Қала ортасында іргетастарды орнату ерекшеліктері және оларды күшейту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 00:27, доклад

Описание

Қазіргі таңда әлемде құрылыс қарқынды дамуда, жаңа ғимараттар мен үймереттер бой көтеруде. Соған байланысты ескі ғимараттырдың жанына тұрғызылатын кездері де болады. Жаңа құрылыстарды жүргізу барысында ескі ғимараттардың іргетастарының орнықтылығын сақтау өте маңызды. Сондықтан қазір іргетастар мен негіздерді күшейту қайта құру, орнықтылығын сақтау өте өзекті мәселелердің бірі.

Работа состоит из  1 файл

ҚАЛА ОРТАСЫНДА ІРГЕТАСТАРДЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КҮШЕЙТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.doc

— 802.00 Кб (Скачать документ)


ҚАЛА ОРТАСЫНДА ІРГЕТАСТАРДЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КҮШЕЙТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі таңда әлемде құрылыс қарқынды дамуда, жаңа ғимараттар мен үймереттер бой көтеруде. Соған байланысты ескі ғимараттырдың жанына тұрғызылатын кездері де болады. Жаңа құрылыстарды жүргізу барысында ескі  ғимараттардың іргетастарының орнықтылығын сақтау өте маңызды. Сондықтан қазір іргетастар мен негіздерді күшейту қайта құру, орнықтылығын сақтау өте өзекті мәселелердің бірі.

Іргетестарды күшейткен кезде ғимараттың басқа конструкциялары деформацияланбау үшін жұмыс толық зерттеліп өте мұқият жасалу керек. Жаңа ғимарат тұрғызған кезде ескі ғимарат конструкцияларының ешқандай өзгеріске ұшырамауы тиіс.

Ғимаратты ұзақ қолдану барысында конструкция деформацияға ұшырайды. Берік емес негізге ғимарат тұрғызған кездегі деформация себебі іргетас, қабырға, бағаналардың бұзылуына әкеліп соғатын біркелкі емес шөгулер. Іргетастарды қайта құру себептері мен шарттарын бағалап, іргетастарды күшейтудің дәстүрлі әдістерін қарастырамыз. Б. И. Далматовтың классификациясын сәйкес бұлар:

  іргетасқа түсетін салмақтың артуы;

 іргеас қалауының бұзылуы немесе гидроизоляция қаситеттерінің      төмендеуі;

  іргетастың немесе негіздің орнықтылығының төмендеуі;

  топырақтың деформацияланғыштығының артуы;

 конструкциялардың ретсiз орын ауыстыруларын үздiксiз дамуы 

Іргетастарды күшейту ерте кездерден қолданған. Оның ең алғашқы яғни дәстүрлі әдістері 50-ші жж. тән. Іргетастың табанын кеңейту темірбетонда ойбойма немесе банкеттер арқылы орындалды (бір және екіжақты). Ерте кездерде іргетастың табанын кеңейту үшін ескі қалаумен жаңа қалауды байланыстырған. Іргетастың табанын алдын ала топырақты нығыздаусыз кеңейтудің әсері аз. Негіздер мен іргетастарды күшейту әдістері мыналардан тұрады. Күшейтетін іргетасты 1,5 - 2,0 м ұзындықта бірнеше аймаққа бөледі. Бұл аймақтарда енін 1,2 - 2,0 м іргетастың табанына дейнгі тереңдікте траншея қазады. Одан кейін іргетасқа металл штырлар қағады. (либо погружают в заранее пробитые отверстия через 50 см в шахматном порядке). Опалубка орнатып кеңейтілген жерге бетон құяды. Траншея өңдеген соң траншеяның іргетаспен байланысқан қырларына қалаулармен монолитті байланыстырмай банкеттерге бетон құяды. Гидравликалық домкратқа тіреу болатын болат арқалықтар орнатады. Бұл домкраттар негіздегі топырақты нығыздап тұрады. Топырақты нығыздаған соң домкратты алып тастап банкеттерді бетондайды.   

              Ғимараттардың  жаңына  іргетастар тұрғызғанда деформацияға  ұшырайды. Оның бірнеше себептері бар:

1. топырақтың  котлован  жағына  ығысып шығуы;

2. тұрған  іргетастың  астындағы топырақтың  жаңа котлаваннан суды  ашық түрде  сорғанда  шайылуы;

3. шпундтың котлаван жаққа ығысуы;

4 топырақтың іргетас астында тоңдануы;

5. жаңа ғимараттың  негізге  түсіретін  күштен  топырақтың  тығыздалуы;

                            Шпундтың котлаван жаққа ығысуы жиі болады.Құрылысшылар  шпундты қоршауларды  көлденең  деформацияларды  ескермей, тек қана беріктік және орнықтылық шарттарына қарай жобалайды және топырақтың котлаванға түсіп кетуін болдырмайтын  конструкция  ретінде қарастырады. Шпундты қабырғаның жанында тұрғызылған  іргетастың болуы, оның тек қана беріктігін емес, көлденең орын ауыстыруларды  да болдырмайды. Бұл анкер және распоркалардың қойылуымен жүзеге асады.

Жоғарыда айтылып кеткен 5 ші себеп негізінде топырақтың деформациялануына байланысты. Жаңа салынатын ғимарат ауыр болған сайын, тұрған ғимаратқа жақын орналасқан сайын және  үлкен тереңдік шегінде топырақ   көп нығыздалған сайын , салынатын ғимараттың шөгу  қалпы  және отыру аумағы көбірек болады.  Салынатын ғимараттың жанында орналасқан  тұрған ғимараттың іргетасы, жер асты коммуникациясы және тағы да басқа құрылғылар  конструкцияның деформациясына әкеліп соғатын  шөгуге ұшырайды. Сотников және Сабениннің зерттеулері көрсеткендей  жаңа биік ғимараттардың тұрған ғимаратарға тығыз орналасуы олардың қосымша шөгуіне әкеліп соғады. Егер тұрған ғимараттың қасына аз қабатты жеңіл ғимараттар салғанда қосымша шөгу жиі байқалмайды.

Қасына  жаңа  ғимарат салған жағдайда ескі ғимараттың іргетасының астындағы топырақтың нығыздалуын алдын-алу қиынға соғады. Мұндай жағдайда қорғау салаларда   консольді қабысу және  салынатын іргетасты ескі іргетастан бірнеше метр арақашықтықта   орналастыру. Бұл  әсерді азайтады,  өйткені отыру аумағы кейде  үлкен арақашықтыққа таралады.

Іргетастың әсерін түбегейлі жою үшін, белсенді аймаққа қарағанда терең жүктелетін  шпунтпен  бөлу әдісімен қол жеткізеді.  Шпунт  тығыз топыраққа енгізілуі керек.

Қолданылған әдебиеттер

1. Б.И.Далматов. Механика грунтов, основания и фундаменты. Ленинград . 1988.

2. Е.С. Өтенов. Геотехника негіздері. 2-бөлім. Іргетастар және негіздер. Қарағанды 2010



Информация о работе Қала ортасында іргетастарды орнату ерекшеліктері және оларды күшейту