Туризм турлери

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 16:06, реферат

Описание

Облыс аумағында ерекше қорғалатын 16 табиғат объектiсi, 3 000-нан астам көл бар.
Туристер үшiн орманды-далалы аймақ жануарларының өмiр сүру ортасын көрсету объектiсi ретiнде бұлан, елiк, қабан, жанат тәрiздi ит, түлкi, борсық, қоян, тиiн және т.б. көптеп мекендеген Согров және Мамлют қорықшалары, «Красный бор» қорығы ұсыныла алынады.
Жазғы мерзiмде аққулар, бiрқазандар ұя салады.
Облыста орхидеяның кездеспейтiн түрi өседi
Айыртау ауданында (Айыртау с., Имантау с.) жергiлiктi туристiк қоғамдастықтар құрылған. Туристiк бизнес саласына жоғарыда айтылған селолардың тұрғындары тартылған, тұру, тамақтану, экскурсиялық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтер ұсынылады.

Работа состоит из  1 файл

Туризм түрлерi.docx

— 312.20 Кб (Скачать документ)

Туризм түрлерi

Экологиялық туризм

 

Облыс аумағында ерекше қорғалатын 16 табиғат объектiсi, 3 000-нан  астам көл бар. 
Туристер үшiн орманды-далалы аймақ жануарларының өмiр сүру ортасын көрсету объектiсi ретiнде бұлан, елiк, қабан, жанат тәрiздi ит, түлкi, борсық, қоян, тиiн және т.б. көптеп мекендеген Согров және Мамлют қорықшалары, «Красный бор» қорығы ұсыныла алынады. 
Жазғы мерзiмде аққулар, бiрқазандар ұя салады. 
Облыста орхидеяның кездеспейтiн түрi өседi 
Айыртау ауданында (Айыртау с., Имантау с.) жергiлiктi туристiк қоғамдастықтар құрылған. Туристiк бизнес саласына жоғарыда айтылған селолардың тұрғындары тартылған, тұру, тамақтану, экскурсиялық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтер ұсынылады.  
 

Танымдық  туризм

 

Ботай, Бектеңiз, Ақ-Ирий археологиялық ескерткiштерi, Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенi, «Айғаным» мұражай-үй-жайы, зерттеушi ғалым Ш. Уәлиханов, жазушылар И. Шухов; С. Мұқанов, Ғ. Мүсiрепов, М. Жұмабаев, ғарышкер А. Викторенколардың мемориалдық мұражайлары, Қожаберген жырау мемориалы.  

Спорттық  туризм және демалыстың белсендi түрлерi 

Облыста спорттық туризм Спорттық туризм федерациясымен, «ҚР Альпинизм және құзға шығу федерациясы» ассоциациясының филиалымен, спорттық бағдар жөнiндегi федерациямен, «Планета» турорталығымен, «Спортландия» турорталығымен, «Ориентир» студенттiк турорталығымен ұсынылған. 
Облыста спорттық балық аулауды дамыту үшiн барлық жағдайлар бар. Қазiргi кезде 250-ден астам су қоймасы балықтың құнды түрлерiн тауарлық өсiрудi жүзеге асыру үшiн ұзақ мерзiмдi жалға берiлген. Үлкен Торанғұл көлiне белого амура и белого толстолобика шабақтары әкелiнген. Көптеген көлдерде тұқы, көлдiк пелядь, қара балық, лақа, табан; көлдерге сазан ұрықтарын жiберу жөнiндегi шаралар қабылданған (Петропавл балық питомникке сазанның жатырлық бастары әкелiнген және облыс көлдерiн балыққа толтыру үшiн зауыттық әдiспен алғаш рет 583 мың ұрық алынған). 
 

