Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 21:15, реферат

Описание

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі

Содержание

Кіріспе
І-ТАРАУ. Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы мен шетелдік тәжірибесі
1.1 Туризм саласындағы маркетингтің мәні мен ерекшеліктері
1.2 Шетелдік-тәжірбені туризм саласындағы маркетингте қолдану
ІІ-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
2.1 Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы
2.2 Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс- әрекетің талдау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары.docx

— 103.37 Кб (Скачать документ)

Кесте 2 – SWOT матрицасы.

 Мүмкіндіктер

1. Туризмге тікелей  немесе жанама қатысы бар барлық кәсіпорындарды дамыту;

2. Халықты жұмыспен қамтамасыз ететін шағын және орта бизнесті дамыту;

3. Еліміздің беделін әлемдік қауымдастық алдында көтеру;

4. Келу туризмін  кеңейту арқылы шетел валютасының Қазақстанға келуіне қол жеткізу;

 Қызмет көрсету саласын кеңейту. Қауіптер

1. Экологияның нашарлауы;

2. Саяси тұрақсыздық;

3. Экономикалық тұрақсыздық.

 Мықты жақтар

1. Қазақстанның геосаяси тұрғысынан ыңғайлы жерде орналасуы;

2. Туристік рекреациялық зоналарының, ландшафтардың, флора мен фаунаның алуан түрлілігі;

3. Саяси тұрақтылық пен экономикалық дау;

4. Қазақстан территориясында тарихи ескерткіштердің көп болуы;

5. Қазақстанның Ұлы Жібек Жолы бойында орналасуы. МЫҚТЫ ЖАҚТАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР – МЖМ МЫҚТЫ ЖАҚТАР МЕН ҚАУІПТЕР – МЖҚ

 Әлсіз жақтар

1. Әлсіз инфрақұрылым;

2. Қазақстан жөнінде потенциалды туристерде ақпараттың аздығы;

3. Көрсетілетін қызметтердің сәйкес деңгейде болмауы;

4. Туризм саласында Қазақстан мамандарының тәжірибесінің аздығы. ӘЛСІЗ ЖАҚТАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР – ӘЖМ ӘЛСІЗ ЖАҚТАР МЕН ҚАУІПТЕР – ӘЖҚ 

Туристік кластер  ядросы қызмет жабдықтаушылар болып табылады, басқа сөзбен айтқанда бұл шетел туристерін Қазақстанға шоғырландыру қызметтерін ұсынатын туристік агенттіктер. Қонақ үйлер, демалыс үйлері, транспорттық компаниялар да туристік бизнестің өте маңызды құраушылары болып табылады және туристік агенттіктермен ұсынылатын қызмет пекеттеріне енгізіледі.

 Қызықтыру орындары туристік кластер картасының өте маңызды орнын алады, себебі олар тек туристер таңдауын ғана емес, сонымен қатар әр бір елдің ерекшеліктерін де көрсетеді.

 Қазақстанның бәсекелестік артықшылығы өзгеше мәдениетінде (тарихи туризм), көркем жабайы табиғатында және спорттық туризм мен экстремалды туризм сияқты белсенді демалыс түрлерімен айналысуға мүмкіндіктің бар болуында жатыр.

 Келушілер де  туристік кластердің маңызды бөлігі, туристік кластер картасы тапсырыс берушінің қалауына байланысты өзгеріп отырады.

 Туристік қызметтердің жанама жабдықтаушылары мейрамханалар мен туристердің қауіпсіздігімен айналысатын мекемелер. Қазіргі таңда аталған сектордың туристік агенттіктермен байланысы қажетті деңгейдк емес.

 Туристік кластер  дамуының қажетті құраушысының бірі білім беру мекемелері, салалық ассоцияциялар және мемлекеттік мекемелер. Білім беру мекемелері туристік кластерге қажет мамандары даярлаумен шұғғылданады.

 Туризм индустриясын  дамыту мақсатында біртұтас мемлекеттік саясат жасалған. Білім беру, мәдеениет және денсаулық сақтау министрлігінің туризм және спорт комитеті Республиканың заң базасына сүйеніп, 2030 жылға дейін саланың дамуының стратегиялық бағдарламасын және «Жібек жолының тарихи орталықтарын өркендету» мемлекеттік бағдарламасын жасады. Екі бағдарлама да Қазақстан Республикасының Президентінің жарғысымен үкімет қаулысымен бекітілген. Қазақстандағы Жібек жолы бөлігін өркендету мақсатында «Жібек жолы – Қазақстан Ұлттық компания» АҚ құрылды.

 Елбасымыздың жолдауында ең бірінші мәселе болып туризм мәселесі қойылды. Бұл стратегияда туризмнің даму жолдары мен көздерін қарастырып, оның іске асуын қадағалау керектігі жазылады.

 Қазақстан өзінің туристік өнімімен халықаралық нарыққа шыққанына көп уақыт болған жоқ. Сол себептен, қазақстандық туристік өнімі өмір сүру шеңберінде енгізу кезеңінде тұр. Бұл кезеңде маркетинг шараларын өте белсенді түрде қолдану керек, дәлірек айтсақ, туристік өнімі жайлы әлуетті туристерді ақпараттандыру деңгейін көтеру керек, яғни Қазақстан туризм үшін өте қолайлы жер деген ойды тұтынушылар санасында жайғастырып, туристік өнімнің имиджін құруымыз қажет. Ішкі туризмнің тұтынушылары болып табылатын республикамыздың азаматтарының да қазақстандық туристік өнім жайлы ақпараттану деңгейі жоғары емес. Қазіргі таңда алыс шетелге шығуға мүмкіндігі жоқ, бірақ көршілес елдерге туристік сапармен баруға жағдайлары келетін хлық үлесі елеулі болып отыр. Осы тұтынушылардың өзіміздің туристік өнімізге қызығушылықтарын арттырып, тартып алуымызға қазіргі таңда өте қолайлы жағдай туып отыр. Көршілес мемлекеттерде саяси жағдайдың тұрақсыздығы біздің ішкі туризм көрсеткіштеріне оң әсерін тигізе алады. Сондықтан, қазіргі уақытта туристік ел ішінде белсенді түрде дәріптеуіміз қажет.болады. БАҚң мониторингы арқылы бәсекелестердің жарнамалық кампаниялары туралы, олардың жарнамасының тәсілдері мен ауқымы қандай дәрежеде екенін білуге болады. Сонымен қатар, БАҚ – да туристік фирмалардың рейтингі басылады. Олар түпкілікті, жиналып, зерттеледі.

Информация о работе Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары