Философияның пәні және әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:35, реферат

Описание

Философияның бұл үш мағынасы оның тарихында мәселе түрінде, немесе “философия” ғылым ба, әлде рухани қызметтің өз алдына саласы ма деген тұрғыда қойылып келеді.
Философия адамның дүниеде болуының көптүрлі формалары мен жолдарын, сол формалар мен жолдардың ең алдымен мәнділігі мен мәндігін айқындау, сол мәндерді адам көңіл күйінде, жан толғанысында игеріп, әркімнің жеке басының өзіндік рухани ырзығы етудің түрі, соны жасаудағы рухани қызмет.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 186.95 Кб (Скачать документ)

Ой қорытындысы дегеніміз - екі немесе одан да көп пікірлерден қорытынды деп аталатын жаңа пікір тұжырымдап шығарудың логикалық тәсілі. Белгілі бір пікірге келу үшін адам ой қорытындысын жасайды.

Философия тарихында сезімдік таным мен рациональдық танымның ара қатынасы жөніндегі мәселе жайында  әртүрлі көзқарастар мен пікірлер қалыптасқан. Нақ оыс мәселені шешуге өзінше ұмтылған 3 түрлі философиялық бағыт бар, олар сенсуализм, эмпиризм және рационализм. Сенсуализм ұғымы сезім, түйсік дегенді білдіреді, яғни сенсуализм бағытын жақтаушылар шешуші роль атқарады деп санайды. Ежелгі дәуірлерде сенсуалистер ретінде киренайлықтар мен эпикуршылдар көрініс берсе, орта ғасырда сенсуализм кеңге жайылмады. Жаңа дәуірде сенсуализмнің негізін Д. Локк қалады, оның ойында «әуел баста сезімдерде болмаған нәрсе ақыл-ойда да болмайды» деп тұжырымдаған. Бұл көзқарасты Т. Гоббс пен Ф. Беркли жалғастырды. Сенсуализмді әрі қарай жүйелі түрде негіздеген француз ағартушылары болды, оның ішінде: Э. Кондильяк «қабылдау барлық рухани қабілеттерді қамти алады» деген болатын. Д. Юм болса бұрынғы сенсуализм өкілдерінің «сыртқы тәжірибесіне» ішкі тәжірибені әкеліп қосты. Юмның ойынша, тіршілік туралы пайымдаулардың барлығы  тәжірибеден тұрады, ал тәжірибе дегеніміз «әсерлердің» тасқыны ғана, олардың себептері беймәлім және танылмайды деді. Сенсуализм позициясын ұстанған Л. Фейербах болды. Сенсуализмге эмпириокритмизм мен позитивизм де жақын бағыт.

Эмпиризм дегеніміз сезім тәжірибесін білімнің бірден-бір көзі деп есептейтін, барлық білім тәжірибеге сүйенеді және тәжірибе арқылы алынады дейтін таным теориясындағы бағыт. Методологиянық көзқарас бойынша бұл барлық ғылым мен өмірлік практика және адамгершілік тәжірибеге негізделуі тиіс дейтін принцип болып табылады. Орта ғасырдағы номинализм эмпирикалық мәнге ие. Жаңа дәуір философиясында гносеологиялық эмпиризмнің негізін қалаған Д. Локк болды, ал методологиялық импиризмнің негізін қалаған Ф. Бэкон. 19 ғасырдағы эмпиризмнің өкіліне Д. С. Милль жатады. Қазіргі заманғы физика логикалық бағыттағы эмпиризмнен негізделген.

Рационализм- таным теориясындағы жалпылық пен қажеттілікті- нағыз білімнің логикалық белгілерін тәжірибеден және оны қорытудан шығарумүмкін емес, танымның қайнар көзі ақыл-ой дейтін ілім. Ежелгі дәуірде объективистік рационализмнің тек жекелеген элементтері ғана өмір сүрді. 17-18 ғасырларда субъективистік рационализм жүйесі қалыптасып, оның өкілдеріне Р. Декардт, Б. Спиноза, Б. Лейбниц, Х. Вольф жататын. И. Кант өзінің сынының жоғарғы синтезі арқылы эмпиризм мен рационализм арасындағы қарама қайшылықты жойғысы келді. И. Фихте, Ф. Шеллинг, Г. Гегель объективтік рационализмге жақындау болды. Нағыз рационалистік негізде тарихи материализм, прагматизм, марксизм, неовитализм, логизм, теориализм дамыды. Марксистік гносиологияда сезімдік таным, эмпирикалық тәжірибе мен ұғымдық рациональдық ойлаудың бір бірімен өзара әрекеттесуі, бір біріне өтуі жөніндегі тезис қалыптасты. Мұнда сезімдік және рациональдық таным танушы адамның жеке, дербес қабілеттері түрінде қарастырылмайды, керісінше шынайы танымда бұлардың бірлікте екенін дәлелдейді. Бұлардың бір бірімен өзара әрекеттесуі кезінде қызметтің екі түрлі типі көрініс береді, олар: практикалық қызмет пен теориялық қызмет. Практикалық қызмет барысында сезім органдары қоғам мен табиғаттың құбылыстарымен және заттарымен арасында тікелей байланыс пайда болады, бұл қызмет ойлау және ұғыммен тығыз байланыста. Ал теориялық қызмет сезімдік-образдық элементтер арқылы көрініп, практикалық қызметтің барлық формаларымен байланыста.  

 

3. Ақиқат.

Ақиқат дегеніміз дүниедегі құбылыстар мен заттардың дұрыс, айқын бейнесі, адамның дүниені рухани тұрғыдан меңгеруіндегі мақсат. Ақиқат дегеніміз бұл болмыс, бар болып тұрған нәрсе. Ақиқат адамзат танымына ашық тұрған нәрсе. Ақиқат мәселесі таным философиясында негізгі мәселе болып табылады. Танымның философиялық теориясының барлық мәселелері ақиқатқа жетудің жолдары мен тәсілдеріне, ақиқаттың өмір сүру формаларына танымдық қатынастар құрылымына қатысты таным теориясында ақиқатты танудың әртүрлі түсініктері бар. Ақиқатты теориялық тұрғыдан зерттеуге бағытталған ақиқаттың ежелгі, классикалық концепциясында ақиқат ойдың шындық дүниеге сәйкестігі деп қарастырылады. Нақ осы концепцияны алғаш зерттеген Платон мен Аристотель болды. Ал ақиқаттың классикалық концепциясын  Ф.Аквинский, Т. Гольбах, Г. Гегель, Л. Фейербах, К. Маркс және 20 ғасырдың көптеген философтары ұсынған болатын.                                                               

Ақиқаттың қазіргі заманғы  түсініктемесіне сүйенсек: шындық, біріншіден біздің санамызға дейін және тәуелсіз өмір сүретін объективтік шындық ретінде түсіндіріледі, екіншіден шындық сонымен бірге субъективтік шындық ретінде көрініп, ақиқатта рухани шындық та танылып, бейнеленеді, үшіншіден: таным және оның нәтижесі болып табылатын ақиқат, сонымен бірге объектінің өзі де адамның заттық- сезімдік қызметімен яғни практикамен үздіксіз байланыста деп түсіндіріледі. Төртіншіден: ақиқат ол процесс, яғни ол тек статикалық емес сонымен бірге динамикалық құрылым.

Ақиқаттың ең ерекше белгісі, онда объективті және субъективті жақтарының болуы. Ақиқаттың нақтылығы дегеніміз  белгілі бір құбылысқа тән байланыстар мен өзара әрекеттесулерге білімнің тәуелділігін көрсетеді. Ақиқат әрқашан нақты, абстрактілі ақиқат болмайды. Нақтылық объективті ақиқатқа еніп, осының салдарынан, ақиқат ұғымы оның дамуынан бөлінбес бірлікте.

Объективті ақиқат 3 түрлі  аспектіге ие, олар: тұрмыстық, аксиологиялық  және праксеологиялық. Ақиқаттың тұрмыстық  аспектісі- мұндағы болмысты заттық- субстраттық және рухани мәнін белгілеуінде, яғни индивидтің таным объектісіне  басқа адамның рухани әлемі, белгіленген теориялар, догматтар жүйесі жатады.

Болмыстың өзі субъектке  объект ретінде беріледі. Ақиқаттың  аксеологиялық аспектісі өмірдің мәнімен, ондағы этикалық- эстетикалық мазмұнымен байланысты. Праксеологиялық аспект ақиқаттың практикасымен байланысынан көрініс береді.

Жалпы танылатын объектінің сипаты жағынан ақиқаттың түрлері  әртүрлі.

Сонымен бірге индивидтің таным объектісіне діни және жаратылыстық - ғылыми концепциялар да жатады. Адамның танымдық қызметінің ерекшеліктеріне байланысты, ақиқаттың формалары да әртүрлі. Осының негізінде ақиқаттың ғылыми, қарапайым, өнегелі формалары болады. Ғылымның шеңберінде ғылыми білімдердің математика, физика, биология деген сияқты слалары бойынша ғылыми ақиқаттың да түрлері әртүрлі, тарихи ақиқат, көркемдік шындық болады.