Емдеу-сауықтыру  туризмi

СҚО аумағында тұщы және техникалық сулар табылған орындар  зерттелген, минералдық сулар көздерi анықталған. Қазiргi кезде «Асанов» минералдық суының көзi пайдаланады. Становское және Пресное көлдерiнде емдiк балшықтар байқалған. 
Становское көлi Петропавл қ. батысында 55 шақырым және Мамлют станциясының оңтүстiгiнде 17 шақырым жерде орналасқан. Бұл су қоймасының ұзындығы 7.7 және енi 2.5 шақырым. Осы көлдiң балшығы 30-жылдары Омбы институтының ғылыми қызметкерi Успенскиймен зерттелген. Оның тұжырымдамасы бойынша көлдiң минералданған суы мен балшығы бальнеологиялық құндылықты бiлдiредi. 
Пресное көлi Петухов ст. 60 шақырым және Преснов станциясынан 2 шақырым жерде орналасқан, енi 3 шақырымға дейiн. Көл суы өткiр-ащы, балшығы қара түстi, икемдi. Тұзды су мен балшықтың емдiк қасиеттерi 30-жылдары доктор Брякинмен азғантай ғана емделушiлерге тексерiлген (балшық күн сәулелерiмен жылытылған), ол жақсы емдiк әсердi атап өткен. 
 

Iскер туризм

Облыстың географиялық орналасуына байланысты Ресей Федерациясымен сауда-экономикалық әрiптестiк жақсы  дамыған, сонда Омбы, Түмен және Қорған — шекаралас облыстармен ынтымақтастық негiзгi үлестi алады, олармен экономиканың әр түрлi салаларындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдер жасалған және iске асырылуда. 
Ұдайы негiзде облыста мәдениет, денсаулық сақтау, құқықтық тәртiп сақтау және т.б. — әлеуметтiк-экономикалық қызметтiң әр түрлi салаларындағы шекара маңы ынтымақтастығы жөнiндегi бiрлескен iс-шаралар жүргiзiлiп тұрады.   

                                                                              Туризмнің түрлері 
 
Туризмді т
үрлеріне байланысты жіктеуге мүмкіндік беретін белгілері ретінде саяхаттанудың мотивациялық факторларын қарастыруға болады. Мұндай жіктелуде саяхатқа адамды аттандырған негізгі себептерді анықтау қажет.  
Себептік мотивациялы
қ жіктелу туризмнің 6 түрін анықтап береді.  
1. Демалу ма
қсатындағы туризм. Мұндай туризмнің түрі қысқа мерзімге немесе едәуір ұзақ уақытқа организмді физикалық немесе психологиялық тұрғыдан қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл топқа сонымен қатар емделу немесе әл-ауқатын қалпына келтіруге климат, теңіз суы секілді табиғи құбылыстар пайдаланылатын курорттық демалысты да жатқызуға болады.  
  2. М
әдениетті зерттеу мақсатындағы туризм. Бұл туризмнің түрі өзге елдің рухани құндылықтарын, мәдениетін, тарихын зерттеп, білуге бағытталған және ол танымдық және діни табынушылық болып бөлінеді. Танымдық туризм тарихи, мәдени және географиялық құндылықтарды зерттеу, көру мәселелерін қамтиды. Бұл мақсаттағы саяхаттанушылар көбінесе өздері саяхаттанған елдің әлеуметтік, экономикалық қатынастарына қызығушылық білдіреді. Табынушылық мақсаттағы туризм ерекше діне мәні бар жерлерді көру арқылы орындалады.  
  3.
Қоғамдық туризм. Қоғамдық туризм ретінде саяхаттанушы өзінің туысқандарын, таныстарын, достарын көру, қонақ болу мен түсіндіріледі. (халықаралық терминологияда visiting friends and relatives – деген атпен таныс). Сондай ақ клубтық туризмді де жатқызуға болады. Клубтық туризмнің ерекшелігі саяхаттанушы саналы түрде арнайы бір топпен ғана демалуды мақсат етеді.  
  4. Спортты
қ туризм. Спорттық туризм белгілі бір спорттық іс шараға белсенді қатысуға бағытталған жолсапар, сондай ақ пассивті немесе белсенді емес сипаттағы спорттық жарыстарға қатысу мақсатындағы жол сапар болып табылады. Белсенді түрде спорттық жарысқа қатысу, мысалы, П атты азамат шаңғыдан халықраралық жарысқа қатысу үшін Карпат еліне аттануы мүмкін, ал пассивті қатыс футбол жанкүйері өз футбол клубының ірі ойынына қатысып, қолдау көрсету үшін ойын өтетін елге сапар шегуі мүмкін.  
  5. Экономикалы
қ туризм - бұл кәсіптік және коммерциялық мақсатта жүзеге асырылатын жол сапар болып табылады. Мысалы халықаралық биржа, көрме, жәрмеңке және тағы басқа іс шараларға қатысу.  
  6.Конгресстік (саяси) туризм. Б
ұл туризм түрі дипломатиялық және саяси іс-шаралармен байланысты туризм болып 2 бөлінеді. Дипломатиялық туризм белгілі бір елдегі экономикалық, әлеуметтік жағдайларға талдау жасау, баға беру немесе өз пікірін білдіру мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Москваға Халықаралық Парламент отырысына қатысуы үшін баруы мүмкін. Саяси туризм белгілі бір елдегі, аймақтағы мемлекеттік маңызы бар саяси-қоғамдық шараларды ұйымдастыру, талдау жасау, саяси баға беру мақсатында жүзеге асырылады. Мысалы, Белгілі бір мемлекет азаматы нақты бір саяси партияның жарғылық мақсаттарына қызығушылық танытып, сол партияның съезіне қатысу үшін жол сапар кешуі мүмкін

Туризм

Туризм  түрлері

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ  
Шығыс Қазақстанның экологиялық туризміне бірінші кезекте қорықтар аймағы жатады. Облыстың шығыс бөлігінің аумағы өзінің табиғи бітімін қатты сақтаған. Оны аяқ баспаған қарағайлы  орман, биік таулы шалғындар, көптеген өзендер мен көлдер алып жатыр. Әсіресе, елді мекендері жоқ жерлер  табиғатының көрінісі ерекше тартымды. Бұл жерлер әлемге әйгілі табиғи ескерткіштерімен ерекшеленеді. Асқар биік Мұзтау, Алтайдағы ең ірі әрі әдемі Көккөл сарқырамасы, Марқакөл, Зайсан көлдері, Ертіс  өзені облыстың осы аймақтарының  әлемдік мәні бар екендігін сөзсіз айғақтайды. Бұлардың басым көпшілігі айырықша қорғалатын табиғи аумақтарда. Шығыс Қазақстан облысында осындай 14 айырықша қорғалатын табиғи аумақ бар. Марқакөл, Батыс –Алтай мемлекеттік табиғат қорықтарының, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғат саябағының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі ерекше тартымды. 
 Облыстың туроператорлары туризмнің автокөліктік, альпинистік, жаяу жүріс, рафтинг, атпен, велосипедпен жүру, тау шаңғысы, ғылыми, мәдени-танымдық, балық және аң аулау сияқты саналуан экологиялық түрлерін өткізеді. Олардың ішінде «Алтай соқпақтарымен» атты тур кең тараған.  Бұл Оңтүстік Алтайдың табиғаты керемет, көкорай шалғындары және қарағайлы ормандары арқылы таулы жолдармен атпен жүргенде аюлар мен маралдарды кездестіріп, ұмытылмастай әсер қалтыратын саяхатқа айналады. Саяхат Оңтүстік Алтай – Бүркітауыл бағытында өтеді.  Сондай-ақ саяхатшыларға таулы өзендермен  жүзіп өту де жақсы таныс. Бұл рафтинг Сержиха өзенінің сағасынан бастап Кіші Үлбі, Ақ Берел – Бұқтырма, Уба өзендері арқылы өтеді. Құзар шыңы көк аспанмен тілдесіп жатқан Мұзтау тауларына жаяу тур ұйымдастыруға болады.

МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ТУРИЗМ  
Шығыс Қазақстан – тарих пен мәдени мұраларға өте бай өлке. Мұнда ғасырлар бойы қоныстанған көптеген халықтардың діни және мәдени салт-дәстүрлері өмір сүрген. Евразияның кіндігі деп аталатын Жидебай шатқалында Абай мен Шәкәрімнің  мемориалдық кешені тұрғызылған. Бұл қазақ халқының есімдері әлемге танымал екі ғұлама ақыны мен ойшылына арналған тарихи- мәдени мұражай. Семей қаласы Қазақстанның екінші мәдени астанасы болып саналады. Мұнда орыс  жазушысы Федор Достоевский өзінің шығармаларын жазған. Семейдегі жазушы есіміндегі мұражайдан ұлы классиктің өмірбаянымен етене танысуға болады. Левитанның, Шишкиннің, Қастеевтің, Рембрандтың сурет кескіндері қойылған Невзоровтар отбасы атындағы өнер мұражайы да өзгеше мәдени мұра. 
Шығыс Қазақстан облысының орталығы - Өскемен қаласы Кенді Алтайдағы  өте ірі өнеркәсіптік және көліктік торап. Қаладағы әсем мешіттер, шіркеулер, осы күнге дейін сақталып келген архитектурлық ескерткіштер көз тартады.  
Шығыс Қазақстанда көне қазбаларымен дүние жүзіне әйгілі болған Берел және Шілікті қорғандары бар. Берел қорғанынан табылған, Геродотты еске түсіретін сақ заманындағы жүздеген артефактарды  19 ғасырдың орта шенінің өзіндегі ғалымдар іздестірген екен. Біздің кезде аталмыш қорғандар француз және итальян археологтарымен бірге зерттелді. 1998 жылы мәңгі мұз басқан жерде сақталып қалған қымбат ер-тұрманымен 13 атты кісі және олармен бірге жерленген әйел қазып алынған. Олар сақ жауынгерінің соңғы сапары болған тәрізді. Шығыс Қазақстанның ұланғайыр далаларында әлі туристерге белгісіз көптеген ерекше тарихи орындар мен көрікті жерлер бар.  
Мейлі қазақстандық болсын, мейлі кез келген басқа елдің азаматы болсын өзі үшін  осы өлкенің ұмытылмас әрі таңқалдыратындай әсер қалтыратын жаңа жерлерімен таныса алады. 

ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ  ТУРИЗМІ  
Шығыс Қазақстанда емдеу-сауықтыру туризмі жақсы дамып келеді. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен, тіпті жақын және алыс шет елдерден  мыңдаған туристер өздерінің денсаулықтарын түзеуге келеді. Облыстағы санаторийлер оларға панты тұнбасымен, балшықпен және жерасты емдік сулармен емдеу қызметтерін ұсынады. Олар - Алакөлдегі емдеу-сауықтыру кешендері, Катонқарағай ауданындағы пантымен емдеу мекемелері және тағы көптеген орындар. 
Алакөл - Қазақстандағы ең әсем көлдердің бірі. Ол Жоңғар Алатауының солтүстік-шығыс аумағында орналасқан. Тұщы көл  құрамында күкірт қышқылы, минералдық тұздары бар шипалық қасиеті жоғары суы  және балшығымен әйгілі. Алакөлді нағыз теңізге теңеуге болады, өйткені ауа райы тынық күннің өзінде оның арғы шетіне көз жеткізе алмайсың. Көлдің «Алакөл» деп аталуының себебі оның түсі күні бойы неше өзгеріп отырады. Мәселен, ол сүт түсінен көгілдір күйге ауысып, сонан соң ашық  жасыл реңге  және гауһар түсіне енеді. Мұндай құбылысқа көлді толтыратын жерасты бұлақтар мен тереңдіктің әртүрлі болуы әсер етеді. Алакөлдің суы теңіздікі сияқты тұщы келеді.

ЖАҒАЖАЙ ТУРИЗМІ   
Жазғы маусымда көпшілікті жағалауына 60-тан астам түрлі демалыс базалары орналасқан Бұқтырма су қоймасы тартады. Демалыс базаларының айналасын қарағайлы орман мен көрікті жартастар қоршаған. Қайталанбас табиғат, таза саф ауа, қолайлы мекенжай адамдардың тамаша демалуына мүмкіндік береді. Алакөл көліндегі жағажай демалысы барынша көңілден шығады. Ол көлемі жағынан Қазақстанның ішкі су көздері арасында екінші орында және республикадағы бірден бір лас су араласпайтын терең көл болып табылады. Жағажай демалысына қолайлы тағы бір өте көрікті жер - Жоғарғы Тайынты көлі немесе Шыбынды көл. Мұндағы демалыс базасын мәңгі жасыл қылқан жапырақты орман көмкерген биік  таулар қоршап тұр. Ал тау басында қызықты бейнелі мәрмәр жартастар орнаған. 
«Шыбындыкөл» демалыс базасының бір ерекшелігі, жанға жайлы тыныштықта. Олар балаларымен отбасылық демалысты қалайтын әуесқойлар үшін өте қолайлы. Сондай-ақ Окуньки немесе Дубыгалы көлі денені барынша серігтіп, әр беретін таза да жұмсақ суымен, келбетті тау-тастарымен аты шыққан. Суының құрамы теңіз суын еске түсіреді. Көлде  линь, алабұға, карась балықтары тіршілік етеді. Сондықтан  бұл ара балық аулауға құмар жандар үшін де таптырмайтын жер. 
Сібе көлінің айтарлықтай рекреациялық әлеуеті бар. Сібе тобына Қаракөл, Қоржынкөл, Шалқар, Төртқаракөл және   Садыркөл сынды бес су көздері жатады. Көл теңіз деңгейінен 714 метрден 868 метрге дейінгі биіктікте орналасқан. Оны үш жағынан құзар тау шоқылары қорғап тұр. 
Марқакөл көлі әсем тәкапарлығы жағынан әлемдегі ең көгілдір көл - Байкалмен  теңеседі. Биік таулы көл саяхатшыларды ғажайып көрінісімен ғана емес, сонымен бірге суындағы өте сирек кездесетін ускуч және хариус балықтарымен таңдандырады.

