Араб халифаты дипломатиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 19:00, реферат

Описание

Қазаргі таңда халықаралық байланыстардың барынша кеңеюі интеграциялану мен ғаламдану қарқын алуы бүкіл әлемдік мәдени тарихи процеске әр түрлі аймақ халықтарының атсалысуы мәселесінің зерттелуін күн тәртібіне қойып отыр. Соның ішінде әсіресе мәдениет аралық өзара ықпалдастық, оның оқшау этникалық мәдениеттердің эволюциясындағы және жалпы әлемдік өркениет дамуындағы рөлі туралы мәселенің өзектілігі барынша артып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. Араб халифаты дипломатиясы
II. Алғашқы Төрт тақуа халифтарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

реферат.doc

— 111.50 Кб (Скачать документ)

 Арабтар  түркілер жеріне жаулап алу  жорықтарын жасаған жоқ, бұл  жерлерді басып алу арабтардың  жоспарында болмаған. Бұған себеп  – халифат билеушілері, көреген  саясаткерлер ретінде ежелден-ақ  жауынгер халық ретінде аты  шыққан түркілерді күшпен өзіне бағындыра алмайтынына көзі жеткен еді. Орталық азия жерінде жүздеген арабтардың жалғыз шайқасы Талас түбіндегі шайқас түркілерге қарсы емес, керісінше түркілер мен бірлесе отырып Қытайға қарсы бағытталды.Негізінен арабтар мен Орталық Азияны мекендеген түркілердің өзара қарым-қатынастары бейбіт жақындасу бағытында дамыған. Араб ғалымдары Орталық Азия мен тарихы мен географиясын зерттеуге үлес қосты. Араб миссионерлерінің ұрпақтары (қожалар) түркі халықтарының құрамына сіңісе отырып, түркілердің этникалық жағынан қалыптасуында маңызды роль атқарды. Арабтардың енгізген ислам діні ортағасырлық түркілер қоғамының біртұтастығын одан әрі нығайтуын қамтамасыз еткен идеологиялық қызметін атқарды. Түрік тайпалары исламды өз еркімен қабылдады. Олардың ортасындағы діни, рухани үгіт-насихат бейбіт сипатта болды. Бұл аймақта ислам көне түрік наным-сенімдерін синтезге түсіріп, ондағы бірқатар әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді өз бойына сіңіріп алды. Орталық Азия көшпелілердің исламға жаппай өтуі Х-ХІІІ ғ. аралығында жүрді.

 Біз қарастырып отырған дәуірде орталық Азия халықтарын саудаға деген қатынасы өзгереді. Бұл жағдай бір жағынан исламның саудаға қатынасы мен түсіндірілсе, екінші жағынан әр түрлі елдер арасындағы шекараларды жойып, мұсылмандар үшін баж салығын төмендеткен халифаттың ұлы жібек жолы бойы мен сауда керуендерінің еш қауіп-қатерсіз, еркін түрде жүруіне ықпал етуіне деп түсінеміз. Халифаттың басқа да аймақтары сияқты Орталық Азия халықтарына да араб тілі мен жазуы енді.

 Сөйтіп арабтар  мемлекетін ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбардың атымен байланысты. 661 – 750 жж. Аралығында ол мемлекетті Омейядтар әулеті, 751 жылдан – Аббастар әулеті басқарды. Мемлекет “халифат” яғни “орынбасар” “пайғамбардың” болды. Араб халифаты сегізінші ғасырдың ортасына қарай Шығыста Қытайдан – Батыстан Франктер мемлекетіне дейінгі ұлаңғайыр жерді алып жатты.

 

 Халифаттағы  барлық жер әуелде халифтың  меншігі болып есептелді. Ол  енді наместниктер арқылы басқарды. Наместник өзі қызмет атқаратын  мерзіміне қарай пайдалануға  жер үлесін алып отырды. Халықтан жиналған салықтардың есебінен ол шенеуніктер мен әскер ұстады. Бертін келе халиф жердің бір бөлігін шонжарлардың тұрақты иемденуіне берді.

 Халифатта  құлдар еңбегі де кеңінен пайдаланылды. Бірақ еңбекші халық бұқарасының  басым көпшілігі құлдар емес, тәуелді шаруалар болды. Халиф өз басшыларымен ерекше еңбек сіңірген қызметкерлеріне жер үлестіріп беріп отырды. Ол үлес “ихта” деп атады. Ихта үшін оның иесі салық төлейтін болды. Омар халиф /634 – 644 жж./ ол иелікті меңгеруге міндетті. Егер бос жатса, өкімет қайта алып қоятын болды.

 Ұшыр – жан басынан жиналатын жер салығы. Жизья – ислам дініне енбеген халықтар төлейтін ақшалай салық болды. Мұсылмандар мешіт пен дінбасылардың пайдасына зекет жинап отырды. Харадж деген егін салығы болды. Ол жиналған өнімнің үштен бірін құрайтын.

 Жаулап алынған  елдердің тұрғын халқына қару  асынуға рұқсат етілмеді. Олар  өздерінің киген киімдерімен  де арабтарға ұқсамауға тиісті  болды. Жаулап алушылар мұсылман  емес халықтардың бәріне қосымша  салықтар салып, өз әскерлерін азық – түлікпен қамтамасыз етуді міндеттеді.

 Халифаттағы  Мұхаммед пайғамбардың өсиетін  бұрмалаушылық, әділетсіздікке жол  беріле бастауы мемлекеттің әлсіреуіне  әкеліп соқты. 1055 жылы Бағдадты  селжук түріктері басып алса, 1258 жылы араб халифатын монғолдар құлатып тынды. Халифаттың құлауының негізгі себептерінің бірі әлеуметтік теңсіздіктің күшеюі, арабтардың дін тазалығы үшін күресуші жауынгерден жеке өз басының пайдасын ғана ойлаушы пенделерге айналуда деген тұжырым жасауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Ибн – Хосров. Сафар – Намэ // Хрестоматия по история средних веков / Под. ред. Н.П. Грацианского и С.Д. Сказкина. – М., 1963 - С. - 238 – 239.

2. Ибн – Исхак. Житие посланника божьего // Хрестоматия, 1949 Т. – І. – С. 247 – 250.

3. Құран. – Медина, 1991.

4. Ал – Белазури. Книга завоеваний // М.А. Медиников. Палестина от завоевания ее Арабами . . . – СПб., 1897. – С. – 115 – 120.

5. Смасет – Намэ. Книга о правлеыи Везира ХІ столетия Низам аль- Мулька. – М. – Л., 1949. – С . 375 – 380.

6. Арабские источники ХІІ – ХІІІ вв. – Л., 1985. – С. 286 – 288.

7. Крачковский Н. Ю. Аш – Шанфара. Песнь пустыни // Избранные произведения. Т – ІІ. – М. –Л., 1956. – С. 10 – 12.

8. Анри. Ламменс. Ислам бесігі. - Рим. 1914. – С. 50 – 52.

9. Арабский Восток и Магриб. Сб. статей. М., 1977. – С. 244 – 246.

10. Арбские страны: История, Экономика – Политика. М., 1986. – С. 278 – 280.

11. Арабская республика. Египет. М., 1990. – С. 350 – 352.

12. Бартольд  В.В. История изучения Востока  в Европе и России. Л., 1925. –  С. 56 – 57.

13. Бартольд В.В. Ислам. ПГ., 1918. – С. 70 – 74.

14. Беляев Е.А. Арабы, Ислам и Арабский халифат в раннные средневековье. М., 1966. – С. 287 – 289.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

Л. Н. ГУМИЛЕВ  АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

«Халықаралық қатынастар» кафедрасы

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Араб халифатының дипломатиясы»

 

 

 

 

                                                                            

                                                                  

                                                              Орындаған:                                                            Тексерген:

 

 

 

 

 

Астана – 2012


Информация о работе Араб халифаты дипломатиясы