Туризм турлери

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 16:06, реферат

Описание

Облыс аумағында ерекше қорғалатын 16 табиғат объектiсi, 3 000-нан астам көл бар.
Туристер үшiн орманды-далалы аймақ жануарларының өмiр сүру ортасын көрсету объектiсi ретiнде бұлан, елiк, қабан, жанат тәрiздi ит, түлкi, борсық, қоян, тиiн және т.б. көптеп мекендеген Согров және Мамлют қорықшалары, «Красный бор» қорығы ұсыныла алынады.
Жазғы мерзiмде аққулар, бiрқазандар ұя салады.
Облыста орхидеяның кездеспейтiн түрi өседi
Айыртау ауданында (Айыртау с., Имантау с.) жергiлiктi туристiк қоғамдастықтар құрылған. Туристiк бизнес саласына жоғарыда айтылған селолардың тұрғындары тартылған, тұру, тамақтану, экскурсиялық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтер ұсынылады.

Работа состоит из  1 файл

Туризм түрлерi.docx

— 312.20 Кб (Скачать документ)

ҚазАқпарат

Стамбұл - әртүрлі  мәдениеттерді бейбітшілік және кішіпейілділік аясында тоғыстырған  бір қала.

Мешіттері, шіркеулері, хауралары және нанымдарға тән шығармаларымен барлық назарды  өзіне аударған бір орталық.

Стамбұл - бұл ерекшеліктері себепті әлемнің ең маңызды діни туризм орталықтарының бірі.

Стамбұлдың  бұрын болғандай, болашақта да бір  діни туризм орталығына айналуы үшін осы қалада өмір сүрген дін өкілдері Діни Туризм Саммитінде бас қосты.

Саммитте  Археология және өнер тарихы, Діндераралық қатынастар, бірге өмір сүру және діни туризм тақырыптарында отырыстар ұйымдастырылады.

Бұл орайда «Стамбұл 2010 Діни туризм Саммиті» аясында  жүзеге асырылған «Симфониялар мен  діни әндер» концерті және хақ діндердің  өлеңдері өнерсүйер қауымға қатты әсер етті.

Сахнаға шыққан ансамбыл орындауындағы діни әндер  хақ діндерді мейірімділікке шақырды.

саяхат мақсатына  қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық, балалар Туризмі; әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, жәрмеңке), этникалық, діни Туризм болып бөлінеді. [1]