ТАУ ШАҢҒЫСЫ ТУРИЗМІ  
Шаңғымен тауда сырғанау шипажайлары Шығыс Қазақстанның туристік салаларының өтімді түрлерінің бірі. Оларға Глубокое ауданындағы "Нұр Тау" курорты, «Алтай Альпісі» демалыс орталығы, Риддер қаласы маңайындағы «Эдельвейс», «Star dust», Зырян ауданындағы «Орел», Өскемен қаласы маңындағы «9-шы шақырым» базалары жатады. Тау шаңғысы базалары төңірегін аралас орман – қарағай, самырсын, үйеңкі, қайың, көк терек көмкерген экологиялық таза жерлерге орналасқан. Бұл жерлер кәнігі шаңғышылар мен сноубордшылар, сондай-ақ әуесқойлар үшін қысқы белсенді демалысты ұйымдастырушылар үшін тамаша орын. 
Сонымен көріп отырсыздар, Шығыс Қазақстанның туризмді дамыту үшін орасан зор мүмкіндіктері бар. Туристік бағыттардың кең ауқымы, оның ішінде тұмса табиғат аясына тек жаяу ғана емес, сонымен қатар салт атты саяхаттар жасауға, әр түрлі тау өзендерінің бойымен сал ағызуға, альпинизммен айналысуға, тау шаңғысымен сырғанауға, аңға шығып, балық аулауды қызықтауға мүмкіндік береді.

http://www.sport.vko.gov.kz/kz/tourism4.htm

ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұханбетов Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаты, «Түркия-Қазақстан» ынтымақтастық тобының төрағасы Мехмет Чичекпен кездесті

Кездесу барысында екі  мемлекет арасында туризмді дамыту мәселелері талқыланды.

ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұханбетов Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаты, «Түркия-Қазақстан» ынтымақтастық тобының төрағасы Мехмет Чичекпен кездесті.

Кездесу барысында екі мемлекет арасында туризмді дамыту мәселелері талқыланды. Мехмет Чичек Түркиялық туристерді Қазақстанға тартуға бағытталған  бірқатар жобаларды ұсынды. Бірінші кезекте діни туризм – онда Оңтүстік Қазақстан облысына қатысты Түркістандағы кесенелерге келгісі келетіндерге сапар ұйымдастыру.

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы көрсеткішінің жыл сайын артып келе жатқандығына қарамастан, біздің елімізге түркиялық туристердің келу легі онша емес. Оның ішіндегі басты себеп, әрине авиатасымалдау тарифының қымбаттығы. Дегенмен, министрдің сөзіне қарағанда, «нарықтық жағдайда жол құны тарифын азайту мүмкін емес. Бірақ, жаһандық қаржы дағдарысы жағдайында тарифтің қайта қаралуы мүмкін».

Бұдан басқа, «Түркия - Қазақстан» ынтымақтастығы тобының төрағасы Мехмет Чичек туризм саласында қазақстан-түрік арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін Т.Досмұханбетовке алғысын жеткізді. Түркия халыққа туристік қызмет көрсетуде дамыған елдер қатарынан орын алады, сондықтан да «біздің үйренеріміз аз емес», - деп атап өтті министр Т.Досмұханбетов.

Информация о работе Туризм турлери