Таным теориясында ақиқаттың  абсолютті және салыстырмалы формалары  маңызды орын алады. Қазіргі уақытта  абсолютті ақиқат ретінде материалдық  дүниенің заттары мен құбылыстарының мәнін толық және жан- жақты бейнелендіретін объективтік ақиқат көрінеді. Ал салыстырмалы ақиқат дегеніміз- жалпы алғанда шындықты дұрыс бейнелендірген, бірақ әлі толық емес білімдер мен теориялар. Абсолютті ақиқат дегеніміз зат жөніндегі толық, жан- жақты білім болса, салыстырмалы ақиқат сол зат жөніндегі толық емес білім, толық емес ақиқаттан аса толық ақиқатқа өту, яғни ақиқаттың даму процесі тұрақтылық пен өзгергіштік моменттері бастан кешіреді. Объективтілікпен бақыланатын бірлікте бұлар білімнің шынайы мазмұнының өсуін қамтамассыз етеді. Ал осы бірліктің бұзылуы кезінде ақиқаттың өсімі баяулап, тоқтауы да мүмкін. Абсолюттік, тұрақтылық, гипертрофия кезінде догматизм, фетишизм орнайды. Білімнің салыстырмалылығының абсолюттенуі скептизмді, агностицизмді, релятивизмді тудырады. Ақиқаттың антиподына жалғандық жатады. Жалғандық дегеніміз күнделікті, әлеуметтік өмірден көрініс табады, жалғандық индивидтер мен әлеуметтік топтардың мүдделерінің кездесуі жүзеге асырылатын кез келген адамзат қатынастарының функциясы болып табылады. Мәні жағынан жалғандық ұғымы “дезинформация” ұғымына жақындау. “Дезинформация” ұғымы объективті жалған білімді ақиқат деп немесе объективті ақиқат білімді жалған деп жеткізуді білдіреді. Жалғандық әрқашан да субъектінің қасақана әрекетімен байланысты болса, дезинформация саналы немесе санасыз түрде болады. Сонымен бірге осы ұғымдардан адасушылықты ажыратып алуымыз керек. Адасушылық дегеніміз өзінің затына сәйкес келмейтін білім. Адасушылық білімнің пәнге сәйкес келмей, мұның өзі бір біріне байланысты емес, сондықтан да, белгілі бір дәрежеде міндетті сипат алатын себептерге, жағдайларға, субъектінің жеке қасиеттеріне байланысты пайда болады. Адасушылық өз мазмұны жағынан алғанда танымдақ нәтижелерінің абсолюттенуі түрінде пайда болатын шындық дүниенің бұрмаланған бейнесі. Адасушылық өз формалары бойынша көптүрлі. Адасушылықтың ғылыми, ғылыми емес, эмпирикалық, теориялық, діни және философиялық түрлері болады. Ақиқатты адасушылықтан ажырату мәселесі философияның даму кезеңдерінің барлық этаптарында орын алған болатын. Бір философтар бәләмнәі объективті ақиқаттығы жөніндегі мәселені шешуде нақты негіздер таба алмай, скептизм мен агностицизмге бой ұрды. “Даналық пен білім адам айналысатын зат емес” деп скептизмнің әкесі Пиррон айтқан болатын, яғни Пиронның ойынша даналық пен білім тек құдайға ғана тән. Ал, Аристотель болса ақиқаттың классикалық концепциясын ұсынған болатын. Оның ойынша, біздің пікіріміз бен пайымдауымыз істің шынайы жағдайына сәйкес келсе, ол ақиқат болмақ. Қазіргі заманғы философия хогеріктті,прагматикалық және марксистік концепциясын да қолданады.  

 

4. Ғылыми таным  және оның ерекшелігі.   

Обьективтік дүниені танудың  тәсілдері танушы субьектінің ерекшеліктері, оның білімі, және тарихи тұрғыдан қалыптасқан  танымдық дәстүрлер арқылы анықталады. Адамзат дамуының тарихында обьективті дүниені танудың әртүрлі тәсілдері  бір уақытта бірдей және бірінің  орнын бірі алмастырып өмір сүрді. Бұған  танымның қарапайым-эмпирикалық, көркемдік, философиялық, ғылыми тәсілдері және мифология мен дін де жатады.   

Қарапайым таным дегеніміз-қызметтің  өндірістік, саяси, эстетикалық сияқты әртүрлі формаларының әсерінен қалыптасатын тұрмыстық таным. Қарапайым таным  ұрпақтар арқылы жинақталған ұжымдық  тәжірибенің нәтижесі болып табылады, индивидуалдық қарапайым, таным  эмоциональдық көңіл күймен тұлғаның жеке өмірлік тәжірибесімен тығыз  байланысты. Қарапайым танымның алғышарттары адамзат қызметінің көп түрлі  формаларынан көрініс береді, ал бұлар  салт дәстүрлерден, әдет ғұрыптардан  көрінеді.   

Обьективтік дүниені танудың  ежелгі формасы-миф, мұнда зат пен  образ, дене мен оның қасиеті, бір  бірінен ажыратылмаған. Оқиғалар мен  жағдайлардың жүйелігі мен ұқсастығын миф себеп- салдарлық байланыс ретінде  түсіндіреді. Мифтің мазмұны символикалық тілде көрініс береді. Мифологиялық білімге тән белгі оның көптік принципінде. Дүниені танудың тәсілі түріндегі миф адамды, дүниені, қоғамды  модельдеп, түсіндіріп, талдайды. Болмысты көркемдік тұрғыдан тану өнер болмысының барлық этаптарында жүзеге асырылатын рефлексияның ерекше формасы болып  табылады. Көркемдік шығармашылық дегеніміз-өнер тілінде ойдың заттануы. Дүниені  көркемдік тұрғыдан танудың ерекшелігі өнердің ерекше тілі арқылы түсіндіріледі.    

Танымның қажетті де тарихи тұрғыдан ежелгі формаларының біріне дін жатады, мұның мәні адам өмірінің мәнін, табиғат пен қоғам болмысын айқындауда. Дін адам өмірінің маңызды  көріністерін реттеп, өмірдің ақырғы мәні туралы өз түсінігін негіздейді. Ал бұл дүние мен адам бірлігін тануға мүмкіндік береді. Дін дүние  мен адамды тануда өзінің ерекше интуитивтік-мистикалық тәсілдерін ұсынады, философиялық таным  болса өз мақсаты етіп адамның  өмірдегі рухани бағдарын алады. Философиялық таным жалпы дүние туралы, оның алғашқы бастамалары, болмыс заңдары  мен жалпы қасиеттері және құбылыстардың  өзара байланыстары туралы түсініктер қалыптастырады. Философия дүние  мен адамның біртұтас образын  береді. Философия қоғамның өзіндік  санасы, оның мәдениетінің теориялық  көрінісі ретінде көрінеді. Философия  адамның өз өзіне және дүниеге  қатысты қызметін бағыттайтын принциптер, көзқарастар, идеалдар мен құндылықтар  жүйесін анықтайды. Арнайы мамандырылған  танымдық қызметтің саласына ғылым  жатады. Ғылымның пайда болып, дамуы  европалық өркениетке байланысты. Ғылыми рационалдылықтың алғышартына ғылымның дүниені ұғымдар арқылы меңгеріп, игеретіндігі жөніндегі  факт жатады. Ғылыми-теориялық ойлау ең алдымен ұғымдық қызмет ретіндегі сипатталады. Рационалдылық тұрғысынан, ғылыми ойлау өз негізінде ғылыми ұғымдар мен пікірлердің логиканың байланысы жатқан дәлелдік пен жүйелілік сияқты белгілермен сипатталады. Философиялық  ойлаудың тарихында ғылыми рационалдылық жөніндегі түсініктердің даму этаптарын келтіруге болады. Антикалық дәуірден басталған бірінші этапта ғылыми рационалдылықтың дедуктивтік үлгісі патшалық құрды. Бұл үлгі Аристотельдің метафизикасын, Евклидтің “геометрия бастамаларын” , Р.Декарттың физикасын негіздеуде жатыр.   

17-18 ғасырларда Ф.Бэкон  мен С.Милль ғылыми білім мен  ғылыми әдістің индуктивтік үлгісін  ұсынды, мұнда ғылыми білімнің  дәлелі мен негізін айқындаушы  фактор ретінде байқау мен  эксперимент барысында алынған  фактілер мен тәжірибелер көрініс  береді. Бұл үлгіде ғылыми рационалдылық  ғылыми ойлаудың эмпирикалық  күштеуімен теңестірілді. Бұл тәсілге  қарсы шыққан Д.Юм эмпирикалық  таным индуктивтік пайымдаулардан  негізделеді деген болатын.   