АСТАНА  ӘЛЕМДЕГІ ТҮРЛІ ӨРКЕНТИЕТТЕРДІҢ  ТАРИХИ, МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ  ТОҒЫСҚАН ОРТАСЫ

5-Шілде. 2009

Пікірлерді көру

Кеше  Астанадағы Бейбітшілік және келісім  сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезі басталды. 
«Толеранттылыққа, өзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген әлемді тұрғызудағы діни жетекшілердің рөлі» тақырыбына өтіп жатқан съездің пленарлық сессиясында ЕҚЫҰ, Қытай даосистері қауымдастығының өкілдері, Түркия Үкіметі жанындағы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Әли Бардакоғлы, Мысыр Араб Республикасының өкілі, Кройдон Епископы, Қазақстанның Бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі және басқа елдерден келген өкілдер баяндама жасайды деп күтілуде. 
Алқалы жиынға Дүниежүзілік Ислам лигасының Бас хатшысы Шейх Абдалла Бен Әбдел Мухсина Әт-Түрки, Израиль Мемлекетінің Президенті Шимон Перес, Діни диалог жөніндегі Папа кеңесінің президенті Жан-Луи Торан, Израильдің бас ашкеназийлер раввині Йона Мецгер, Буддашылардың дүниежүзілік федерациясының вице-президенті Хамба лама Чойжилжавын Дамбажав, Дүниежүзілік лютерандар федерациясының бас хатшысы Ишмаэль Ноко, Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік кеңесінің төрағасы Абдулла Әл аш-Шейх, Әл-Азхар университетінің Жоғарғы имамы Шейх Мұхаммад Саид Тантауи, Констанинополь патриархы Варфоломей Біріншінің өкілі митрополит Эммануил Адамакис, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе қатысуда. 
Съезді ашқан мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезі дүниежүзінде дінаралық келісімнің өркен жайып, өркениеттердің өзара үндестік табуы ісінде айтарлықтай рөл атқарады деп есептейтінін мәлімдеді. 
«Біз Қазақстан халқының діни және этносаралық татулықты ту еткен асыл қасиеттерін әдайым мақтан тұтамыз. Бұл жетістіктерімізді әлем жұртшылығына үлгі етуге ұмтыламыз. Жаңа мыңжылдықта толастамай отырған әлемнің әр бұрышындағы діни текетірестер мен ұлттық қақтығыстардың алдын алуға ықпал етіп келеміз. Астанадағы бүгінгі басқосу - еліміздің осындай табанды ұстанымының бір көрінісі. Сондықтан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезі дүниежүзінде дінаралық келісімнің өркен жайып, өркениеттердің өзара үндестік табуы ісінде айтарлықтай рөл атқарады деп есептеймін», - деді Н. Назарбаев. 
Елбасы сонымен қатар, еліміздің бас қаласы Астанада үшінші рет өткізіліп жатқан осынау алқалы жиынға арнайы қатысып отырған шетелдік делегация өкілдеріне қазақстандықтар атынан шынайы ризашылығын білдірді. «Адамзатқа ортақ құндылықтарды жинақтап ортаға салып, ой бөлісіп, өркениеттер үндестігін нығайтсақ деген ізгі мақсат, асыл мұраттар сіздерді Астана қаласына топтастырып отыр, - деп сөз бастаған Президент Н.Назарбаев, Елорда төрінде осы күндері сырттан айтылатын салиқалы сөз, салмақты ұсыныстар дүниенің түкпір-түкпіріне тарап, жер шарында бейбітшілік пен өзара пәтуашылықтың орнауына көмегін тигізеді деген үмітін жасырмады. Азия мен Еуропаның, Батыс пен Шығыстың бел ортасында бой көтерген Астана қаласы бүгінгі таңда алуан түрлі ұлттар мен діндердің де тоғысып, жарасым тапқан орталығына айнала бастағанын мақтанышпен атап өтті. 
Бүгінде Бейбітшілік пен келісім сарайы, минареттер мен мешіттер, христиан шіркеулері, синагогиялар мен өзге де дін үйлері конфессияаралық келісімнің қаласына айналған Астананың құрамдас бірі бөлігі болып табылады. Әлемнің көптеген мемлекет, қоғам және дін қайраткерлері біздің елімізде өтіп жатқан айтулы съезге қатысуды маңызды деп санайды. 
Айта кететін жай, Бас қаламызда 2006 жылы өткен форумға 29 делегация қатысқан болса, кешеден бері өтіп жатқан жиынға әлемнің 35 елінен 77 делегация қатысуда. Құрылтайдың алғашқы күні Израиль мемлекетінің президенті Шимон Перес, Израильдің ашкеназиялық бас раввині Йона Мецгер, Ресей мүфтилерінің төрағасы Равиль Гайнутдиндер сөз сөйледі. Рухани әлемде өзіндік орындары бар тұлғалардың тұщымды әңгімесі жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленіп, қызу қолдау тапты. 
Съезге қатысушылар пленарлық сессиядан кейін «Астана маңындағы мыңжылдық» атты көшпелілер өркениеті фестивалінің көріністерін тамашалайтын болады. Кешкісін, Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ-ші съезіне қатысушыларының құрметіне орай Елбасының атынан қабылдау өтеді. Аталған алқалы басқосудың екінші күні, яғни шілденің 2-інде секциялық отырыстардың жұмысы басталады. Атап айтқанда, секциялар «Моральдық және рухани құндылықтар, әлемдік этика», «Диалог және ынтымақтастық», «Дағдарыс кезеңіндегі тілектестік» тақырыптарына арналмақ. Сонымен қатар, осы күні кешкісін съездің жабылу рәсімі өтеді. Онда Елбасы сөз сөйлейді деп күтілуде. Съезд қорытындысы бойынша қатысушылардың үндеуін қабылдау жоспарланып отыр.

Бейбітгүл ИСАЕВА

Информация о работе Туризм турлери