеріліске шықты. Көтерілісшілер халифтың үйін қоршап алып, өзін өлтірді.

 Енді Мұхаммедтің  күйеу баласы, әрі ағайын бауыры, Әли (656 – 661жж.) халиф боды. Көтерілісшілердің  қолдауымен билікке келген Әли халиф Османның байыған ықпалды “серіктері” мен туыстарының тарапынан қарсылыққа кездесті.

 Арабияда  күрес үшін жеткілікті күш  құрал таба алмаған Әли, Ирактан  сенімді әскери және әлеуметтік  тірек табам деген үмітпен  өзінің резиденциясын Куфаға ауыстырды.

657жылы ал  – Джазирадағы Сиффин маңында,  Ефраттың оң жағасында Муавияның  сириялық әскері арасында ірі  шайқас өтті. Бұл шайқаста екі жақта нақты нәтижеге жеткен жоқ.

 Әли 661 жылы  Куфа мешітіне кірер есікте  хариджиттердің пышақ жұмсауынан алған жарадан қайтыс болды. Хариджиттердің үкімімен өлімге кесілген Муавия мен Амыр ибн ал – Асаға жасалған қастандық сәтсіз аяқталды.

Төртінші тақуа  халиф Әли ибн Абу Талиф  Неджефте жерленді. Оның өлімінен кейін  Мұхаммед пайғамбардың көрегіндікпен  айтқан сөзі дәл келді. Ол: мен өлген соң 30 жыл өткенде Халифаттың орнына патшалық келді. Халифты силау әулеттік принциппен ауыстырылады деген еді. Шынында да билікке Омейялық Муавия ибн Ауб Суфьян (661 – 680 жж.) келді де 750 жылға дейін оның үрім бұтағы биледі.

 Осылайша, арабтар  20 жыл көлемінде Византия империясының  құрамына кіретін Азияны, Африкадағы  кең – байтақ территорияны  жаулап алды және Иран патшалығын  түгелдей бағындырып, құдіретті  державаның саяси тәуелсіздігіне  нүкте қойды. Араб жаулап алушылығының тез, әрі жеңіл жүзеге асуының себептерін араб тарихымен айналысатын немесе өз еңбектерінде осы оқиғаға жолай тоқтаған Еуропа тарихшылары анықтауымен шұғылданды.

 Арабтардың  жеңіске жетуінің негізгі себептерін  Византия мен Сасанидтік Иранның  экономикалық әлсіреуімен, ең бастысы осы мемлекеттердегі әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуімен түсіндіруге болады.

Елдер мен облыстардағы еңбекші халықты езгі мен қанаудың күшейе түскен жағдайында, қарапайым  халық осында келген араб жаулап алушыларына  өз билеушілерінің ауыр езгісінен құтқарушы ретінде қарауға бейім тұрды. Оның үстіне арабтар өздерінің үстемдігіне бағынған жағдайда өмір сүрудің әлде қайда төзімді шарттарын ұсынды. Соның нәтижесінде арабтар жаулап алған елдердің халқының көбі оларға қарсылық көрсетпек түгілі, бірден олармен одақтасуға тырысты: (мысалы ерте орта ғасырлар).

 Арабтардың әскери жетістігінің себептерін түсіндірудегі ескі, аты шулы жаулап алушыларды тырп еткізбеген діни фантизмнің нәтижесі деген тұжырым қазір іске асқысыз болып қалды. Араб әскерлерінің негізгі бөлігін құрған бедуиндердің жаңа ілімді білмегені және біле алмағаны белгілі. Өйткені, мұсылман діни әдебиетінің алғашқы шығармасы – Құранды құрастыру арабтарды жаулап алу жорықтарының бірінші кезеңі аяқталған кезде, яғни ҮІІ ғасырдың ортасында болатын.

 ҚОРЫТЫНДЫ

Осыдан он төрт ғасыр бұрын, яғни ҮІІ ғ. басында  Мұхаммед пайғамбар жариялаған жаңа дін исламмен біріктірілген арабтар  Аравия түбегінен кең тарихи сахнаға  шықты. Пайғамбардың ізбасарлары, яғни халифтер тұсында олар Пиреней тауларынан Инд өзеніне дейін созылып жатқан орасан зор территорияда, көне мәдениеттердің жұртында жаңа этникалық өркениет және ұлы империя құрды. Бұл мемлекет Ұлы Македондық Александр заманынан кейін алғаш рет Шығыс пен Батыс, эллинистік Жерорта теңізі елдері, үнді – Иран және әлемі бірікті. Қасиетті құран мен рухтанған орта ғасырлық арабтар ҮІІ-ҮІІІ ғғ. көптеген елдерді еш қиындықсыз-ақ бағындырды, басқа “варвар” халықтардың жаулаушылықтарын өзгеше, арабтардың жаулап алушылықтыры жаппай қырып-жою, қиратушылықтарымен жүрмеген. Араб жаулап алушыларын күні азған ескі өркениеттерді қиратып орнына жаңа, прогресшіл өркениет орнатқан халықтардың ұлы қоныс аударуының құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыру. Халифатқа кірудің оған кірген барлық халықтар үшін айтарлықтай ақ салдары болды.

Информация о работе Араб халифаты дипломатиясы