20 ғасырдың 50 жылдары рационалдылық  мәселесіне К.Поппер назар аударады.Ол  фактілер негізінде ғылыми тезистердің  ақиқаттығын дәлелдеу мүмкіндігін  теріске шығарып, бұған қажетті  логикалық тәсілдер жоқ деген  болатын. Дедуктивтік  логика ақиқатты индуктивтік бағытта тарата алмайды, ал индуктивтік логика миф болып табылады.Ғылыми рационалдылықтың негізгі критериіне білімнің дәлелдендігі мен нақтылығы жатпайды, оның терістеушілігі жатады.    

60-80 жылдары ғылыми рационалдылық  жөніндегі көзқарасты Т.Кун мен  И.Лакатос айтқан болатын. Т.Кун  ғылыми білімнің парадигмалық  үлгісін ұсынды, оның ойынша, егер  де ғалым ғылыми ұйымдарда  қабылданған белгілі бір дисциплинарлық  матрицаны немесе парадигманы  басшылыққа алған жағдайда ғана  оның ғылыми қызметі рациональды  болмақ. И.Лакатос болса ғылыми  рационалдылықтың жаңа түсінігін  “зерттеу бағдарламасы” ұғымымен  байланыстырды.Оның ойынша, ғалым  өз қызметінде белгілі бір  зерттеу бағдарламасын ұстанса  ғана оның қызметі рациональды  болмақ.   

Ғылыми рациональдылық мәселесімен  байланысты тағы бір мәселе-ғылыми зерттеудегі мақсаттың құралдарға сәйкесуі болып табылады.Таңдап алынған  әдістер мен құралдардың алға қойылған мақсатқа сәйкестігі рациональдық қызметке тән басты ерекшелік  болып табылады.   

Ғылыми рациональдылықты нақты, аяқталған үлгісін жасау  мүмкін емес.Өйткені ғылыми рациональдылықтың  өзі тарихи тұрғыдағы дамытушы, яғни эволюцияландырушы идеал болғандықтан бұған ғылым ұмтылады бірақ мұнда  ғылым толығымен жүзеге асырылмайды.    

Ойлау күрделі танымдық процесс  болып табылады. Ғылыми таным мен  ойлаудың тәсілдері түрінде адам ойы арқылы қолданылатын жалпы логикалық  және жалпы танымдық операцияларды  түсінеміз. Әдіс дегеніміз философиялық білімдер жүйесін құрып негіздеу тәсілі, шындық дүниені теориялық  және практикалық тұрғыдан танудың тәсілдері мен операцияларының жиынтығы.Әрбір ғылымның өзіне тән жеке зерттеу әдістері болатындықтан оның құрамдас бөлігіне методология жатады.Методология дегеніміз- теориялық және практикалық қызметті құрудың, оны ұйымдастырудың тәсілдері мен принциптер жүйесі, яғни осы жүйе туралы ілім. Ғылыми танымның әдістерін 3 топқа бөлеміз. Олар:арнайы, жалпығылыми және универсальды. Арнайы әдістер тек жекелеген ғылымдар шеңберінде ғана қолданады, бұл әдістің обьективті негізіне арнайы ғылыми заңдар мен теориялар жатады. Бұл әдіске көбінесе химиядағы сапалық анализдің әртүрлі әдістері, физика мен химиядағы спектральды анализ әдістері, күрделі жүйелерді зерттеу кезінде статистикалық модельдеу әдісі жатады. Жалпы ғылыми әдістер танымның барысын барлық ғылымдарда сипаттайды, бұл әдістің обьективті негізіне танымның жалпы-методологиялық заңдылықтары жатады. Бұл әдіске эксперимент пен байқау әдісі, модельдеу әдісі, гипотетикалық-дедуктивтік әдіс, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу әдісі кіреді. Универсальды әдістер адамзат ойлауын тұтасымен сипаттайды және адамның танымдық қызметінің барлық сфераларында қолданылады. Мұның жалпы адамзаттық негізіне обективті дүниені, адамды, адамның ойлауын, таным процесін түсінудің жалпы философиялық заңдылықтар жатады. Бұл әдіске философиялық әдістер мен ойлау принциптері, диалектикалық қайшылықтар принципі мен тарихилық принципі жатады. Ғылыми танымның әдіс-тәсілдері мен формалары белгілі бір моментте бір-біріне өте алады және бір-біріне сәйкесе алады. Мысалы, анализ, синтез, идеальдандыру сияқты әдістер бір уақытта таным әдісі болады, ал гипотезалар әдіс түрінде де көрініс береді.  

Информация о работе Философияның пәні және әдісі