Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 21:15, реферат

Описание

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі

Содержание

Кіріспе
І-ТАРАУ. Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы мен шетелдік тәжірибесі
1.1 Туризм саласындағы маркетингтің мәні мен ерекшеліктері
1.2 Шетелдік-тәжірбені туризм саласындағы маркетингте қолдану
ІІ-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
2.1 Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы
2.2 Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс- әрекетің талдау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары.docx

— 103.37 Кб (Скачать документ)

 • ақпаратты жинау және тарату – 22;

 • жарнама-30;

 • коммерциялық әріптестік – 34;

 • маркетинг  және рынокты зерттеу – 8;

 • т.б.-6.

 АҚШ және Франциядагы туризм дамуын терең зерттеу арқылы бұл елдерде ұқсастық бар, ол мемлекет туризмінің дамуына үлкен әсер береді.

 Бірақ бұл елдердегітуризм саясаты бір-бірінен ерекшеленеді.

 АҚШ-та туризмге көп көңіл бөлінеді. Туризм өнімінің бағалары, Франциямен салыстырғанда жоғары, осының салдарынан елге жоғарғы табысты туристер келеді.

 Францияда туризм өнімінің бағасы төмен. Францияға 1,5 есе көп туристер келеді, бірақ оның табысы АҚШ-тан 3 есе аз (2000 жыл мәліметі бойынша).

 АҚШ және Франция тәжірибесінде егер барлық туристік ұйымдар қызметін мемлекеттік реттеуді, сонымен қатар олардың өзарабайланыстылығын қамсыздандырса, онда туристік сала бәсекге қабілеті және пайдалы болуы мүмкін. Бүдан төмендегідей қорытындыға келуге болады, дамушы елдер АКДІ және Франция елдеоінің тәжірибесіне сүйену керек.

 Ал туристік  саланы дамыту үшін төмендегідей факторларға көңіл бөлу керек:

 • дамушы елдерге  елдің туризмін дамытуға ықпал ететін министрліктермен және комитеттермен жұмыс істейтін ұйымды құру керек;

 • елдің және оның аймақтарының туристік ұйымдастыру ұйымдарының жұмысын күшейту

 • туризм өнімінің түрлерін көбейту, оның сапасын жақсарту, сонымен қатар жарнаманы күшейту, туристік өнімдер жәрмеңкелері мен көрмелеріне қатысу;

 • туристер  көп келетін жерлерге ұйымның офисін құру. Бұл офистер елге келетін туристердің ағымын көбейту мақсатында шаралар, жоспарлар жасауы керек;

 • дамушы елдерге  ішкі туризмді дамыту қажет;

 • туристік ұйымға маркетингтік зерттеу, жарнаманы ұйымдастыру, туризм туралы ақпаратты дайындау жауапкершілігін арттыру керек;

 • жеке секторда  жұмыс істейтін кәсіпорындарға туризм ұйымы олардың дамуы үшін экономикалық қолдау көрсетуі керек.

2001 жылды Қырғызстан Республикасының Президенті А. Акаев Туризмді дамыту және қолдау жылы деп атауының нақты алғышарттары бар. Қырғызстан Республикасының Орта Азия елдеріндегі туристік тұрғыдан ең қызықты республика болып табылады.

 Бірақ елдің туризм потенциалы халықаралық стандарт тараптары республиканың туристік кешеніне сәйкес келмеуінен экономикалық ресурстарды қолдана алмай отыр.

1998 жылы Қырғызстанға 16,3 мың шетел туристері келді, оның табысы 7,2 млн. АҚШ долларын құрады. Осы уақытта Бермуд аралына орташа 630 мың туристер келіп, оның табысы жыл сайын 470 млн. АҚШ долларын құраған. АҚШ-тың жалпы территориясының көлемі – 53 км.кв Сингапур (612 км. кв) 1 жыл ішінде 3 млн. шетел туристеріне қызмет көрсетіп үлгерді.

 Бүл жоғарыдағы цифрлар арқылы Қырғызстанның өз территориясы жағынан (198,5 млн. мың км.кв.) мүмкіндігі болса да өз туристік артықшылықтарын қолдана алмай тұрғанын көруге болады.

 Қырғызстанда туризм нақты инвестицияның болмауынан, қонақ-үй сервисінің төмен дамуынан, білікті мамандардың тапшылығынан онша дамымай отыр.

 Республикада үлкен рекреациондық ресурстар бар. Оның территориясында 14 курорттық рекреациондық зона, 10 таулы туристік және альпинистік зоналар бар. Тарихи-мәдени археологиялық музейлерге, тарихи ескерткіштерге бай ел.

 Сондықтан да Қырғызстан туризм индустриясын дамыту үшін өте қолайлы жер болып саналады.

 Бұл елде туризмнің дамымауының бірқатар себептері :

 • халықаралық стандарт талаптарына елдің туристік кешенінің сәйкес келмеуі;

 • жергілікті қонақ-үй базасының болмауы;

 • сервистің төменгі деңгейі;

 • маркетинг қызметінің жеткіліксіздігі;

 • туристік-рекреациондық объектілердің және тағы да басқа моральдық және

 физикалық ескіруі;

 • қаржы қаражатының жетіспеуі.

 Қырғызстан экономикасына инвестицияны тарату үшін біріккен туристік фирмаларды құру арқылы Халықаралық станлартқа сай жоғарғы сапалы сервисті үйымдастыру арқылы қосымша жұмыс орнын құрып туристер санын көбейту керек. Ол үшін төмендегілер қажет:

 • туристік  кешенді дамытуда шетел және отандық инвестицияны тарту үшін

 жеңілдік беру;

 • жоғарғы эффектілі жарнама жасау (географиялық карталар, жақсы

Информация о работе Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары